Қарлығашқа ұқсайық,
Кəне, қанат жасайық (Екі қолын қанат
етіп жаяды).
Қарлығаш боп ұшайық, (Қолын сермемей,
қалықтаған қимыл жасайды).
Орнымызға
қонайық
(Орындарына
отырады).
Орманның бiз емшiсiмiз,
Тоқ, тоқ, тоқ (Партаны үш рет ұрады).
Құрт бiткендi жоқ етемiз,
Жоқ, жоқ, жоқ, (Қолдарын артқа ұстап,
бастарын екі жаққа кезек бұрады).
Тоқ, тоқ, тоқ,
Жоқ, жоқ, жоқ.
Қарапайым
тəжірибе
жасайды:
қауырсынды қарастырып, оның өзегі бар
екенін, өзектен жіңішке талшықтардың
тарайтынын айтады. Қауырсынды суға
салады, ол суланбайды деген қорытынды
жасайды. Демек құстар қауырсынға
бірдеңе
жағады
(мысалы,
май).
Қауырсынды бетіне тигізеді – жылы –
40
Əліппе-дəптермен
жұмыс
ұйымдастырады.
Серуен кезінде құстың ұясын
көрсетіп, бақылауды ұсынады.
Құстар ұясын неден жасайды? Ұя
салу үшін құсқа не қажет екенін
анықтау.
Нұсқа ретінде
Педагог
балаларға
«Менің
достарым»
ойынын
ұсынады:
балаларға
кеспеқағаздарды
таратып
беріп,
құстың
сипаттамасын
таңдайды,
оны
атайды.
демек,
олар
жылу
үшін
қажет.
Қауырсынның ұшын кеседі – ішінде бос
қуыс, демек, қауырсын жеңіл.
«Жасырынбақ»: суреттің артына бір құс
жасырынып
қалған:
сирақтары
мен
құйрығы ғана көрінеді. Құсты ата
(сауысқан).
«Құстарға сүйікті тағамын бер».
Сары шымшық тұзы аз майды жақсы
көреді.
Торғай – шемішкені, түрлі дəндерді жақсы
көреді.
Суықторғай – жидек жегенді ұнатады.
Торғай үшін шемішкенің суретін сал.
Жұмбақ шешеді:
Талдың басында,
Жемi бар қасында.
Там тұр саялы,
Достарға аялы. (Құс ұясы)
Тал басында түндіксіз отау (Ұя).
Балалар қандай да бір нысанның суреті бар
кеспеқағазды алады. Педагог атаған сипат
көрсетілген балалар қызмет аталғанда
жүгіріп (жүріп) падагогтің қасына келеді.
П: Менің достарым – жыл құстары.
Б: Бұлбұл, қарлығаш, қараторғай, тырна …
Рефлексивтік-
түзетушілік
Педагог қорытынды жасайды.
Рефлексия: Гүл. Үстел үстінде
фишкалар: қызыл жəне жасыл.
Өте жақсы жауап бердім деп
ойлаған бала қызыл түсті гүл
жасайды, жауап бермеген немесе
нашар жауап берген бала жасыл
түсті гүл жасайды. Тағы бір түс
қосуға болады.
Рефлексивті бағалауға қатысады.
Күтілетін нəтиже:
айта алады: құстар туралы, олардың дене құрылысы, мекен ету ортасы туралы;
түсінеді: жыл құстары мен қыстап қалатын құстардың айырмашылықтарын;
қолданады: құстардың мінез-құлығын бақылау дағдыларын.
41
№ 9 ҰОҚ
Білім салалары: Таным, Əлеумет
Бөлім: Жаратылыстану
Тақырып: Құсхананы мекендеушілер
Мақсат: балалардың үй құстары туралы түсініктерін анықтау жəне кеңейту. Жанды нысанды
сипаттай білу дағдысын, зейіні мен есте сақтау қабілетін дамыту. Табиғатқа қамқор, мейірімді
көзқарасын тəрбиелеу.
Алдын
ала
жүргізілетін
жұмыстар:
иллюстрацияларды,
фотоларды
қарастыру;
бейнетүсірілімдерді, таныстырылымдарды қарау; аудиожазба тыңдау, жұмбақтар шешу,
қарапайым тəжірибе жұмысы, зерттеу серуендері, өлең жаттау.
Жабдықтар мен материалдар: тақырып бойынша иллюстрациялық материалдар, əліппе-дəптер,
бояу қарындаштар, құс қауырсыны, май, тамшуыр (пипетка), тақырып бойынша суреттер.
Сөздік жұмыс:үй құстары, суда жүзетін құстар, қауырсын.
Билингвалды компонент: тауық – курица
Жұмыс
кезеңдері
Педагогтің басқарушылық
қызметі
(Əдістер, тəсілдер)
Балалардың іс-əрекеті
Ынталандыру-
қызығушы-
лықтарын ояту
Педагог өлең оқып, оқу қызметіне
жағымды
көңіл
күй
қалыптастырады.
Балаларға
бірнеше
бөлікке
бөлінген суреттерді жинап, онда
ненің бейнеленгенін анықтауды
ұсынады.
Балаларды
алда
жүргізілетін
жұмысқа дайындайды.
Тауық пен тары
Тауық тары жинапты,
Оны ешкімге қимапты.
Бөтекесін толтырып,
Қамбасына құймапты.
Қыста тауық қақылдап,
Тары іздеп жүр тақылдап.
Ə. Табылды
Немесе
Таң əлі атқан жоқ,
Маңай əлі қараңғы.
Əтеш ерте оянып,
Жан-жағына қарады.
Шынықтырып денесін,
Қанаттарын қағады.
Ку-ка-ре-ку – тұр-тұрлап,
Оятады баланы.
Дербес немесе жұптарға бірігіп, сурет
бөліктерін жинайды, үй құстарын танып,
оларды атайды.
Эмоционалды жағымды жауап қату.
Ізденістік-
ұйымдасты-
рушылық
Əліппе-дəптердегі
суретті
қарастырып, сұрақтарға жауап
беруін сұрайды:
Неліктен бұл құстарды үй құстары
деп атайды?
Құсхана немесе құс ауласы деген
не? (Бұл жерде адам тауық, қаз,
Үй құстарын атайды: тауық, əтеш, қаз,
үйрек, күркетауық.
Үй құстары адамның қасында тұрады, олар
42
үйректерді өсіреді). Адам бұл
құстарды не үшін өсіреді?
Неліктен
бұл
құстар
қалада
мекендемейді? Адам оларға қалай
күтім жасайды?
Үй құстарының балапандарын
қалай атайтынын сұрайды. Əліппе-
дəптердегі тапсырманы орындау
(қарындаштың көмегімен сызып
қосу).
Ойланып,
қаз
бен
үйректің
ұқсастығын айтуды ұсынады.
Бұл құстарды бір сөзбен – суда
жүзетін
құстар
деп
атауға
болатынын түсіндіреді.
Педагог қаздың сирағының суретін
көрсетеді.
– Міне, суда жүзетін құстардың
аяғы осындай болады.
Өзекті сұрақ: адам қаздың аяғына
ұқсас
заттарды
қайда
пайдаланады? (Суға
жүзгенде
аяққа киетін ласт (ескекаяқ),
қайықтың
ескегі).
Суреттерін
көрсету.
Балаларды тəжірибе жасап көруге
шақырады.
Қорытынды жасайды: құстармен
де осылай болады. Олардың
қауырсындары майланып тұрады,
сол себепті суланбайды. Қаз,
үйректердің үстіне су жұқпайды,
тамшылары шашырап кетеді.
Ал
тауықтың
қауырсындары
майланбайды, олар суға түссе, су
болады. Сол үшін де үрпе-түрпесі
шығып тұрған адамға «суға түскен
тауықтай» деп айтады.
Сергіту сəті
адамға пайда əкеледі, адам оларға күтім
жасайды.
Тауық баласы: шөже, қаз баласы: ақүрпек
не мамыр, үйрек баласы: шүрегей.
Олардың жүзе алатынын айтады.
Аяқтағы жарғақшалардың құстарға суда
есіп жүзуге көмектесетінін айтады.
Үлкен шараға су құйып, оған қолдарының
алақан бөлігін батырады, саусақтарының
арасын ашық ұстап, су ішінде ары-бері
қозғап көреді. Содан соң саусақтарының
арасын қосып, қайталайды.
Қолдарын суға салып, сілкіп көреді.
Қолдары су болды деген қорытынды
жасайды.
Қолдарына аздап май немесе балалар
иісмайын жағып, қайтадан суға салады.
Енді қолға су жұқпайды. Қол құрғақ күйіне
қалады.
Шөжелерім (музыкалық үзіліс)
(Балалар əн айтып, педагогтің
қимылдарын қайталайды).
Сөзі: Н. Мүтталибов
Əні: Г. Гусейнли
Аударма жасаған: М. Əлімбаев
Шеп, шеп, шөжелерім,
Шеп, шеп, шеп, шеп, шөжелерім!
Мамық жүнді шөжелерім,
Нəзік үнді шөжелерім.
1.Көк шалғында жайылым бар,
Тез, келіңдер, жайылыңдар.
Əй, менің шөжелерім,
Əй, менің шөжелерім,
Балғын бөбек, шөжелерім, шеп, шеп, шеп.
Қайырмасы.
2.Не жейсіңдер, мен берейін.
43
«Кім қалай дыбыстайды?»
дидактикалық ойынын
ұйымдастырады.
Ойланып, адамға үй құстарының
əкелетін пайдасы туралы айтуды
ұсынады. Əліппе-дəптердегі
суретті қоршап сызу.
Су берейін, жем берейін.
Əй, менің шөжелерім,
Əй, менің шөжелерім,
Балғын бөбек, шөжелерім, шеп, шеп, шеп.
Қайырмасы.
3.Ақ тауықтай боларсыңдар,
Ақ мамыққа толарсыңдар.
Əй, менің шөжелерім,
Əй, менің шөжелерім,
Балғын бөбек шөжелерім, шеп, шеп, шеп.
Қайырмасы.
Үй құстарының дыбыстарын салады.
Тапсырма орындап, талқылайды.
Рефлексивтік-
түзетушілік
Педагог қорытынды жасайды.
Рефлексия:
қарым-қатынаста
педагог
жағдайға
қарай
рефлексияның келесі түрлерінің
бірін қолданады:
дене күші (үлгердім – үлгермедім);
сенсорлық (көңіл күй: қолайлы –
қолайсыз);
зияткерлік (Нені түсіндім? – Нені
түсінбедім? Қандай қиындықтар
болды?).
Өз іс-əрекетін бағалауға қатысады.
Əсерлерімен бөліседі.
Күтілетін нəтиже:
айта алады: үй құстарының кейбір түрлерін;
түсінеді: жабайы жəне үй құстарының айырмашылықтарын;
қолданады: үй құстарына күтім жасау дағдыларын.
№ 10 ҰОҚ
Білім салалары: Таным, Əлеумет
Бөлім: Жаратылыстану
Тақырып: Жабайы жəне үй жануарлары.
Мақсат: үй жануарлары жəне Қазақстан аумағында мекендейтін жабайы жануарлар туралы, үй
жануарларына күтім көрсету ерекшеліктері, жабайы жануарлардың өмір қалпы туралы
түсініктерін кеңейту. Ой белсенділігін, бақылау, талдау, тұжырымдар жасау дағдыларын дамыту.
Тіршілік иелеріне ізгі қарым-қатынасты тəрбиелеу.
Алдын
ала
жүргізілетін
жұмыстар:
иллюстрацияларды,
фотоларды
қарастыру;
таныстырылымдарды қарау; аудиожазба тыңдау, жұмбақтар шешу, қарапайым тəжірибе жұмысы,
зерттеу серуендері, өлең жаттау.
Жабдықтар мен материалдар: тақырып бойынша иллюстрациялық материалдар, əліппе-дəптер,
бояу қарындаштар, интерактивті құрал-жабдық.
44
Сөздік жұмыс: жабайы, үй жануарлары, тұрақ, орман, қора, жүн, аяқ, тұяқ, мүйіз, құйрық.
Билингвалды компонент: қоян – заяц
Жұмыс
кезеңдері
Педагогтің басқарушылық
қызметі
(Əдістер, тəсілдер)
Балалардың іс-əрекеті
Ынталандыру-
қызығушы-
лықтарын ояту
Педагог проблемалық жағдаят
арқылы оқу қызметіне жағымды
көңіл күй қалыптастырады.
Педагог балалардан өлеңде қандай
жануарлар туралы айтылатынын
сұрайды.
Алда оқу қызметіне дайындайды.
СҰР ҚОЯН
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып, ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.
Т.Бердияров
ТӨЛДЕР
Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың?
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың?
Секең-секең, ей, лақ,
Жүрмін саған кейіп-ақ.
Тыныш тапсаң болмай ма,
Секірмей-ақ кей уақ!
Ботақаны нардың,
Жарға неге бардың?
Тілерсегің дірілдеп,
Секіре алмай қалдың!
Ж.Өмірбеков
Өз болжамдарын айтады.
Алда оқу қызметіне жағымды жауап
қатады.
Ізденістік-
ұйымдасты-
рушылық
Əліппе-дəптердегі
суретті
қарастырып, сұрақтарға жауап
беруін сұрайды: Жануарлар қайда
тіршілік
етеді?
Кез
келген
жануардың – үй жануарының да,
жабайы жануардың да тұрағы
əртүрлі аталуы мүмкін екеніне
назар аударады.
Далада, орманда, өз бетімен
тіршілік
ететін,
қорегін
өзі
табатын жануарларды жабайы деп
Өздері білетін жануарларды атайды.
Олардың қайда өмір сүретінін анықтайды.
Əңгіме барысында үй жануарларының өз
бетімен табиғатта өмір сүруі қиын екенін
түсінеді, себебі олар өздеріне тұрақ жасап
ала алмайды, өзіне қоректі өз бетімен
тауып, жауларымен, табиғат
жағдайларымен күресе алмайды.
45
атайтынын
түсіндіреді.
Ал
адамның қасында өмір сүретін,
адам
қамқорлық
жасайтын
жануарлар үй жануарлары деп
аталады.
Өзекті сұрақ: Үй жануарлары мен
жабайы жануарлардың
ұқсастықтары мен
айырмашылықтары қандай?
Мыршай ит пен қасқырдың
айырмашылығын айтуды
ұсынады.
Педагог
балалардың
назарын
жабайы жануарларға аударады.
Үй жануарлары туралы əңгіме
ұйымдастырады.
Педагог балаларды дидактикалық
ойынға шақырады: «Егер ол ...,
онда бұл қай жануар?»: қасиет
немесе қызметті атайды.
Əліппе-дəптердегі
тапсырманы
орындауды
ұсынады: «Сиыр
адамға қандай пайда əкеледі?»
«Анасы мен баласы» ойынын
ойнауға шақырады.
Жабайы жануарлар адамның қасында тұра
алмайды, себебі олар адамнан қорқады,
етті көп жейді, жабайы жануарлардың
тіршілік ету талаптары (қыста ұйқыға кету,
түнде жорту т.б.) адам өмірімен сəйкес
келмейді.
Педагогтің ақпаратын тыңдайды, орман
мен даладағы аңдардың өмірі туралы
өздері білетін фактілерді қосады.
Қыста жабайы жануарлар қатты қиналады.
Себебі олар тоңады, қорек табуы да қиын.
Қояндар қыста аппақ киім киінеді, бұл
оларды
қасқыр
мен
түлкілерден,
аңшылардан қорғайды, аппақ қарда олар
байқалмайды, ал жазда қоянның терісі
бұта мен шөп арасында көрінбейді, себебі
сұр түске ауысады. Аю қыста апанында
ұйықтап жатады, жазда орманда аң аулап,
қорегін табады. Тиіндер ағаштардың
басында, бұтақтан-бұтаққа секіріп, шырша
жаңғақтарын жейді, жаз бойы жинаған,
кептірген қысқы азығын – жаңғақтарды,
жидектер мен саңырауқұлақтарды жейді.
Түлкі де аң аулайды, ол тышқан інін іздеп,
тапса, ары-бері жүгіріп, оларлы інінен
шошытып шығарады. Қасқыр да аш,
ашулы. Аңдардың бəрі індеріне тығылып
қалған, қасқыр үшін аң аулау қиынға
түседі.
Үй
жануарларын
атайды.
Үй
жануарларының адамға тигізетін пайдасы
туралы əңгімелейді.
Аталған қызметті атқаратын немесе
аталған қасиеті бар жануарларды көбірек
атауға тырысады.
П: Егер ол сүт берсе, ол қандай жануар?
Б: Сиыр, түйе, жылқы, ешкі...
Май, ірімшік, сүт, сүтсірне, балмұздақ т.б.
атайды.
Ешкі – лақ;
46
Барлық жануарлардың баласы
болатынын, үй жануарларының
баласын төл, анасын енесі деп
атайтынын түсіндіреді. Көптеген
жануарлардың балалары өте əлсіз
болып туады, алғашқы уақытта
олар енесінің қасында болады.
Əліппе-дəптерде
жануарды
баласымен сызық арқылы қосуды
ұсынады.
Сергіту сəті
Үлгілеу ойынына шақырады.
Өзекті сұрақ: Тышқан қандай
жануар? Үй жануары ма, жабайы
ма? Балаларға сұрақтар қойып,
олардың
ой-пайымдауларын
бағыттайды:
тышқан
қайда
тұрады? Ол адамнан қорқа ма?
Адамға пайда əкеле ме? Адам оған
күтім жасай ма?
Қоян – көжек;
Сиыр – бұзау;
Жылқы – құлын;
Ілбіс (барыс) – мəулен;
Қасқыр – бөлтірік;
Қоян – көжек.
Қорбаңдаған қонжық,
Орманда келеді.
Əнін айтып маймаңдап,
Бүршіктер тереді.
Саудыраған бүршіктер,
Маңдайға тиеді.
Ашуланған қонжық,
Жерді кеп тебеді.
Жануарларды (кеспеқағаздар) тұратын
орнына қарай орналастырады – орман,
дала, егістік, жайлау, тау, адамның үйі,
қора т.б.
Қорытынды
жасайды:
үй
тышқаны
(жануардың атауы) үй жануары емес, ол
адамың қасында, оның үйінде өмір сүруге
жақсы бейімделген жабайы жануар.
Рефлексивтік-
түзетушілік
Педагог қорытынды жасайды.
Рефлексия: «Күншуақ»
Менің көңіл күйім күнге, ала
бұлтты күнге, бұлтқа, жаңбырлы
бұлтқа,
найзағайлы
бұлтқа
ұқсайды.
Қорытынды бағалау жасауға қатысады. Өз
көңіл күйлерін білдіріп, əсерлерімен
бөліседі.
Күтілетін нəтиже:
айта алады: Қазақстандағы кейбір үй жəне жабайы жануарлардың атауларын;
түсінеді: үй жəне жабайы жануарлардың тіршілік етуіндегі айырмашылықтарды; үй
жануарларының əкелетін пайдасын;
қолданады: табиғатқа қамқор көзқарас дағдыларын.
№ 11 ҰОҚ
47
Білім салалары: Таным, Əлеумет
Бөлім: Жаратылыстану
Тақырып: Жануарлар қысқа қалай дайындалады?
Мақсат: орман жануарларының тіршілік ету қалпы туралы түсініктерін кеңейту; жабайы
жануарлардың қысқа дайындықтарымен танысу. Жабайы жануарларыдң кейбір түрінің табиғат
жағдайларында тіршілік етуі туралы білімдерін кеңейту. Қарапайым дербес тəжірибе іс-
əрекеттерін ұйымдастыру арқылы балалардың түсініктерін дамыту. Білімге құштарлық,
жануарларға махаббат сезімін тəрбиелеу
Алдын
ала
жүргізілетін
жұмыстар:
иллюстрацияларды,
фотоларды
қарастыру;
бейнетүсірілімдерді қарау; аудиожазба тыңдау, жұмбақтар шешу, қарапайым тəжірибе жұмысы,
бақылау, өлең жаттау.
Жабдықтар мен материалдар: тақырып бойынша иллюстрациялық материалдар, əліппе-дəптер,
бояу қарындаштар, наждак (егеу) қағаз, мақта, «Жабайы жануарлар» тақырыбына суреттер,
интерактивті құрал-жабдық.
Сөздік жұмыс: қыс, қыс құбылыстары, аяз, қар, түлеу, ұйықтау.
Билингвалды компонент: аңдар – звери
Жұмыс
кезеңдері
Педагогтің басқарушылық
қызметі
(Əдістер, тəсілдер)
Балалардың іс-əрекеті
Ынталандыру-
қызығушы-
лықтарын ояту
Педагог өлең оқып, оқу қызметіне
жағымды
көңіл
күй
қалыптастырады.
Бұрыннан
бар
білімді
еске
түсіреді.
Педагог балалардың назарын ауа
райына
аударады,
ауа
райы
күнтізбесіне белгілеуді ұсынады.
– Күз аяқталып, қыс келіп қалды.
Адамдар
қысқа
қалай
дайындалады?
– Ормандағы жануарлар да қысқа
дайындалады екен. Олардың не
істейтінін байқап көрейік.
Алда оқу қызметіне дайындайды.
Алақай!
Ж. Смақов
Жасыл емес жайнаған,
Ақ мамық қар айналаң.
Сырғанақта ойнайсың,
Қызыққа енді тоймайсың.
Алақай-ау, алақай,
Қыс келіп тұр, балақай!
Əліппе-дəптердегі ауа райы күнтізбесімен
жұмыс істейді.
Пікірлерімен бөліседі: біз жылы киімдер
сатып аламыз, түрлі салаттар, тосаптар
жасаймыз, үйлерімізді жылылаймыз.
Ізденістік-
ұйымдасты-
рушылық
Əліппе-дəптердегі
суретпен
жұмысты ұйымдастырады.
Орманда тіршілік ететін жануарларды
естеріне түсіріп атайды. Жұмбақтар
шешеді:
Мамықтай ұлпа,
Қанттай ақ.
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады.
(Қар)
Қыс бойына жатады,
48
Балаларды «Жануарлар қысқа
қалай
дайындалады?»
тақырыбында əңгімеге шақырады:
Күзден кейін қай жыл мезгілі
келеді? Қалай ойлайсыңдар, жан-
жануарлар қысқа дайындала ма?
Олар қалай дайындалады? Не
істейді? Тиін қыста не жейді? Тиін
қайда тұрады? Ол өзі жинаған
азығын қайда сақтайды? Тиін
тонын ауыстыра ма? Ол не үшін
тонын ауыстырады? Ормандағы
қай жануар тиін секілді тонын
ауыстырады? Қоян тонын не үшін
ауыстырады? Қоянның түсі қыста
қандай болады? Қоян неден
қорқады? Неден жасырынады?
Қоянның жылдам жүгіруіне не
көмектеседі? Қоян қыста немен
қоректенеді? Қоянның іні бар ма??
Қоянның басты жауы қай аң?
Түлкі қыста тоңа ма? Неліктен?
Түлкі қайда тұрады? Түлкі қыста
немен қоректенеді? Кірпі не үшін
дөңгеленіп, жинала қалады? Ал
кірпі қыста не істейді? Ол қыста
қайда
ұйықтайды?
Орман
тұрғындарының ішінде тағы қай
жануар қыста ұйқыға кетеді? Аю
қыста қайда ұйықтайды? Аю күз
бен қыста немен қоректенеді? Ал
қасқыр қысқа қалай дайындалады?
Қасқырға жылы жəне қалың жүн
не үшін керек? Қасқыр қыста
қайда ұйықтайды?
Өзекті сұрақ: Жабайы аңдар қысқа
дайындалмаса, не болар еді?
Сергіту сəті
Тəтті ұйқыға батады.
(Аю)
Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі)
Санай алмай шаршадым,
Найзасы бар қанша мың.
Батыр емес бірақта,
Қашып жүрер жырақта. (Кірпі)
Бұтақтарға секiрiп,
Əр жерден қылт етедi.
Кейде жаңғақ кемiрiп,
Жоғары өрлеп кетедi. (Тиiн)
Шырша саясы – күркесi,
Өзi орман еркесi.
Қарғып жүрер жан-жаққа,
Өте құмар жаңғаққа. (Тиiн)
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады. (Қоян)
Қорыққанда жел аяқ,
Отырғанда томардай-ақ. (Қоян)
Сұрғылт тартқан түсi бар.
Ақсиған көп тiсi бар.
Тыным таппай жүгiрiп,
Сiлекейi шұбырған,
Қыстау маңын ториды,
Ауылдың өш бар итi. (Қасқыр)
Əліппе-дəптердің немесе мультимедиялық
таныстырылымның суреттеріне сүйене
отырып, педагогтің сұрақтарына белсене
жауап береді.
Пікірлерімен бөліседі.
Достарыңызбен бөлісу: |