Бақылау сұрақтары: 1 Жер алаңын есептеудің қандай түрлерін білесіңдер?
2 Графиктік әдіспен ауданды анықтаудың мәні неде?
3 Планиметр не үшін керек және оның құрылысы қандай?
4 Планиметр бөлігінің бағасын қалай анықтауға болады және ол нені көрсетеді?
5 Планиметр бөлігінде немесе өлшемінде анықталған фигура алаңын гектарға қалай аударуға болады?
Әдебиет: 1, с. 180-185; 2, с. 27-33; 3, с. 165-169; 4, 123-128 б;. 5, с. 17-24.
№7 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы:Карталар мен пландарда горизонтальдар арқылы есептер шығару Мақсаты: ауыл шаруашылығында жер пайдалануда жер бедерінің рөлі өте маңызды, сондықтын ауыл шаруашылығы мамандары карта мен пландарда есеп шығара білу және жер бедерін оқи білу керек.
Құралдар:топографиялық карта, жай қарындаш, масштабты сызғыш, транспортир, циркуль-өлшегіш, шартты белгілер
Тапсырмаға түсініктеме Карталар мен пландарда жер бедері горизонталдармен бейнеленеді. Жергілікті жердің планында және топографиялык картада жер бетінің ой-қыры горизонталь сызықтармен бейнеленеді (грекше горизон - шектеуші). Горизонтальдар деп биіктіктері (мұхит деңгейінен) бірдей нүктелерді косатын кисық сызықтарды айтады (16, 17 суреттер).
16 Сурет. Төбенің биіктігін өлшеу
17 Сурет. Горизонтальдармен төбені бейнелеу
Горизонтальдарды жер бетін белгілі бір биіктік сайын басып жатқан су денгейі сызығымен салыстыруға болады.
17-суретте көтеріліп келе жаткан судың төбені бірте-бірте қалай басатыны бейнеленген. 1 -жағдайда су төбенің етегін жайлап алған. 2-3-4- жағдайларда әрбір 1 м сайын көтерілген су төбенің кандай жерін альш жатқандығын көреміз.
Горизонтальдар топографиялық картада белгілі бір биіктік сайын жүргізіледі (1м, 2,5м, 5м, 10м, 25м, 50м, 100,0м). Бұл мөлшер картаның масштабына және жер бедерінің ыңғайына карай белгіленеді. Мәселен, 1:10 000 масштабтағы топографиялык картада горизонтальдар тегіс жазықта 2,5 м сайын, ал кыратты жерде 5,0 м сайын жүргізіледі.
Жер бедері қимасының биіктігі (h) деп биіктігі бойынша көршілес горизонтальдардың ара қашықтығын айтады.
Салынымы-заложение (d) деп көршілес горизонтальдардың пландағы метрмен өлшенген ара қашықтығын айтады.
Жер бедерінің сипатын аныктауды оңайлату үшін картада кейбір горизонтальдардың және нүктелердің биіктігі жазылып койылады. Цифрдың жоғарғы жағы әрқашанда өрге, аяғы ылдига қарап тұрады. Сонымен бірге ылдидың бағытын горизонтальдарға кесе-көлденең койылған сызыкша - бергштрих (немісше берг - тау, штрих - сызык) көрсетеді (18 сурет).
18 Сурет. Цифрдың басы биік жақты көрсетеді, бергштрих ылдиға бағытталады.
Санауды оңайлату үшін әр бесінші немесе оныншы горизонталь жуандалады немесе қалыңдалады. Кей кезде қабылданған қима биіктігіне сәйкесті қосымша жарты немесе төрттік горизонтальдар жүргізіледі. Оларды жарты немесе төрттік горизонтальдар деп атайды. Біріншілер ұзын, ал төрттік қысқа және жіңішке пунктирлермен бейнеленеді.
Горизонтальдардың қасиеттері:
1. Горизонтальдар тұйықталған қисық сызықтар.
2. Бір горизонтальда орналасқан барлық нүктелердің биіктіктері бірдей болады.
3. Горизонтальдар арасындағы ең қысқа қашықтығы оның ең тікті құламалығын білдіреді.
Жер бетінің кейбір горизонтальдармен түсіруге келмейтін бедері (жарқабак, жыра, т.с.с.) қосымша шартты белгілер қолдану арқылы бейнеленеді.
Карталарда горизонтальдармен шешетін есептерге жатады: 1) жер бедерін оқи білу; 2) жер бедері қимасының биіктігін анықтау; 3) нүкте биіктігіне қарай горизонталь биіктігін анықтау; 4) горизонтальдарға қарай нүктенің биіктігін анықтау; 5) картада қиманы немесе профильді құру; 6) сызықтардың ылдилығы мен еңістік бұрыштарын анықтау.