Т. М. Блисов Экологиялық картографиялау



бет9/35
Дата08.02.2022
өлшемі1,19 Mb.
#123420
түріНұсқаулар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35
Байланысты:
Блисов Экол картограф

Тапсырмаға түсініктеме
Геодезия ғылымында жиі кездесетін қажетті бағыттарды анықтауда қолданылатын атаулардың бірі – бағдарлау. Былайша айтқанда көкжиек тұстарын (солтүсті, оңтүстік, шығыс, батыс) анықтау керек. Үйткені суретке түсіру кезінде түсірілетін учаскесі сызықтарының өзара байланысы анықталады, ал учаскені бағдарлауда оның тұстарының бірі бағдарласа болғаны.
Сызықтарды бағдарлау дегеніміз олардың бағытын басқа бастапқы (алғашқы) деп алынған бағытқа қарасты анықтау. Геодезияда сызықтарды бағдарлауда негізгі бағыт немесе тарап ретінде географиялық (нақты), магниттік немесе осьтік меридиандар қаралады.
Географиялық меридиан жер бетінің белгіленген нүкте мен Жердің айналу осі арқылы өтетін жазықтықтың қиылысуымен анықталады немесе жердің екі полюсін ойша басып өтетін белдеу, талтүстік сызық. Магниттік меридиан – географиялық меридианға сай келмейтін, одан шығысқа немесе батысқа қарай бұрылып тұратын магнит тілінің бағытын қуалай жүргізілген сызық.
Магниттік меридиан географиялық меридианға тең болмайды. Магниттік меридиан мен географиялық меридиан бағытының арасындағы бұрыш магниттік бұрылу (δ-кіші дельта) деп аталады. Магнит тілі географиялық меридианнан шығысқа қарай бұрылса – шығыс (+, оң), ал батысқа бұрылса – батыс (-, теріс) магниттік бұрылу болады. Бұрылу ғасырлық, жылдық, тәуліктік болып бөлінеді.
Жергілікті жерде сызықтардың немесе кесінділердің бағытын негізгі меридиандарға қарай есептеледі, бұл мақсатта азимуттар, румбтар және дирекциялық деген бұрыштар қолданылады.
Осы аталған бұрыштық өлшем бірліктеріне жеке-жеке тоқтала отырып, қысқаша анықтамалар берелік.
Азимут (А) - жергілікті жерде немесе картада сағат жүрісі бойынша меридианның солтүстік бағыты мен таңдаған нүктеден бағдарланған сызықтың бағыты арасында түзілетін бұрыш (1 сурет). Азимуттың дәрежесі 0-360–қа дейін өзгереді, егер негізгі меридиан қолданылса - географиялық азимут деп аталады – Аг , ал егер негізі меридиан болып магниттік қолданылса – азимут магниттік – А м деп аталады. Екі азимуттың арасындағы байланысты мына формула көрсетеді: А= А м + δ.
Тура азимут – А пр , теріс азимут – А обр түрлері болады (5 сурет), олардың арасындағы байланысты мына формула арқылы анықтауға болады: А обр = А пр ± 180 0 .
Румб (r) – жергілікті жерде немесе картада меридианның (солтүстік немесе оңтүстік) ең жақын тарапынан таңдаған нүктенің бағыты арасындағы түзелетін бұрыш. Румб бұрышы географиялық меридианнан өлшенсе ол географиялық немесе астрономикалық, ал магниттік меридианнан магниттік румб деп аталады (6 сурет). Румбтардың дәрежесі 0– 90арасында өзгереді. Румб атаулары бағытқа сәйкес аталады (СШ, ОШ, ОБ, СБ).
5
сурет – Тура және теріс 6 сурет – Тура және теріс
азимут румб

Мысалы румбтар былай жазылады: r = СШ: 48030I. Румбтардың тура және теріс түрлері болады, олардың градустары тең, бірақ төрттіктері немесе бағыттары тең болмайды (7 сурет).



7 сурет – Румбтар және сызықтар бағыты 8 сурет – Дирекциялық бұрыш
Мысалы: r= r= 73015I , ал r1= СШ: 73015I ; r2=ОБ: 73015I .
Румбтар мен азимуттар арасында байланыс бар. Бір румбтың дәрежесі қолымызда болса азимутты санап алу өте қиын жұмыс болмайды.
Төрттік Румбтың атауы Азимут арқылы Румб арқылы
румбты есептеу азимутты есептеу
1 СШ r = А А = r
2 ОШ r = 180 0 - А А = 180 0 - r
3 ОБ r = А – 180 0 А = 180 0 + r
4 СБ r = 360 0 - А А = 360 0 – r
Азимуттар мен румбтарды өлшеу үшін буссоль және түсбағдар (компас) деген аспаптар қолданылады.
Магниттік және географиялық меридиандар бір-біріне параллельді болмайды. Бұл себептен бір кесіндінің түрлі нүктелерінде азимут өлшемдері бір-біріне тең болмайды. Оңайлық үшін азимутты – дирекциялық бұрыш арқылы көрсетуге болады. Әр аймақтар (жер шары бойлық бойынша меридиандар арқылы – 3 0 немесе 6 аймақтарға бөлінген), былайша айтқанда 2 меридиан өтеді, ал аймақтың дәл ортасынан орталық - осьтік меридиан өтеді. Осы орталық меридианнан есептелетін бұрыш - дирекциялық бұрыш деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет