Т. Г. Шевченко атындағы №13 орта мектеп


II – тарау. Ахмет Байтұрсынов – әдіскер, ғалым, ұстаз



бет12/20
Дата23.10.2023
өлшемі163,1 Kb.
#187485
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Байланысты:
a.baytrsynovty-aza-tlne-osan-les

II – тарау. Ахмет Байтұрсынов – әдіскер, ғалым, ұстаз.

Ахмет Байтұрсынов алғашқы әліппе оқулық, тіл құралдарды дүниеге келтірумен бірге осы оқу құралдарын практикада қалай пайдалануға болады, әліппе, тіл құралдарындағы материалдарды шәкірттерге қалай ғылыми тұрғыда меңгертуге тиіспіз деген мәселе жөнінде ойланған. Ол заманының әдістемелік теорияларын өте жақсы меңгерген ғалым. Озық елдердің тіл оқыту әдістемелік ілімін жетік білуі қазақ тілін оқытуға арналған төл әдістемелік еңбектер жазуға әсер еткен. Өйткені жазбаларынан «Баяншы», «Әліппе астары», «Нұсқаушы» (қай жылы жазылғаны белгісіз), «Тіл жұмсар» секілді әдістемелік еңбектерін және «Баулу мектеп», «Жалқылау» (айырыңқы әдіс), «Қай әдіс жақсы?», «Дыбыстарды жіктеу» туралы мақалаларын атауға болады.

Бұлардың ішіндегі автордың «Әліппе астары», «Нұсқаушы» деген екі кітабы әзірге қолға түспеуде. Ахмет Байтұрсынов мұраларын жинаушылардың айтуына қарағанда бұл еңбектер Мәскеу , Санкт- Петербург, Уфа қалаларының кітапханаларынан да кездеспеген. Ұлттық кітапхана мен Ғылым Академиясының сирек қолжазбалар бөлімінен де ұшырастыра алмадық. Дегенмен аталған әдістемелік дүниелер қолымызға түспегенімен, кейбір деректерге сүйене келіп, бұл еңбектердің қандай бағытта жазылғанын аңғаруға болады. Мәселен, әйгілі жазушы Мұхтар Әуезов Ахмет Бай тұрсынов жұмыстан босаған уақытта қазақ мектептеріне керекті кітаптар жазып жүргенін айта келіп: «Бұрынғы оқушыларға белгілі «Тіл құралы», «Оқу құралдарынан» басқа, соңғы жылдарда «Әліппе аттарын» һәм қазақша жазған, бұл соңғы кітабы. Осы күнде Орынборда басылып жатыр» (5,185) - деп хабарлайды. Бұл 1923 жылы болса, ал 1924 жылы «Әліппе астары» еңбегі Орынбор қаласынан 24 беттік көлемде басылып шығады. Нұсқаудың алғашқы бетінде «Оқу құралы» деген қазақша әліп-би бойынша үйретушілер үшін шығарылған «Баяншы» деп көрсетілген. Әдіскер М.Жұмабайұлы да Ахмет Байтұрсынов әліппесінің дыбыстық әдіспен құралғанын сілтей келе: «Бұл Әлифба бойынша қалай хат таңдаудың жолы Ахмет Байтұрсыновтың «Баяншы» һәм «Алифба астары» деген кітаптарында көрсетілген. Мұғалімдер соларды жолбасшы қылсын», -деп жазады. Ал ғылым Р. Сыздықова «Оқу құралын» пайдаланудың жалпы сауат аштыру әдістерінің жөн- жобасын «Әліппе астары» атты әдістемеік еңбегінде көрсетеді деген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет