Т. Я. Эрназаров 201 ж


Құрастырушылар: аға оқытушы Н.М. Закриянова



бет2/9
Дата31.01.2018
өлшемі2,89 Mb.
#36396
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Құрастырушылар: аға оқытушы Н.М. Закриянова ___________

5В050600 «Экономика», 5В050800 «Есеп және аудит»

мамандықтарының күндізгі оқу

нысанындағы студенттеріне арналған

«Қаржы нарықтары және делдалдары»

ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Бағдарлама «___» _________201_ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.


20__ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі _______ Д. З. Айгужинова 201__ ж. «____» _______

(қолы) (А.Ж.Т.)


Қаржы-экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған__________________ 201_ ж. «_____»____________№____ хаттама

ОӘК төрағасы ___________ А. Б. Темиргалиева 201_ ж. «_____»__________



1 Оқу пәннің паспорты

Пәннің атауы «Қаржы нарықтары және делдалдары».

«Экономика» мамандығының студенттері үшін «Қаржы нарығы және делдалдары» пәні таңдау бойынша пән болып табылады.

«Қаржы нарығы және делдалдары» курсы дүниежүзілік қаржы нарықтарының және осы нарықтың инфрақүрылымын құрайтын институттардың қызмет етуі бойынша сұрақтарды анықтау мақсатында жасаауы. Курсты меңгеру арқылы студенттерге Қазақстанның қаржы нарықтарында болып жатқан процестерді және оның жалпы экономикалық дамуындағы рөлін түсіндіруге көмектеседі.
Барлығы – 3 кредит

Курс: 5В050600 «Экономика» - 2, 5В050800 «Есеп және аудит» - 3

Семестр: 5В050600 «Экономика» - 4,

5В050800 «Есеп және аудит» - 6

Аудиторлық сабақтардың барлығы: 45

Дәрістер – 30;

Практикалық/ семинарлық сабақтар-15 сағат;

СӨЖ – 90 сағат, оның ішінде СӨЖМ - 30 сағат;

Жалпы жұмсалған еңбек -135 сағат.
Бақылау нысаны

Емтихан -5В050600 «Экономика» - 4 семестр

5В050800 «Есеп және аудит» - 6 семестр
Пререквизиттер

Аталмыш пәнді меңгеру үшін келесі пәндерді оқудан алынған білімі, машықтары қажет: «Экономикалық теория», «Макроэкономика», «Қаржы».


Постреквизиттер

Пәнді оқу барысында алынған білімі, машықтары келесі пәндерді меңгеруге қажет: «Құнды қағаздар нарығы».


2. Оқытушылар туралы мәлімет және байланыс ақпараты

А.Т.Ә. _Закриянова Н.М.

Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: _ аға__оқытушы____________

Кафедра «___Қаржы________», аудитория _519___, __________________________________

телефон: ___67-36-43________________________,

Е-mail: ____________________________.


3. Пәнді оқу негізі, мақсаттары және міндеттері

«Қаржы нарығы және делдалдары» «пәнді оқу негізі болып пәнi — қазiргi қаржы нарықтарындағы әртүрлi қаржы институттарының қызмет етуiмен ерекшеленедi. Қазiргi кезеңде Қазақстан экономикасының дамуында қаржы институттары өте маңызды роль атқарады. Қаржы нарығындағы бiлiктi мамандардың жетiспеушiлiгi Республикадағы қаржы нарығының әсiресе, қор нарығының дамымауының бір мәселесi болып табылады. Ішкi қаржы ресурстарының жетiспеушiлiгi өндiрiстiк сфераға капитал құю Қазақстанның өтпелi экономика кезеңiнде ең үлкен мәселелердiң бiрi болып саналады.



Пәнді оқытудың мақсатықаржы нарығы және оның кәсіби қатысушылары ішкі және сыртқы инвесторлардың тартылған қаражаттгарын экономиканың жоғары табысты және болашағы бар салаларына инвестициялауға мүмкіндік береді және экономиканың халықаралық қоғамдастықтарға бірігуіне әсерін тигізеді.

Сонымен қатар, заңдық реттеу, ақпараттың ашықтылығы, дивидентгік саясат және басқа да сапалық көрсеткіштері дамып келе жатқан қаржы нарығының жалпы стандартқа сәйкес келуі керек.
Пәнді меңгерудің міндеттері:

- қаржы нарығы мен делдалдар курсын функционалды тұрғыдан теориялық аспектiлерiмен оқыту;

- Қазақстан Республикасының территориясында қаржы делдалдарының қызметтерiн талдаудан өткiзу;

- Қазақстан қаржы нарығының дамуында негiзгi мәселелердi анықтау;

- әртүрi қаржы институттарын және олардың ұсынатын қызметтерiн баға белгiлеу әдiстерiн, оларды басқару стильдерiн, iшкi және халықаралық қаржы нарықтарындағы қызмет ету стратегияларын оқу;

- әртүрлi елдердiң қаржы институттарының қызметтерiн оку;

- Қазақстандағы қаржы нарықтарының қызмет етуiнің ерекшелiктерiн қарастыру;

- қаржы делдалдарын, қаржы нарықтарындағы кәсiби қатысушылардың қызметiн оқу және талдау;

- қаржы институттарының қызметiнде (делдалдар) мүмкiн болатын тәуекелдердi бағалау және олардың залалдарын төмендету жолдарын анықтау.
4. 3. Білімге, икемділікке, машықтарға және құзіреттерге талап:

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің:



  • қаржы нарығындағы кәсiби қатысушылар алдында сыртқы және iшкi инвесторлар арқылы экономиканың басында және жоғары табысты салаларына уақытша бос ақша құралдары мен капиталды тарту арқылы экономиканы халықаралық қауымдастықта бiрiктiру (интеграциялау) мүмкiншiлiктерiн орындау жөнінде түсініктері болуы;

  • қаржылық делдалдықтың мәні туралы;

  • қаржылық нарықтың жеке сегментерінің қызметтері мен бағыттарын;

  • негізгі қаржылық институттарды және олар ұсынатын қызметтер мен қызметтер түрін, баға қалыптастыру әдістерін, басқару стилін, халықаралық және ішкі нарықтардың тиімді қызмет ету стратегияларын меңгеру;

  • қаржылық нарық құралдарының мүмкіндіктері мен бағыттарын білуі;

  • ҚР қаржылық нарықтардың қалыптасуы мен қызмет ету ерекшеліктері туралы;

  • ҚР қаржылық нарықтардың құрылуы мен дамуы туралы;

  • ҚР қаржылық ұйымдар мен қаржылық нарықтарды реттеу мен бақылау жүйесінің құрылуы мен дамуы туралы;

  • әлемдік қаржылық нарықтардың негізгі қызметтері туралы;

  • икемді болуы;

  • қаржылық нарықтың мамандандырылған қатысушылары мен қаржылық делдалдардың қызметін анализдеу;

  • қаржылық нарықтардың қазіргі жағдайына анализ жасау;

  • шаруашылық қызметте басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде қаржылық нарық құралдарының мүмкіндіктерін пайдалану туралы практикалық машықтарды иемденуі қажет.

5 Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары

Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу




Тақырыптар мен бөлімдер аты

Сабақ түрлері бойынша аудиторлық сағаттар саны

СӨЖ

Дәріс

Практикалық (семинарлық)

Барлығы

оның ішінде

СӨЖМ


1 бөлім Қаржы нарығының теориялық негізі мен оның құрылымы

1

Қаржы нарығының инфрақұрылымы мен құрамдас элементтері

2

1

4

2

2

Ақша нарығы және оның қаржылық құралдары

2

1

4

2

3

Депозит нарық және оның қаржылық құралдары

2

1

4

2

4

Несие нарығының мәні және оның маңызы

2

1

4

2

5

Валюта нарығы және валюталық операциялар

2

1

4

2

6

Бағалы қағаздар нарығы, оның қызметі және құрылымы

2

1

4

2

7

Сақтандыру нарығы және оның Қазақстан Республикасында дамуы

2

1

4

2

8

Зейнетақы нарығы

1

0,5

4

1

2 бөлім. Қаржы нарығындағы қаржылық делдалдардың қызметі

9

Қаржы делдалдығы және қаржы делдалдары

1

0,5

4

1

10

Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі

1

0,5

4

1

11

Зейнетақы қорларындағы қаржы институттары

1

0,5

4

1

12

Инвестициялық компаниялар мен қорлары

1

0,5

4

1

13

Сақтандыру ұйымдары мен қорлары

1

0,5

4

1

14

Мамандырылған қаржылық- несиелік институттар

1

0,5

4

1

15

Қор биржасы қызметі және құрамы

1

0,5

4

1

3 бөлiм. Қаржы нарығын реттеу

16

Қазақстандағы қаржы нарығын құқықтық реттеу негіздері

1

0,5

4

1

17

Қаржы нарығын қадғалау және реттеу бойынша комитетінің қызметі

1

0,5

4

1

18

Өзін - өзі реттеу ұйымдары

1

0,5

4

1

4 бөлiм. Әлемдік қаржы нарығы

19

Әлемдік қаржы нарығының құрылуы және дамуы

1

0,5

4

1

20

Әлемдік валюта нарығы

1

0,5

4

1

21

Халықаралық бағалы қағаздар нарығы

1

0,5

4

1

22

Шет елдердің зейнетақы жүйесі

1

0,5

3

1

23

Әлемдік несие нарығы

1

0,5

3

1

БАРЛЫҒЫ

30

15

90

30

6. Дәріс сабақтарының мазмұны



1 тақырып. Қаржы нарығының инфрақұрылымы мен құрамдас элементтері– 2 сағат.

Мазмұны:

Қаржы нарығының дамуы мен құрылуы. Әртүрлі экономистермен «Қаржы нарығы» түсінігінің трактовкасы.

Қаржы нарығының маңыздылығы. Экономиканың дамуындағы каржы нарығының ролі. Қаржы нарығының функциялары. Реттеу функциясы. Коммерциялық функциясы. Баға белгілеу фунциясы. Ақпараттық функциясы. Бөлу функциясы. Қаржылық тәуекелдерді сақтандыру функциясы.

Қаржы нарығы құрылымының түсінігі. Қаржы нарығының институционалдық құрылымы. Қаржы нарығына қатысушылар. Қаржы нарығының сегменттері.



Қазақстанның қаржы нарығы және оның құрамдас элементтері. ҚР-дағы қаржы нарығының жіктелімдік ерекшеліктері. Қазақстан қаржы нарығының институционалдық құрылымы. Қазақстан қаржы нарығындағы айналыста қолданып жатқан қаржы құралдарына тәуелді ҚР-ның қаржы нарығының жіктелімдері.

Қаржы нарығы – капиталға деген сұраныс пен ұсыныстың қалыптасуы шеңберінде делдардар арқылы кредит берушілер мен қарыз алушылар арасында капиталды қайта бөлу тетіктерінің жүйесі. Тәжірибеде ол ақшалай қаражат ағынын меншік иелерінен қарыз алушыларға және кері қарай бағыттайтын қаржы-кредиттік институттар жиынтығы болып табылады. Қаржы нарығының негізгі функциялары:

- реттеу, ол арқылы мемлекеттік басқару органдары, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымдар тарапынан нарықты реттеу жұмысы жүзеге асырылады;

- ақпараттық, ол қаржы нарығының барлық қатысушыларының ақпаратқа тең және толыққанды қол жеткізуін қамтамасыз етуді білдіреді;

- бөлу – қаржы нарығы құралдарының айналымы ақшалай қаражаттың экономиканың бір саласынан басқасына, бір нарық қатысушысынан басқасына, бір айналым саласынан басқасына ауысуын қамтамасыз етеді, сонымен қаржы қаражатының бөлінуіне ықпал етеді;

- коммерциялық, ол қаржы нарығында жүзеге асырылатын операциялар қалай болса да мәміленің барлық қатысушыларына пайда әкелетінін болжайды;

- баға жасаушы – қаржы құралдарының бағасы нарықта еркін бәсекелестік жағдайында сұраныс пен ұсыныстың әсерінен қалыптасады.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, келесі факторлар:



  • қаржы ресурстарын қайта бөлуде мемлекет рөлінің барынша азаюы;

- бәсекелестікті дамыту және монополизмді шектеу мақсатында барлық меншік нысанындағы шаруашылық ететін субъектілердің толық дербестігі;

- еліміздің Орталық банкінің ссуда қорын бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін пайдалануды ысқарту, бұл мәселені облигациялар мен басқа міндеттемелердің айналымымен мемлектетік қарыздар шығару арқылы шешу қажет;

- шаруашылық ететін субъектілердің және халықтың құнды қағаздарға салынуы мүмкін ақшалай кірісін үнемі өсіру қаржы нарығының функцияларын білдіретін алғышарттар болып табылады.

Г.С. Сейітқасымова басшылық ететін қазақстандық ғалымдар тобының пайымдауына сәйкес қаржы нарығы өз құрылымы бойынша өзара байланысқан және бір-бірін толықтыратын, бірақ дербес әрекет ететін нарықтардан тұрады. Олар келесі құрамдас бөліктерге баса назар аударады:

- айналымдағы және қысқа мерзімді төлем құралдарының (вексельдер, түбіртектер және т.б.) аналогичные функцияларды атқаратын қолма қол ақша нарығы. Ақша нарағы инфляцияның әсеріне тәуелді екені белгілі, егер соңғысы белгіленген шектерден аспаса оң рөл атқаруы мүмкін. Сонымен, егер ЖҰӨ жыл сайын 5%-ға өсіп, айналымдағы ақша саны 6-7%-ға артса, ол өскен ЖҰӨ өткізуді жеңілдетеді және экономикадағы оң үдерістерге ықпал етеді. Егер ЖҰӨ жыл сайын сол 5%-ға өссе, онда айналымдағы ақша саны 10%-ға және одан да артып түседі, нәтижесінде қалыпты экономикалық үдерісті бұзатын өршімелі инфляция пайда болады;

- ссудалық капитал нарығы, яғни қысқа және ұзақ мерзімді банк кредиті. Қазіргі уақытқа дейін Қазақстанда арзан қысқа мерзімді кредит болмаған. Елде жұмыс істеп тұрған коммерциялық банктар оны тек сенімді қамтамасыз ету және жоғары пайыздар негізінде береді. Негізгі қорларды жаңғыртуға және құруға қажетті ұзақ мерзімді кредитті тек өзгермелі (мерзімді түрде қайта қаралатын) пайыздық мөлшерлеме бойынша алуға болады;

- құнды қағаздар нарығы көп жылдар бойы Қазақстанда мүлдем болмаған және оның 90-шы жылдар басында басталған дамуы белгілі уақытты қажет етеді, өйткені ол меншік қатынастарының өзгеруіне (ең алдымен мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруге және акцияландыруға) және мемлекеттің қаржы саясаты сипатының толықтай өзгеруіне тікелей байланысты болды. Қазіргі уақытта мемлекет бюджет тапшылығын өтеу үшін ақша белгілерінің эмиссиясын емес, мемлекеттік құнды қағаздарды, мәселен, мемлекеттік қазынашылық қысқа мерзімді міндеттемелер шығаруды жиі қолданылатын болды. Құнды қағаздар нарығын екі ұстаным бойынша бағалауға болады: түрлі көздерден ақшалай қаражатты тарту көлемдері жағынан және бос ақшалай қаражатты кез келген нарыққа салу жағынан.

Қаржы институттарын қазақстандық нарықта бекіту үшін осы ұйымдардың рейтингін белгілеу маңызды болып табылады. Қаржы нарығы қатысушыларының жоғары рейтингі клиенттерді тарту, тиісінше осы институттардың жиынтықты накопления арттыру факторларының бірі болады.


Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет

1 Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі №461-ІІ "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңы (10.12.2008 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

2 Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2009.13.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

3. Исқақов. Қаржы нарықты және делдалдар Изд-во "Экономика",2008ж-295б

4. М.Искаков, Д. Т. Бохаев, Э. А. Рузиева.-Алматы:Экономика,2008ж.-295 б

5. Баймұратов. Қазақстан қаржы жүйесі. Изд-во "Экономика, 2010ж-78б

6 Банк iсi. Мақыш С.Б., Iлияс А.Ә. Оқу құралы — Алматы: Қазақ университетi, 2007 ж.

7 Хамитов Н.Н. Банковское дело. Курс лекций. Алматы. Экономика, 2007ж.


Қосымша әдебиет

10. Блеутаева К.Б. Қаржы: электронный учебник. - Алматы, Нұр-пресс -2010ж

11. Ильясов А.А., Мельников В.Д. Қаржы – 2008ж.

12. Сайттар: www.nationalbank.kz/, www.kase.kz/ ,www.rfca.gov.kz/,www.fingramota.kz/

Мерзiмдi басылымдар

13. ҚР Ұлттық банктiң статистикалық бюллетенi. Ұлттық банк басылымы, ай сайын.

14. Банки Казахстана. Қазақстан банктерi Ассоциациясының басылымы, ай сайын.

15. Ұлттық банк Жаршысы. Ұлттық банк басылымы, айына екi рет.

16. Экономнкалық шолу. Ұлттық банк басылымы, тоқсан сайын.

17. ҚазЭУ хабаршысы, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетiнiң мерзiмдi басылымы, тоқсан сайын (қазақша және орысша).

18. Альпари. Экономикалық зерттеу институтының ғылыми-практикалық, экономикалық мерзiмдi басылымы, ай сайын.
2 тақырып. Ақша нарығы және оның қаржы құралдары – 2 сағат.

Мазмұны:

Ақша нарығының түсінігі. Ақша нарығының мағынасы мен мәні. Экономикадағы ақша нарығының рөлі. Ақша нарығының функциясы. Ақша нарығының құрылымы.

Ақша нарығының қаржылық құралдары. Қазақстан Республикасының банкноттары және олардың айналыс ерекшеліктері. Қолма-қол ақшалар және ақша функциясы.



Вексель түсінігі. Вексель түрлері. Вексельдік операциялар. Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналыстар. Банктік акцептер.

Чек түсінігі. Чек түрлері. Қазақстан Республикасының территориясындағы чекпен есеп айырысу. Төлем карточкаларымен тікелей жүргізілетін операциялардың түрлері.



Ақша нарығының төлем құралы. Қолма-қол ақшамен және қолма-қолсыз ақшамен төлемдер жүргізу. Шаруашылық субъектілер арасындағы есеп айырысудың ролі және төлемдік міндеттемелер.

Шаруашылық субъектілер арасындағы есеп айырысудың ролі және төлемдік міндеттемелердің міндеттемелері.

Аккредитивтер және оның түрлері. Құжатты және құжатты емес аккредитивтер. Қамтамасыздырылған және қамтамасыздырылмаған аккредитивтер.

Қаржылық қызметте шаруашылық субъектілерді қамтамасыз ету үшін ең маңызды рольді қаржылық нарықтың қаржылық құралдары атқарады, ол тауарлар мен қызметтерді, қаражатты бөлу және қайта бөлу механизмін сатушылар мен тұтынушылар арасында қамтамасыз етті. Белгілі болғандай, қандай да бір қаржылық құралдардың негізі ақша болып табылады.

Даму процесінде олар әрқашанда өзгеріп отырды және бүгінгі күні де аяқталған және қортындыланған сатысында болып табылмайды. Белгіленген сатыда эквиваленттілік форма құны пайда болды: тауарлар жиынтығынан бір тауар бөлінеді, басқалары да осыған ауысады. Тауар– эквивалентіне талаптары теңестіріледі:

- бөлінгіштік;

- шағын;

- біртекті.

Сондықтан, тарихи ақшалар жалпы әлемдік тауарлардан бөлініп, алдымен өздері тауар – ақша айырмашылығы болып табылды.

Белгілі болғандай, ақша келесі функцияларды орындайды:



  • құн өлшемі;

  • ақша айналымы;

  • төлем құралы;

  • жинау құралы;

  • әлемдік ақшалар.

Нақты ақшалар ақша айналымы болып сатушы мен сатып алушының арасындағы жанама қарым – қатынас функциясын атқарады. Осы функцияда ақша жаңа нарықтық қарым-қатынасты құрады, сондай-ақ тура айырбастау құнына түседі.

Осы ақшаның функцияларынан және ақша нарығының негізгі функцияларынан мыналарды анықтауға болады:

- төлем функциясы – нарық операцияны іске асыру барысында өзінің қатысушылары арасында әртүрлі есептеулердің іске асырылуына жағдайлар жасайды;

- коммерциялық кредиттеуді қамтамасыз – кейінге қалтыру, ақша міндеттемесімен құралған, қысқаша айтқанда вексельмен, шаруашылық субектілеріне коммерциялық қредиттеуді жүзүге асыруға рұқсат етеді.

- есептеу функциясы және басқалары.

Ақша айналымы процесінде қаржылық нарықтың қатысушыларымен қаражатты қайта бөлу негізінде анықталған қарым-қатынастар, жүйені құрастыратын қаражаттық қарым-қатынастар:

- шаруашылық субъектілерімен және оларға жұмыс атқаратын халықпен;

- кәсіпорын және сала ішіндегі бөлімшелермен;

- қамтамасыз етушілермен және төлеушілермен;

- мемлекетпен және шаруашылық субъектілерімен;

- мемлекеттік, аймақтық, жергілікті бюджетпен және бюджеттік емес қорлармен;

- несиелік жүйемен және шаруашылық субъектілерімен;

- шаруашылық субъектілерімен және биржамен, сақтандыру ұйымдарымен, дүние-мүлік қорларымен және қаржылық – несиелік жүйелерінің буындарымен немесе құралдармен және басқаларымен;

- мемлекетпен және халықпен, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен және қаржылық инфрақұрылым құралдарымен пайда болады.

Қазақстан Республикасының аумағында қаржы нарығында қаржы құралдарымен айналымда келесі операциялар:

- қолма-қол ақшаны беру (банкнот);

- чектерді беру;

- векселдерді беру немесе оларды индоссамент бойынша беру;

- төлем карточкаларын қолдану;

- қарыздық қолхат қолданылады.


Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет

1 Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі №461-ІІ "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңы (10.12.2008 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

2 Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2009.13.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

3. Исқақов. Қаржы нарықты және делдалдар Изд-во "Экономика",2008ж-295б

4. М.Искаков, Д. Т. Бохаев, Э. А. Рузиева.-Алматы:Экономика,2008ж.-295 б

5. Баймұратов. Қазақстан қаржы жүйесі. Изд-во "Экономика, 2010ж-78б

6 Банк iсi. Мақыш С.Б., Iлияс А.Ә. Оқу құралы — Алматы: Қазақ университетi, 2007 ж.

7 Хамитов Н.Н. Банковское дело. Курс лекций. Алматы. Экономика, 2007ж.


Қосымша әдебиет

10. Блеутаева К.Б. Қаржы: электронный учебник. - Алматы, Нұр-пресс -2010ж

11. Ильясов А.А., Мельников В.Д. Қаржы – 2008ж.

12. Сайттар: www.nationalbank.kz/, www.kase.kz/ ,www.rfca.gov.kz/,www.fingramota.kz/

Мерзiмдi басылымдар

13. ҚР Ұлттық банктiң статистикалық бюллетенi. Ұлттық банк басылымы, ай сайын.

14. Банки Казахстана. Қазақстан банктерi Ассоциациясының басылымы, ай сайын.

15. Ұлттық банк Жаршысы. Ұлттық банк басылымы, айына екi рет.

16. Экономнкалық шолу. Ұлттық банк басылымы, тоқсан сайын.

17. ҚазЭУ хабаршысы, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетiнiң мерзiмдi басылымы, тоқсан сайын (қазақша және орысша).

18. Альпари. Экономикалық зерттеу институтының ғылыми-практикалық, экономикалық мерзiмдi басылымы, ай сайын.
3 тақырып. Депозит нарық және оның қаржылық құралдары – 2 сағат

Мазмұны:

Депозит нарығының мәні. Депозит нарығының мағынасы мен рөлі. Депозит нарығының функциясы. Депозит нарығының құрылымы. Қазақстан Республикасы депозит нарығы инфрақұрылымының ерекшеліктері.

Депозит, коммерциялық банктердің ресурстық базасы. Депозит түсінігі және оның ролі. Депозиттердің типтері. Талап еткенге дейінгі депозиттер. Талап еткенге дейінгі депозиттік шоттардың ерекшеліктері. АТS-шотына орналастыру. Контокорренттік шот. Овердрафт пен ағымдағы шот. Коммерциялық банктердің чектік депозиттермен жұмыс жасауы. Ноу-шоттың ерекшеліктері. Жинақ депозиттерінің ерекшеліктері. Жинақ кітапшаларындағы шот ерекшеліктері. Жинақ салымы жағдайындағы көшірмеге шот. Ақша нарығының депозиттік шоты. Жедел жинақ салымы және оның Қазақстан Республикасында қалыптасу ерекшеліктері. Коммерциялқ банктердің салымдары. Банктік емес қаржылық-несиелік мекемелердің салымдары және олардың мақсаттары. Депозиттік сертификаттың маңызы және оның қаржы нарығындағы айналысының қажеттілігі. Депозиттік сертификаттардың жіктелімі. Айналымды және айналымсыз депозиттік сертификаттар.

Депозит нағыныдағы баға белгілеу. Қазақстан депозит нарығындағы ставкалар. Депозит ставкаларының өзгеруіне әсер ететін факторлар.

Жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру жүйелері. Қазақстан Республикасындағы депозит нарығының даму мәселелері.
Қазіргі уақытта депозиттік операциялар түрлі нысандарға ие болды және елдер бойынша барынша сараланған. Дегенмен әрбір қаржы институты үшін салушыларды тарту және кредит ресурстарының негізгі көзі ретінде депозит базасын кеңейту басымдықты міндет болып қалуда.

Ақша жинақтау функциясын атқара отырып, депозиттерге айналады, олар халықтың, шаруашылық етуші субъектілердің және т.б. жинақталған қорлары болып табылады. Клиенттер жарналарының барлығы депозит болып саналады. Оларға салынатын қаражат көздері әртүрлі болады. Бұл корпоративтік клиенттер, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың шоттарындағы қаражат, жұмыскерлер мен қызметшілер еңбекақыларының уақытша пайдаланылмайтын қаражаты.

Талап етілгенге дейінгі депозиттер немесе чек түріндегі депозиттер салушыға міндетті өтеуге жататын чек жазу құқығын береді. Бұның ыңғайлылығы чектердің қауіпсіздігімен және оны жазу арқылы төлемді жүзеге асырудың жеңілдігімен түсіндіріледі, сондай-ақ ол бірінші талап бойынша қолма қол ақша алуға мүмкіндік береді. Чек түріндегі депозиттер қымбат есептік операциялар мен өткізілімдерді жүзеге асыруды талап етеді, сондықтан банктердің көбі осы қызметтер үшін белгілі төлем орнатады. Оның мөлшері депозит мөлшерінің және бір ай бойы жазылатын чек санының өзгеруіне қарай өзгеріп отырады. Дегенмен банктер көп жағдайларда, егер салушы олардың ойынша бір ай бойы шотында, банк өзінің коммерциялық мақсаттарына, мысалы 60, 90, 120 күнге ссуда және контокоренттік кредиттер беру үшін пайдаланатын жеткілікті баланстық қалдықты сақтаса осы төлемді қабылдаудан бас тартады.

өзінің ерекшелігі бар талап етілгенге дейінгі салымдар чек түріндегі депозиттердің негізгі түрлерінің бірі болып табылады:

- ақша кез келген уақытта және шектеусіз бөлік-бөлікпен, сондай-ақ толық салынады және алынады;

- шоттағы ақша қолма қол ақша түрінде және чек арқылы алынуы мүмкін;

- банк шот иесіне оның пайдалануы үшін нақты айлық мөлшерде немесе чек жазылғанына комиссиялық сыйақы белгілейді;

- клиент алдын ала белгіленген шоттағы қалдықтың орташа мөлшерін сақтаған жағдайда шот иесіне банктің клиенттен шотты пайдаланғаны үшін комиссия алудан бас тарту нысанндағы «жасырын» пайыз төленеді. Дегенмен, салушы бұл шартты бұзса, ол банктің шотты жүргізу және әр чекті өңдеумен байланысты операциялық шығындарының барлығын төлейді;

- талап етілгенге дейінгі депозиттер бойынша банк орталық банкте қысқа мерзімді депозиттерге қарағанда көлемді пропорцияда минималды резерв сақтауға міндетті.

Талап етілгенге дейінгі депозиттің басқа түрі – овердрафты бар ағымдағы шот, ол бойынша клиент пен банк арасындағы келісім негізінде белгіленген мөлшерде шот бойынша есептен шығарылған сомасын қаражат қалдығы мөлшерінен асыруға болады, бұл да кредитті қарызға алуды білдіруі мүмкін. Овердрафт болғанда контокоррентке қарағанда кездейсоқтық қарызға алу сипатта болады. овердрафты бар шоттың болуы қосымша депозит шоттарын ашуға бөгет болмайды. Овердрафты бар ағымдағы шот жеке және заңды тұлғалар үшін уақытша шығындарды өтеу мақсатында ашылады.

Талап етілгенге дейінгі депозиттерге мыналай жатады:

- заңды тұлғалардың банк шоттарындағы қаражат, соның ішінде республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік бюджеттің қаражаты;

- есеп айырысулардағы қаражат;

- банктердің басқа банктердегі корреспонденттік шоттарындағы қаражат.

Жинақтау кітапшаларындағы шоттар – қолма қол алуға болатын пайыз әкелетін чектік емес депозиттер. Олардың ерекшеліктері мынада:


  • кітапшадағы жинақтау салымының белгіленген мерзімі болмайды;

  • банктер салушылардан депозиттерінен ақша қорын алатыны туралы алдын ала хабарлауды талап етуге құқылы болса да, олар бұны ескере бермейді;

- осындай шоттар бойынша ең жоғарғы шектеу, әдетте, шектелуі мүмкін;

- ақшаны шотқа салу немесе оны алу үшін салым иесі жинақтау кітапшасын ұсыну керек, оған жүргізілген операциялардың барлығы енгізілуі тиіс;

- жинақтау кітапшаларындағы шоттар оларда міндетті минималдық баланстық қалдықтың болуын талап етпейді.

Қазақстандық депозит нарығында жинақтау депозиттерінің келесі түрлері ұсынылады:

- жедел жинақтау салымдары, олар бойынша нақты мерзім немесе салым алынбайтын мерзім белгіленеді және басқа жинақтау салымдарына қарағанда оларға жоғары пайыз есептеледі;

- қосымша жарналар салынатын жедел салымдар, олар бойынша салымды сақтау мерзімінде оның мөлшерін көбейте отырып, қосымша жарналар салуға болады;

- қосымша жарналар салынатын жинақтау салымы. Бұл шотқа мерзімді және жүйелі түрде шартта белгіленген сома салынады да сомадан түскен пайыз белгіленген кезде төленеді;

- ағымдағы жинақтау салымдары. Олардан қаражатты еркін түрде салуға және алуға болады. Оларға, әдетте, пайыз есептелмейді және олар зейнетақы, жәрдемақы, стипендиялар, материалдық көмек төлеу үшін пайдаланылады;

- ұтып алынған, ақшалай-заттық ұтып алынған салымдар. Олар бойынша негізгі сыйақы нысаны болып жүйелі түрде өткізілетін лотереядан берілетін ақшалай-тауар мәніндегі сыйлықтар болып табылады;

- жастар-сыйақы салымдары.

Жедел салымдар – нақты күні белгіленген депозиттер, олардың мерзімінен бұрын жабылуы айыппұл (штраф) салуға әкеледі, ал олар бойынша сыйақылар салымның мерзімі мен көлеміне қарай есептеледі. Салым мерзімі шектеулі болуы мүмкін: бір айдан бес жылға дейін, кейде одан да көп. Банктер осындай қаражатты тартуға қызығушылық білдіреді, өйткені олардың сомасы тұрақты және ұзақ мерзімді операциялар үшін пайдаланылуы мүмкін. Салушы үшін ақшаны ұзақ мерзімге салудың мәні барынша жоғары пайыз алуда. «Жедел депозиттер» деген атау оларды өтеу мерзімі қатаң түрде белгіленгенін білдіреді. Осымен олар жинақтау салымдарынан және талап етілгенге дейінгі салымдардар ерекшеленеді. Банктер салушыларға жедел саламдардан мерзімі жетпей қаражат алуға мүмкіндік береді, бірақ ол үшін белгілі мөлшерде айыппұл (штраф) төленеді.

Банктік қаржы институттарына ұсынылатын, жедел және талап етілгенге дейінгі болып бөлінетін банкаралық депозиттер депозит қызметтерінің маңызды түрлерінің бірі болып табылады. Бұндай операциялар, әдетте, есеп айырысуларды және баланс өтімділігі деңгейін реттеу мақсатында жүзеге асырылады. Басқа банктердің салымдарын ұстайтын банк оларды «лоро» (осы банктегі корреспонденттік шоттардағы қалдық) шоттары бойынша өз балансындағы қарыз ретінде ескереді. Басқа банктерде осындай депозиттері бар банк «ностро» (корреспондент банктерде) шоттары бойынша активтер ретінде ескереді.

Қазақстанның депозит нарығының құрылымын нарықтың институттары және қаржы құралдары жағынан ұсынуға болады.

2000 жылдан бастап жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беретін Қазақстан қоры жұмыс істейді. Оның жалғыз құрылтайшысы мен акционері – ҚР Ұлттық Банкі.

Бүгінгі күні қор ҚР Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген ереже шеңберінде қызмет етеді. Осы ережеге сәйкес ҚР ҰБ белгілеген міндетті талаптарға жауап беруі тиіс екінші деңгейдегі банктер жүйеге қатысушылар бола алады. Депозиттерді сақтандыру жүйесі келесі параграфта жан-жақты қарастырылатын болады.
Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет

1 Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі №461-ІІ "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңы (10.12.2008 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

2 Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2009.13.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

3. Исқақов. Қаржы нарықты және делдалдар Изд-во "Экономика",2008ж-295б

4. М.Искаков, Д. Т. Бохаев, Э. А. Рузиева.-Алматы:Экономика,2008ж.-295 б

5. Баймұратов. Қазақстан қаржы жүйесі. Изд-во "Экономика, 2010ж-78б

6 Банк iсi. Мақыш С.Б., Iлияс А.Ә. Оқу құралы — Алматы: Қазақ университетi, 2007 ж.

7 Хамитов Н.Н. Банковское дело. Курс лекций. Алматы. Экономика, 2007ж.


Қосымша әдебиет

10. Блеутаева К.Б. Қаржы: электронный учебник. - Алматы, Нұр-пресс -2010ж

11. Ильясов А.А., Мельников В.Д. Қаржы – 2008ж.

12. Сайттар: www.nationalbank.kz/, www.kase.kz/ ,www.rfca.gov.kz/,www.fingramota.kz/

Мерзiмдi басылымдар

13. ҚР Ұлттық банктiң статистикалық бюллетенi. Ұлттық банк басылымы, ай сайын.

14. Банки Казахстана. Қазақстан банктерi Ассоциациясының басылымы, ай сайын.

15. Ұлттық банк Жаршысы. Ұлттық банк басылымы, айына екi рет.

16. Экономнкалық шолу. Ұлттық банк басылымы, тоқсан сайын.

17. ҚазЭУ хабаршысы, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетiнiң мерзiмдi басылымы, тоқсан сайын (қазақша және орысша).

18. Альпари. Экономикалық зерттеу институтының ғылыми-практикалық, экономикалық мерзiмдi басылымы, ай сайын.

итутының ғылыми-практикалық, экономикалық мерзiмдi басылымы, ай сайын.


4 тақырып. Несие нарығының мәні және оның маңызы– 2 сағат.

Мазмұны:

Қаржы нарығы жүйесіндегі несие нарығының орны. Несие нарығының мәні. Несие нарығының функциясы. Қазақстан несие нарығының құрылымы. Ұдайы өндірістік процесс кезіндегі несиенің рөлі. Несие мен ақшаның өзара байланысы. Несиенің құрылымы. Несие беру сызбасы. Несиенің жіктелімдері. Қазақстан Республикасындағы дамыған несиенің түрлері. Тұтыну несие және оның мақсаты. Өндірістік несие. Ауыл шаруашылық несиесі. Шағын және орта бизнесті несиелеу. Ипотекалық несие. Қазақмстандағы ипотекалық несиелеудің даму ерекшеліктері. ҚР ипотекалық компаниясы, оның Қазақстан Республикасындағы несие нарығындағы ролі. Мемлекеттік несие. Коммерциялык несие. Халықаралық несие.

Қазақстан Республикасындағы несие нарығының жағдайы. Қазақстан Республикасы несие нарығының құралдары және олардың ерекшеліктері.



Несие нарығындағы баға белгілеу. Несие бойынша банктік пайыздар. Қазақстан Республикасындағы несие берудің ерекшеліктері. Қазақстан Республикасындағы несие нарығының даму мәселелері.

Кредит нарығы – бұл шаруашылық ететін субъектілер мен қаржы қаражатына мұқтаж тұрғындар, сондай-ақ шаруашылық ететін субъектілер мен белгілі шарттар негізінде оларды қарызға алуға қабілетті тұрғындар арасындағы өзара қатынастарды белгілейтін тетік. Кредит нарығы арқылы ақшалай капитал босатылатын кездегі ұдайы өндіріс үдерісінде экономика салаларының арасында қарызға алынатын капиталдың жинақталуы, бөлінуі, қайта бөлінуі жүзеге асырылады. Ол онда нарық арқылы ссудалық капитал түрінде жіберіледі, одан кейін кредиторға (банктарға және басқа кредиттік-қаржы институттарына) қайта қайтарылады. Кредит нарығының мәні онда қандай: меншікті немесе бөтен, шоғырланған ақша капиталы пайдаланылатынына, банкир тек меншікті капитал немесе тек одан депонированныого капитал арқылы өз ісін жүргізетініне байланысты болмайды.

Кредиторт мен қарыз алушы кредит нарығының негізгі қатысушылары болып табылады. Кредитор – ссуда беретін кредиттік мәміленің тарабы. Тауар өндірісінің бастапқы сатыларында ростовщиетер кредиторлар қызметін атқарды. Оның дамуымен банк мекемелері ақшалай кредиторлар ретінде шығатын болды. Ал тауарларды ссудаға тапрысу кезінде тауар өндірушілер кредитор болып табылады. Ссуда беру үшін кредитордың белгілі мөлшердегі қаражаты болу керек. Меншікті қор, ұдайы өндіріс үдерістің басқа субъектілерінен қайтару шартымен алынған ресурстар қаражат көзі бола алады. Қазіргі заманғы нарық шаруашылығы жағдайында кредит беруші банк ссуданы өзінің меншікті ресурстары есебінен ғана емес, сонымен бірге өзінің меншікті шоттарында сақталатын тартылған қаражат, сондай-ақ құнды қағаздарды орналастыру арқылы жұмылдырылған қаражат есебінен беруі мүмкін.

Қарыз алушы – кредит алушы және алынған ссуданы белгіленген мерзімде қайтаруға міндетті кредиттік қатынастардың тарабы. Өсімқорлық кезінде шағын шаруалар, қол өнер шеберлері, сондай-ақ ірі жер иелері немесе тіпті бай адамдар кредитті пайдаланатын. Кейіннен банктер пайда болғанда қарыз алушылар шоғырлана бастайды, олар үшін банктер ұжымдық кредитор болып табылады. Айырбастау сатысында пайда болып құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз ететін ссудалық мәміле нысанына ие болатын кредит кредит нарығының құралы болып табылады. Соңғысы кредиттің қозғалыс өзегі болып табылады.

Кредитті мақсатына (бағытына) қарай:


  • тұтынушылық;

  • өнеркәсіптік;

  • сауда;

  • ауылшаруашылық;

  • инвестициялық;

  • бюджеттік деп бөледі.

Қызмет ету саласына байланысты барлық экономика салаларының шаруашылық ететін субъектілеріне берілетін банк кредиттері екі түрлі бола алады:

  • негізгі қорлардың кеңейтілген ұдайы өндіріске қатысатын ссудалар;

- айналым қорларын ұйымдастыруға қатысатын, яғни өндіріс және білім беру саласына бағытталатын кредиттер.

Пайдалану мерзімдері бойынша кредиттер талап етілгенге дейін және жедел болып бөлінеді.

Жедел кредиттер:


  • қысқа мерзімді (бір жылға дейін);

  • орта мерзімді (бір жылдан үш жылға дейін);

  • ұзақ мерзімді (үш жылдан аса) болып бөлінеді.

Мөлшерлері бойынша кредиттер ірі, орташа және шағын болып бөлінеді. әр банк өзінің кредиттік салымдары көлемдеріне байланысты оларды дербес белгілейді. Мәселен, әлемдік тәжірибеде нормативтік тәртіпте коммерциялық банктер меншікті қаражаттың 3-5%-дан артатын кредит ретінде «ірі сатушы» түсінігін белгілейді.

Қамтамасыз етілуіне қарай кредиттерді қамтамасыз етілмеген (бланктік) және қамтамасыз етілген деп бөледі. Соңғылары:



  • кепілдікпен;

  • банк кепілдігімен;

  • сақтандырумен қамтамасыз етіледі.

Берілу тәсілі бойынша банк ссудалары өтемақылық және төлемақылық ссудалар деп бөлуге болады. Бірінші жағдайда кредит қарыз алушының есеп айырысу шотына соңғының тауар-материалдық құндылықтарға салынған меншікті қаражатын өтеу үшін, немесе шығынға жіберіледі. Екіншіде – банк ссудасы қарыз алушыға кредит берілетін іс-шаралар бойынша төлемге қатысты ұсынылған есеп айырысу-ақшалай құжаттарды төлеуге тікелей жіберіледі.

Банк кредитінің келесі нысандары болады:



  • жедел кредит – ол мерзімнің басында толықтай беріледі. Сондықтан ол бойынша пайыз барлық сомаға қатысты есептеледі, ал негізгі сома мерзімді жарналармен немесе мерзімнің соңында біржолғы төлеммен өтеледі. Қысқа мерзімді кредиттер, әдетте, бекітілген пайыздық мөлшерлеме бойынша, ал ұзақ мерзімді кредиттер – кез келген валютада өзгермелі (плавающий) беріледі.

  • Овердрафт бойынша кредит – бұл мерзімсіз кредит, онда қарыз алушы базалық мөлшерлемеден асатын пайызбен бірінші талап бойынша алуға және шарт талаптарына сәйкес күн сайын өтеуге мүмкіндігі бар. Овердрафт бойынша кредитті банк қарыз алушыны алдын ала хабардар етпей жоюы мүмкін;

  • Кредит желісін ашумен берілетін кредиттер – банктің міндеттемесі – шартта көрсетілген соманы қарыз алушының талабы бойынша ұсыну. Кредит желісі белгілі мерзімге ашылады да осы мерзім ішінде жойылмайды. Қажет болған жағдайда кредит желісін компаниялар қосымша қаржыландыру көзі ретінде пайдалануы мүмкін;

  • Қайта жаңартылатын кредит. Кредит желілері де, овердрафт та револьверлік кредит түрінде болуы мүмкін, онда қарыз алушы көрсетілген сома шегінде сомаларды үнемі пайдаланып, өтей алады. Сонымен бірге кредит белгіленген қарыз лимиті шегінде автоматты түрде ұсынылады және өтеледі:

  • Синдикатталған кредит. Дәстүрлі мерзімді банк кредиті туралы келісім банк пен шаруашылық ететін субъекті арасында жасалады, яғни оған екі тарап қатысады. Шаруашылық ететін субъекті мен банктар арасында (А, В,.. N) жеке кредиттік келісімдер жасалды. Дегенмен субъектіге ірі сома қажет болса немесе банк өзіне жоғарылатылған кредит тәуекелдерін алғысы келмесе, немесе шаруашылық ететін субъекті қаржыландыру кезінде тек бір банкқа ғана сене алмаса, синдикатталған кредиттер талап етіледі оған банктар тобы беретін кредиттер.

  • Ипотекалық кредит - банк сатып алынатын тұрғын үйді немесе жерді кепілдікке салып беретін орташа немесе ұзақ мерзімді кредит. Ипотекалық кредиттеу қаржы қызметтері нарығындағы қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың білі болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда жылжымайтын мүлік саласының мамандары ұзақ мерзімді ипотекалық кредиттеу жүйесін дамытуды байырғы «тұрғын үй мәселесін» шешудің барынша перспективті және жалғыз жолы деп есептейді.

Бүгінгі күні Қазақстанда тұрғындар халық тұтынатын тауарларды сатып алу үшін алатын тұтынушылық кредиттер нарығын барынша дамыған деуге болады, өйткені кейбір тұрмыстық техниканы, машинаны және басқа тауарларды бөліп, кезең-кезеңмен төлеу мүмкіндігімен сатып алу бүгінгі күні барынша қолайлы болып отыр. Сонымен қатар, қазір банктар пайыз мөлшерлемелерін елеулі төмендетіп, осындай кредиттерді алу рәсімін жеңілдетті, ол осы нарықтың даму қарқындарын күшейтуге әкеліп соқты.
Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет

1 Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі №461-ІІ "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңы (10.12.2008 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

2 Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2009.13.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

3. Исқақов. Қаржы нарықты және делдалдар Изд-во "Экономика",2008ж-295б

4. М.Искаков, Д. Т. Бохаев, Э. А. Рузиева.-Алматы:Экономика,2008ж.-295 б

5. Баймұратов. Қазақстан қаржы жүйесі. Изд-во "Экономика, 2010ж-78б

6 Банк iсi. Мақыш С.Б., Iлияс А.Ә. Оқу құралы — Алматы: Қазақ университетi, 2007 ж.

7 Хамитов Н.Н. Банковское дело. Курс лекций. Алматы. Экономика, 2007ж.


Қосымша әдебиет

10. Блеутаева К.Б. Қаржы: электронный учебник. - Алматы, Нұр-пресс -2010ж

11. Ильясов А.А., Мельников В.Д. Қаржы – 2008ж.

12. Сайттар: www.nationalbank.kz/, www.kase.kz/ ,www.rfca.gov.kz/,www.fingramota.kz/

Мерзiмдi басылымдар

13. ҚР Ұлттық банктiң статистикалық бюллетенi. Ұлттық банк басылымы, ай сайын.

14. Банки Казахстана. Қазақстан банктерi Ассоциациясының басылымы, ай сайын.

15. Ұлттық банк Жаршысы. Ұлттық банк басылымы, айына екi рет.

16. Экономнкалық шолу. Ұлттық банк басылымы, тоқсан сайын.

17. ҚазЭУ хабаршысы, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетiнiң мерзiмдi басылымы, тоқсан сайын (қазақша және орысша).

18. Альпари. Экономикалық зерттеу институтының ғылыми-практикалық, экономикалық мерзiмдi басылымы, ай сайын.
5 тақырып. Валюта нарығы және валюталық операциялар– 2 сағат.

Мазмұны:

Валюта нарығының түсінігі. Валюта нарығының функциялары. Валюта нарығы: түрлері және оның дамуындағы негізгі кезендер. Валюта нарығының дамуы. Валюта нарығының құрылымы.

Валюта нарығына қатысушылар. Валюта нарығының қаржылық құралдары. Валюта түсінігі. Ұлттық және шетелдік валюта. Резервтік валюта түсінігі. Еркін айырбасталаьын, ішінара айырбасталатын және айырбасталмайтын (жабық) валюта түсінігі.

Валюталық бағам түсінігі. Валюта бағамына әсер ететін факторлар. Қалқымалы валюта бағамы. Валюталық девальвация және ревальвация түсінігі.



Валютаның биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары. Биржадан тыс нарықтағы валютаны сату және сатып алу мәмілелері. Валюталық бағам және валюталық операция. Валютаға сұраныс пен ұсыныс. Валюта бағасына әсер етуші факторлар. Валютаға баға белгілеу және баға белгілеудің түрлері. Валюталық мәмілелер және оның түрлері. Жедел мәмілелер. Кассалық мәмілелер. Айырбас операциялары. Форвардтық валюталық операциялар. Шетел валютасының айырбасталуы (свопы). Валюталық опциондар.

Қазақстан Республикасындағы валюталық саясаттар мен реттеулер. Валюталық реттеудің әдістері мен түрлері. Қазақстандағы валюталық реттеудің негізгі бағыттары. Жаhандандыру жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат. Қазақстандағы валюталық режимді либерализациялау.

Валюталық нарық әртүрлі өзара әрекеттесуді қамтамасыз етуде қаржылық нарықтың маңызды бөлігі болып табылады.

Осы құрылым көмегімен валютаны сатушы мен тұтынушы арасында құқықтық және экономикалық қарым-қатынастар пайда болады және мәмілелерді келесі негізде:

- жекелік сауданың мәмілелері, банк сатып-алу кезінде тура клиентпен өзара әрекет жасауға;

- банкаралық сауданың көтерме мәмілелері, осы жағдайда валюталық брокер көмегімен екі банк өзара әрекет жасайды, нәтижесінде банкаралық нарық пайда болуға мүмкіндік береді.

Ұлттық валюталық жүйе өзімен ұлттық заңнамамен анықтайтын ұйым нысанында елдің валюталық қарым-қатынасын көрсетеді. Оны келесі негізгі элементтер:

- ұлттық валюталық бірлік;

- ресми валюталық резевтердің құрамы;

- валюталық курстың паритет валютасын және механизмін қалыптастыру;

- валюталар жайдайын қарау, валюталық шектеулер бар немесе жоқтығы;

- елдің ішкі есеп тәртібін;

- елдің валюталық қарым-қатынасын реттейтін ұлттық валюталық нарықтың тәртібі және алтын нарығы, ұлттық мекеменің мәртебісі көрсетеді.

Валюта – кез келген төлем құжаттары не ақшалық міндеттемелер, ұлттық ақшалық бірлікке және халықаралық есепте қолданылады. Ол заңдық төлем мемлекеттік шетелдік құралдарына сәйкестену болып табылатын, шетелдік, банкнот, қазыналық билеттер, тиын, түрінде болады. Әрбір мемлекетте елдің барлық қаржы-несиелік жүйесі басшылығын жүзеге асыратын, ақша шығаруға монополиялық құқығы болатын, коммерциялық банктердің міндеттемелік резервтерін және қаражатты уақытша сақтайтын орталық банктері болады. Валюталық нарықтың негізгі тауары - шетелдік валютада көрсетілген кез келген қаржылық талап. Қазақстанда бүгінгі күні валюталық нарық шетелдік валюталық операциялармен ғана шектелген.

Валюталық айырбастау – ол бір елдің валютасын екінші елдің валютасына айырбастау. Негізгі валюталық нарықтың қатысушыары – банктер, экспорттаушылар, трансұлттық компаниялар, қаржылық мекемелер, инвесторлар, үкіметтік агенттіктер, кәсіпорындар және жеке тұлғалар. Олардың барлығында валюталық нарықта ашық позициялардың қажеттілігін, әлемнің әр түрлі аудандарына инвестрлеу құралдарын және бір елден екінші елге сатып алу мүмкіндіктерін берулерін қосқанда әртүрлі талаптар бар.

Валюталық рынок халықаралық төлемдерді өткізу кезінде клиринг механизмін қамтамасыз етеді, ол шетелдік валютада депозиттер айналымы арқылы әрекет ететін басқа қаржы орталықтарында орналасқан банктерде сақталады.

Банктер валюталық рынокта келесі маңызды құралдармен:

- ақшаның мерзімсіз салымы телеграфтық немесе электорндық аударымды;

- банктік векселдерді ұсынуға;

- коммерциялық жолға пайдаланады.

Осы немесе басқа елдің валюталық курстық жағдайы барлық маңызды экономикалық факторларға: ақша айналымына, өндірістің өсу қарқынына, баға деңгейіне, өнімділік еңбегі деңгейіне және т.б. әсерін тигізеді. Валюталық курстың өзгеруі бір елдің басқа елге қарым-қатынасының бәсекелес қабілеттілігін жоғарлатады немесе төмендетеді.

Валюта курсына әсерін тигізген келесі негізгі факторларды:

- жалпы ұлттық өнімді;

- валюталық курс паритет бойынша сатып алу қажеттілігін;

- проценттік ставканың нақты деңгейін;

- инфляция;

- ірі өндірістің көрсеткішін;

- жұмыссыздықты белгіледі.

Валюталық курс өзімен екі ақша бірлігінің айырбастау ара қатынасын немесе баға ретінде бір ақша бірлігін байқатады, басқа елдің ақша бірлігінде байқалады.

Кез келген мемлекетте «валюта» ұғымы анықталған мағынада қолданылады, және статус бойынша келесі образда топтастырылады:

- ұлттық валюта – осы мемлекеттің ақша бірлігі;

- шетелдік – шетелдік мемлекеттің ақша бірлігі;

- резервтегілер – қандай да бір мемлекеттің ұлттық валютасы, халықаралық төлем резервінің қаражатын мәртебісі болуы.

Ұлттық валютаның қажеттілігі

Сондықтан барлық валюталардың критерииге топтауын мына топтарға бөлуге болады:

- емін-еркін айырбасталатын;

- аздап айырбасталатын;

- айырбасталмайтын.

Бір елдің валютасын басқа елдің валютасына тәуелділігін анықтау және валюталық нарық қатысушыларының арасында валютаны айырбастамай валюталық операцияларды жүзеге асыру мүмкін емес. Осыған ұқсас механизм валюта бағасын белгілеу арқылы жүзеге асырылады.

Валютаның бағасын белгілеу – елдер арасында курс валютасын анықтау, соның негізінде айырбастау үшін ұсынылған олардың ақша бірлік ара қатынасы белгіленеді. Осы ара қатынас валюталық нарықта сұраныс пен ұсыныс тәуелділігінде үздіксіз өзгереді.

Валюталық курс режимінде валюталар топтастырылады:

- валюталық паритет арқылы белгіленген курс;

- тұрақсыз курс;

- тұрақты валюта.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет