Табигиндер



Pdf көрінісі
бет55/63
Дата14.12.2021
өлшемі2,79 Mb.
#100447
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   63
Байланысты:
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР

«
Талақ
»
 сүресі, 3-аят.
3 «Бақара» сүресі, 245-аят.
4 «Бақара» сүресі, 186-аят


 213 
болыңдар. Алланың әмірлерін орындап, тыйған нәрселерінен тый
-
ылыңдар. Күнә істерге жоламаңдар. Күнәһарлардың күнәсі үшін 
ризалық білдірмеңдер. Олардың ісін Аллаға тапсырыңдар. Қаласа 
– азаптайды, қаласа – ке шіреді. «Алла үшін сүйемін, Алла үшін 
күйемін. Мен Алланың разылығы үшін жақсы көремін, Одан қо
-
рыққандықтан бас тартамын» деп айтып, өзінің мәртебесін көтер
-
гісі келетіндерден аулақ болыңдар». 
Әбүл-Алияһ біліміне амалы сай уағызшы және жол көрсетуші 
болып қана қоймай, Алла жолында көп күрескен мүжәһидтердің 
бірі. Мүжәһидтермен бірге жорыққа шығып тұратын немесе олар
-
мен  бірге  шекараларды  қорғайтын.  Шамда  Византиялықтармен 
шайқасса, Мәуәра әннәһірде парсылармен шайқасқан. Сол елдерде 
тұңғыш рет азан шақырған кісі. 
Әли  мен  Мұғауияһ  арасында  қақтығыс  болғанда  Әбүл-Али
-
яһтың ерекше ұстанымы болды. Бұл жайында өзі былай дейді:
«Әли  мен  Мұғауияһ  арасында  жанжал  шығып,  соңы  екеуінің 
жақтастары арасындағы шайқасқа айналған шақта, мен жас әрі бай
-
салды жігіт едім. Шайқас дегенде ішкен асымды жерге қоюшы едім. 
Шайқас  болады  деген  жерге  сауыт-сайманмен  келдім.  Адамдар 
бір-біріне қарсы екі сап болып тұрды. Ұзын болғаны соншалықты, 
саптың соңы көрінбейді. Мына жақта «Аллау әкбар» деп ұрандата
-
ды, анау жақ та «Аллау әкбар» деп айқайлайды. Мыналар «Алладан 
басқа құдай жоқ» деп айқайласа, аналар да солай айқайлайды. Ақылға 
салып, өзіме: «Екі топтың қайсысын «кәфир» деп қылыш көтерейін, 
қайсысын «мұсылман» деп қатарларына қосылып, шайқасқа шығай
-
ын» деп тұр дым. Сосын екеуін де тастап кетіп қалдым!». 
Әбүл-Алияһ Пайғамбарымызбен (с.а.у.) кездесе ал мағаны үшін 
өмір бойы қайғырып өтті. Бұл қайғы сын сахабалармен тығыз қа
-
тынас жасау арқылы басып, оларды жанынан жақсы көріп, құрмет
-
теп, үнемі жандарында болып, сол арқылы өзін-өзі жұбататын еді.  
Бір күні оған Әнәс ибн Мәлик алма беріпті. Алған алманы сүйіп:
–  Алла  Елшісінің  (с.а.у.)  қолын  ұстаған  қолдан  алған  алма  – 
қандай бақытты алма, – деп балаша қуанған екен. 
Бір  күні  ол  Абдуллаһ  ибн  Аббастың  алдына  кіріпті.  Сол  кез
-
де Абдуллаһ ибн Аббас Әли ибн Әбу Талиб тарапынан Басраның 
әкімі  етіп  тағайындалған  болатын.  Абдуллаһ  оны  қошеметтеп 
күтіп алып, оң жағынан төрден орын беріпті. Мәжілісте отырған 


 214 
Құрайыш кө семдері өзара сыбырласып, ымдаса бастапты. Аббас 
олардың мына бір сыбырын естіп қалады:
– Көрдіңдер ме, Аббастың ұлы мына құлды қалай көтермелей
-
ді? 
Аббас оларға қарап:
– Білім деген абыройлыға абырой қосады, адам дардың алдында 
даңқты қылады, құлдарды көсем дерден жоғары отырғызады, – де
-
ген екен. 
Бір  жылы  Әбүл-Алияһ  Алла  жолында  шайқасқа
 
ат тануға  ниет  қылады.  Құрал-сайманын  сайлап,  Алла  жолында 
күресушілердің қатарына қосылуға бел буады. Бірақ өкінішке қа
-
рай, келеңсіз жағдай болды. Таңертең тұрса, бір аяғы қатты ауы
-
рады. Уақыт өтісімен ауру асқынып, шыдатпай қояды. Емші келіп 
тексеріп, аяғының іріңдеп шіри бастағанын, өте қауіпті дерт екенін 
айтады.
– Қандай ауру дейсің? – деп сұрады.
–  Түскен  жерінен  бастап  шірітеді.  Шірік  жоғары  қарай  кө
-
теріліп,  уақыт  өткен  сайын  бүкіл  денеңізге  тарай  береді,  –  деп, 
емші аяғын кесіп тастауға рұқсат сұрады. 
Емші етті кесуге пышақ, сүйекті кесуге ара алып келді. 
– Қаласаңыз, аяғыңызды кескенде, ауруды сездір мейтіндей етіп 
дәрі ішкізіп ұйытып тастайық, – деді. 
– Бұдан абзалы бар емес пе?! – деді ғұлама.
– Не ол? 
– Маған Құранды үздік оқитын қариды алып ке ліңдер. Алланың 
аяттарынан оқысын. Жүзім қы зарып, көзімнің қарашығы үлкейіп, 
көзім жоғары қа рағанда, қалағандарыңды істей беріңдер, – деді.
Бұйрығын орындап, аяғын кесіп тастайды. Есін жиғанда, одан 
емші:
– Аяғыңызды кескенін сезген де жоқсыз, – деп сұрады.
– Аллаға деген сүйіспеншілігім бойымды бал қытып, Алла кіта
-
бын естіп ләззат алып, аяғымды қалай кескенін де сезбедім, – деп, 
кесілген аяғын алып: – Раббым қиямет күнінде менен қырық жыл 
бойы сенімен харамға барғанымды, мүбах емес нәрселерді басқа
-
нымды сұраса, «жоқ» деп жауап беремін. Алла қаласа, айтқаным 
рас болып шығар, – деді. 


 215 
Әбүл-Алияһтың  тақуалығы,  ақырет  күнін  күтуі,  Раббысымен 
кездесуге  дайындалуы  өзіне  кебін  дайындап  жүретін  жағдайға 
дейін жеткізді. Кебін дайындап, оны айына бір рет киіп тұратын. 
Сап-сау болып жүрсе де он жеті рет өлер алдындағы өсиетін жа
-
зыпты.  Әрбір  өсиетке  уақыт  белгілейді  екен.  Уақыты  келгенде 
ашып оқиды екен. Өзгертеді немесе ауыстырып басқасын жазады 
не қол қояды екен. 
Ол  һижраның  93  жылының  Шәууәл  айында  көз 
 
жұм ды.  Раббысына  құр  қол,  таза  рухпен,  Жаратушы сының  мей
-
іріміне  сенімді,  Пайғамбарымен  (с.а.у.)  кездесуге  құштар  болып 
кетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет