Т. Л. Яндулова жаратылыстану əдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет1/14
Дата18.02.2020
өлшемі0,88 Mb.
#58301
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
phphAOCpn Zharatylystanu Metodika 4 Kaz-4


Е.В.Бритвина, Т.Л.Яндулова  
 
 
 
 
 
 
 
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ 
Əдістемелік нұсқау  
 
Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың 
үлгілік оқу бағдарламасы бойынша ортаңғы топ (4–5 жас)  
педагогтеріне арналған  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматыкітап баспасы 
2017  


 
ƏОЖ 373.2 
КБЖ 74.102 
Б 80 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бритвина Е.В. 
Б 80      Жаратылыстану. Əдістемелік нұсқау. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың 
үлгілік оқу бағдарламасы бойынша ортаңғы топ (4–5 жас) педагогтеріне арналған. 
Бритвина Е.В., Яндулова Т.Л.– Алматы: Алматыкітап баспасы, 2017. – 122 б.  
 
 
ISBN 978-601-01-3443-0 
 
 
 
 
 
 
 
ƏОЖ 373.2 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
КБЖ 74.102 
 
 
ISBN 978-601-01-3443-0 
 
 
© Бритвина Е.В., Яндулова Т.Л.2017 
© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2017 
 


 
Кіріспе 
 
«Жаратылыстану»  оқу-əдістемелік кешені төмендегі нормативтік құжаттарға сəйкес 
дайындалды:  
1. 
Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 
(Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен 
бекіген). Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі жəне 
мектепалды даярлық білім берудің жаңа методологиялық негізін анықтайды;  
2. 
1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың 
үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым 
министрлігінің  2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекіген); 
3. 
Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан 
Республикасының білім жəне ғылым министрлігінің  2016 ж. 12 тамыздағы № 499 
бұйрығымен бекіген). Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің 
контекстегі 5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.  
 Мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқытудың  үлгілік  оқу  бағдарлама – «Таным»  білім 
беру саласы бойынша жасалған  жоба.  
«Жаратылыстану» ОƏК құрамы: 
 педагогке  арналған  əдістемелік  нұсқау  (бір  жылға  арналған  жоспар  мен 36 сабақтың 
технологиялық карталары); 
 əліппе-дəптер. 
Тəрбиешіге  арналған  əдістемелік  нұсқау  пен  балаға  арналған  əліппе-дəптерден 
тұратын «Жаратылыстану» ОƏК-сі – ұйымдастырылған оқу əрекетінің осы түрі бойынша 
ерте жастан 7 жасқа дейінгі аралыққа арнап əзірленген əдістемелік жүйенің бір бөлігі. 
Ортаңғы топтағы «Жаратылыстану» бойынша ұйымдастырылған оқу қызметтерінің 
басты мақсаттары:  
1.  Табиғаттағы құбылыстар туралы түсініктерін қалыптастыру, жанды жəне жансыз 
табиғат нысандары, табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы білімдерін кеңейту.  
2.  Балабақша  аумағындағы  жəне  жақын  маңайдағы  өсімдіктер  (жемістер  мен 
көгөністер,  бөлме  өсімдіктері,  ағаштар,  бұталар)  туралы  білімдерін  бекіту,  шөптесін 
өсімдіктер,  жидектер  мен  саңырауқұлақтар  туралы,  олардың  өсетін  жерлері  туралы 
білімдерін қалыптастыру.  
3.  Үй жəне жабайы жануарлар, олардың əр маусымдағы тіршілігі туралы білімдерін 
бекіту.  Жəндіктердің  кейбір  түрлері  туралы,  олардың  өмір  сүру  дағдысы  туралы 
түсініктерін  кеңейту.  Бауырымен  жорғалаушылардың  кейбір  түрлері  туралы  түсініктерін 
қалыптастыру. Қосмекенділер туралы білімдерін бекіту. 
4.  Табиғаттағы  мінез-құлық  ережелерімен  таныстыру,  балаларды  жанды  табиғат 
бұрышындағы жануарлар мен өсімдіктердің күтіміне қолынан келгенше көмек көрсетуге 
тарту.  
Бағдарлама  мақсаттарын  жүзеге  асыру  танымдық  дағдыларды  қалыптастырып,  
күтілетін нəтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.  
Жыл соңында бала:  
  үй жануарларын, олардың төлдерін, жабайы жануарлардың кейбір түрлерін атай 
алады;  
  бөлме өсімдіктерінің маңызы туралы түсініктері болады;  
  табиғаттағы  маусымдық  өзгерістердің  арасындағы  қарапайым  байланыстарды 
анықтай алады;  
  гүлдер мен өсімдіктерді үлкендігін, пішінін, формасын, жапырақтарының бояуын, 
түсі мен сабағының құрылымын салыстыра алады;  
  көгөністер  мен жидектердің, бөлме өсімдіктерінің, ағаштар мен бұталардың 4-5 


 
түрін  біледі,  үй  жəне  жабайы  жануарлардың  сыртқы  түріндегі  ерекшеліктерін,  ересектер 
мен кішкентайлардың мінез-құлық ерекшеліктерін біледі;  
  жанды табиғат бұрышындағы жануарлар мен өсімдіктерге күтім жасай алады; 
  жануарлардың көктемдегі, жаздағы тіршілігі туралы түсініктері болады;  
  жəндіктердің,  бауырымен  жорғалаушылардың  кейбір  түрін  атайды,  олардың 
тіршілік ету дағдыларын ажырата алады; 
  табиғаттағы мінез-құлық ережелерін біледі.  
  «Жаратылыстану»  бойынша  оқу  қызметтері  балаларға  ғылыми  білімдерді  жас 
ерекшеліктеріне сəйкес ұсынып, пайдаланумен ерекшеленеді.  
ОƏК-нің артықшылықтары:  
 тəжірибе жасау, ойын, қарым-қатынас арқылы өмірлік дағдыларды қалыптастыруға 
бағытталған белсенді танымдық іс-əрекеттерді пайдалану;  
 талдағыштар  (мед.  сыртқы  түйсікті  мүшелерден  бастап  миға  дейінгі  күрделі 
жүйке механизмі) арқылы қоршаған ортаны терең қабылдауға көмектесу;  
 балаларды  ұйымдастырудың  түрлі  формалары  арқылы  коммуникативтік, 
ұйымдастырушылық жəне шығармашылық қабілеттерін дамыту;  
 табиғатқа, адамдарға ізгі қарым-қатынасты қалыптастыру, жалпы тіршілік иелеріне 
қамқорлық сезімін тəрбиелеу.  
  Сабақтардың  негізгі  өзегі  танымдық  белсенділікті  қалыптастыруға  бағытталған. 
Сонымен  бірге  жаратылыстану  ғылыми  білімдерін  меңгеруде  қоршаған  ортаны  игерудің 
адамгершілік қағидалары негізге алынуы тиіс. Осыған байланысты 4–5 жас аралығындағы 
балаларға  білім  бере  отырып,  адамгершілік  нормаларымен  де  таныстыру  қажет. 
Балалардың  тіршілік  иелерін  бақылай  отырып,  барлық  жан  иелерінің  əсемдігін  тани 
білуге,  табиғатқа  қамқор  көзқараспен  қарауға  үйренуі  маңызды.  Тəжірибелік-ізденіс  іс-
əрекеттерін  дамытуға  көмектесудің  де  маңызы  зор.  Егер  кіші  топтарда  іс-əрекеттің  бір 
түрі  қызығушылық  деңгейінде  көрініп,  таңғалу,  сүйсіну  эмоциялары  басым  болса, 
ортаңғы  топта – бұл  іс-əрекетте  білуге  құмарлық  басым  болады.  Сөйлеу  барысында 
зерттеу іс-əрекетіне негіз болатын «Неліктен?», «Не үшін?», «Неге?» сұрақтары арқылы 
көрінеді. 
Авторлардың  пікірінше,  ұлдар  мен  қыздардың  зерттеу  іс-əрекетін  ұйымдастыруда 
ерекшеліктер  бар.  Ұлдардың  ынтасын  оятуға  практикалық  мəні  бар,  қолданбалы 
сипаттағы  іс-əрекеттер  көмектеседі.  Ал  қыздарды  қоршаған  ортаны  тануда 
құбылыстардың  эмоционалдық  жағы  көбірек  қызықтырады.  Бірақ  əлемді  тек  сезіну 
деңгейінде  қабылдап  қана  қою  жеткіліксіз,  осы  жаста  қалыптаса  бастайтын  дискурсивті 
(логикалық)  пайымдауды  да  дамыту  қажет.  Əдістемелік  нұсқаудағы  ҰОҚ  жоспарларын 
құрастыру  негізіне  авторлар  А.  Запарожецтің  «балалардың  ой  қорытуына  негіз  болатын 
бұл  байланыстармен  жəне  қарым-қатынастармен  нақты  танысуға  мүмкіндік  беретін  іс-
əрекет  түрлерін  ұйымдастыру  қажет»  деген  идеясын  алып  отыр.  Бұл  қарым-қатынастар 
мен  өзара  байланыстарды  түсіну  ойлау  үдерістерін  дамытуға  мүмкіндік  береді,  соның 
нəтижесінде байланыстырылған логикалық пайымдауларға қол жеткіземіз.  
Дискурсивті  пайымдауды  дамыту  формалары  мен  əдістері  осы  əдістемелік 
нұсқаулықта  белсенді  түрде  қолданылады:  балаларға  өз  ойларын  негіздеуге,  пікірлерін 
білдіруге,  олардың  негізінде  қорытындылар,  тұжырымдар  жасауға  мүмкіндік  беретін 
жағдаяттар  ұсынылады  (мысалы,  ойын  барысында  ит  пен  мысықтың  арасындағы  ортақ 
белгілер  мен  айырмашылықтарды  іздеу;  сары  шымшық  пен  қарлығашты  салыстыру; 
жіктеу,  қайшылықтарды  табу:  жақсы  мен  жаманды  айыру;  жұмбақтар,  метафоралар, 
ырымдар,  ойын  кейіпкері – мыршаймен  (түлкі  баласы)  танымдық  жəне  проблемалық 
диалогтер, табиғат күнтізбесін толтыру, үлгілеу əдісін қолдану, т.б.). Педагог бағыттаушы 
сұрақтар көмегімен бастысын анықтай білуді, нысандарды немесе бір нысанның  əртүрлі 
күйін, құбылыстарды салыстыруды, олардың айырмашылықтарын табуды үйретеді. Егер 
осы  іс-əрекеттер  шынайы  бақылау  (экскурсия,  зерттеу  серуені,  жанды  табиғат 


 
бұрышындағы жануарды бақылау) барысында жүзеге асса, əлбетте балалардың табиғатты 
тануға деген қызығушылығын арттыра түседі.  
  Танымдық  белсенділікті  қалыптастыру  түрлі  əсерлер  алумен  қатар,  жинақталған 
білімдерді  тереңдету,  жүйелеу  арқылы  да  жүзеге  асады.  Белсенділік  те  іс-əрекетте  жəне 
өзін сол іс-əрекетке қатысушы ретінде ұғыну барысында дамиды. 3 жастан кейін баланың 
сана-сезімі  пайда  болатындықтан,  балалардың  өзін-өзі  бағалауын  да  дұрыс  дамыту 
маңызды  міндетке  айналады.  Осыған  байланысты,  ұйымдастырылған  оқу  іс-əрекетінің 
əзірленіміне  сабақтағы  жұмыс  нəтижелері  бойынша  рефлексивті  техникалар  (дене  күші 
рефлексия: үлгердім – үлгермедім; эмоционалдық: ұнады – ұнамады; сенсорлық: қолайлы 
–  қолайсыз;  зияткерлік:  түсіндім – түсінбедім)  қамтылған,  ым-ишара,  табиғи  нысандар 
пайдаланылады:  мысалы:  егер  өзіне-өзі  көңілі  толса,  серуен  кезінде  сары  жапырақтарды 
жинайды т.б.  
  Пелагогке  көмек  ретінде  балалармен  сабақ  жүргізуге  арналған  əліппе-дəптер 
əзірленді.  Бұл  жұмыс  ресурсын  пайдалану  баланың  алған  білімдерін  жүйелеуге,  сабақ 
тақырыбы  бойынша  дағдыларын  бекітуге  көмектеседі.  Табиғат  əлемімен  танысу 
барысында танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналып арнайы əзірленген 
тапсырмалар жүйесі оқу бағдарламасына сəйкес белгілі бір сабақтастықта құрастырылған. 
Ол  жарытылыстану  ғылымдық  ақпараттарды  айқындап,  мектеп  жасына  дейінгі 
балалардың заттар мен құбылыстарды нəтижелі түрде тануына көмектеседі.    
  Авторлар  пайдалануға  ұсынылған  тəрбие  мен  оқытудың  əдістемелік  жүйесі 
мектепке дейінгі орта жастағы балалардың танымдық дамуына үлкен септігін тигізеді деп 
үміттенеді. Балалардың ересектердің басшылығымен, олармен бірге жəне өз бетімен алған 
жаратылыстану ғылымдық білімдері мен тəжірибесі жүйеленіп, жинақталатын болады.  
Құрметпен авторлар 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
1.  «Жаратылыстану» бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінің 
ПЕРСПЕКТИВТІ ЖОСПАРЫ 
 
№ 
Тақырып 
Мақсат  
Сағат 
саны 

Бізді қоршаған 
табиғат 
Жанды  жəне  жансыз  табиғат  нысандары  туралы 
білімдерін 
кеңейту. 
Көзбен 
қабылдау, 
фонематикалық  есту  қабілетін,  есте  сақтау 
қабілетін,  зейінін  дамыту.  Қоршаған  ортаға 
қызығушылықты тəрбиелеу.  


Алтын күз келді!  
Табиғаттағы  маусымдық  өзгерістер  туралы,  жыл 
мезгілдері  туралы  түсініктерін  қалыптастыру. 
Табиғаттағы  ауа  райының  жайын  бақылауды  жəне 
бақылау  нəтижелерін  табиғат  күнтізбесіне  белгілей 
білуді үйрету. Қарапайым дербес тəжірибе əрекетін 
ұйымдастыру  арқылы  балалардың  түсініктерін 
дамыту.  Құрдастарына  достық  қарым-қатынасты 
тəрбиелеу. 


Мол өнім 
Көгөністер  мен  жемістер  туралы  түсініктерін 
кеңейту.  Бақша  өсімдіктерін  өсіру,  оларға  күтім 
жасауға 
қызығушылықтарын 
қалыптастыру. 
Тəжірибе 
жұмыстарын 
жасауға, 
нысандарды 
салыстыруға 
қызығушылықтарын 
дамыту. 
Табиғатқа қамқор қарым-қатынасты тəрбиелеу 


Дастарқанға нан 
қайдан келеді?  
Дəнді  дақылдарды  өсіру  туралы  түсініктерін 
қалыптастыру,  нан  жəне  оны  пісіру  туралы 
білімдерін 
кеңейту. 
Балалардың 
білімге 
құштарлығын, 
зерттеу 
əрекетіне 
ұмтылысын 
дамыту.  Ересектердің  еңбегіне  құрмет  сезімін 
тəрбиелеу 


Аяғы бар 
қалпақтар 
Саңырауқұлақтардың 2-3 түрін  ажырату  жəне  атай 
алу 
дағдысын 
қалыптастыру. 
Қарапайым 
жаратылыстану  ғылымдық  түсініктерін  дамыту. 
Өсімдіктер  əлеміне  қамқор  жəне  мейірімді  қарым-
қатынасын, 
зейін 
салуын, 
танымдық 
қызығушылығын тəрбиелеу. 


Ағаштар мен 
бұталар  
Табиғаттың  жанды  нысандары  туралы  түсініктерін 
жүйелеу.  Балабақша  аумағындағы  жəне  жақын 
маңайдағы  өсімдіктерді  (ағаштар  мен  бұталар) 
ажырату  жəне  атай  білу  дағдыларын  дамыту. 
Өсімдіктер əлеміне қызығушылығын тəрбиелеу. 


Алтын жапырақ 
төккен күз 
Күз 
мезгіліндегі 
табиғат 
құбылыстарын 
(жапырақтардың 
түсуі) 
бақылау, 
бақылау 
нəтижелерін  табиғат  күнтізбесіне  түсіре  білу 
дағдыларын қалыптастыру. Табиғат құбылыстарына 
танымдық  қызығушылықтарын  ояту.  Достық 
қарым-қатынастарын,  табиғатқа  деген  қамқор 
көзқарасын тəрбиелеу. 


Қанатты достар  
Қыстап  қалатын  құстар  мен  жыл  құстары  туралы 
жинақталған түсініктерін қалыптастыру. Құстардың 



 
дене  құрылысы  туралы  ұғымдарын  кеңейту. 
Құрдастарымен  жəне  ересектермен  еркін  қарым-
қатынас  барысында  танымдық-зерттеушілік  іс-
əрекет 
дағдыларын 
дамыту. 
Құстарға 
ізгі 
көзқарастарын тəрбиелеу. 

Құсхананы 
мекендеушілер 
Балалардың  үй  құстары  туралы  түсініктерін 
анықтау  жəне  кеңейту.  Жанды  нысанды  сипаттай 
білу  дағдысын,  зейіні  мен  есте  сақтау  қабілетін 
дамыту.  Табиғатқа  қамқор,  мейірімді  көзқарасын 
тəрбиелеу.  

10 
Жабайы жəне үй 
жануарлары  
Үй  жануарлары  жəне  Қазақстан  аумағында 
мекендейтін  жабайы  жануарлар  туралы,  үй 
жануарларына күтім көрсету ерекшеліктері, жабайы 
жануарлардың  қозғалыс  тəсілдері,  өмір  қалпы 
туралы  түсініктерін  кеңейту.  Ой  белсенділігін, 
бақылау,  талдау,  тұжырымдар  жасау  дағдыларын 
дамыту.  Тіршілік  иелеріне  ізгі  қарым-қатынасты 
тəрбиелеу. 

11 
Жануарлар қысқа 
қалай 
дайындалады?  
Орман  жануарларының  тіршілік  ету  қалпы  туралы 
түсініктерін  кеңейту;  жабайы  жануарлардың  қысқа 
дайындықтарымен  танысу.  Жабайы  жануарлардың 
кейбір түрінің табиғат жағдайларында тіршілік етуі 
туралы  білімдерін  кеңейту.  Қарапайым,  дербес 
тəжірибе  іс-əрекеттерін  ұйымдастыру  арқылы 
балалардың 
түсініктерін 
дамыту. 
Білімге 
құштарлық,  жануарларға  қамқорлық  көрсетуге 
тəрбиелеу. 

12 
Төрт түлік  
Қазақстанда  қолда  өсірілетін  түлік  түрлері,  үй 
жануарларына күтім жасау, олардың тіршілік қалпы  
туралы  түсініктерін  кеңейту.  Құрдастарымен  жəне 
ересектермен  еркін  қарым-қатынас  барысында 
танымдық-зерттеушілік 
іс-əрекет 
дағдыларын 
дамыту.  Жануарларға  қамқор  көзқарас,  өзгелерге 
көмектесуге  əзірлік,  туған  өлкенің  табиғатына 
сүйіспеншілік сезімдерін тəрбиелеу. 

13 
Бөлме өсімдіктері   Бөлме  өсімдіктерінің  түрлерін  ажырату  жəне  атай 
білуге  үйрету.  Тəжірибе  жұмыстарын  жүргізуге 
қызығушылығын, 
заттарды 
салыстыра 
білу 
дағдыларын  дамыту.  Балалар  ұжымында  достық 
қарым-қатынасты тəрбиелеу. 

14 
Өсімдіктерге қалай 
күтім жасау қажет?  
Балаларды 
жанды 
табиғат 
бұрышындағы 
өсімдіктерді  күтуге  қатыстыру.  Көзбен  қабылдау, 
фонематикалық  есту  қабілетін,  есте  сақтау 
қабілетін,  зейінін  дамыту.  Еңбексүйгіштікті  жəне 
тірі  табиғат  нысандарына  қамқор  көзқарасты 
тəрбиелеу. 

15 
Терезе алдындағы 
бақша 
Өсімдіктерді  бөлме  жағдайында  өсіру  туралы 
түсініктерін  жүйелеу.  Қарапайым  дербес  тəжірибе 
іс-əрекеттерін  ұйымдастыру  арқылы  балалардың 
түсініктерін 
дамыту. 
Бақылау 
үдерісінде 
экологиялық ой-пайымдауларын тəрбиелеу. 



 
16 
Біздің өлкеге қыс 
келді 
Қыс  мезгіліндегі  табиғат  құбылыстарын  бақылау 
дағдыларын 
дамыту. 
Құрдастарымен 
жəне 
ересектермен  еркін  қарым-қатынас  барысында 
танымдық-зерттеушілік 
іс-əрекет 
дағдыларын 
дамыту.  Туған  өлкенің  табиғатымен  қарым-
қатынаста  адамгершілік-эстетикалық  сезімдерін 
тəрбиелеу. 

17 
Құстарға қыста 
қамқор бол  
Өлкеде  қыстап  қалатын  құстар  туралы  түсініктерін 
қалыптастыру.  Балалардың  есте  сақтау  қабілетін, 
логикалық  пайымдауын,  шығармашылық  қиялын 
дамыту. «Қыстап  қалатын  құстарға  қамқор  болу 
керек» деген көзқарастарын қалыптастыру. 

18 
Кішкентай 
достарымыз  
Адамдардың  қамқорлығында  өмір  сүріп  жатқан 
жануарлар 
туралы 
қарапайым 
түсініктерін 
қалыптастыру.  Үй  жануарларына  күтім  жасай  білу 
дағдыларын; 
тəжірибе 
жұмыстарына 
қызығушылықтарын,  нысандарды  салыстыра  білу 
шеберліктерін  дамыту. «Жануарларға  қамқор  болу 
керек» деген көзқарастарын қалыптастыру.  

19 
Жабайы 
жануарлардың 
қысқы тіршілігі 
Жабайы  жануарлардың  сыртқы  түрі  мен  тіршілік 
қалпы  туралы  түсініктерін  кеңейту.  Жанды 
табиғатқа 
қызығушылықтарын, 
бастамаларын, 
жауапкершіліктерін 
қалыптастыру. 
Көзбен 
қабылдау,  фонематикалық  есту  қабілетін,  есте 
сақтау  қабілетін,  зейінін  дамыту.  Құрдастарының 
жауаптарын  тыңдай  білуге  жəне  жануарларға 
қамқорлық көрсете білуге тəрбиелеу. 

20 
Жанды табиғат 
бұрышын 
мекендеушілер 
Жанды 
табиғат 
бұрышын 
мекендеушілердің 
тіршілігін  бақылай  білуді,  оларға  қамқорлық 
көрсетуді үйрету. Ой белсенділігін, бақылау, талдау, 
ой-тұжырымдар 
жасау 
дағдыларын 
дамыту. 
Қоршаған ортаға ізгі көзқарасты тəрбиелеу. 

21 
Жануарларға 
күтімді қалай 
жасау қажет? 
Балаларды 
жанды 
табиғат 
бұрышындағы 
жануарларға  күтім  жасауға  қатыстыру.  Қолынан 
келгенше  еңбек  ету  дағдыларын  қалыптастыру. 
Қарапайым  жаратылыстану  ғылымдық  түсініктерін 
дамыту. Құрдастарының жауаптарын тыңдай білуге 
жəне  жануарларға  қамқорлық  жасай  білуге 
тəрбиелеу. 

22 
Аквариумдағы 
балықтар 
Жанды  табиғат  бұрышын  мекендеушілер  туралы 
түсініктерін  кеңейту.  Қарапайым  дербес  тəжірибе 
іс-əрекеттерін  ұйымдастыру  арқылы  балалардың 
түсініктерін  дамыту.  Табиғатқа,  тіршілік  иелеріне 
қамқорлықпен қарауға тəрбиелеу. 

23 
Жануарлардың 
тіршілік етуі үшін 
не қажет? 
Жануарлардың  барлығы  тіршілік  иесі  болып 
табылатыны,  оларды  да  барлық  тіршілік  иелері 
секілді  өсіп-өнуі  үшін  белгілі  бір  жағдайлар  қажет 
екені 
туралы 
түсініктерін 
қалыптастыру. 
Құрдастарымен  жəне  ересектермен  еркін  қарым-
қатынас  барысында  танымдық-зерттеушілік  іс-
əрекет  дағдыларын  дамыту.  Жанды  табиғатқа 
сүйіспеншілік сезімін тəрбиелеу. 



 
24 
Қазақстанның 
Қызыл кітабы 
Табиғаттың:  өсімдіктер  мен  жануарлар  əлемінің 
баға  жетпес  құндылық  екені  туралы  түсініктерін 
қалыптастыру.  Балалардың  есте  сақтау  қабілетін, 
логикалық 
пайымдауларын, 
шығармашылық 
қиялын  дамыту.  ҰОҚ  барысында  эстетикалық 
тəрбие  беру,  табиғатқа  қамқорлықпен  қарауға 
тəрбиелеу.  

25 
Далада не өседі?   Түрлі 
өсімдіктердің 
өсетін 
жерлері 
туралы 
түсініктерін қалыптастыру. Қарапайым зерттеушілік 
іс-əрекет дағдыларын, білімге құштарлығын дамыту. 
Қоршаған  ортаға  қызығушылығын,  танымдық 
белсенділігін тəрбиелеу.  

26 
Табиғаттың 
көктемде оянуы  
Көктемдегі 
табиғат 
құбылыстарын 
бақылау 
дағдыларын  кеңейту.  Ой  белсенділігін,  бақылау, 
талдау,  тұжырымдар  жасау  дағдыларын  дамыту. 
Табиғатқа  достық  қарым-қатынасты  жəне  позитивті 
көзқарасты тəрбиелеу. 

27 
Көктем келді, құс 
келді 
Құстарды  ажыратып,  атай  білуді  үйрету.  Көктем 
келгенде құстардың өмірінде жəне мінез-құлығында 
болатын  өзгерістерді  көрсету.  Құрдастарымен  жəне 
ересектермен  еркін  қарым-қатынас  барысында 
танымдық-зерттеушілік 
іс-əрекет 
дағдыларын 
дамыту. 
Құстарға 
қамқорлық 
көрсетуге 
құштарлығын 
тəрбиелеу; 
танымдық 
қызығушылықтарын дамыту. 

28 
Кесіртке қайда 
мекендейді?  
Бауырымен жорғалаушылар класы, олардың сыртқы 
түрі,  қозғалыс  ерекшеліктері  туралы  түсініктерін 
кеңейту. Тіршілік иесін сипаттай білуін; есте сақтау 
қабілетін,  зейінін  дамыту.  Жануарлар  жəне 
өсімдіктер  əлемінің  өкілдеріне  мейірімді  болуға 
тəрбиелеу. 

29 
Наурызгүлдер 
Көктемдегі  маусымдық  өзгерістермен  таныстыру. 
Көктемнің алғашқы гүлдері – наурызгүлдер туралы 
түсініктерін  дамыту.  Туған  өлке  табиғатына  деген 
сүйіспеншілік сезімін тəрбиелеу. 

30 
Ағаштардың 
гүлдеуі 
Көктемдегі  маусымдық  өзгерістермен  таныстыру; 
ағаштардың 
гүлдеу 
ерекшеліктері 
туралы 
түсініктерін  қалыптастыру.  Қарапайым  дербес 
тəжірибе  іс-əрекеттерін  ұйымдастыру  арқылы 
балалардың  түсініктерін  дамыту.  Құрдастарымен 
достық  қарым-қатынастарын,  бірлесіп  еңбек  етуге 
тəрбиелеу. 

31 
Ғажайып 
жəндіктер əлемі  
Жəндіктердің  кейбір  түрлері  (көбелек,  шыбын, 
қоңыз, 
қанқыз, 
құмырсқа, 
инелік) 
туралы 
түсініктерін  қалыптастыру.  Ой  белсенділігін, 
бақылау,  талдау,  тұжырымдар  жасау  дағдыларын 
дамыту. 
Жанды 
табиғатқа 
қызығушылығын 
тəрбиелеу. 

32 
Жылы-жылы жел 
соқты 
Табиғат  құбылыстары,  оның  ішінде  жел  туралы, 
желдің  пайда  болу  себептері,  тірі  организмдердің, 
оның    ішінде  адамның  да  өміріндегі  рөлі  туралы 
түсініктерін  қалыптастыру.  Құрдастарымен  жəне 


10 
 
ересектермен  еркін  қарым-қатынас  барысында 
танымдық-зерттеушілік 
іс-əрекет 
дағдыларын 
дамыту. 
Жансыз 
табиғатқа 
танымдық 
қызығушылықтарын тəрбиелеу. 
33 
Жау, жау, жаңбыр  Жансыз  табиғат  құбылыстары  туралы  түсініктерін 
кеңейту. 
Есте 
сақтау 
қабілетін, 
логикалық 
пайымдауы  мен  шығармашылық  қиялын  дамыту. 
Білімге  құштарлықты,  танымдық  белсенділікті 
тəрбиелеу.  

34 
Шуағын шашқан 
алтын күн  
Жансыз  табиғат  құбылыстары  туралы  түсініктерін 
кеңейту. 
Жансыз 
табиғатқа 
танымдық 
қызығушылықтарын  тəрбиелеу.  Қоршаған  ортаға 
қамқор көзқарасты тəрбиелеу.  

35 
Табиғатты 
аялайық!  
Табиғаттағы  мінез-құлық  ережелерімен  таныстыру.  
Қарапайым 
дербес 
тəжірибе 
іс-əрекеттерін 
ұйымдастыру  арқылы  балалардың  түсініктерін 
дамыту.  Ізгілік,  мейірімділік,  қызығушылық  пен 
білімге құштарлықты тəрбиелеу.  

36 
Қош келдің, жаз!   Жазғы  уақытта  болатын  маусымдық  өзгерістер 
туралы  түсініктерін  қалыптастыру.  Құрдастарымен 
жəне ересектермен еркін қарым-қатынас барысында 
танымдық-зерттеушілік 
іс-əрекет 
дағдыларын 
дамыту.  Қарапайым  жаратылыстану  ғылымдық 
түсініктерін тəрбиелеу. 

 
Барлығы  
 
36 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет