ҮШБҰрыш сызықтарының теориялық негіздері



бет1/6
Дата06.02.2022
өлшемі424,5 Kb.
#79700
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ҮШБҰРЫШ СЫЗЫҚТАР МАН



ҮШБҰРЫШ СЫЗЫҚТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ.......................................................................................................................3

1 ҮШБҰРЫШ СЫЗЫҚТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.............................7
1.1 Үшбұрыштың тамаша нүктелері..........................................................................7
1.2 Үшбұрыш сызықтарының қасиеттері.......................................................... .....16


ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………….......27


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................... 28


КІРІСПЕ


Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қаңтар айының 28 күнгі 2011 жылға халыққа Жолдауында айтылғандай: «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Бүгінде мектептерді компьютерлендіру толықтай аяқталды.Орта білім берудің 12 жылдық моделі енгізілуде. «Өмір бойы білім алу әрбір қа­зақ­стандықтың жеке кредосына айналуы тиіс. Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңарт­пақ ниеттеміз. Бүгінде дамыған елдерде 1 миллион тұрғынға 1-ден 6 жоғары оқу ор­нына дейін келеді. Сапалы білім беру Қазақстанның ин­дустрияландырылуының және ин­но­ва­циялық дамуының негізіне айналуы тиіс»[1].
Бүгінде білім мен ғылымы дамыған елдер барлық жағынан алда болатынына көз жеткізудеміз. Қазіргі уақыттағы білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат - еліміздегі білім беруді және білім сапасын халықаралық деңгейге көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, елімізді әлемдік білім кеңестігіне кіріктіру болмақ.
Егеменді еліміздің халық шаруашылығын дамытудағы, оның материалдық-техникалық базасын нығайтудың өзекті проблемаларын шешудегі, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудағы, еңбекшілердің материалдық және мәдени деңгейін көтеруде математика ғылымының маңызы зор. Себебі, ғылымдар жүйесінде математика айрықша орын алады.
Республиканың білім беру саласындағы қазіргі заманғы үрдістері мен оның түрлі денгейлерінің алдында тұрған міндеттер білім берудің жалпы жүйесіндегі оның ролін, функциялары мен орнын, ой елегінен өткізудің, оны одан әрі дамытуда жаңа көзқарасты тұжырымдауды тудырады. Сондықтан да қоғам мен мемлекеттің болашақтағы дамуының мүмкін жолдарын ескеретін егжей-тегжейлі жасалған стратегия болғанда ғана мүмкін болады.
Қазіргі заман математика ғылымының өте кең жан-жақты тараған кезеңі. Тіпті ғылымның математиканы қолданбайтын саласы жоқ деп толығынан айтуға болады. Техникада, медицинада, физикада, биологияда және т.б ғылым салаларында математика өте қажет.
Осы орайда мектептік математика курсында геометрия пәнін оқып-үйренуде оның практикалық қолданымдарын атап өтуге болады. Геометриялық даму ұғымы кез келген ұғым сияқты күрделі ұғым. Әдістемелік әдебиеттерде геометриялық білімдерді қалыптастыру процесін ашып көрсетуге болады. Геометриялық ойлау, алдымен оның фигуралары туралы белгілі бір пайымдаулар, пікірлерге жүргізетін жұмыстарға байланысты ойлау қызыметінің танымдық нәтежелерін көрсетеді.
Жалпы білім беретін орта мектептің математика бағдарламасында: «Оқушылардың математикаға ынтасын арттыру мұғалімнің негізгі мақсаты болып табылады» деп атап көрсетілген [2].
Расында, мұғалімнің өзінің беретін пәніне оқушылардың ынта-ықыласын оята білуінен сабақ табысты ғана болып қоймайды, соның нәтижесінде оқушылар пәнді берік игеретін және алған білімдерін іс жүзінде пайдаланатын болады.
Қазіргі кездегі қоғамның даму сатысы ғылыми-техникалық прогресс дәуірі деп сипатталады. Бұл дәуірде өндіргіш күштерді дамытуда сапалы өзгерістер болып, ғылыми өндірістің жетекші күшіне айналады, ғылыми прогрестің ішкі күштері ұлғайып, ғылыми жаңалықтардың өндірісте қолданылуы жеделтіледі. Мұндай күрделі және қарқынды прогрестерде күннен-күнге маңыздылығы артып отырған математика ғылымы жетекші орын алады.
Математика ғылым мен техниканың тілі, таным әдісі. Оның көмегімен өмірде болып жатқан көптеген құбылыстар мен процестердің математикалық моделдері жасалынып зерттеледі, алдын-ала болжаулар айтылады. Ғылыми-техникалық прогрестің негізін құрайтын компьютерлендіру процесі- электронды есептеуіш машиналардың пайда болып, оның одан әрі дамыуына байланысты адамдар қызметінің көптеген саласының өндірістің автоматтандырылуы математикасыз жүзеге асырылмайды .
Осыған орай ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде жас ұрпаққа математиканың негізін меңгерту – білім беру мен тәрбиелеудің бірден-бір негізгі мәселесі болып табылады. Демек, математиканы оқып үйрену адамның ақыл-ойының дамуына да үлкен әсер етеді. Оқушы математиканы оқып білу барысында ғылыми-таным әдістерін игеру негізінде логикалық ой қорытуға, өзінің ойын дәлелдеп жеткізуге және берілген ереже бойынша әрекет етуге, өз жұмысын жоспарлауға, оны орындаудың тиімді жолдарын іздестіруге үйренеді, математикалық ой қорытулардың әсемдігі мен сұлулығын байқайды және түрлі геометриялық формалар мен симметрия идеяларын қабылдауға үйренеді [3].
Орта мектеп бағдарламасында негізделіп құрастырылған геометрия есептері алгебра есептеріне қарағанда әлдеқайда қиын да күрделі болады. Өйткені геометрияның есебін шешуге әртүрлі әдістерді қолданып, ерекше ойлау қажет болады. Геометрия есептері - әртүрлі формадағы белсенді ой түрткісі болумен бірге ақыл-ой тапқырлығының негізгі қайнар көзі болып табылады.
Кез-келген геометриялық есепті шешу барысында оған сәйкес геометриялық фигуралардың әр түрлі қасиеттері анықталады. Бұл қасиеттер осы есептің шешімін табуға қажетті де жеткілікті болуы керек. Жалпы алғанда геометрия есептерін шешу кезінде осы шешуді баяндауға қолданылмайтын, оқушылар әркез байқай бермейтін бөгде қасиеттерде кездеседі.
Есептерді шешкенде, қалыптасқан дәстүр бойынша көбінесе оқушы назары оның сұрағына назар жауап беруге бағытталады. Шынында да, геометрия есептерін мұқият шешу шарттар мен нәтиже арасында байланыстарды талдауға және зерттеуге әкелетіндігі белгілі. Есеп шартында көрсетілген геометриялық фигураның қасиеттерін әртүрлі көзқарас тұрғысында іздесек, барлық жағдайларды зертеу жұмысы болар еді.
Осы тұрғыдан қарағанда есептің берілуі мен нәтижесін байланыстыратын қосымша фигураларды мұқият талдап,оларды басқа қырынан көрінетін жаңа қасиеттерді анықтап, олардан дұрыс қорытынды шығара білудің теориялық-практикалық мәні бар. Әрбір геометрия есебіне ескеріле бермейтін қасиеттер кейде шартындағы параметрлерге де тәуелді болады. Бұл байланыстарды теңсіздіктер көмегімен көбінесе сан арқылы салыстырамыз. Шешілген есептер негізінде анықталған фигуралардың қасиеттерін есептердің жаңа шешулерін іздеуге басқа есептер құрастыруға әр түрлі жалпы қортындылар жасауға кеңінен пайдалануға болады [4].
Әрбір оқушы мектепке білім алуды мақсат етіп келетіні аян. Бірақ қазіргі нарықтық қатынас жағдайында оқушылардың білім алуға деген ынтасының төмендеп кеткені бізді қатты алаңдатады. Оқушылар ынтасы, қызығушылығы, ұмтылысы неге нашар деген сауал әрбір ұстаздың көкейінде тұрары сөзсіз. Кім кінәлі? Ұстаз сабағын қызықты өткізе алмай ма? Әлде оқушы ынта қойып оқымай ма? Бұл күрмеуі күрделі мәселе бұрыннан келе жатқаны бізге мәлім. Оқушылар ынтасының төмендеу себебі де әртүрлі. ынтаны жетілдіретін, дамытатын күш – оқуға деген құштарлық, мақсат қоя білушілік.
Сондықтан өтіп жатқан тақырып бойынша, оны жете түсіндіруге бағытталған оқушылардың пәнге деген ынтасын арттыратын қызықты, шығармашылық, практикалық тапсырмалардың маңызы зор.
Қазіргі кезде архитектура саласында қазақ жастары сирек кездеседі. Мұның басты себебі мектепте дұрыс геометриялық білім алмаушылық. Геометрия сабағын дұрыс ұйымдастыру қазіргі ғылым мен техниканың жедел даму ғасырында қоғамға өте қажетті жастардың табылуына көмектеседі.
Біздің зерттеу жұмысымызда қарастырылған «Үшбұрыш сызықтарына байланысты кейбір теңсіздіктерді дәлелдеу тәсілдері» тақырыбын оқыту әдістемесі өзекті мәселенің бірі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет