Т. М. Блисов Экологиялық картографиялау



бет13/35
Дата08.02.2022
өлшемі1,19 Mb.
#123420
түріНұсқаулар
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Байланысты:
Блисов Экол картограф
Шартты белгілер, Экол картографиялау кітап
Тапсырмаға түсініктеме
Далада өлшенген румбтар және кесінді ұхзындықтары арқылы жер алаңының жоспары немесе планы сызылады (1 кесте).
1 Кесте. Румб арқылы план сызу шарттары

Кесінді №


Румбтар

Кесінді ұзындығы, м

1-2

СБ : 53°45'

98,60

2-3

СШ : 29°00'


82,10

3-4

ОШ : 83°00'


80,81

4-5

ОШ : 9°45'


60,25

5-1

ОБ: 39°15'


79,24



Бұл жұмыс 2 бөлімнен тұрады: 1) планды сызу; 2) планды түзелту (аналитикалық немесе графикалық әдіс арқылы).
А 4 форматты чертеждік қағаздың ортасында меридиан сызылады, солтүстігі жоғарыға қараған. Бірінші нүкте өз еркінмен алынады, тек негізгі шарты план осы қағаз үстінде сыйуы қажет. 1-2 кесіндіні сызу үшін ең алдымен 1 суретте көрсетілгендей іс-амал жасай отырылып румб өлшенеді.
Ол үшін меридиан сызығына транспортир қойылады, оның ортасы (сызығы) және бірінші сызық румбысының градусы транспортир доғасында қыйыстырылуы немесе сәйкес келуі керек, біздің жағдайда СБ: 53°45'. Егер өлшеу меридианның солтүстік бағытынан болса (СБ, СШ) транспортирдің доғасын өзімізден, ал оңтүстік бағытынан болса (ОБ, ОШ) доғасы өзімізге қарай салынуы керек. Содан кейін транспортирдің табанына үшбұрыштың гипотенуза немесе катет жағын жанастырады немесе орналастырады, ал үшбұрыштың басқа жағына сызғышты; содан кейін транспортирді алып тастаймыз да сызғыш бойымен үшбұрышты бірінші нүктеге дейін жылжытылады және одан үшбұрыштың транспортир табанында жатқан жағынан жіңішке пунктирлі немесе тұтас сызық жүргізіледі (10 сурет).


10 сурет. Румбтарды құру схемасы
Өлшенген румб арқылы сызылған кесінді үстінде белгіленген масштабта ұзындық салынады, соңы инемен шаншылады да 2 нүкте деп аталады. Мысалы, М1:2000-та тапсырма бойынша 1-2 кесіндісінің румбы СБ: 53°45' , ал кесіндінің ұзындығы 98,60 м.
2-3 кесіндіні құру үшін тағы да меридиан сызығына транспортирді салады және шарты: транспортирдің ортасы және екінші сызық румбысының градусы СШ: 29°00' меридиан сызығында болуы керек, ал транспортирді салу жағдайы румбтың бағытына байланысты болады және ол туралы жоғарыда айтылған болатын.
3-4, 4-5, 5-1 кесінділері де осылай сызылады. Жұмыстың соңында ортаға шығатын полигонның соңғы нүктесі алғышқы нүктенің үстіне келуі немесе түйлісуі керек. Бірақ практикада соңғы нүкте алғашқы нүктемен түйіліспейді, себебі далада румб өлшегендегі қаталер, план сызуда жіберілген қаталер – ортаға планның қатасын-невязка шығарады (11 сурет).
Нақ ката (абсолюттік қата) 1 және 11 арасындағы ұзындық өлшемін (өлшегішпен) масштабпен м-ге аударылып есептеледі.
Салыстырмалы қате – нақ қатаны алаңның периметріне бөлгенде есептеу мүмкін: m = f / p , мұнда m - салыстырмалы қата, f – нақ қата, p – алаң периметрі.
Салыстырмалы қатаның шекті мөлшері 1/200 болуы керек, яғни 200 м периметрге 1 м қата. Егер салыстырмалы қата шекті мөлшерден үлкен болып шықпаса оны аналитикалық немесе графикалық әдіс арқылы алаңның қабырғаларына бөлеміз – бұл жұмыс планды түзелту деп аталады.



11 Сурет. Планды сызу және нақ (абсолютті ) қата


Аналитикалық әдіс арқылы планды түзелту. Біздің планымызда нақө қата – 2м болып шықты. Алаң периметрі – 401,00 м. Салымтырмалы қата m =
= 2/401 =1/200. Салыстырмалы қата 1/200 тең немесе кем болуы керек, олай болса біздің салыстырмалы қате мүмкінді қата немесе планды түзелтуге болады.
2 Кесте. Қатаны түзелту

Нүктелер№


Кесінді ұзындығы, м


Кесінді ұзындығына түзелту, м


Нүктенің орнына түзелту, м


1





0

2

98,60

0,5

0,5

3

82,10

0,4

0,9

4

80,81

0,4

1,3

5

60,25

0,3

1,6

1

79,24

0,4

2,0

Р = 401,00 м

2,0



Біздің планда қата – 2м болып шықты. Алаң периметрі (401 м) =40 ондық, 1 ондыққа келетін қата мөлшері 2м:40=0,05м.


1-2 кесіндінің ұзындығы 98,60 м оташа 10 ондық – кесінді ұзындығына түзелту 0,05 х 10 =0,5м. 2-3 кесіндінің ұзындығы 8 ондық – түзелту 8 х0,05=0,4м, бүкіл кесінділер үшін осылай түзелту істеледі – қатаның мөлшері 2 м болып шығу керек. Жұмыстың соңында нүктенің орнына түзелту істеледі. 1 нүктедегі қата 0 болып қабыл етіледі, 0,5 түзелту – 2 нүктеге кетеді. 3 нүктедегі түзелту 2 нүктедегі + 2-3 ұзындықтағы түзелту 0,5+0,4=0,9 м. 4 нүктедегі түзелту 0,5+0,4+0,4=1,3 м, ең соңғы нүктеде – түзелту 2м.
Әр нүктедегі түзелту мөлшері есептелгеннен кейін әр нүкте өз орнынан жылжытылады. Жылжыту тарапын 1 нүктесін 1 нүктесімен қосу арқылы белгілейміз. Әр нүктесі жаңа орынға жылжытылғаннан кейін жаңа нүктелер бір бірімен қосылады (12 сурет).


12 Сурет. Планды түзелту




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет