Т. М. Блисов Экологиялық картографиялау



бет7/35
Дата08.02.2022
өлшемі1,19 Mb.
#123420
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35
Байланысты:
Блисов Экол картограф

Жұмысты орындау реті.
1 Өздеріңіздің вариантыңыз бойынша масштабтар тақырыбынан есеп шығарыныз.
2 Миллиметрлік қағазда көлдеңен масштабты сызыңыз.
3 Осы масштабтын негізінде тапсырма бойынша кесінділерді көрсетіп А4 форматына өрнектеңіз.

Тапсырма варианттары:




Вариант

Масштаб

D

d

1

1:2000

?

12,2 см

2

1:2000

?

1,5 см

3

1:10000

430 м

?

4

1:10000

152 м

?

5

1:10000

56 м

?

6

1:100000

?

4,88 см

7

1:10000

574 м

?

8

1:100000

?

3,4 см

9

1:10000

546 м

?

10

1:100000

7767 м

?

11

1:10000

?

7,81 см

12

1:10000

?

5,68 см

13

1:100000

7668 м

?

14

1:10000

?

2,6 см

15

1:1000

367 м

?

16

1:5000

?

3,4 см

17

1:5000

?



5,3 см



Масштабтар (тапсырманы өрнектеу тәртібі)






Бақылау сұрақтары:
1 Масштаб дегеніміз не?
2 Неше түрлі және қандай масштабтарды білесіз?
3 Көлденең масштабтың ең кіші бөлігінің ұзындығы қалай есептеледі?
4 Масштабтын сенімдік дәрежесі деп не аталады?
2 Шартты белгілер. План мен карталарды басқа географиялық мәліметтерінен ажыратын ерекшелік – шартты белгілердің қолданылуы. Шартты белгілер объектінің орнын, өлшемін, сапалық және сандық сипаттамаларын көрсетеді. План мен карталарда жер жүзіндегі объектілерді көрсету үшін қолданылатын белгілер – шартты белгілер деп аталады. Барлық шартты белгілер келесі топтарға бөлінеді:
- масштабты немесе контурлық - өте ірі денелерді көрсету үшін қолданылады. Масштабтық шартты белгілер арқылы объектінінің сыртқы шекарасын көрсетеді, ал белгігі ішінде түсті бояу немесе штрих сызықтар қолданылады. Ауыл шаруашылық алқаптары көбінесе осы белгелер арқылы көрсетіледі.
- масштабсыз шартты белгілер – картада масштаб арқылы көрсетілуі мүмкін болмаған, бірақ маңызды өте ұсақ денелерді көрсету үшін қолданылады. Масштабсыз шартты белгілер ретінде геометриялық фигуралар, сземалық суреттер, сандық символдар қолданылады. Мысалы: геодезиялық нүктелер, диірмендер, құдықтар және т.б.
- сызықты шартты белгілер – карта мен планның үстінде сызықтық, яғнм ұзын, созылған объектілерді көрсету үшін қолданылады. Олар: өзендер, жолдар, электр желілері, шекаралар. Бұл белгілер ұзынды бойынша масштабты сақтайды, ал ені бойынша масштабсыз болады.
- түсіндірмелі шартты белгілер – жазу, сан, стрелка, ағаш фигуралары және басқа түрінде көрсетіледі. Бұл белгілер арқылы елді мекендердегі үй саны, орман түрі, ағаш көлемдері, көпірдің ұзындығы және т.б. көрсетіледі.
Ауыл шаруашылық мамандары көбінесе масштабты шартты белгілермен жұмыс істейді.
Шартты белгілерді құру үшін біртоп графикалық құралдар жүйесі қолданылады. Бұл жүйеге белгілердің пішіні, түсі, өлшемі, орналасуы, ішкі құрылымы жатады. Бұл графикалық құралдарды белгілі жүйеде қолданып отырып шексіз шартты белгілер санын құрастыру мүмкін болады. Қазіргі уақытта топографиялық, геологиялық және синоптикалық карталарда стандарттық шартты белгілер қолданылады. Кейбір тақырыптық карталар үшін осы уақытқа дейін шартты белгілер жүйесі әзірленбеген.
Сонымен қатар картографиялық әдістер арқылы сурет құрастыру құралдары да қолданылады. Олар:
- белгілер – белгілі пункте орналасқан объектіні көрсету үшін қолданылады. Белгілер – геометриялық, сандық және көрнекті суреттер түрінде көрсетіледі. Объектінің сандық және сапалық қасиеттерін көрсету үшін түс, пішін қолданылады;
- сызықтық белгілер – белгілі сызық бойында орналасқан объектіні көрсету үшін қолданылады;
- сапалық фон (ая) – территорияның белгілі бір қасиеті арқылы аудандастыруын көрсетеді. Мысалы: топырақ жамылғысы, экономикалық аймақтар. Графикалық құралдар ретінде түс, штрих сызықтары қолданылады;
- изолиниялар – белгілі көрсеткіштің алаң бойынша біркелкі жайласуын көрсету үшін қолданылады. Мысалы: жер бедері, температура, жауын-шашын мөлшері;
- ареал әдісі – картанын бетінде біртекті құбылыстардың жайылу шекарасын көрсету үшін қолданылады (пайдалы қазбалар, жануарлар мен ауыл шаруашылығы дақылдары);
- нүктелі әдіс – үлкен алаңда біртекті түрде кездеспейтін объектілерді көрсету үшін қолданылады. Мысалы: 1 нүкте – 100 га алаң, 1 нүкте – 2000 мал басы т.с.с.;
- әрекеттік белгілер – құбылыстардың әрекеттік бағытын көрсету үшін қолданылады. Мысалы: жел бағыты, ағын бағыты, құстардың көшу жолдары;
- картодиаграмма – нақтық статистикалық көрсеткіштерді көрсету үшін қолданылады;
- картограмма – салыстырмалы статистикалық көрсеткіштерді көрсету үшін қолданылады.

Тапсырма
Жер алқаптарын және басқа да табиғи жағдайлар элементтерін, былайша айтқанда жергілікті жерлердің барлық ситуацияларын бейнелейтін шартты белгілерді А4 форматты қағаз үстіне сызып алып тапсырма ретінді орындаңыз және карталар мен жоспарларда оқи біліңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет