Т. М. Блисов Экологиялық картографиялау



бет15/35
Дата08.02.2022
өлшемі1,19 Mb.
#123420
түріНұсқаулар
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35
Байланысты:
Блисов Экол картограф

Бақылау сұрақтары:
1 Румб арқылы план қалай сызылады?
2 Нақ қата, салыстырмалы қата қалай есептеледі?
3 Салыстырмалы қатаның шекті мөлшері қанша?
4 Түзелту әдістері туралы не білесіз?
Әдебиет:
5, с. 9-17; 6, с. 70-88; 7, с. 33-41.

5 Зертханалық жұмыс


Тақырыбы: Графикалық әдіс арқылы жер алаңын есептеу
Мақсаты: фигуралар мен контурлар алаңын графикалық әдіспен есептеу

Құралдар: қарындаш, мастабты сызғыш, А4 форматты чертеждік қағаз, циркуль-өлшегіш, транспортир, үшбұрыш
Тапсырмаға түсініктеме
Жоспар бойынша учаскенің алаңын есептеу үшін оны - көп бұрышты полигонды қарапайым геометриялық фигураларға бөлу керек: үшбұрыштар, трапециялар және т.б.
Содан кейін жоспарда алаңды есептеуге қажетті фигура элементтерін анықтау (мысалы үшбұрышта – табаны мен биіктігі, ал трапецияда – екі параллельді табандары мен биіктігі) және сәйкесті формулалар арқылы олардың алаңын есептеу керек. Ол үшін фигуралардың табандары мен биіктіктері циркуль-өлшегіш арқылы өлшенеді, масштабқа байланысты метрге аударылады. Математикалық формуланы қолданыла отырып фигуралардың аудандары есептеледі.
Мысалы, біздің жағдайда алаңымыз үшбұрыштарға бөлінген (14 сурет), ең алдымен әр үшбұрыштың ауданын табамыз, ал жалпы ауданды барлық үшбұрыштар аудандарының қосындысы құрайды.
Есептердің нәтижесі 1-кестедегідей жазылып отырады.
1-ші үшбұрыш 1-2-5, 2-5-табаны, ұзындығы масштаб арқылы аударсақ -128,6 м. Бұл табанға түсірілген биіктік- масштаб арқылы -59,0 м болып есептелген. Үшбұрыш ауданы формула бойынша былай есептеледі: (128,6 х 59,0): 2= 3793,7 м2.

14 сурет. Алаңды графикалық әдіспен есептеу үшін полигонды үшбұрыштарға бөлу

1-ші үшбұрыштың ауданы 3793,7 м2. Бұл нәтижені тексеру үшін 1-ші үшбұрыштың ішінде басқа табан- 1-5 және басқа биіктік арқылы тағыда аудан есептеледі. 1-5 – ұзындығы 77,1 м, ал биіктігі – 98,2 м, жаңадан аудан есептеледі, ол – 37856,6 м2 болып шықты. Фигураның ауданы болып екі ауданның орташа мөлшері – 3789,6 саналады. 2-ші, 3-ші үшбұрыштардың аудандары да осылай есептеледі.


3 Кесте. Алаңды есептеу нәтижелері

Үшбұрыштың



Табаны, м


Биіктігі, м


Ауданы, м2


Орташа ауданы, м2


1

128,6
77,1

59,00
98,2


3793,7
3785,6


3789,6

2

113,0
128,6


80,1
71,0


4525,65
4563,3


4545,5

3

113,0
80,2


41,4
57,8


2339,1
2317,8


2328,4

Барлығы: 10663,5
Үшбұрыштың есептелген аудандарының арасындағы айырмашылық олардың орташа мөлшерінен 1/100 немесе 0,01-ден аспауы керек.
Соңынан учаскенің ауданы барлық орташа аудандардың немесе алаңдар мөлшерлерін қосу арқылы табылады.


Тапсырма.
Румб арқылы сызылған планды қарапайым фигураларға бөліп, әр фигураның ауданын 2 рет есептеңіз. Егер араларындағы айырмашылық орташа ауданның 1/100 артпаса жалпы полигонның ауданын есептеңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет