ӘР-РАБИҒ ИБН ХУСӘЙМ
«Әй, Әбу Язид, сені Алланың Елшісі көрсе, сөзсіз,оған ұнар едің»
(Абдуллаһ ибн Масғұд)
Һиләл ибн Исаф (тәбиғиндердің бірі) қонағы Мүң зир Әс-Сәу
-
риге:
– Сені бір шәйхке алып барайын, бір сағат болса да иманды бо
-
лып қалайық.
– Жарайды, сенің ұстазың Әр-Рабиғ ибн Хусәйм мен кездесу
-
ге деген құштарлық оның иманының ауасында бір сағат болса да
өмір сүруге ынтық етіп, мені Куфаға алып келді, – деді Мүңзир.
Бірақ сен біздің оған баруымыз үшін рұқсат алдың ба? Сал ауруы
-
на шалдыққаннан кейін үйінен шықпай, тек Аллаға құлшылық
қылып, адамдарды қабылда май қойыпты деп естідік.
– Куфа оны танығалы бері сол қалпында, дерті оны өзгерте қой
-
ған жоқ.
– Жарайды. Сен сондай шәйхтердің табиғаттары қандай нәзік
екенін білесің ғой. Шәйхке барғанда сұрақ сұрауды өзіміз бастаға
-
нымыз дұрыс па, әлде бізге не айтқысы келгенін күтіп, үнсіз оты
-
рамыз ба?
– Әр-Рабиғ ибн Хусәйммен үнсіз бір жыл отырсаң
да, сөзді өзің бастамасаң, ол бастамайды. Өзің сұрама саң, өзі бас-
тап кеңес бермейді. Оның сөзі – зікір, үнсіз дігі – пікір.
– Құдай берекемізді берсін, шығайық, – деп, достар орында
-
рынан тұрды.
Шәйхтың алдына барғанда, сәлемдесіп:
– Таңды қалай атырдыңыз, ұстаз! – деп шәкірттер жағдайын
сұрады.
– Әлсіз, күнәһар күйімде рызығымды жеп атқыз дым. Өлімімді
күтіп отырмын, – деп жауап берді Әр-Рабиғ ибн Хусәйм.
27
– Куфаға бір білгір емші келіпті. Рұқсат етсеңіз шақырайын? –
деп сұрады Һиләл.
– Һиләл! Әр нәрсенің дауасы бар екенін білемін. Бірақ мен Ад,
Самуд, Рас қауымдары және бізден бұ рынғы өр кениеттер жайында
ойландым. Олардың мал дү ниеге ықы ластарының қалай болғанын,
жалған қы зық тарға батқан жайларын еске алдым. Олар бізден де
күшті әрі құдіретті болған. Олардың арасында дәрі герлер де бол
-
ды. Аурулар да болды. Қазір емші де, сол емделуші де қалмады.
Терең тыныс алып:
– Егер осы дерт болса, емделіп кетер едік.
Мүңзир рұқсат сұрап:
– Онда қай дертті айтып отырсыз? – деп сұрады.
– Дерт деп күнәларды айтып отырмын.
– Оған не шипа?
– Шипасы – кешірім сұрау.
– Еміне қалай қол жеткіземіз?
– Тәубе етіп, сол күнәға қайта аяқ баспау, – деп айтып, көзімізге
тесіле қарап: «Жасырын істер, сырлар адамдарға көрінбегенмен,
Аллаға айқын», – деді. Алладан емін сұраңдар.
– Олардың емі не? – деп сұрады Мүңзир.
– Қайта бармайтындай етіп шын тәубе жасау, – деп шәйх сақа
-
лы суланғанша жылады.
– Неге жылайсыз, сіз жақсы, тақуа адамсыз, – деп Мүңзир жұ
-
бата бергенде:
– Неге жыламайын. Ұлығ кісілердің заманында ұры сияқты
өмір сүрдім (Ұлығ кісілер деп сахабаларды айтып отыр), – деді.
Біз осылай тұрғанымызда шәйхтың ұлы кіріп келіп:
– Әке, сізге шешем жақсылап тәтті дайындапты. Сіз дің дәм
татуы ңызды сұрап жатыр, әкелейін бе? – деді.
– Әкел! – деп жауап берді әкесі. Баласы тамақты алып келуге
шығып кеткенде, есікті тоқылдатып қайыршы кірді. Үйдің дәлізіне
кіре берген қайыршының жыр тылған киімі, иегіне дейін жеткен
сілекейі мен қор қынышты ұсқыны ессіз, жынды кісі екеніне ай
-
ғақ боп тұрды. Көзімді қайыршыдан ала бергенімде үйге үлкен та
-
баққа салған тәттіні алып шәйхтың баласы кіріп келді. Оған шәйх
табақты қайыршының алдына қоюға бұйырды. Алдына қойған
28
табақты қайыршы кір қожалақ қолымен сілекейін ағызып, бас са
-
лып жей бас тады. Аштықтан көзі қарайған ол бес адамдық тәттіні
әп-сәтте толық жеп бітті. Баласы әкесіне қарап:
– Шешемнің күні бойы сізге деп жасаған тәттісінің бәрін өзі не
жеп жатқанын білмейтін бір кісіге бере салғаныңыз қалай? – деп
реніш білдірді.
– Балам! Ол не жегенін білмесе де, Алла көріп тұр, – деп Алла
-
ның мына сөзін қайталады:
Достарыңызбен бөлісу: |