Ғалымның «Баяншы» атты әдістемелік еңбегі екі бөлімнен тұрады. I – бөлім «Қазақ тіліндегі дыбыстар һәм олардың жазу белгілері» деп аталады. Әдістеменің II – бөлімі «Дыбыспен жаттығу» деп атады
Ғалымның «Баяншы» атты әдістемелік еңбегі екі бөлімнен тұрады. I – бөлім «Қазақ тіліндегі дыбыстар һәм олардың жазу белгілері» деп аталады. Әдістеменің II – бөлімі «Дыбыспен жаттығу» деп атады.
Еңбектің I – бөлімінде Ахмет Байтұрсыноа қазақ тілінің дыбыстық құрамы туралы мағлұмат береді. Бұл – әліппеде бар мәлімет. Бірақ ол заманда қазақ тілінің дыбыстық құрамы әлі ғылыми тұрғыда дәлелденбеген мәселе болған. Мұғалімдердің ол туралы білімі де шамалы екені сөзсіз. Араб алфавитінде қазақ тілінде жоқ дыбыстардың талай әріптері жүрді және ол туралы авторларда пікір алалығы да ұшырап отырды. Сондықтан, Ахмет Байтұрсынов бұл мәселеде мұғалімдерге толық дерек беруді көздеген. Ол тікелей әдістеме мәселесі болмағанымен, мұғалімнің оқыту обьектісін анықтап қоюды көздегені дұрыс деп санаймыз.
Сонымен бірге ғалым алфавитте осы дыбыстардың қалай белгіленгенінен мұғалімге мағлұмат беруді көздеген. Бұл оқулықта автор қазақ тіліне тән дыбыстардың ерекшеліктері мен жазу белгілеріне арнайы сөз арнаған. Қазақ тіліндегі дыбыстардың ішінде ғ мен қ, г мен к, е дыбыстарынан басқалары бірде жуан, бірде жіңішке айтылатындығын көрсете келіп, Ахмет Байтұрсынов оның әрқайсысына жуан, жіңішке таңба белгілейтін болған. Онда 19 дыбыс үшін 38 дыбыстың белгісі керек, оған жуан айтылатын ғ мен қ, жіңішке айтылатын г мен к, е- ні қоссақ бәріне 43 белгі керек екендігін баяндайды. «Ал, араб алфавитінде 43-ке жететін әріп жоқ» дейді автор. Мұндай көп әріптіліктен құтылудың жолын Ахмет Байтұрсынов тапты. Оның ойынша, дауысты дыбыстар сөздің жаны есебінде де, дауыссыз дыбыстар һәм жарты дауысты дыбыстар сөздің тәні есебінде. Тәнді жан қалай билесе дауысты дыбыстар басқа дыбыстарды солай билейді. Яғни, дауысты дыбыстар жуан айтылса, дауыссыз я жатты дауыстылар да жуан, жіңішке айтылса, олар да жіңішке айтылып, сөздер қазақ тілінің үндестік заңына бағынып жазылсын деген пікір айтады. Оның еңбегінің маңызы мен құны да осындай өзгерістер енгізуінде.