Ізденістік-
ұйымдастыру-
шылық
Қазақстанның
Қызыл
кітабы
туралы əңгіме.
Қызыл кітап – сирек кездесетін
жəне жойылып бара жатқан
жануарлар мен өсімдіктер туралы
анықтамалар, қызықты əңгімелер
жəне олардың түрлі түсті
суреттері бар кітап.
Қызыл кітаптың маңызы зор. Ол
жойылып бара жатқан аң-
құстарды, өсімдіктерді қорғауға,
оларды аулауға, бейберекет
Балалар суреттерді немесе слайдтарды
көреді: жануарлар: барыс, қарақұйрық,
гепард, бүркіт, қызыл қасқыр т.б.;
өсімдіктер: емен, бəйшешек, жусан т.б.)
Жануарлардың аттарын қайталап айтады.
Олардың дене мүшелерінің атауларын
айтады.
Өсімдіктердің
құрылысын
естеріне түсіреді (тамыр, сабақ, жапырақ,
гүлі, жемісі).
83
жасауға тыйым салады.
Жануарларды рұқсатсыз ататын
адамдарды қаскерлер деп атайды.
«Жануар
құрастыр»
дидактикалық ойыны
Сергіту сəті.
Қызыл кітапқа енген бір өсімдікті
сипаттауға тапсырма береді.
«Менің
достарым»
ойыны:
балаларға суреттер таратады. Олар
суреттегі жануардың атын атайды.
Əліппе-дəптермен жұмыс.
Кесілген
суреттерден
жануарлардың
суреттерін құрастырады. Құрастырған
жануардың атын атайды, оны сипаттайды.
П: Көлбең, көлбең көлеңке
Аю қалай жүреді?
Б: Көлбең, көлбең көлеңке
Аю былай жүреді. (Аю сияқты қорбаңдап
жүреді).
П: Көлбең, көлбең көлеңке
Қоян қалай секіреді?
Б: Көлбең, көлбең көлеңке
Қоян былай секіреді. (Қоян сияқты
секіреді).
П:Көлбең, көлбең көлеңке
Құстар қалай ұшады?
Б:Көлбең, көлбең көлеңке
Құстар былай ұшады. (Құстар сияқты
ұшады).
П: Көлбең, көлбең көлеңке
Түлкі қалай жүреді?
Б: Көлбең, көлбең көлеңке
Түлкі былай жүреді.
(Түлкі сияқты
бұлғаңдап жүреді).
Сызба арқылы өсімдікті сипаттайды.
Балалар үй жануарларының суреттері
бейнеленген суреттерді алып, педагогтің
жанына келеді.
П: Менің достарым – бұлар жанды
организмдер.
Б: Менің достарым – мысық, ағаш, гүл,
құс, ...
П: Менің достарым – бұлар құйрықтары
бар жануарлар.
Б: Менің достарым – қасқыр, түлкі, барыс,
қыран, алабұға, ...
П: Менің достарым – бұлар сабағы барлар.
Б: Шөп, гүл, …
Əліппе-дəптердегі
тапсырмаларды
орындайды.
84
Рефлексивтік-
түзетушілік
Педагог қорытынды жасайды.
Педагог
суреттер,
музыканы
пайдаланып, ҰОҚ-ны көтеріңкі
көңіл күймен қорытындылайды.
Балаларға көңіл күйлерін қандай
да бір жануар немесе өсімдіктің
суретімен
көрсетуге
болатындығын айтады. Ауызекі
тілмен жеткізуге де болады.
ҰОҚ-ны қорытындылауға қатысады. «Мен
жаңа не білдім?» сұрағына жауап береді.
ҰОҚ-да алған əсерлерін бір-бірімен
бөліседі.
Күтілетін нəтиже:
айтады: сыртқы түрлеріне қарап жабайы жануарларды таниды, олардың аттарын;
түсінеді: түрлері сиреп бара жатқан жаунарлар мен өсімдіктерге қамқорлық керектігін;
қолданады: ҰОҚ барысында алған білімдерін өмірлік тəжірибелерінде.
№ 25 ҰОҚ
Білім беру саласы: Таным, Əлеумет
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Далада не өседі?
Мақсаты: Түрлі өсімдіктердің өсетін жерлері туралы түсініктерін қалыптастыру. Қарапайым
зерттеушілік іс-əрекет дағдыларын, білімге құштарлығын дамыту. Қоршаған ортаға
қызығушылығын, танымдық белсенділігін тəрбиелеу.
Сабаққа дайындық жұмыстары: үстелүсті ойындары; суреттер мен фотосуреттерді қарау;
бейнетаспаларды көру, үнтаспаларды тыңдау, жұмбақтар шешу, қарапайым зерттеу жұмыстарын
жүргізу.
Көрнекі құралдар: тақырыпқа байланысты суреттер, əліппе-дəптер, түрлі түсті қарындаштар,
экологиялық аймақтар (панно) – орман, дала, шалғын, өсімдіктер бейнеленген суреттер,
интерактивті құрал.
Сөздік жұмыс: егістік, дала, шалғын, орман.
Билингвалды компонент: гүлдер – цветы
Жұмыс
кезеңдері
Педагогтің басқарушылық
қызметі (Əдістер, тəсілдер)
Балалардың іс-əрекеті
Ынталандыру-
қызығушы-
лықтарын ояту
Педагог
балалардың
жұмыс
істеуіне эмоционалдық көңіл күй
қалыптастырады.
Сұрақтар қояды: Сендер қандай
жерде тұрасыңдар? Жазық дала
немесе таулы жерде ме?
Сұрақтарға жауап алу арқылы
ҰОҚ-ның
тақырыбын
жəне
мақсатын болжамдап тапқызады.
Жүрегім, жырым сенікі,
Кеңесті далам, кең далам.
Тудым, өстім есейдім...
Ен далам – анам, мен – балаң!
І.Жансүгіров
Сұрақтарға болжамдап жауап береді.
Ізденістік-
Əліппе-дəптермен жұмыс:
Балалардың назарларын əліппе-
дəптердегі суреттерге аударып,
Орман – өте көп ағаш, бұта, жидек, шөп,
саңырауқұлақтар өсетін жер. Орманда
шырша, қарағай, қайың, терек т.б. ағаштар
85
ұйымдастыру-
шылық
сұрақтарға
ойланып
жауап
берулерін сұрайды.
Зерттеу жұмысын жүргізу.
Далада жауған жаңбыр қайда
кетеді? Өсімдіктер суды қалай
ішеді?
Далада жаңбыр аз жауады, жауған
жаңбыр тез буланып кетеді.
Құмырадағы топыраққа су құяды.
Сонан соң күрекпен ақырын
қазып, су қаншалықты сіңгенін
балаларға көрсетеді.
Балалармен бірлесіп экологиялық
зоналарды
құрастырады.
Балаларды 3 топқа бөледі.
«Дала гүлдерін білесің бе?»
дидактикалық ойыны. Жұмбақтар
оқиды.
өседі. Дала – кең байтақ жазық, алуан
түрлі шөп жəне бұталар өседі. Жазда күн
қатты түседі, сондықтан жер құрғақ
болады. Мұнда жусан, селеу сияқты
өсімдіктер өседі. Шалғын – қалың шөп
өскен жер. Шалғында өсетін өсімдіктер
жарық ен жылуды жақсы көереді. Шалғын
өсімдіктері: түймедақ, қоңыраугүл, бақбақ,
қалампыр т.б.
Дала мен шалғында өсетін өсімдіктердің
бойлары қысқа болады. Ал орманда биік
ағаштар
өседі.
Шалғын
мен
дала
өсімдіктері жарық пен жылуды жақсы
көреді, ал орман өсімдіктері көлеңкені
жақсы көреді. Ағашта дің, ал гүлдерде
сабақ болады.
Сұрақтарға болжамдап жауап береді.
Ағаштардың діңдері қандай болатынын,
өсімдіктердің
сабақтары
қандай
болатынын естеріне түсіреді. Олардың
тамырларын салыстырады. Оларға өсу
үшін қаншалықты су қажет болатынын
айтады.
Қорытынды: ағаш пен бұталар далада
өспейді.
Өйткені
су
аз.
Олардың
тамырлары үлкен жəне тереңге кетеді.
Оларға өсу үшін су көп керек. Ал шөптер
мен гүлдердің тамырлары жіңішке жəне
қысқа.
1-топ:
суреттерді
таңдап, «Орман»
панносын құрастырады.
2-топ: суреттерді таңдап, «Дала» панносын
құрастырады.
3-топ: суреттерді таңдап, «Шалғын»
панносын құрастырады.
Бірде ақ, бірде сары гүлдер,
Тура киіз ақ үйлер.
Төнеді кеп жан-жақтан,
Тамашалап сəбилер. (Бақбақ)
* * *
Жапырағын ұстасаң,
Асты суық,
Жылы үсті,
Дəрі жасар бұл гүлден,
Емдер күйік, тынысты. (Түймедақ)
* * *
Осы гүлдің Отаны –
Қазақтың кең даласы.
86
Сергіту сəті.
Сұрақ: Өсімдіктің тіршілігі үшін
не қажет?
Əліппе-дəптермен
жұмысты
жүргізеді.
Дəрілік
өсімдіктерді
зерттеу
жұмысын жүргізеді.
Көктемде дала құлпырып
Қып-қызыл болар қарашы.
(Қызғалдақ )
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш,
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық.
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Жауап: күн, су, топырақ, ауа.
Тапсырмаларды орындайды.
Сезім мүшелерін пайдаланып (мұрын, көз),
өсіміктердің сыртқы түрін, олардың иісін
зерттейді. Зерттейтін өсімдіктер: өгейшөп,
түймедақ, бақбақ т.б.
Рефлексивтік-
түзетушілік
Педагог қорытынды жасайды.
Рефлексия: рефлексиянің
əдістерінің бір тəсілін қолданады:
Балалардың ҰОҚ-да қаншалықты
өсіп жетілгендерін көру:
отырып, тұрып, созылып.
Ым-ишарамен көрсету: Міне,
тамаша!
Қол шапалақтаңдар! Аяқтарыңмен
топылдатыңдар!
ҰОҚ
барысында
алған
танымдық
ақпараттарымен бөліседі. Көңілді көңіл
күймен алған əсерлерін əңгімелейді.
Күтілетін нəтиже:
айтады: дала өсімдіктері туралы білетіндерін;
түсінеді: дала өсімдіктеріне қажетті жағдайларды біледі, олардың далаға қандай көрік
беретінін;
қолданады: табиғатты қорғау ісіне шамаларына қарай атсалысады, экологиялық
ережелерді өмірлік тəжірибелерінде қолданады.
№ 26 ҰОҚ
Білім беру саласы: Таным, Əлеумет
87
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Табиғаттың көктемде оянуы
Мақсаты: көктемдегі табиғат құбылыстарын бақылау дағдыларын кеңейту. Ой белсенділігін,
бақылау, талдау, тұжырымдар жасау дағдыларын дамыту. Табиғатқа достық қарым-қатынасты
жəне позитивті көзқарасты тəрбиелеу.
Сабаққа дайындық жұмыстары:суреттер мен фотосуреттерді қарау; бейнетаспалар мен
слайдтарды көру, үнтаспаларды тыңдау; жұмбақтар шешу, қарапайым тəжірибе жəне зерттеу
жұмыстары, зерттеу мақсатындағы серуендерге шығу, тақпақтар жаттау.
Көрнекі құралдар: тақырыпқа байланысты суреттер, əліппе-дəптер, түрлі түсті қарындаштар.
Сөздік жұмыс: көктем, табиғаттың оянуы, құстар, жылғалар, ериді.
Билингвалды компонент: көктем – весна
Жұмыс
кезеңдері
Педагогтің басқарушылық
қызметі (Əдістер, тəсілдер)
Балалардың іс-əрекеті
Ынталандыру-
қызығушылық
та-рын ояту
Педагог
балалардың
жұмыс
істеуіне эмоционалдық көңіл күй
қалыптастырады. Өлең оқиды.
Сұрақтар қояды: Өлеңде қай жыл
мезгілі туралы айтылған? Оны
қандай
белгілері
арқылы
білдіңдер?
Балаларды
терезе
алдына
шақырып, даладағы өзгерістер
туралы əңгімелеулерін сұрайды.
Табиғаттағы өзгерістер туралы
толықтырады.
Сұрақтарға жауап алу арқылы
ҰОҚ-ның
тақырыбын
жəне
мақсатын болжамдап тапқызады.
Көктем келді шуақты,
Балаларды қуантты.
Алақай-ау, алақай!
Құстар сайрап, бақтар жайнап, гүл атты.
Дала гүлге толыпты,
Аққу көлге қоныпты.
Алақай-ау, алақай!
Көктем қандай, көктем қандай көрікті!
Сұрақтарға болжамдап жауап береді.
Табиғаттың өзгеруі туралы ойларын
айтады,
бір-бірінің
жауаптарын
толықтырады,
педагогтің
айтқанын
тыңдайды.
Ізденістік-
ұйымдастыру-
шылық
Педагогтің əңгімесі: Көктем –
ерекше жыл мезгілі. Бұл кезде
табиғат ұйқысынан оянады. Қыс
бойы ұйықтап жатқан ағаштар
бүршік атып, жапырақ жарады.
Өсімдіктердің
бəрі
шығады.
Қысқы ұйқыға кеткен жануарлар
да ұйқыларынан оянады.
Əліппе-дəптермен
жұмыс:
Балалардың назарларын əліппе-
Педагогтің аятқанын мұқият тыңдайды.
Өздері
де
көктем
мезгілі
туралы
білетіндерін айтады. Сурет бойынша
ойларын айтады, дəлелдейді. Қардың не
үшін
еріп
кететінін,
ағаштардағы
өзгерістер, шөп, гүлдер туралы, олардың
қалай
су
ішетіндерін
болжамдап
əңгімелейді.
Бір-бірінің
айтқандарын
тыңдайды. Жылғалар туралы білетін
балалар
айтады,
білмесе
педагог
түсіндіреді.
Жылға – қар, жаңбыр суы ағатын
кішкентай жыра, өзек.
88
дəптердегі суреттерге аударып,
сұрақтарға
ойланып
жауап
берулерін сұрайды.
Суреттің көмегімен балалармен
бірге
«Көктемнің
келуімен
табиғатта не өзгерді?» сұрағына
жауап іздейді. Құстардың ұшып
келуі, жылғалардан су ағуы т.б.
көктем белгілері, өсімдіктердің
тамырлары
арқылы
суды
сіңіретінін, судың сабақ арқылы
жапыраққа
баратыны
туралы
əңгімелейді.
«Аяқта» дидактикалық ойынын
ойнатады. Педагог сын есім
сөздерді айтады, балалар ойланып,
зат есім сөзді тауып айтады.
Табиғаттағы өзгерістерді байқау
үшін адам байқампаз, айналасына
мұқият қарау керектігін айтады.
Балалармен бірге «Қар мен мұз
неге
ериді?»
деген
зерттеу
жұмысын жүргізеді.
Сергіту сəті.
Əліппе-дəптермен
жұмысты
жүргізеді.
Даладан ағаш бұтақтарын алып
келгенін хабарлайды. Балаларға
мұқият қарауға ұсыныс тастайды.
Бұтақтарда
бүршіктер
пайда
болғанын
жəне
даладағы
ағаштардың
да
бұтақтарында
осындай
бүршіктер
тұрғанын
айтады.
Бұтақтарды
ыдысқа
салып, оған су құяды. Осы күннен
Жылғалардың суретін көреді немесе
бейнетаспадан
көіріп
тамашалайды.
Адамдардың көктем мезгілінде киетін
киімдері де туралы əңгімелейді. Көктемгі
табиғат құбылыстары жайлы айтады.
Көгілдір, ашық, бұлтсыз, таза ... (ауа)
Шуақты, сары, сəулелі, алтын … (күн)
Жылы, самал, жеңіл … (жел)
Жасыл, көк, балғын ... (шөп).
Педагогтің дайындап қойған қары мен
мұзына қарап, оның қасиеттерін айтады.
Топта қар мен мұзға не болғанын
бақылайды.
Олардың
неліктен
еріп
жатқанын айтады.
Қорытынды: қар көктемде ериді. Өйткені
күн жылынады. Күн шуағын қатты
төгеді.
Бойды сергек тік ұста,
Емін-еркін тыныста.
Оң қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада,
Сол қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.
Тапсырмаларды орындайды.
Күнделікті бұтақты бақылауға кіріседі.
Өзгерістерін бір-біріне айтып отырады.
89
бастап
бұтақтарды
бақылайтындарын айтады.
Болжам жасатады: бөлмедегі
бұтақ даладағы бұтаққа қарағанда
жылдам өсе бастады. Неліктен?
Себебін анықтау.
Рефлексивтік-
түзетушілік
Педагог
суреттер,
музыканы
пайдаланып, ҰОҚ-ны көтеріңкі
көңіл күймен қорытындылайды.
Балаларға көңіл күйлерін қандай
да бір жануар немесе өсімдіктің
суретімен
көрсетуге
болатындығын айтады. Ауызекі
тілмен жеткізуге де болады.
ҰОҚ-ны қорытындылауға қатысады. «Мен
жаңа не білдім?» сұрағына жауап береді.
ҰОҚ-да алған əсерлерін бір-бірімен
бөліседі.
Күтілетін нəтиже:
айтады: көктем мезгілінің алғашқы белгілерін;
түсінеді: жыл мезгілдеріне табиғат құбылыстарының тəуелділігін:
қолданады: табиғатты қорғау ісіне шамаларына қарай атсалысады, экологиялық
ережелерді өмірлік тəжірибелерінде қолданады.
№ 27 ҰОҚ
Білім беру саласы: Таным, Əлеумет
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Көктем келді, құс келді!
Мақсаты: құстарды ажыратып, атай білуді үйрету. Көктем келгенде құстардың өмірінде жəне
мінез-құлығында болатын өзгерістерді көрсету. Құрдастарымен жəне ересектермен еркін қарым-
қатынас барысында танымдық-зерттеушілік іс-əрекет дағдыларын дамыту. Құстарға қамқорлық
көрсетуге құштарлығын тəрбиелеу; танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Сабаққа дайындық жұмыстары:тақырып бойынша əңгіме өткізу , көркем шығармаларды оқу,
ересектердің еңбегін бақылау, жұмбақтар шешу, тəжірибе, зерттеу жұмыстары, дидактикалық
ойын (үстелүсті), балабақшадан сырт жерге серуенге шығу.
Көрнекі құралдар: тақырыпқа байланысты суреттер, əліппе-дəптер, түрлі түсті қарындаштар,
тастар, бəнкі, су, интерактивті құрал.
Сөздік жұмыс: жыл құстары, қараторғайдың ұясы, ұя.
Билингвалды компонент: қараторғай – скворец
Жұмыс
кезеңдері
Педагогтің басқарушылық
қызметі
(Əдістер, тəсілдер)
Балалардың іс-əрекеті
Ынталандыру-
қызығушылық-
тарын ояту
Педагог
балалардың
жұмыс
істеуіне эмоционалдық көңіл күй
қалыптастырады.
– Балалар,
сендермен
кезекті
ұйымдастырылған
оқу
қызметімізде
табиғатты
танып-білуге
арналған
саяхатымызды
жалғастырып,
адам,
табиғат, өзіміз туралы өте қызықты
мəліметтер аламыз. Кəнеки, бір-бірімізбен
амандасайық!
Армысың, Əлем!
90
Білімдерін белсендіру.
Көктем
белгілері
суреттелген
жұмбақты оқиды.
Балалардың назарын көктемде
жыл құстарының ұшып келетініне
аударады. – – Оларды неліктен
жыл құстары деп атайды? Есімізге
түсірейікші.
Сұрақтарға жауап алу арқылы
ҰОҚ-ның
тақырыбын
жəне
мақсатын болжамдап тапқызады.
Армысың, Жарық күн! (Қолдарын жайып,
көкке көтереді.)
Армысың, абзал Адам! (Қолдарын алға
созады.)
Армысың, менің досым!
Жұмбақ шешеді.
Қар, мұз, еріп,
Су көбейіп,
Сай-салада ағады,
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып,
Жер гүл-шашақ тағады.
Қой маңырап,
Төл жамырап,
Жайлау малға толады,
Бөбектерім айтындаршы,
Бұл қай кезде болады? (Көктем)
Балалар күзде жылы жаққа ұшып кетіп,
көктемде қайтадан ұшып келетін құстарды
жыл құстары деп айтатынын болжамдап
айтады. Құстардың денелері қауырсынмен
жабылғанын,
олардың
зиянкес
жəндіктермен қоректенетінін айтады.
Ізденістік-
ұйымдастыру-
шылық
Педагогтің əңгімесі:
Жылы жақтан ұшып келген құстар
ұя тұрғызады, жұмыртқа басады,
балапан басып шығарады. Олар
балапандарын қоректендіріп, олар
аяқтанғанша асырап-бағады. Олар
неілктен жылы жақтан ұшып
келді?
Балалардың
назарын
əліппе-
дəптердегі суреттерге аударады.
Суретші
қандай
құстарды
бейнеледі? Олар неге біздің өлкеде
қыстап қалмады? Көктемде құстар
немен айналысады?
Құстар – біздің
қанатты
достарымыз.Олар – орманды
зиянкес құрттардан қорғайтын
дəрігерлер.
Өйткені
ағаш
қуысында
тіршілік
ететін
құрттармен қоректенеді. Қалай
ойлайсыңдар, құстарды досымыз
деп айтуға бола ма?
Жыл
құстарын
сипаттауға
тапсырма береді. Көмек ретінде
Педагогтің əңгімесін мұқият тыңдайды.
Жұмбақ-мəтінді шешеді:
Басы, қанаты, екі аяғы, тұмсық пен
қауырсындары
бар.
Олардың
бəрі
жұмыртқадан шығады.
Шешуі: құстар.
Көктемде өздерінің өлкелерінде күн
жылынғанын айтады. Қар еріп, құстарға
жем табу оңай екенін де болжамдап
айтады.
Анықтайды: басы тұмсығымен бірге, екі
қанаты, екі аяғы, құйрығы, денесі
91
үлгі-сызба тақтаға іліп қояды.
Педагог
əңгіме
құрастыру
барысында балаларға тірек-сөздер,
сөз тіркестерін айтып, көмек беріп
тұрады.
Сұрақтар:
Құстар ұяларын неден салады?
Қайда салады?
Мимикалық гимнастика:
«Балапандар»
Жылы жақтан ұшып келген
құстардың ұшып келу ретін
анықтатады: алдымен ұзақ, сонан
соң қараторғайлар, одан кейін
қарлығаштар,
қарлығаштардан
кейін тырналар ұшып келеді.
Балалармен
бірге
жаяғдаят
шешеді: «Ақылды қарға су ішкісі
келеді».
қауырсынмен жабылған.
Достарыңызбен бөлісу: |