Т. М. Блисов Экологиялық картографиялау



бет10/35
Дата08.02.2022
өлшемі1,19 Mb.
#123420
түріНұсқаулар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
Байланысты:
Блисов Экол картограф

Дирекциялық бұрыш – сағат тілі бойынша солтүстік бағыттағы орталық – осьтік меридиан немесе оған параллель сызықтан нақтыланған сызық арасындағы горизонтальды бұрышты айтады, α, (альфа) әрпімен белгіленеді (8 суретті қара - ОВ сызығының дирекциялық бұрышы - α).
Дирекциялық бұрыштың сандық мөлшері О0–тан 3600-қа дейін өзгереді.
Дирекциялық бұрыш пен азимут айырымын меридиандардың жақындауы (сближение меридианов) - γ (гамма) деп атайды және мына формуламен сипатталады: γ = А – α; α= А – γ
Меридиандардың жақындау мөлшері орталық меридианда 0 тең, батысқа қарай – теріс, шығысқа – оң.
ОВ сызығының дирекциялық бұрышы оның қай нүктесінде болсын тұрақты.
ОВ сызығының тура (пр.) және теріс (обр.) дирекциялық бұрыштарының айырмашылығы 180° және мына формуламен есептеледі: αобр = αпр ± 1800
А бұрышын (4 суретті қара) мына формуламен белгілеуге болады:
А =α + γ, егер γ, нольге тең болса, ОВ сызығының азимуты мен дирекциялық бұрышы бірімен-бірі тең болады.
Олай болса, бағдарланған сызықтың дирекциялық бұрышын табу үшін сол сызықтың нақтылы азимуты мен меридиандардың жақындау мөлшерін білу керек.
Жердің беттік жазықтығында кез келген нүктенің орны оның географиялық координаттары арқылы белгіленеді. Географиялық координаталар деп алғашқы меридиан жазықтығымен белгіленген нүктенің меридианының жазықтығы арасындағы бұрыш - нүктенің бойлығы, ал экватор жазықтығымен белгіленген нүктенің жер полюсіне қатысты тік кесіндісі арасындағы бұрыш – нүктенің ендігі деп аталады.
Географиялық бойлық гректің λ (лямбда) әрпімен белгіленеді де алғашқы (бастапқы) меридианнан өлшенеді. Бастапқы меридианнан батысқа қарай қашықтық – батыс бойлық, шығысқа қарайғы қашықтық – шығыс бойлық деп аталады. Географиялық бойлықтың өлшем бірлігі 0 0 және 180 0 аралығында өзгеріп отырады. пен бойлық - деп аталады.
Географиялық ендік гректің φ (фи) әрпімен белгіленеді де экватордан, 0 тең, солтүстік немесе оңтүстік полюске 90 дейін өлшенеді, осыған сәйкесті ендік солтүстік немесе оңтүстік деп аталады.
Картаның әр парағы меридиан және параллель сызықтарымен шектелген. Бұл сызықтар парақтың рамкасын құрайды, пішіні трапеция сияқты. Рамканың бұрыштарында параллельдердің ендігі мен меридиандардың бойлығы белгіленген.
Меридиан мен параллель сызықтары жанында периметр бойынша минуттік рамка көрсетілген және 1 минуттік интервалдарға бөлінген. Минуттік кесінділер нүктелер арқылы 10 секундтық кесінділерге бөлінген.
Осы рамка арқылы нүктенің географиялық координаттарын анықтауға болады.
Карта парағының ішкі рамкасының әр бұрышында оның ендігі мен бойлығы жазылған.
Ендігі сыртқы және ішкі рамкалар арасындағы параллельдердің жалғасы, ал бойлығы меридиандардың жалғасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет