сілкінген кезде, Раббың келіп, періштелер сапқа тұрған кезде,
сол күні тозақты алып келеді»
1
.
Әр-Рабиғ сөзін бітіріп жатқанда аср намазының азаны да ай
-
тылды. Баласына қарап: «Жүр, Аллаға шақырушыға жауап берей
-
ік», – деді. Баласы бізге кө мектесуді өтінді.
– Алла риза болсын, мешітке апаруға көмектесіп жіберіңіздер!
Көтеріп тұрғыздық. Оң қолын ұлының иығына, сол қолын менің
иығыма салып, көтеріп алып, ақырындап жүрдік. Мүңзир сонда:
– Әбу Язид! Алла үйіңізде оқуға рұқсат еткен ғой, – деді.
– Иә, солай, бірақ азаншы «құтылуға келіңдер» деп шақырып
тұрғанда, әркім еңбектеп жетсе де бару керек.
***
Әр-Рабиғ ибн Хусәйм деген кім?!
Ол – сахабалардан кейінгі буыннан шыққан ғалым дардың бірі.
Ғасырында тақуалықтың жоғары сатысына шыққан сегіз тақуаның
бірі. Түбі – араб. Яғни, арабтың мудар тайпасынан шыққан. Түп-та
-
мыры – Пайғамбар әулетінен, Пайғамбарымызбен (с.а.у.) Иляс
пен Мударда жалғасады. Бала күнінен бастап Аллаға құлшылық
қылумен, тақуалықпен өмір сүрді. Шешесі түнде жатып, таңертең
оянғанда балдырған баланың әлі михрабында намаз оқып, шын
көңілмен мінәжат қылып тұрғанын көретін. Анасы сонда: «Балам
Рабиғ, неге ұйықтамайсың?», – деп сұрайтын. Сонда Рабиғ:
– Түнде жаудың шабуылынан сескенетін адам қа лай ұйықтай
-
ды? – дейтін еді.
1 «Фәжір» сүресі, 21-23-аяттар.
30
Қартайған анасының көзі жасаурап, жақсылық болсын деп дұға
қылатын.
Ер жетіп, өркені өскенде, Әр-Рабиғтың өзімен бірге тақуалығы
да өсті. Оның тақуалығы және түн жамылып тұрып намаз оқуы
анасын ұйқыдан қалдырып, түрлі ойларға салды. Ол ұлын шақы
-
рып алып, былай дейтін:
– Балам! Саған не болды? Сен неге үлкен қылмыс қылғандай,
адам өлтіргендей қорқып жүрсің?
– Иә, мен кісі өлтірдім, – деп жауап берген екен ол. Сонда ше
-
шесі:
– Кімді өлтірдің, айтшы алдарынан өтейік, бәлкім, саған
кешірім берер, – деп зар жылайды. Өлген кісінің үй-іші сенің жы
-
лағаныңды, түн ұйқыңды бұзғаныңды білсе, кешірім беріп, саған
мейірім етер еді.
– Ешкімге айтушы болма! Негізінде, мен өзімді-өзім өлтірдім.
Күнәларымды өлтірдім, – деген екен.
***
Сын-сипаты жағынан Алланың Елшісіне ең жақын сахабалар
-
дың бірі – Абдуллаһ ибн Масғұдтың шәкірті болды. Әр-Рабиғ ұс
-
тазына анасына жабысқан баладай жабысты. Ұстазы да шәкіртін
жалғызын сүйген әкедей жақсы көрді.
Оның ұстазына жақындығы соншалықты, саха баның үйіне рұқ
-
сатсыз кіріп жүретін. Әр-Рабиғ шық қанша ибн Масғұд ешкімнің
кіруіне рұқсат етпейтін. Абдуллаһ ибн Масғұд Әр-Рабиғтен жа
-
нының таза лығын, ниетінің ықыластылығын, ғибадаттарының ке -
мелдігін байқап, жүрегінде Пайғамбар (с.а.у.) дәуі рінде өмір сүр
-
мегеніне, Оның сахабасы бол мағанына қатты өкініш бар екенін
сезетін.
Сондықтан бір күні оған былай деді:
– Ей, Әбу Язид! Алланың Елшісі (с.а.у.) сені көрсе, сүйер еді.
Сені көргенімде Құранда айтылған Алладан қорқатындардың бей
-
несін көргендей боламын.
Абдуллаһ ибн Масғұдтың бұл сөзі асырып айтылған сөз емес
еді. Өз замандастары ішінде Құдайдан қорқуы, тақуалығы жағынан
Әр-Рабиғ ибн Хусәймге жететіні кем де кем. Ол жайында тарих
кітаптарында жазылған, әлі күнге дейін айтылып жүрген оқиғалар
31
да бар. Осы арада жолдастарының бірі жеткізген мына оқиғаны
айтуға болады:
Әр-Рабиғ ибн Хусәйммен 20 жыл дос болдым. Сөзін Құранның
мына аятынан бастаушы еді:
Достарыңызбен бөлісу: |