Табигиндер


«Мен күйзелісімді де күйінішімді де Аллаға ғана шағамын»



Pdf көрінісі
бет16/63
Дата14.12.2021
өлшемі2,79 Mb.
#100447
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63
Байланысты:
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР, 7а тест
«Мен күйзелісімді де күйінішімді де Аллаға ғана шағамын»
1
1
 
1 «Юсуф» сүресі, 86-аят. 


 59 
– Басыңа қандай күн туса да, нендей бәле келсе де, Алла Таға
-
лаға шағымдан. Қайғыңды Аллаға айт. Ол – ең Жомарт, ең Мей
-
ірімді. 
Бір кісінің біреуден керегін сұрап тұрғанын көр генде оған:
–  Бауырым!  Біреу  мұқтаждығын  адамнан  сұраса,  оған  құл
-
дығын,  тәуелділігін  ұсынған  болады.  Оның  сұрағанын  бергені  – 
оны құл қылғаны. Егер бермесе, екеуі де қор болады. Бермеген – 
сараңдықтан, сұраған – шарасыздықтан. Сұрасаң, Алладан сұра, 
Алланың рұқсатынсыз өзгеріс, күш-қуат және жәрдем жоқ. 
Куфада сүзек ауруы шыққан кезде, Шурайхтің бір досы Нәжәф 
қаласына  жұқпалы  аурудан  қорқып  қашып  кетіпті.
1
  Сонда  оған 
Шурайх былай деп хат жазыпты: 
Сен  тастап  кеткен  жер  өліміңді  жақындатпайды,  өміріңді 
қысқартпайды.  Ал  барған  жерің  –  өтініш тің  көптігімен  дәрмен
-
сіздікке  ұшырамайтын,  біреудің  қаш қанын  байқамай  қалмайтын 
Құдайдың қолында. Біз де, сен де бәріміз бір Иенің қолындамыз. 
Нәжәф қаласы да Құдіреттінің қаһарына жақын. 
Сонымен қатар, Шурайх өлеңді түсінікті, тілге жеңіл және түр
-
лі тақырыптарда жазатын ақын еді. 
Оның  он  жастағы бір ұлы ойынға  жақын, уақытын босқа өт
-
кізетін өте ерке бала болыпты. Бір күні са бағынан қашып, ит тө
-
белесін көруге кетіп қалыпты. Үйге оралғанда одан: «Намаз оқы
-
дың ба?», – деп сұрапты. Ұлы намаз оқымағанын айтқаннан кейін, 
қалам  мен  қағаз  алып,  баласының  тәрбиешісіне  былай  деп  өлең 
жазыпты:
Ит төбелестіремін деп ,
Тастады намазын ол.
Бұны кім айтты деп
Келеді саған ол.
Сол кезде сен оны 
Мейлің жазғыр, мейлің уағызда.
Әйтеуір, қалайда сен,
Тапқыр тәрбиешідей жөнге сал.
Қажеті болса, үш рет дүре соқ,
Қамап та қой.
1 Пайғамбар дәстүрі бойынша оба шыққан ауылдан кетуге немесе басқаларды 
кіргізуге болмайды, қазіргі карантин.


 60 
Осы істерге қиналсам да, сен мен үшін құрметтісің.
Ақ  пен  қараны  ажыратып,  халық  арасында  әділ дік  орнатқан 
ғұламаға Исламдағы сот үлгісін, қазылық негізін қалағаны үшін 
Алла разы болсын! Оның еңбектері, салған жолы осы күнге дей
-
ін мұсылмандарға және олардың әділет жолындағы төрешілеріне 
жол  сілтер  шамшырақ  болып  келеді.  Оның  Алланың  Ел шісінің 
сүннетін түсіну нұрымен олар тура жолда келеді. Қиямет күнін
-
де осындай адамдар басқа Пайғамбарлардың үмметтеріне мақта
-
нышпен  айтылады.  Қазы  Шурайхты  Алла  мейріміне  алсын.  Ал
-
пыс жыл бойы әділет орнатты. Ешкімнен қорықпады. Ақиқаттан 
ауытқымады. Хан мен қара деп айырмады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет