Т. Т. Галиев, М. Д. Есекешова, Г. О. Исакова



Pdf көрінісі
бет29/55
Дата18.12.2021
өлшемі1,58 Mb.
#103119
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55
Байланысты:
Жоғары оқу орны білім алушыларының кәсіби құзыреттілігін
88702, счастливый купон на русс
 
Бақылау сұрақтары 
1. Білім беру принципі деген не? 
2.  Озық  білім  беру  жағдайында  білім  беру  принципін  жүзеге 
асырудың қандай ерекшеліктері бар? 
3. Озық жүру принципін қалай түсінесіз? 
4.  Білім  берудің  жүйелілігі  іске  асыруды  көрсететін  мысал 
келтіріңіз. 
5. 
Сіздің 
көзқарасыңыз 
бойынша 
озық 
оқытуда 
тағы 
қандайпринциптерді іске асыру керек? 
 
 
  VI. 
ОЗЫҚ ОҚЫТУДА КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ  
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ 
 
Ұсынылған  озық  оқытуда  кәсіби  құзыреттілікті    қалыптастырудың 
әдістері  мен  тәсілдері  қосымша  (дамыту)  оқытудың  мән  мәтіні  ретінде 
қарастырылуы мүмкін. 
Білім 
беру 
үдерісінің 
жүйесіне 
жобаластырылған 
және 
«кіріктірілген»  дамыту  оқытуының  бағдарламасы  тұлғаны  дамытуда 
мақсатқа  жету  және  алдына  қойылған  тапсырмаларды  шешуге 
бағытталған болуы тиіс. Оқу материалын дәстүрлі түрде зерделеу үшін 
дамыта  оқытудың  арнайы  құрастырылған  әдістерімен  тығыз 
байланыстыра отырып, толықтыру ұсынылады. 
Аталған  жұмыста  жүйелілік  ойдың  дағдылары  мен  икемділігін 
қалыптастырудың әдістері мен тәсілдері ретінде келесілер ұсынылады: 
-  маңызды  жүйені  түзуші  фактор  ретінде  оның  жалпы  мақсатын 
түсіндіре  және  анықтай  отырып,    алдын  ала  зерделеу  (ескертпе: 
оқулықтың  жалпы  мақсаты  және  міндеті  оның  мазмұны  мен 
тарауларымен  бірге  оқу  материалымен  жұмыс  барысындағы 
бағыттаушы болып табылады); 
-  оқу  материалына  жылдамдатып  «ену»  жолымен  (оның 
жылдамдатылған талдауы) және оның құрылымдық компоненттеріндегі 
басты  сәттерді  (бөлімдері,  параграфтары)  айқындау  жүйесі  ретінде 
оқытуды  интенсивті  зерделеу;  анықталған  ақпаратты  синтездеу  және 
талдап-қорыту;  оқулықпен  әрі  қарай  жұмыс  жасау  үшін  нақты 
бағытталған негіздерді қалыптастыру; 
- оқу материалын мұқият талдау жолымен егжей-тегжейлі зерделеу; 
анықталған ақпаратты синтездеу және талдап-қорыту, нақтылау (талдау 
барысында); 
зерделенетін 
объектінің 
концептуалды 
үлгісін 
қалыптастыру; 


111 
 
- объекті  жан-жақты зерделеу (зерделенетін материалдарға көп рет 
өтінішті жүзеге асыруымен); бастапқы жағдайын (оқулықта ұсынылған), 
сондай-ақ    өзгертілген  жағдайда  және  әсер  етуші  факторларды  есепке 
ала  отырып,    зерделеу;  анықталған  ақпаратты  синтездеу  және  талдап-
қорыту;  зерделенетін  объектінің  концептуалды  үлгісін  қалыптастыру; 
қорытындыларды  құрастыру  (ескерту:  аталған  зерделеу  жүйелілік 
құрылымдастыру,  зерделеу  және  қарастырылатын  объекті  туралы 
«бүктелген» ақпарат ұсіну және зерделеу); 

оларды  зерделеу  үдерісінде  зерделенетін  объектілердің 
иерархиялық  құрылым  құрылым  және  иерархиялық  байланысын 
анықтау  және  есепке  алу  (ескерту:  оқулықтың  және  басқа  да 
материалдардың  қулықтың  атауы  және  оның  жүйе  асты  мән  мәтінде 
зерделеген абзал); 
Қарастырылатын жүйенің, оның жүйе асты және жүйеге бағынысты 
тарихи өзгерістерді зерделеу (өткен шақ, осы шақ, келер шақ): 
-  нақты  жағдайларды  жүйелі  зерделеу  (көбінесе  мәселелі 
жағдайлар); 
-  басқа  да  жүйелер  мен  жүйе  астыларымен  байланысы  бар,  оқыту 
материалдарына  қосылған объектілерді анықтау

алынған 
білімдерді 
қолдану: 
«стандарты» 
деңгейінде
шығармашылық деңгейінде; зерттеу деңгейінде. 
Жүйелілік  ойлаудың  икемділігін  және  дағдыларын  қалыптастыру 
үшін басқа да атақты немесе арнайы құрастырылған технологиялар мен 
әдістер, тәсілдер қолданылуы мүмкін. 
Жүйелі ойлау жүйелілік тұғырдың негізі болып табылады. Жүйелі 
ойлауды  қалыптастыру  барысында  жүйеліліктұғыр  қағидаларына 
сүйенген  жөн,  жұмыс  авторлары  олардың  қатарына  мыналарды 
жатқызады [78]:  
- екі жақтылық қағидасы: кез-келген  объектті бір жағынан, өзіндік 
жүйе ретінде  және басқа жағынан иерархияның жоғары деңгейі жүйесі 
ретінде қарастырған жөн
-  толықтырылған  қағида:  зерттелетін  объект  тұтастық  ретінде 
қарастырылуы  қажет.  Тұтас  сияқты  жүйе  тек  қана  оның  бөлшектерінің 
сапасы  болып  анықталмайды  және  оларға  түйіспейді.  Керісінше, 
бөлшектердің өздері тұтас болын анықталған. Осы тұтастың шеңберінде 
ғана бөлшектер өзінің қызметтік түсініктемесін алады; 
-  жан-жақтылық  қағидасы:  әр  объектіні  әр  түрлі  қырынан  және  әр 
түрлі көз қарас бойынша зерделеген жөн
-  көптік  қағидасы:  объектінің  зерделеген  кезде  көптеген  үлгілерді 
қолдану қажет; 
-  тарихи  қағидасы: әр  объект  оның  туындауын  және  даму  сатысын 
есепке ала отырып, өткенді шолу бойынша қарастырылуы қажет
-  динамизм  қағидасы:  объектінің  қасиеті  өзгеруші  ретінде 
қарастырылуы қажет; 


112 
 
Мақсат  қағидасы:  жүйені  зерттеу  үдерісінің  қажетті  сатысы  осы 
жүйенің мақсатын (бағытталуы) анықтау болып табылады
- киындық қағидасы: әр объектіге өзінің және ортаның арасындағы 
әр  түрлі  үлгідегі  байланысы  бар,  бөлшектердің  жиынтығы  болып 
табылуынан  қиындығы  болуы  мүмкін.  Осыған  байланысты  объектінің 
зерделеген кезде объект өзінің маңызды қасиетін сақтау деңгейіне дейін 
жеңілдетілгенін орындау қажет.  
Ұқсастық  қағидасы:  әр  түрлі  жүйелер  бір  қағидалар  негізінде 
жұмыс  істейді.  Осыған  байланысты  бір  жүйені  зерттеген  кезде  сол 
жүйеге  ұқсас  басқа  да    объектілерді  зерделеген  кезде  қолданылуы 
мүмкін. 
В.Г.Афанасьев  ойлау  жүйесінің  икемділігі  мен  дағдыларын 
қалыптастыру  үдерісінде  ескеруге  абзал  болатын,  бірнеше  өзара 
байланысқан жүйелілік тәсілдердің аспектілерін анықтаған [76]: 
-  жүйелілік-бөлшекті,  ол    тұтасы  қандай  бөліктерден  құралғанын, 
неден жасалғаны сияқты сұрақтарға жауап іздеу сияқты, 
-  жүйелілік-құрылымдық,  жүйенің  ішкі  нысанын,  оның  құрамдас 
бөліктерінің өзара байланысы мен өзара әрекетесуін ашушы; 
-  жүйелілік-жұмыс  атқарушы,  жүйенің  жұмысын  айқындаушы 
(оның  бөліктерінің  жұмыс  атқаруының  интегративті  қорытындысы) 
және  жүйенің  бөліктерінің  жұмысы  (көбіне  олардың  жалпы  жүйелілік 
жұмысына әсер ету қорытындысы бар); 
-  жүйелілік-коммуникациялық,    биіктігі  бойынша  және  көлденең 
бойынша    басқа  жүйелермен  жүйенің,  жүйенін  бөлшектерінің 
өзарасындағы  және  қоршаған  ортамен  өзара  әрекеттесуін  және  өзара 
байланысын    қарастыратын  интегративті,  жүйелілік  факторларын 
ашушы; 
-  жүйелілік-интеграциялық,  интегративті,  жүйелі  факторларды, 
тұтастықты  қамтамасыз  ету  факторларын,  өзара  әрекет    ету,  жетілдіру 
мен дамыту; 
-  жүйелілік-тарихи,  жүйенің  құрылуының  басталуы  және  көзі, 
қалыптасуы, тенденциясы және оның дамуының болашағын көрсетуші. 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет