Т. М. Блисов Экологиялық картографиялау



бет11/35
Дата08.02.2022
өлшемі1,19 Mb.
#123420
түріНұсқаулар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35
Байланысты:
Блисов Экол картограф

Тапсырма. Топографиялық карта бойынша нүктенің географиялық координаттарын анықтау.
Берілген нүктенің географиялық координаттарын табу үшін картада тура сызықтармен осы нүктеге жақын ендік пен бойлықтың минуттық бөлулерінің қарама-қарсы орналасқан екі шетін қосады, сонда анықталатын нүкте қосымша сызылған меридиандар мен параллельдер құрған трапецияның ішінде қалады. Содан кейін координаттық кесінділердің мөлшерлерін – берілген нүктеден қосымша оңтүстік параллель мен қосымша батыс меридианға дейінгі қашықтықты, сонымен қатар минуттық рамка бойынша бойлық пен ендіктің бір минуттық кесіндісінің ұзындығын өлшейді.
Өлшенген шамалардың арақатынасы бойынша координаттық кесінділердің секундтық мөлшерлерін есептейді, содан кейін оларды жоғарыда көрсетілген оңтүстік паралеллель мен батыс меридианның ендігі мен бойлығына қосып берілген нүктенің координаттарын табады.
Мысалы, К нүктесіне жақын қосымша параллельдің ендігі: φ 0 = 54°44'20" (9 сурет), минуттық рамканың қабырғасындағы 10 секундтық кесіндісінің ұзындығы - 12,5 мм, К нүктесінен ендігі φ 0 параллельге дейінгі қашықтығы - 3 мм, олай болса бұл кесінді (Δφ) секундпен пропорция арқылы былай есептеледі:
12,5 мм------ 10//
3 мм-------- /Δ φ/ // немесе Δ φ = 10х 3 / 12,5~ 2//
К нүктесінің ендігі формула бойынша былай есептеледі:
φ = φ 0 + Δ φ= 54о44/20// + 2// = 54о44/22//.
К нүктесінің бойлығын есептеу үшін жақын орналасқан қосымша батыс меридианның бойлығын (λо= 18о05/50//), солтүстік немесе оңтүстіктегі минуттық рамкадағы 10 секундтық кесіндінің ұзындығын (7 мм) және К нүктесінен қосымша меридианға дейінгі қашықтықты (2 мм) анықтайды.
Содан кейін пропорция құрайды: 7мм---------------- 10//

2 мм----------------( Δλ)//


және кесіндінің мөлшерін секундпен есептейді: Δλ = 2 х 10/ 7= ~ 3//
К нүктесінің бойлығын мына формуламен анықтайды:
λ = λо+ Δλ =18о05/50// + 3// =18о05/53// .
Бақылау үшін нүктеге жақын орналасқан қосымша солтүстік параллельдің ендігін (φ0=54о44/30//), қосымша шығыс меридианның бойлығын (λо=18о06/00//), жоғарғыда келтірілгендей координаттық кесінділердің секундтық мөлшерлерін (Δ φ =8//, Δλ= 7//) есептеп және оларды параллель мен меридианның координаттарынан алып тастап К нүктесінің ендігі мен бойлығын табуға болады.
φ = φ - Δ φ= 54о44/30// - 8// = 54о44/22//.
λ = λо - Δλ =18о06/00// -7//= 18о05/53// .

9 Сурет – К және В нүктелерінің географиялық координаттарын анықтау





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет