Т. Г. Шевченко атындағы №13 орта мектеп



бет20/20
Дата23.10.2023
өлшемі163,1 Kb.
#187485
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
a.baytrsynovty-aza-tlne-osan-les
Beige and Grey Minimalist Product Catalog Presentation-1, Презентация (5), №9 әдістемелік нұсқаулық СДЗХТ, жер жауапкершилик

Қорытынды

  • Қорытынды
  • А. Байтұрсынов қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы. Ол -қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Бұл салада бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда «Баяншы» деген атпен әдістемелік кітапша шығарды. Мұнда автор мұғалімдерге «Әліппені» пайдаланудың, сауат ашу әдістерінің жөн жобасын көрсетіп берді.
  • Сөйтіп ғұлама- ғалым өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойып, бұларды біртіндеп шешуге кірісті. Ол алдымен қазақша сауат аштыруды көздеп «Оқу құралды» жазды, онан соң қазақ тілінің ғылыми грамматикасы «Тіл құралын ұсынды, тілді дұрыс жұмсай білу тәртібін көздеп «Тіл жұмсарын» төртінші сауат аштыру, тілді оқытудың әдістемесін жасауды міндетіне алып, «Баяншыны» жазды.
  • Әрі аудармашы, әрі ақын, қазақ тілі мен әдебиетін зерттеуші ғалым А. Байтұрсыновтың сан-салалы еңбегіне арнап оның 50 жылдық тойына жазған мақаласына М. Әуезов былайша баға берген еді: «Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген қазақ тілі, Ахаңның әдебиеттегі орны – «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер- білім, саясат жолындағы қажымас қайраты... Тарих ұмытпайтын істер болмақ. Жаңа өсіп келе жатқан қазақ интеллигенциясы Ахаңның еңбегінің өнімді болуын тілеуден жалықпайды» (1923ж. «Ақ жол» газетінде).
  • Қазақ халқының абзал ұлдарының бірі, XX ғасырдың бас кезіндегі демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларының ең ірі, ең беделді көш басшысы А. Байтұрсыновтың қазақ ғылымы мен мәдениеті, тәлім- тәрбие, оқу ісі тарихына сіңірген орасан зор еңбегңінің тарихтан өшпес орын алатынын бүгінгі демократия мен әділеттілік салтанат құрған дәуірде өмір шындығы дәлелдеп отыр.
  • Ахмет Байтұрсынов өмірінің соңғы сәтіне дейін, өзі түлеткен, өзі реформа жасап жетілдірген қазақтың жаңарған жазу үлгісін ғылыми негізде дәлелдеп, шырылдап қорғап өтті. Қорыта айтқанда, Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тіліне қатысты мәселелердің барлығы жағынан да сіңірген еңбегін айтып жеткізу де жеткіліксіз.

Пайдаланған әдебиеттер:

  • Пайдаланған әдебиеттер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет