60
сата бастады. Яғни, авиакомпаниялар оған осы қозғалтқыштың жұмыста қанша
сағат болғанына байланысты төлей бастады. Бұл кезде қозғалтқыш Rolls-Royce
меншігімен қалды және компания оған техникалық қызмет көрсету құқығын
өзіне қалдырды. Сондай-ақ, Rolls-Royce «не?» (компания не сатады) – ол
қозғалтқышты емес, ұшу сағаттарын және «неге?» (неге бұл табыс әкеледі) –
себебі қозғалтқыштарға өзі өндірген компания қызмет көрсетеді, ондағы
шығындар қысқарды, ал ұшу сағаттарынан үнемі табыс түседі.
Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, егер компания өнімді емес, керісінше
өзінің бизнес-үлгісін жетілдірсе, ол 6%-ға анағұрлым табысты болатынын
көрсетті. Әлемнің ең жаңашыл 25 компаниясының 14-і инновациялық бизнес-
модельдерді пайдаланады. Егер компания бизнес-модельді өзгертсе, онда 60%-
да табыс болатыны белгілі.
Нұр-сұлтан-Алматы бағыты бойынша көптеген авиакомпаниялар ұшуда,
бұл ретте олардың әрқайсысының өз клиенттері бар. Әрбір жағдайда клиенттер
және табыс алу тетігі компанияның таңдалған бизнес-моделіне байланысты.
FlyArystan – қазақстанның бюджеттік (лоукост) авиакомпаниясы.
FlyArystan Қазақстан қалаларына жолжүксіз қысқа мерзімге саяхаттайтын
адамдарға қолайлы. Бұлар іс-сапарлардағы қызметкерлер, үйге демалуға
ұшатын студенттер және қол жүгі бар ұшуды қалайтын басқа жолаушылар
болып табылады.
Билет құнының төмен болуы бірнеше факторлардың есебінен:
-
билеттерді тек онлайн сатып алуға болады;
-
барлық рейстер – тікелей, түйістірусіз;
-
ұшақ салонында бірыңғай эконом класс;
-
әуежайларда ұшаққа жылдам қызмет көрсету;
-
барлық билеттер тек электронды;
-
жолжүкті бөлек төлеу қажет;
-
борттағы тамақтану да бөлек төленеді.
Бюджеттік әуетасымалдаушы компания дәстүрлі әуе компаниясынан
келесі фактормен, яғни бұл жолаушыларға арзан бағамен билеттер ұсынуымен
ерекшеленеді. Операциялық қызмет шығындарын қысқарту арқасында
бюджеттік авиакомпаниялар рейстерінің орташа бағасы 40-60%-ға төмен.
Лоукостердің бизнес-моделі дәл осыған негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: