1.4 Генетикалық алгоритімнің ерекшеліктері Генетикалық алгоритм – тиімділеу есебін шешудің жаңа әдісі. Ерте заманнан бері осындай есепті шешудің екі жолы бар жергілікті градиентті және сұрыптау. Бұл әдістерде өзінің артықшылықтары мен ерекшеліктері бар.
Коммивояжер есебінің классикалық мысалында стандартты және генетикалық әдістердің артықшылығы мен кемшілігі қарастырайық (TSP-travelling salesman problem). Есеп бойынша берілген координат бойынша бірнеше қаланы айналып өтудің қысқа тұйық жолын табу керек. 30 қала үшін тиімді жол табу күрделі есеп болып табылады.
Шешімнің әрбір нұсқасы (30 қала үшін) j-орнын да j- қаланың нөмері тұратын сандық жол. Сол себепті бұл есепте 30 параметр бар.