Т. Р. Рыспеков, Б. Д. Балғышева


Жылжымалы калийді анықтау



бет56/96
Дата01.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#170566
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   96
Байланысты:
treatise140794

2.5.2. Жылжымалы калийді анықтау
760-770 нм аймағында максимум өткізетін светофильтрін қолданып, калийді жалынды фотометрде қалған сүзіндіден анықтайды. Салыстыратын калий ерітінділерінің жұмыс шкаласын дайындау. Алдымен бастапқы ерітінді үлгісін дайындайды: 0.792г KCl–ды рН=9 аммоний карбонатының ерітіндісінде ерітеді де, өлшеуіш құтыда осы ерітіндімен 1000 см3 -ге дейін жеткізеді. Ерітіндінің құрамында 0,5мг/см3 К2O бар.
Салыстырмалы ерітіндінің шкаласын дайындау үшін 500 см3 –лік 7 өлшеуіш құты таңдап алып, тамшуырмен 30-кестеде көрсетілген KCl бастапқы ерітіндісінің мөлшерін алады. Ерітінділердің көлемдерін 1%-ті аммоний карбонатымен жеткізеді.

30-кесте
Мачигин әдісі бойынша калий сүзінділерін анықтауға арналған шкала

Көрсеткіш

Үлгі ерітіндісінің реті

1

2

3

4

5

6

7

KCl бастапқы ерітіндісінің көлемі, мл

0

1

3

5

10

20

30

Салыстырмалы ерітінділердегі К2О концентрациясы, мг/1000 мл

0

1,0

3,0

5,0

10,0

20,0

30,0

Топырақтағы К2О мөлшері, мг/кг

0

20

60

60

100

400

600

Дайындалған шкаланы жалынды фотометрді калибрлеу үшін қолданылады.


Нәтижелерін есептеу. Калийдің мөлшерін салыстырмалы үлгі ерітіндісінің шкаласы мг/кг бойынша немесе мына формула бойынша есептейді:
K2O =
Мұндағы, С-график бойынша алынған K2O концентрациясы (мг/1000 см3); V-сүзіндінің жалпы көлемі, см3; 1000- 1 кг топыраққа қайта есептеу коэффициенті; m-топырақ массасы, г; V1-колориметрлеуге арналған құтыдағы сүзіндінің көлемі, см3.
Қайта есептеу нәтижелері үшін рұқсат етілген ауытқу - 10%.
Жоғары келтірілген әдістемеден басқа микроэлементтердің жылжымалы формасын топырақтан бөліп алу үшін сүзіндіні қолдануға болады (31-кесте).
31-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет