АТА ИБН ӘБУ РАБАХ
«Білім арқылы Алла Тағаланың ризашылығын көз дей тін мына үш кісіден
басқа ешкімді көрмедім: Ата, Тауыс және Мүжәһид»
(Сәләмә ибн Күһәйл)
Мінеки, біз Һижраның 97 жылының зүлхижжәһ айының соңғы
он күндігінде тұрмыз... Әл-бәйт әл-атиқ
1
Алла үшін шартараптан
ағылған хажылар тол қынына оранған. Олардың бірі – жаяу, бірі – атты,
бірі – кәрі, бірі – жас, бірі – әйел, бірі – ер, бірі – қара, бірі – ақ, бірі
– араб, бірінің ұлты – басқа, бірі – мырза, бірі – жалшы...
Олар – адамдардың патшасына елжіреп, кемел мейрімінен үміт
етіп, Алланың шақыруына бас иіп келіп тұр.
Анау – Сүлеймен ибн Абдүлмәлик, (жер бетіндегі ең ұлығ пат
-
шалардың бірі, мұсылмандардың халифасы) жалаң аяқ, жалаң
бас, Қағбаны айналып, тауаф қылып жүр, үстінде бір изар мен жа
-
мылғыдан басқа түгі жоқ...
Оның мұндағы жағдайының бұқара халықтың жағдайынан тит
-
тей де айырмашылығы жоқ, Алла жо лындағы бауырлары болып
табылатын өзінің қара пайым халқының жайындай.
Оның соңынан ілесіп екі ұлы келеді. Екеуі де толған айдай
ажарлы, көрікті, раушан гү лінің жапырағындай балғын, сүйкімді.
Тауаф жасап болған халифа
2
өзінің қасына ер гендердің бірінен
«имамдарың қайда?» – деп сұрады. Ол: «Ана жақта намаз оқып
тұр» – деп, Харам ме шітінің батыс жағын нұсқады. Халифа және
1 Көне үй, яғни, Қағба.
2 Бізде «Халифа» деп қолданылып жүр, бірақ бұл сөз араб тілінің ережесі
бойынша бір үлгіде жазылып, екі үлгіде оқылады. Яғни, тә марбутаһпен бір
үлгіде
«
»
деп жазылады, бұл «Халифа», «Халифат» деп екі үлгіде оқылады.
Кітабымызда «Халифа» деп те қолданылады.
4
соңы нан ерген ұлдары ол нұсқаған жаққа қарай бет теді. Нөкер
-
лері кептелісті жеңілдетуге жол ашамыз деп әрекет қыла бергенде,
халифа: «Бұл – патшалар мен қара халықтың теңесетін жері. Еш
-
кімнің ешкімнен ар тық шылығы жоқ. Тек қана тақуалықпен ғана
дәре желер артады. Патшаларға қарағанда шашы өсіп, үстін шаң
басып, тер төгіп келген адамның Алла алдында істеген ғибадатта
-
ры қабыл болуы мүмкін», – деп тыйып тастады.
Өзі іздеген кісіге қарай жақындап та қалды. Имам ның рукүғ,
сәжделерге тереңінен батып, намазды жан- тәнімен беріліп оқып
жатқанын көрді.
Адамдар оның жан-жағына жиналып қалыпты. Ол балаларын
ертіп, жиналғандардың ең шетіне барып отырды. Құрайыштың
екі жігіті әмирүл-мүмининнің
1
арнайы келіп, қара халықпен бір
-
ге отырып, намаздан босауын күтіп отырған әлгі кісі кім екен деп
ойлай бас тады. Қараса, ол қап-қара, бұйра шашты, шоң мұрынды,
отырған кезде қара қарғадан аумайтын Хабаши
2
қарт екен. Сол кісі
намазын бітіргеннен кейін халифа отыр ған жаққа қисая бергенде,
Сүлеймен ибн Абдүлмәлик сәлем берді. Ол оның сәлемін ықы
-
ласпен алды. Осы кезде халифа оған жақындап, қажылық рәсім
-
дерін егжей-тегжейлі сұрай бастады. Ғалым да оның әр қойған
сұрағына көңіл аударып, әрбір мәселені толығымен түсіндіріп, жа
-
уап беріп отырды. Әрбір сөзін жүйемен са бақтап, саралап, артық
сөзге жол бермей жауап бер ді. Әрбір айтылған сөзді Алланың Ел
-
шісіне (с.а.у.) апарып тіреді. Халифаның сұрақтары таусылғанда,
алғысын айтып, балаларына: «Тұрыңдар», – деді. Сонан соң үшеуі
жүгіретін жерге кетті. Олар Сафа мен Мәруа арасында жүгіруге
бара жатқанда: «Осы тұрғыдан тек қана Ата ибн Әбу Рабах қана
адамдарға фәтуа береді. Ол болмаса, Абдуллаһ ибн Әбу Нәжих», –
деп жар салып жатқанын естіді. Ұлдары әкелеріне қарап:
– Әмирүл-мүмининнің қызметшілері Ата ибн Әбу Рабахтан
ғана фәтуа сұрауға жар салуда? Ал біз халифаға «патша» екен деп
көңіл де аудармаған, дұрыстап құрмет көрсетуді де білмейтін бір
кісіден барып фәтуа сұрадық, – деді.
– Сол көрген кісің, балам, алдында біз кішік болып тұрған – ол
Ата ибн Әбу Рабах, Харам мешітінің бас муфтиі, – деп, әкесі бала
-
1 Мүминдердің әміршісі, мұсылмандардың басшысы, биі, би леушісі.
2 Эфиопиялық.
5
сына жауап берді. Ол бұл ұлығ мансапты Абдуллаһ ибн Аббастан
мирас етіп алған. Балаларым, білім алыңдар! Білім кішікті ұлығ
қылады, надандықтан оятады, құлдарды патшалар мәртебесіне кө
-
тереді.
Ғалым жайында Сүлеймен балаларына айтқаны рас еді. Өйт
-
кені Ата ибн Әбу Рабах бала күнінде Меккеде тұратын бір әйелдің
иелігіндегі құл болатын. Алла Тағала эфиопиялық баланы келген
күннен бастап ғы лым жолына салды. Ол өз уақытын үшке бөлді:
өзін иеленуші ханымға, оның қызметіне беріліп тер төгуші еді.
Оның иелік құқығын, құлдық міндеттерін, әмірлерін бұлжытпай
орындайтын еді.
Екінші бөлігін өзінің негізгі Иесі Алла Тағалаға бөлген. Оған
таза әрі ықыласты пейілмен ғибадат қы лушы еді.
Уақытының үшінші бөлігін ғылым жолына арнады. Алла Ел
-
шісінің (с.а.у) өмірде қалған сахабаларынан білім алып, бұлақтай
саф ғылымды құштар көңілмен ала бастады.
Білімді Әбу Һурайраһтан, Абдуллаһ ибн Омардан, Абдуллаһ
ибн Әз-Зубәйрден және тағы басқа сол заманда өмір сүрген саха
-
балардан (Алла оларға разы болсын) алып, көкірегі ғылымға, Пай
-
ғамбар хадистеріне толды.
Меккелік ханым өзінің құлының Алла жолына беріліп, ғылымға
зер сала бастағанын сезгеннен кейін бар құқығынан бас тартып,
Құдай үшін, Ислам мен мұсылмандарға пайда келтірсін деп оны
құлдықтан босатты.
Сол күннен бастап Ата ибн Әбу Рабах Харам мешітінде өз бас
-
панасы сияқты тұрақтап, білім алу және білім беру жолында уақы
-
тын өткізетін болды. Қасиетті мешітті Алла Тағалаға құлшылық
ететін, намаз оқи тын жеріне айналдырды. Тіптен ол жайында та
-
рихшылар былай деп жазды: «Мешіт оған жиырма жылдай төсек
болды».
Ұлығ тәбиғин Ата ибн Әбу Рабах ғылымда үлкен жетістікке
жетті, білімі өте терең болатын. Оның ғы лымдағы деңгейі биік еді;
мұндай биік дәрежеге өз замандастарының санаулысы ғана жеткен
болатын. Мына бір риуаятта былай айтылады: «Ұлығ сахаба Абдул
-
лаһ ибн Омар (Алла оған және оның әкесіне разы болсын) Меккеге
умра жасауға келген екен. Сонда алдынан шыққан адамдар оған
дін және ғылым бойынша сауалдар беріп, фәтуа сұрай бастағанда,
ол: «О, Мекке тұрғындары! Араларыңда Ата ибн Әбу Рабах жүр.
6
Сіздердің маған сұрақ қойып жатқандарыңа таң қаламын», – деген
екен.
Ата ибн Әбу Рабахты дін мен ғылымда осындай биік шыңға
жеткізген оның бойына біткен екі сипаты еді: Біріншіден, ол өз
нәпсісін тыйып, пайдасыз нәрседен ләззат алуға жол бермейтін жі
-
герлі жан еді. Екіншіден, өз уақы тын бос сөз бен пайдасыз істерге
жұмсамай, уақытын тиімді пайда лана білді. Куфа ғұламаларының
бірі Мұхаммад ибн Суқа өзіне келген қонақтарға былай депті:
– Маған кезінде көп пайдасы тиген насихат сөзді сіздерге де
жарамды болар деген ниетпен айтып бергелі отырмын.
– Айтыңыз, – деді жамағат бір ауыздан.
– Бір күні маған Ата ибн Әбу Рабах былай деді: «Бауырым! Біз
-
ден бұрын өткендер артық сөзді жек көруші еді».
– Олардың ойынша, «артық сөз» деген не? – деп сұрадым.
– Олар Алла Тағаланың кітабын оқыту мен түсін діруден, Пай
-
ғамбардың (с.а.у) хадисін риуаят ету мен мағынасын ұқтырудан
және адамды Алла Тағалаға жақындататын ғылым мен өміріңе қа
-
жетті нәрседен басқа әңгіменің бәрін артық, бос сөз деп қарайтын,
– деді. Кейін маған тесіле қарап тұрып, былай деді:
– Құран аятында
Достарыңызбен бөлісу: |