Т. Т. Галиев, М. Д. Есекешова, Г. О. Исакова


Психологиялық  сөздікті  қолдана  отырып  оқу  құралын



Pdf көрінісі
бет36/55
Дата18.12.2021
өлшемі1,58 Mb.
#103119
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   55
Байланысты:
Жоғары оқу орны білім алушыларының кәсіби құзыреттілігін
88702, счастливый купон на русс
Психологиялық  сөздікті  қолдана  отырып  оқу  құралын 
(оқулықты)  құрылымдауды  оны  есте  сақтау  үшін  ақпараттарды 
ұйымдастыру  процессі 
және  стратегиясы  ретінде  анықтауға  болады, 
нәтижесінде  меңгерілетін  материал  элементтері  мағынасы  бойынша  
толық бір топқа немесе бірнеше осындай топтарға біріктіріледі [143].
 
Б.И.  Коротяев  құрылымдауды  дидактикалық  және  әдістемелік 
жоспарымен  оқу  материал  мазмұнының(түсініктер,  заңдар,  идеялар, 
қағидалар, оларды субъектіге жеткізу әдістері және білім алушылардың 
оларды  игеру  бойынша  сәйкес  әрекеттері)  құрамды  элементтері  белгілі 
бір  байланыста  және  қарым-қатынаста  реттелетін  құрылым  ретінде 
қарастырады.  Сонымен  бірге,  құрылымдаудың  негізгі  мақсаттары 
келесілер болып  табылады [144]: 
-  игеру  және  ұзақ  уақытты  жадыда  сақтау  негізінде  рационалды 
және үнемді оқу материалының құрылымын даярлау;  
- жасалып жатқан құрылымдағы материалды тығыздау, оны ширату 
және өрістету әдісін анық тау және жүзеге асыру. 
Бұл  білім  алушыларды  нақты  материалдың  үлкен  көлемін 
жадыларында  сақтау  қажеттілігінен  босатады  Бұл  жағдайдың  шешімі 
ғылыми  ақпараттардың ұлғайып келе жатқан  көлемі  жағдайында үлкен 
маңыздылыққа ие болып келеді

субъекттермен  сәтті  игерілуі    танымдық  қызметтерін, 
шығармашылық  мүмкіндіктер  мен  қабілеттіліктерін  ілгерлемелі 
дамумен  қамтамасыз  ететін  оқу-танымдық  қызмет  аппаратын  енгізуге 
мүмкіндік беретіндей оқу материалдарын топтау және құрастыру. 
В.Оконь  оқу  мазмұнын  құрылымдау  мазмұн  құрылымдарының 
түзілуіне  және  жүйеленуіне  негізделген  деп  есептейді,  яғни  берілген 
жүйе  мазмұны  үшін  сәйкес  келетін  бөлістермен  байланысатын  оның 


127 
 
реттілігіне,  ал  оның  ішінде  –  құраушыларға  және  олардың  арасындағы 
байланысқа. 
Бұл  жүйелерді  өзара  салыстыру  оларды  реттестіруге  қызмет  етеді. 
Осы 
жүйелердің 
бірі 
жалпылама 
сипаттамаға 
ие, 
барлық 
бағдарламаларды  түсіну  үшін  әлдеқайда  маңызды  негізгі  мазмұнды 
құрайды,  басқалары  анағұрлым  мамандандырылғандары негізгі бөлімге 
қосымша және түсінік ретінде қызмет атқарады. Осындай жолмен пайда 
болатын құрылым бірнеше қатарлы жүйелерден құралады[87]. 
Игеруге арналған білім жиынтығы неғұрлым нақты құрылымдалған 
және  жүйеленген  болса,  соғұрлым  білім  алушыларға    меңгерудің 
мақсаттары  және  берілген  білім  және  біліктілік  жүйесіне  ие  болу  мәні 
анық болады және осы білім мен біліктілік оңай әрі берік игеріледі. 
Жұмыс  авторлары  [145]  оқу  құралын  құрылымдаудың  негізгі  
мақсаттарына мыналар жатады: 
1) білім алушының игеру және  ұзақ уақыт жадыда сақтау негізінде 
рационалды  және  үнемді  болатын  оқу  материалының  құрылымын 
даярлау; 
2) оқу субъектісін үлкен көлемді нақты материалдарды есте сақтау 
қажеттілігінен арылту үшін материалдарды тығыздау, оны ширату және 
өрістету әдісінің жасалып жатқан құрылымдағы іздеу және қалау; 
3)  игерудің  қажетті  элементі  ретінде  оқу  қызметінің  аппаратын 
енгізуүшін оқу материалын топтау және құрастыру. 
Оқу  процесінде  жүйелілік  тәсілді  жүзеге  асыру  оқу  субъектісінің 
танымдық  және  басқа  да  қызметінің  тиімділігін    едәуір  жоғарылатуға 
мүмкіндік  береді.    Жүйелілік    тәсілге  сәйкес  объекттерді  жүйе  ретінде 
меңгерген  жөн.  Бірақ  бұл  оқу  программаларында  қарастырылмаған,  ал 
оқулықтар  кей  кезде  жүйелілік  тәсілге  жүгінсе  де,  ол  үшін  қажетті 
методикалық және методологиялық қамсыздандыруларға ие емес. 
Оқу  материалы  (оқулық)  жиі  меңгерілетін  объектті  бастапқы 
(кітаптың  шығарылу  мерзімінде)  шартты  түрде  айтқанда  «статикалық 
жағдайын бастапқа статикалық жағдайында қамтып көрсетеді» 
Оқу процесі меңгеру объектісін өзгерген жағдайларда немесе оның 
бастапқы  жағдайын  өзгерте  алатын  кейбір  факторлардың  әсері  кезінде 
қарастырылуын әрдайым ескермейді. Сонымен қатар, игерілу материалы 
қарастырылатын  ғылым  немесе  білім  облысы  болып  табылатын  жүйе 
үсті жағдайы сирек  меңгеріледі. 
Оқу материалынан басқа оқу субъектісінің атқарылатын танымдық, 
ғылыми, тәжірибелік және басқа да қызмет түрлерін құрылымдау қажет. 
Әртүрлі  қызмет  түрлерін  игеру  кезінде  білім  алушылар  сәйкес  ойлау 
әдістерін  қалыптастырады.  Мысалы,  оқу  қызметіндегі  аналитикалық 
тәсіл  аналитикалық  қызметті  талап  етеді,  оның  іске  асуы  өз  кезегінде 
аналитикалық  ойлаудың  біліктілігі  және  икемін  қалыптастыруға  әсерін 
тигізеді.  


128 
 
Ұсынылып отырған оқу құралында (пособие) қызмет пен әрекеттің 
жиынтығы  ұсынылған,  жоғарыда  айтылғандай,  қоршаған  қызметті 
толық  тануға,  мақсаттарға  тиімді  жетуге  және  оқудың,  тәрбиенің  және 
дамудың қойылған тапсырмаларын шешуге жағдай жасайды. 
Оқу ұйымдарының кейбір бағдарлары жүйелі тәсілдің негізінде, ал 
дәлірек айтқандағ объектті (оқу құралын) меңгеру жүйелер ретінде 6.2.1- 
суретте көрсетілген. 
Қарастырылатын  объект  туралы  өзге  формадағы  ақпараттарды 
жүйелі  құрылымдаудың,  меңгерудің  және  ұсынудың  жалпы  схемасы 
6.2.2-суретте берілген, мұнда: 
1) 
 
Қарастырылатын  объект  туралы  ақпаратты  жүйелі 
құрылымдаудың, меңгерудің және ұсынудың мақсаты және міндеттері. 
Ақпаратты  құрылымдаудан  басқа,  тағы    ұсынылған  әдіспен  білім 
алушының  қызметі  мен  әрекетін  құрылымдау  қарастырылған.  Бұл 
қызмет  пен  әрекеттерді  танымдық,  теориялық,  тәжірибелік  және  басқа 
да  қызметтерде  игеру  және  іске  асыру  субъекттің  тиісті  ойлау 
әдістерінің түзілуіне, оның интеллектуалды дамуына әсерін тигізеді.   
2)  -  Меңгеру  объектісі  (пән,  құбылыс,  процесс  және  т.б.),  оның 
компоненттері, қызметтері, қасиеттері, басқа да сипаттамалары
3)  -  Меңгерілетін  объектті  толық  тануға  әсер  ететін  қызметтер  мен 
әрекеттердің түрлерінің жиынтығы; 
4)  -  Меңгерілетін  объект  жүйесінің  тұжырымдамалық  моделін 
құрастыру.  Өзге  де  нәтижелер  (қорытындылар  мен  ұсыныстарды 
тұжырымдау,  рефераттар,  баяндамалар,  мақалалар  және  т.с.с.  даярлау, 
6.2.1  және  6.2.2  -  суреттеріндегі  қызметтер  мен  әрекеттерді  игеріп  алу, 
сонымен қатар тиісті ойлау әдістерін, жүйелі ойлаудың біліктілігін және 
машығын  қалыптастыру  және  дамыту,  меңгерілген  ақпаратты  тұжыру 
және жазу және т.б.). 
5) - Сыртқы (меңгерілетін объектті толық тану процесіне белгілі бір 
әсерін  тигізетін)  және  пәнаралық  (әрекет  пен  ақпараттарды  үзіліссіз 
байытуға,  игерілген  білім  мен  білітілікті  басқа  білім  мен  қызмет 
облыстарына  көшіруге  ықпал  ететін)  байланыстарды  есепке  алу  және 
пайдалану. 
6) - Кері байланыс. 
6.2.1  және  6.2.2  -  суреттерінде  өзара  байланысқан  және  өзара 
әрекеттесуші қызметтер мен әрекеттердің жиынтығы көрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет