Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін саяси-экономикалық бағытта дамып қана қоймай, ғылым мен білім саласына жан-жақты көңіл аудара бастады. Егер 1991 жылы Қазақстанда барлығы 55 ЖОО болса, 2007 жылы олардың саны – 186-ға жетті.
Quacquarelli Symonds (QS) беделді халықаралық рейтингтік агенттігі жүргізген QS WUR рейтингі бойынша ҚазҰУ әлемдегі 200-үздік ЖОО қатарына кіреді. Бұл деңгейге посткеңестік кеңістікте тек екі университет қана жетіп отыр: Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (78-орында) және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (175-орында).