Т сұраныс пен ұсыныс Сұраныс заңы. Сұранысқа ықпал жасаушы факторлар



бет5/6
Дата19.03.2022
өлшемі80,24 Kb.
#136412
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ЭжБН-7 Сұраныс пен ұсыныс

Икемсіз сұраным: егер бағаның елеулі түсуі кезінде сату көлемі азғана өзгерсе сұранымның икемсіздік коэффициенті 1-ден кіші болады.
Сұраным бірлігі икемді: егер баға 1%-ға өзгергенде сату көлемі 1%-ға өзгереді. Бұл кезде икемділік коэффициенті 1-ге тең болады.
Бағаға тәуелді болмағанда сұраным мөлшері өзгермейді. Бұл кәміл икемсіз сұраным деп аталады.
Бағаның белгілі бір деңгейінен түссе, тауардың өткізу процесіне шек жоқтығын кәміл икемді дейміз. Сұраным икемділігінің бағаға байланысты коэффициенті сұранымның өзгеруінің осы өзгерісті шақырған бағаға өзгерісіне қатынасын көрсетеді.
Ұсыным көлемінің бағаның өсуіне байланысты өзгеруінің дәрежесі ұсынымның икемділігімен сипатталады. Ол ұсынымның икемділік коэффициенті көмегімен өлшенеді. Егер бағаның өзгерісі ұсынымды өзгертпесе, ұсыным икемсіз. Ұсыным абсолютті икемді, егер тауардың бағасының азғана төмендеуі ұсынымды нөлге дейін қысқартады және керісінше баға өсуі ұсынымды арттырады.
Фирмалар ұсыным икемділігін 3 кезеңге бөліп қарастырады: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет