Байланысты: Таратпа материал 4 сабақ Қазақ батырларының ерлігі кітапша
61. МҰСАЕВ Мұқат (1919-1954) Астрахань облысының Қарабалы ауданында туған. Қатардағы жауынгер. Пулеметші. Тисса өзенінен өту үшін болған ұрыста жаудың 60 солдаты мен офицерін, 3 пулемет ұясын жойған. Соғыстан кейін Сталинград облысында еңбек етті. 24.3.1945. 62. МҮТКЕНОВ Серікбай (1913-1944). Павлодар облысының Краснокутск ауданында туған. Зеңбірек командирі. Бір өзі жаудың 1 танкісін, 40 шақты солдаты мен офицерін жойған. Украинаны азат ету соғысында ерлікпен қаза тапқан. 3.2.1944. 63. МАХАМБЕТОВ Жақыпбек 1912 жылы Қызылорда облысының Сырдария ауданында туған. Кіші сержант. Пулеметші. Черкасск облысының Крещатик селосы үшін болған шайқаста 40-тан астам жауды жер жастандырып, бір танк пен үш машинаны жойған. 22.2.1944.