Сондай- ақ Ахмет Байтұрсынов бұл бөлімінде бақылау мен мәнісін білу жағынан тура тұтыну тәжірибе жағы басым болып отырады. «Тіл жұмсардың» екінші бөлімінде, бірінші бөлімдегілердің келетіндігін, бірақ олар пысықтау ретінде емес, бұрынғы бөлімдерді тереңдетіп, аудандарын кеңейтіп білдіру ретінде ұсынылатынын ескертеді. Енгізілген жаңа жұмыс түрлері ретінде мысалдарды атайды.
1) Сөйлемдердің түрлерін тану.
2) Сөздердің, дыбыстардың негізгі түрлерін тану.
3) Орын талғайтын дыбыстармен танысу.
4) Сыбайлас дыбыстардың бір- біріне енетін жерлерімен танысу.
5) Дыбыс екпінін табу.Ахмет Байтұрсынов бұ бөлімінде тәжірибе арқылы байқаумен алған білім жұмсау жөнінде іске асып, бақылау мен жұмсау екеуі де теңбе- тең бірдей жүріп отыратынын айтады.
Әдіскер дәйектемеде «Тіл жұмсардың» берер пайдасы жөнінде де түйінді пікірін білдіреді. Ақырында айтып өтетін емле үйретуге «Тіл жұмсардың» екі бөліміндегі қолданыстық нәрсе жеткілікті.
Соның бәрін балалар дұрыстап, түгел қолданып өтсе, емленің 90 процент шамасы білуге дыбыс жүйелі. Оны білу үшін буынды жақсы білу, сөздің буындарын біліп отырып жазуға әдеттену керек.
«Әліпби» мен бірінші «Тіл жұмсар» көлеміндегі нәрсе де, мезгіл де, білім де жеткілікті. Онан арғысын 2-ші «Тіл жұмсармен» толықтырып, үшеуінің көлеміндегі нәрседен 90 процент білімін толық алуға болады. Онан әрі қалған 10 процент білімін 3-ші «Тіл жұмсар» беруге тиіс. Сөйтіп, бақылау мен жұмсау, тәжірибе жолымен «Тіл жұмсардың» үш бөлімінің беретін білімін алғанда, балалардың сауаты емле жағынан толық жеткілікті болмақ (2,338) дегені оған айғақ. Ахмет Байтұрсынов дәйектемесі 1928 жылы наурыздың алтысында Қызылорда қаласында жазылған. Берілген үзіндіден және бір байқайтын мәліметіміз Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл жұмсар» әдістемелік нұсқауының үшінші кітабында шығаруға жорпарланған. Бірақ, ол еңбектің жарық көріп үлгермеуі сонымен, «Тіл жұмсар» ана тілін дұрыс қолданып, дұрыс тұтыну жолдарын үйрететін әдістемелік құрал.