«Міне, көрдің бе? Біз оларды ұзақ жылдар бойы игіліктер-
ге кенелттік, сонсоң өзіміз ескерткен жа замызға душар еттік.
Сонда олардың игіліктері араша бола алмай қалды ғой»
1
.
Оның осы аятты қайта-қайта оқып, еңіреп жылап тұрғанын
көрдім. Көз жасы төгілген кезде, жүрек тамырлары үзіліп кетердей
еді. Аятты бітіріп қайта оқиды. Тағы да жылайды. Бұлай ете бер
-
се, қорқыныштан жүрегі жарылып кетер деп, ұйқыдан оянғанда
оқитын дұғаны «Алладан басқа құдай жоқ. Аллаға мадақ» деп да
-
уыстап тұра бердім. Сонда ол оянғанымды біліп, түк болмағандай
сабырлы үнімен намазын жалғастыра берді.
1 Шұғара» сүресі, 205-207-аяттар.
43
Омар (р.а.) ұрпағы өз дәуірінде өмір сүрген көпте ген ғалымдар
-
дан білім алып, Құран ғылымын терең мең герді. Пайғамбар (с.а.у.)
хадистерін жаттап, риуаяттарды толық игерді. Жасының кішілігіне
қарамай, дін ғылымдары бойынша өз заманында өмір сүрген Шам
елінің ғұламалары қатарына қосылды. Омар ибн Абдүләзиз Шам
елінің қарилары мен ғұламаларын жинап алып:
– Біздің әулетіміздің мүшелері жасаған зұлым дық тарды қара
-
стырайын деп шақырып отырмын. Не айтасыздар? – деді халифа.
– Ол зұлымдықтар сенің дәуіріңде болмаған дықтан, тартып
алынған мал-мүліктің күнәсін солар көтереді. Халифа олардың ай
-
тқанына қанағаттанбады. Соны сезген басқаша ойда болған ғалым:
– Әмирүл-мүминин, Абдүлмәликті шақырт. Ол білімде,
ғылымда және ой-пікірде бізден де асып түседі. Абдүлмәлик кіріп
келгенде, Омар оған:
– Көкеміздің ұлдары тартып алған мал-мүліктер жайында не
айтасың? Қазір адамдар келіп дүниелерін қайтарып беруді сұрап
жүр. Олардың арыздары дұрыс екенін, қайтарып алуға қақылары
бар екенін бәріміз білеміз.
– Жағдайды нақты білсеңіз, қайтарып беруіңіз керек. Қайтарып
бермеген жағдайда, сіз зұлымдық пен алғандардың ісіне серіктес
болып саналасыз, – деді халифаның ұлы. Енді ол неше күннен бері
толған дырып, мазасын алған күдіктен біржола құтылғанын сезін
-
ді.
Ол жігіт Шам елінің шекарасына жақын жатқан қалаларда
тұруды жөн көрді. Әсем бақтары мен кө леңкелі көшелері бар жеті
өзенді Дамашық қаласы нан шекараға көшіп кетті.
Әкесі оның тақуа әрі сӘлих екенін білгенімен, оны шайтан азғы
-
рып, жолдан тайып кетер деп қатты қорқатын, бозбалашылықтың
қызықтарына салынып жүрер деп жаны ашып, ол жайында барлық
нәрсені біліп отыратын. Үнемі ол жайында хабардар болып, ұлын
бір сәт көкейінен шығарған емес.
Омар ибн Абдүләзиздің кеңесшісі әрі уәзірі, қазы Мәймун ибн
Мәһран былай дейді:
Халифаның алдына кіргенімде, оның Абдүлмәлик ке хат жазып
отырғанын көрдім. Көзім түсіп кеткенде, оқығаным:
«Сенен артық менің сөзімді түсінетін, сезінетін жан жоқ. Алла
Тағала, Оған – мадақ, үлкен-кіші іс тердің бәрінде мейрімділік жа
-
44
сады. Алланың саған және әке-шешеңе берген артықшылықта
-
рын ойла. Кө кірек көтеруден және мақтанпаз болудан сақтан. Ол
– шайтанның ісі. Иблис – иман келтірушілердің анық дұш паны.
Сен жайында тек қана жақсылық естіп кел дім. Бірақ мына бір ха
-
барды естігеннен кейін хат жазып отырмын. Сен туралы өзін жоға
-
ры ұстайды дегенді естідім. Егер осы айтып жүргендері рас болып
шықса, менен жақсылық күтпе».
Кейін Омар маған қарап:
– Мәймун! Мына менің балам Абдүлмәликті адамдар мақтай
бергеннен кейін, менің көзіме мінсіз жандай көрініп кетті. Оның
айыбын көруден махрум қалдым деп өзімді кінәлап отырмын.
«Әкенің балаға деген сүйіспеншілігі бала кемшілігін көре алмай
-
тындай етіп соқыр қылады» деген дерт маған да келген сияқты.
Барып, оның жағдайын біл. Көкірек керу немесе мақтану сияқты
менмендік сипаттары бар ма, анық-қанығын біл. Ол әлі жас, шай
-
танның алдауына түсіп жүрмесін.
Тездетіп жолға шығып, Абдүлмәликті көруге бардым. Рұқсат
сұрап оған кірдім. Өмірінің көктемін де тұрған жас шыбықтай
келісті, кішіпейіл бозбала қылдан жасалған кілемге төселген ақ
көрпеде отыр. Менің келгеніме қуанып, қошеметтеп төрге шыға
-
рып:
– Әкемнің сіз жайында, әсіресе өзіңізге тән сипат тарыңызды үнемі
айтып отыратынын еститінмін. Жақ сылығыңыз арта берсін, – деді.
– Жағдайың қалай?
– Аллаға шүкір, жақсы. Бірақ әкемнің маған деген жақсы көзқа
-
расы менің көкірек көтеруіме себеп болды ма деп қорқамын. Мен
әлі сондай жоғары деңгейге жете қоймадым. Оның маған деген ма
-
хаббаты менің кемшіліктерімді көруге кедергі болды ма деп қорқа
-
мын. Осы істеріммен басына туған бәле болмасам болды. Олардың
өзара келісіп алғандай ойлары бір жерден шыққанына таң қалдым.
– Қалай күн көріп жүрсің?
– Бір кісіден әкесінен қалған жерді сатып алдым. Сол жердің
өнімін сатып күн көріп жүрмін. Жерді сатып алуға кеткен ақша –
таза, ешқандай күмән жоқ. Мұ сылмандардың қазынасынан бөлін
-
ген ақшаның ке регі болмай қалды.
– Қандай тамақ жеп жүрсің?
– Кейде ет, кейде жасымық пен май, кейде сірке суы мен май.
Осы жеткілікті.
45
– Қай қасиетіңді артық санап, өзіңді елден жоғары ұстап жүр
-
сің?
– Осыған ұқсас нәрсе болған. Әкем уағыз айтып, бі реуден ар
-
тықпын деп, көкірек көтерудің ағаттық бо латынын ұғындырған
-
нан кейін, өзімнің қателігіме көзім жетті. Алла Тағала маған әкем
арқылы пайдасын тигізді. Әкеме Алла разы болсын.
Бір сағаттай отырып онымен сұхбаттастым. Оның ойлау жүй
-
есіне, ақыл-парасатына көңілім толды. Нұр лы жүзіне көзің той
-
майды. Өзі жас әрі тәжірибесі аз болғанымен, ақыл-ойға – бай, әрі
кішіпейіл екен. Күн батқан уақытта құлдарының бірі келіп:
– Алла тура жолға салсын! Босаттық, – деді. Мен де түсінбей:
– Нені босатыпты? – деп сұрадым.
– Моншаны.
– Қалайша?
– Мен үшін адамдардан босатыпты.
– Осы сөзді естігенге дейін саған көңілім толып отыр еді, –
дедім. Ол шошып кетіп: «Біз Алланың құ лымыз, Оған қайтамыз»
– деді. Сонан соң:
– Алла мейірім қылсын! Бұлай істесе несі бар, аға? – деп сұра
-
ды.
– Монша сенікі ме?
– Жоқ.
– Онда адамдарды неге моншадан қуасың? Мұнда сен өзіңді
олардан жоғары ұстап, оларды – бір төбе, өзіңді бір төбе қылғаның
ба? Оның үстіне күн сайын түсетін пайдасына залал келтіресің,
келген адамдарды моншасыз қайтарасың.
– Моншаның иесіне толық күндік пайдасын беріп, риза қыла
-
мын.
– Бұл – күпірлік араласқан ысырап. Адамдармен бірге неге мон
-
шаға түспейсің?
– Олармен бірге түспеуіме себеп – кейбір әдепсіз адамдар ора
-
малсыз кіреді, әурет жерлерін жаппайды. Оларға әуреттеріңді
жауып жүріңдер деп айтсаң, «Саған біздің әуреттерімізді жабуға
хұқық беріліп пе еді?» деп өзіңді мазақ қылады. Алла Тағала мені
осы бір ыңғайсыз жағдайдан құтқарсын. Маған пайдалы уағыз ай
-
тып, осы істе кеңес беріңіз!
46
– Түн қараңғылығы түсіп кетсе де, адамдардың моншадан
шыққанын күт. Бәрі үйіне тарасымен, моншаға түс.
– Солай істеуге сөз берейін. Бүгіннен бастап күндіз моншаға
кірмейтін боламын. Осы елдің қақаған суығы болмаса, тіптен мон
-
шаға аяқ баспас едім.
Сонан соң, біраз төмен қарап ойланып тұрды да:
– Осы жағдайды қайталамасқа ант ішемін. Әкемнің маған ашу
-
ланғанын көргім келмейді. Маған ашулы жүріп өмірден өтіп кетсе
не болады?!
Мен оның түпкі ойын білгім келіп, былай деп сұрадым:
– Әмирүл-мүминин менен сенің жа ғымсыз әрекетің жайында
сұраса, өтірік айтқанымды қалайсың ба?
– Жоқ, Алла сақтасын. Бірақ былай деп айтыңыз. Бір жаман іске
куә болдым. Мұның үлкен күнә екенін түсіндіріп, уағыз айттым.
Ол күнәсін тез арада жуып-шаюға, қайталамауға сөз берді. Егер
одан бір нәрсе жасырсаңыз, ол қалай болғанда да жасырған жайды
білгісі келеді. Ал шындықты айтсаңыз, Алла Тағала оны жасырған
нәрсені қазбалаудан сақтайды.
Осындай әке, осындай баланы еш жерде, ешқашан көрген
емеспін.
***
Мұсылмандарды әділ билеген халифалардың бе сіншісі Омар
ибн Абдүләзиз бен оның көзінің қара шығындай болған ұлына
Алла Тағала разы болсын. Ең Биік Досқа (Аллаға) кездескенде
саламат болсын. Ізгі жақсылармен бірге қайта тірілгенде бейбіт
болсын.
|