Т. Т. Ипалаков Ғылыми зерттеулердің негіздері



бет3/9
Дата15.12.2023
өлшемі195,5 Kb.
#197178
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ОНИ каз конспекті

1.2 Ғылыми бағыт

Әрбір ғылыми-зерттеу жұмыстарын белгілі бір бағытқа жатқызуға болады.


Ғылыми бағыт – зерттеулер жүргізілетін ғылым немесе ғылымдар жиынтығы.
Осыған орай, техникалық, биологиялық, әлеуметтік, физика-техникалық, тарихи және соған орай бағыттарды бөліп көрсетеді. Техникалық бағытқа техникалық термодинамика саласындағы зерттеулерді жатқызуға болады; биологиялық бағытқа – биохимия немесе гендік инженерия және т.б.
Сондықтан да, ғылыми бағыттардың негізі болып қандай да бір ғылыми салаға кіретін арнайы ғылым немесе арнайы ғылымдардың қатары табылады, сондай-ақ зерттеудің арнайы әдістері және техникалық қондырғылар (газ-құбырқұрылымдары және т.б.)
1.2.1 Ғылыми бағыттың құрылымдық бірліктері болып:
- кешенді проблемалар;
- проблемалар;
- тақырыптар;
- ғылыми сұрақтар табылады.
Кешенді проблемалар бірдей мақсатпен біріктірілген проблемалардың жиынтығын білдіреді.
Проблема бұл – қоғамда шешімі табуы қажет күрделі теориялық және тәжірибелік тапсырмалардың жиынтығы.
Әлеуметтік-психологиялық тараптан – проблема білімге деген қоғамдық қажеттіліктің арасындағы және оны алудың белгілі жолдарының, білім мен білімсіздіктің арасындағы қарама-қайшылықтардың көрінісі. Проблема адамдық тәжирибе мақсатқа жетер жолда қиыншылыққа тап болған кезде пайда болады.
Проблема жаһандық, ұлттық, аймақтық, салалық, салааралық болады, яғни пайда болатын тапсырмалардың масштабына байланысты.
Мысалы, табиғатты қорғау проблемасы жаһандық болып табылады, себебі оны шешу жалпы адамзаттық қажеттіліктерді шешуге арналған. Жоғарыда санамалағандардан басқа, жалпы және бір саладағы проблемаларды да бөліп көрсетеді. Жалпыға, жалпы ғылыми, жалпы халықтық және соған ұқсастары жатады.
Бір саладағы проблемалар қандай да бір өнеркәсіптің белгілі өндірістеріне тиесілі болады. Мысалы, автокөлік өнеркәсібінде бұндай проблемалар болып жанар-жағармайдың үнемдеуі және жағармайдың жаңа түрлерін жасау және т.б.
Ғылыми зерттеулердің тақырыбы проблеманың құрамдас бөлігі болып табылады.
Тақырыбы бойынша зерттеулерді жүргізудің нәтижесінде проблеманың бір бөлігін қамтитын нақты ғылыми сұрақтарға жауап алынады. Жауаптардың нәтижелерін жинақтау ғылыми проблеманың шешімін беруі мүмкін.
Ғылыми сұрақтар – ғылыми зерттеудің нақты тақырыбына арналған ұсақ ғылыми тапсырмалар.
Ғылыми зерттеудің тақырыбын, бағытын және ғылыми сұрақтарды қою өте жауапты тапсырма болып табылады.
Өзекті бағыттар және зерттеулердің кешенді проблемалары мемлекеттік директивті құжаттардан құралады.

1.2.2 Зерттеулердің бағыты негізінен зерттеуші жұмыс жасайтын ғылыми мекеменің мамандануына, ғылымның саласына қалай алдын ала анықталады. Сондықтан да әрбір жеке зерттеушіге ғылыми бағытты таңдау ол жұмыс жасағысы келетін ғылымның саласын таңдауға келеді.


Зерттеудің бағытын нақтылау өндірістік сұраныстардың жағдайын, осы уақыт аралығында қандай да бір бағыттағы зерттеулердің жағдайын және қоғамдық қажеттілктерді зерттеудің нәтижесі болып табылады.

Жағдайларды және өткізілген зерттеулердің нәтижесін зерттеу кезінде өндірістік тапсырыстарды шешу үшін бірнеше ғылыми бағыттарды пайдаланудың кешенді идеялары қалыптасуы мүмкін.


Бұл ретте атап өтерлігі, кешенді зерттеулерді жүргізу үшін жағымды жағдай жоғарғы мектепте, оның университеттері мен политехникалық институттарында болады, себебі оларда ғылым мен техниканың әртүрлі саласындағы оқыту ғылыми мектептерінің болуы.
Зерттеудің таңдалынған бағыты негізінен ғылыми қызеткердің немесе ғылыми ұжымның стратегиясы болады, кей жағдайда ұзақ мерзімге.
Ғылыми зертетудің тақырыбын және проблеманы таңдау кезінде бастапқы да зерттелетін бағыттағы қарама-қайшылықтарды талдау негізінде проблеманың өзі қалыптасады және жалпы сипаттағы күтілетін нәтижелер анықталады, содан кейін проблеманың құрылымы әзірленеді, тақырыптар, сұрақтар, орындаушылар айқындалады, олардың өзектілігі белгіленеді.
Бұл ретте ғылыми проблемалардан жалған проблемаларды айыра білу қажет. Жалған проблемалардың көпшілігі ғылыми қызметкерлердің қажетті түрдегі ақпаратты білмеуімен байланысты, осыған орай кейде мақсаты бұрынға нәтижелерді алу болатын проблемалар пайда болады. Бұлар ғалымдардың еңбегін және қаржыны жөнсіз жұмсауға әкеліп соғады. Осымен бірге кейде өте жоғары өзекті проблеманы шешу үшін оның шешілуіне әртүрлі ғылыми ұжымдарды конкурс негізінде тарту арқылы оны қайталауға тура келетінін айта кету керек.
Проблеманы негіздегеннен кейін және оның құрылымын белгілегеннен кейін ғылыми зерттеулердің тақырыбы анықталады, оның әрқайсысы өзекті болуы қажет (маңызды, тездетіліп шешуді қажет ететін), ғылыми жаңалығы болуы керек, яғни ғылымға үлес қосу керек, халықтық шаруашылыққа экономикалық тиімді болуы керек. Сондықтан да тақырыптың таңдауы арнайы техника-экономикалық есептерге негізделуі қажет. Теориялық зерттеулерді әзірлеу кезінде үнемділік теориясы кейде отандық ғылымның беделін анықтайтын маңыздылығымен алмастырылады.
Әрбір ғылыми ұжым (ЖОО, ҒЗИ, бөлім, кафедра) қалыптасқан дәстүр бойынша өзінің ғылыми саласы, жіктемесі, құзыреттілігі болады, бұл зерттеулердің тәжірибесінің жинақталуына, туындылардың теориялық деңгейінің артуына, сапасы мен экономикалық тиімділігіне, зерттеулерді орындаудың мерзімінің қысқартылуына әсерін тигізеді. Сонымен бірге ғылымда монополияны жасауға болмайды, бұл идеялардың бәскелесін болдырмайды және ғылыми зерттеулердің тиімділігін төмендетуі мүмкін.
Тақырыптың маңызды сипаты болып алынған нәтижелерді өндіріске тездетіп енгізу мүмкіндігі саналады. Ең маңыздысы болып нәтижелерді тек қана тапсырыс беруші өндірісте емес ауқымды бір салада енгізу болып табылады. Енгізуді тоқтатып қойса немесе бір ғана өндіріске енгізсе тиімділігі бірталай төмендейді.
Тақырыпты таңдауға осы немесе ұқсас мамандықтар бойынша отандық және шетелдік әдебиет көздерімен дұрыстап танысу керек. Ғылыми дәстүрі бар және кешенді проблеманы шешетін ғылыми ұжымда тақырыпты таңдау әдісі бірталай жеңілдетіледі.
Ғылыми зерттеулерді ұжыммен жүргізген кезде сын, пікір-талас, проблеманы және тақырыптарды сөз ету үлкен рөл атқарады. Пікір-талас кезінде әртүрлі маңыздағы және көлемдегі әлі де шешілмеген өзекті тапсырмалар айқындалады. Бұл жоғары оқу орнының ғылыми-зерттеу жұмыстарында әртүрлі курстардың студенттерінің қатысуына жағымды жағдай жасайды. Бірінші сатыда оқытушыларға студенттерге тақырып бойынша бір-екі рефераттарды дайындатуы, олармен консультацияларды жүргізіп, нақты тапсырмаларды анықтағаны мақсатты. Қолданбалы тақырыптарды таңдау үшін тапсырыс берушінің (министерство, бірлестіктер және т.б.) тапсырманы тура беруі үлкен маңызға ие.
Бұл ретте ғылыми жұмыстар кезінде тапсырыс берушінің талабы бойынша өндірісте қалыптасқан жағдайға сәйкес тақырыпта кейбір өзгерістер болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет