Табигиндер


ИЯС ИБН МҰҒАУИЯҺ ӘЛ-МҮЗӘНИЙ



Pdf көрінісі
бет11/63
Дата14.12.2021
өлшемі2,79 Mb.
#100447
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63
Байланысты:
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР

ИЯС ИБН МҰҒАУИЯҺ ӘЛ-МҮЗӘНИЙ
 
«Амрдың ержүректігін, Хатимнің кешірімділігін, Әх нәф  тің биязылығын, 
Иястің парасаттылығын қараңыз шы»
(Әбу Тәмәм)
Сол түні Халифа  Омар ибн Абдүләзиз жүрегі тыншымай, басы
-
на мың сан ойлар келіп, қас қақпай қараң ғы түнді ұйқысыз өткізіп 
шықты. Дамашықтың суық түнінде толғанып отырды. Басра қала
-
сына әділет таразысын орнататын, Алла Тағаладан түскен әмірлер-
мен үкім шығарып, қазылық еткенде қорқақтық таны тып немесе 
пайда  көздеп  әділетсіздікке  жол  бермей тін  әділетті  қазы  сайлау 
жайын ойланып отырған. 
Екі бірдей ғалымға тоқталған еді. Олардың бірін таңдау қиынға 
соқты. Екеуі де дін ғылымында, шын шылдықта, парасаттылықта, 
кез-келген  мәселені  те рең  түсінуде  теңдей  еді.  Екі  үміткердің 
біріншісін  екін  
 
шісінен  асып  түсіретін  артықшылық  табылғанда, 
екіншісінен  де  бойынан  біріншісімен  теңестірер  сипат  табылып 
отырды. 
Таң атысымен Дамашықта жүрген Басраның әкімі Ади ибн Ар
-
таны шақыртты. 
– Ади! Басра қазылығы бойынша Ияс ибн Мұғауияһ Әл-Мүзә
-
ний  мен  Әл-Қасим  ибн  Рабиғаһ  Әл-Харисиды  шақырып  сөйлес, 
екеуінің бірін тағайында, – деп әмір етті.
Ияс пен Әл-Қасимды шақырып, Басра әкімі оларға:
– Әмирүл-мүминин маған біріңізді Басраға қазы ретінде тағай
-
ындауға бұй рық берді. Бұл жөнінде не айтасыздар? 
Бұл сөзге екі ғалым да бірін-бірі асыра мақтап, «мынау менен 
ар тық» деп жамыраса кетті. Мә шә Алла! Бір-бірінің білімін, тақу
-
алығын және әділеттігін жеткізді. 


 33 
– Осы мәселені шешпей бұл жерден кетпейсіздер, – деді әкім. 
Сонда Ияс оған:
– Бізді ажырата алатын – Ирактың екі ғалымы Хасан Әл-Басри 
мен Мұхаммед ибн Сирин. Солармен ақылдасыңыз, – деді.
Әл-Қасим  ол  екеуіне  барып,  жолығып  тұратын.  Ал  Ияспен 
олардың ешқандай қарым-қатынасы жоқ еді. 
Әкім ол екеуімен ақылдасатын болса, өзін ұсына тынын, Иястың 
осылайша  қазылыққа  өзін  тағайындат қызатынын  сезген  Әл-Қа
-
сим, дереу әміршінің ойын өзгертуге тырысты:
– Мен жайында да, бұл жайында да ешкімнен сұ рама. Жалғыз 
Алланың атымен ант етейін! Ияс – Раббымыздың дінінде менен де 
білгір, қазылықта данышпан. Ішкен антым жалған болып шықса, 
онда мені өтірік айтқаным үшін қазылыққа тағайындай алмайтын 
боласың, – деді. Егер рас болса, онда артықтан кемге ауытқымай
-
тын шығарсың. Сонда Ияс әкімге қарап:
–  Әкім!  Сен  бір  кісіні  қазылық  қылуға  шақырып  алдың.  То
-
зақтың  құзына  апарып  қойдың,  ол  өтірік  ант пен  өзін  тозақтан 
құтқарып алды. Жуық арада өзі қорқатын нәрседен құтылып, Ал
-
ладан кешірім сұ райын деп тұр. Сонда Ади оған былай деді:
– Осылай түсіне білген адам қазылыққа құқылы, нағыз қазы, – 
деп, оны Басраға қазы етіп тағайындады. 
* * *
Омар  ибн  Абдүләзиз  Басрадағы  өзінің  қазысы  етіп  тағайын
-
даған  тақуа  кім  еді?  Даналығы,  білімі  және  өткірлігі  жайын
-
да ел арасында көп сөз тарап, Хатим Әт-Таи сияқты аты аңызға 
айналған  ғалым  кім  еді?  Әл-Әхнәф  ибн  Қайстың  ақылы,  Амр 
ибн  Мағди  Карибтың
1
 
батырлығы  сияқты  алғыр  ақылымен  та
-
нылды.  Тіптен  Әбу  Тәммам  –  Ахмад  ибн  Әл-Мұғтасыймды 
мақтағанда: «Амрдың ержүректігін, Хатимнің кешірімділігін, Әх-
 
нәф тің биязылығын, Иястің парасаттылығын қараңыз шы» деп ай
-
тқан екен. 
Бұл кісінің өмір жолын басынан бастап баяндайық. Оның ерек
-
ше қызық өмірбаяны – сирек кездесетін тамаша хикаялардың бірі. 
Ияс ибн Мұғауияһ ибн Құрра Әл-Мүзәний Һиж раның 46 жылы 
Нәжід аумағында Ямама деген жерде өмірге келді. Отбасымен бір
-
1 Арабтардың аты аңызға айналған ержүрек батыры. Қадисияда қаза тапқан.


 34 
ге Басраға көшіп, сонда өсіп, білім алды. Жас кезінде Дамашық 
қаласына келіп тұратын еді. Өз заманында өмір сүрген сахабалар 
мен ірі табиғиндерден білім алып, хадис риуаят етті. 
Оның алғырлығы мен өткірлігі бала күннен-ақ белгілі болды. 
Жас бала болса да оның ерекше қа сиеттері халық арасында аңызға 
айналды. 
Өзі  айтқан  риуаят  бойынша,  ол  еврей  кісінің  мек тебінде  ма
-
тематиканы оқып жүрген кезде, бір күні еврей мұғалімнің доста
-
ры жиналып, діни мәселелерді әңгіме қылып отыр екен. Мұның 
тыңдап отырғанында аналардың ісі жоқ. Мұғалім достарына: 
– Мұсылмандарға таң қаламын. Жәннатта жеген нәрселер тысқа 
шықпайды деп айтады екен, деді. Ияс оған қарап:
– Талқылап отырған жайға қатысты мен де бір сөз айтсам, рұқ
-
сат етесіз бе? – деп сұрады.
– Иә, айта бер!
– Қоректенген нәрсенің бәрі адам денесінен шығып кете ме?
– Жоқ.
– Шықпаған нәрсе қайда кетеді? – деді жас бала.
– Денеге тарап, қуатқа айналады, – деп жауап берді.
–  Онда,  бұл  дүниеде  ішкен-жегенің  денеге  жартылай  тарап, 
күш-қуатқа айналса, сіздер қалай жәннатта ішкен-жегеннің бәрінің 
денеге тарайтынын жоққа шығарасыздар? 
– Қарғыс атсын қыршынды, – деп қолын бір сілтеді мұғалім. 
Жыл  өткен  сайын  оның  зеректігі  жайындағы  әңгіме  көбейе 
берді.
Әлі аузынан сүті кеппеген бала Дамашыққа барып, сонда үлкен 
кісімен бір нәрсеге дауласып қалады. Оны көндіре алмағаннан кей
-
ін қазыға алып келіпті. 
Қазының алдында қызбалыққа салынып, дауыс көтеріп сөйлей
-
ді. Сонда қазы одан ақырын сөйлеуге бұйырады. 
– Дауласып отырғаның – жасы үлкен кісі, ақырын сөйле, – дейді 
қазы.
– Бірақ ақиқат одан да үлкен, – деп жауап береді бала. 
– Сөйлеме, тыныш, – деп жекиді қазы.
– Мен сөйлемесем менің қақымды қорғап кім сөйлейді. 
Қатты ашуланып кеткен қазы:


 35 
– Қазы мәжілісіне кіргеннен бері айтқандарың ның ешқайсысы
-
ның шындыққа жанасып тұрғанын көріп тұр ған жоқпын, – дейді.
– Алладан басқа құдай жоқ, ол жалғыз, серігі жоқ. Бұл сөзім 
шындық па әлде өтірік пе?
– О, Алла, рас, ақиқат, – деп тынған екен.
* * *
Мүзәний тайпасының бір жігіті өмірін білім жолы на арнайды. 
Алланың рұқсат еткен білімін толығымен  меңгергені сондай, тіп
-
тен ұстаздардың өзі оны мойындап, жасына қарамай сұрақ сұрап, 
шәкірттеріне айналды. 
Бір жылы халифа боларынан бір жыл бұрын Аб дүлмәлик ибн 
Мәруан Басраға келіп, сонда артында шапан киген ақ сақалды төрт 
бірдей шал ұйып тұрған, сақал-мұрты өсіп үлгермеген жап-жас жі
-
гітті көріп, ана ақсақалдарға:
– Мына шалдардан садаға кетейін. Жас баланы соншама әспет
-
теп  алдарына  шығаратындай  араларында  ақсақал  құрып  қалған 
ба? – деді.
Сонан соң Иясқа қарап:
– Жасың қаншада? – деп сұрайды.
– Жасым, өмірің ұзақ болғай, әмір, Әбу Бәкір мен Омар тұрған
-
да Пайғамбарымыз (с.а.у.) әскерге бас шы лық жасауға әмір берген 
кездегі Усама ибн Зәйдтің жасындамын, – деп жауап береді.
– Талабың өрге жүзсін, жас жігіт! Алла береке бер сін саған, – 
деп тілек білдірген екен сонда болашақ халифа.
* * *
Бір жылы ансари
1
 сахаба лар дың бірі Әнәс ибн Мә ликпен бірге 
адамдар Рамазан айының туғанын көру үшін шығады. Ұлығ саха
-
баның жүзден асып қартайған шағы еді. Сонда Әнәс ибн Мәлик 
(Алла разы болсын): «Міне, ай туыпты, көріп тұрмын» деп, жұрт
-
ты таң қалдырады. Қалғандар аспанға қанша қараса да, айды көре 
алмайды. Оларға Әнәс ибн Мәлик айдың туғанын, Рамазан айы
-
ның басталғанын тағы да айтады. Жинал ған жұрт одан: «Қайдан 
көріп тұрсыз?» деп сұрайды. «Міне, мынау тұрған ай емес пе? – 
деп ол да қоймайды. Сонда Ияс оның көзінде қыл тұрғанын көріп, 
1 Меккеге көшіп келген мұсыл мандарды күтіп алған мәдинелік сахабалар.


 36 
рұқсат  сұрап  ақырындап  алып  тастап,  «енді  айды  көріп  тұр сыз 
 
ба?», – деп сұрайды. Әнәс ибн Мәлик:
– Жоқ, қазір көріп тұрған жоқпын деп, – айтқан екен. 
Оның зеректігі жұртты таң қалдырып, білімі шартарапқа тара
-
ды. Оны іздеп мұсылман әлемінің түпкір-түпкірінен білім іздеген
-
дерде есеп болмады. Тіпті оның зеректігіне сенбей, пікір таласты
-
руға келгендер де болды.
Солардың бірі парсының диқаны оған:
– Уәйланың әкесі! Осы адамды мас қылатын ішім діктер жай
-
ында не айтасың? Оның харам қылынуы неде? Ол тек қана отқа 
қайнатылған, ашытылған жеміс пен су ғана емес пе? Ондағы су да, 
жеміс те мұбах
1
 
қой.
– Айтып болдың ба, диқаншы, әлде тағы да айтар сөзің бар ма?
– Жоқ, осы ғана.
– Онда жақсылап тыңда. Алақаныма су толтырып алып ұрсам, 
саған зақым келтіре ме?
– Жоқ.
– Бір уыс топырақпен ұрсам, бір жеріңді ауырта ма?
– Жоқ.
– Бір уыс сабан алып ұрсам ше?
– Жоқ.
– Топырақ, сабан және суды араластырып, жақсы лап илеп, кей
-
ін күнге кептіріп, қатқан кезде ұрсам, зақым келтіре ме?
– Иә, тіптен өлтіріп қоюың мүмкін.
– Арақ та сондай. Құрамына қажетті нәрселерді жинап, ашыт
-
саң, харам болады. 
Қазылық  ісіне  кіріскен  кезде  оның  аса  зеректігі  мен  тапқыр
-
лығын дәлелдейтін жағдайлар көп болды. Тез арада шындықтың 
бетін аша білді. 
Солардың бірі мына оқиға еді: 
Бір күні қазының алдына дауласып екі кісі келеді. Дауласқан
-
дардың бірі екіншісіне уақытша сақтауға ақша қалдырып кеткен. 
Кейіннен сұраса, анау алғанын мойындамайды. 
 Ақша алдың деп айып тағылған кісіден Ияс сақ тауға берілген 
қаржы жайында сұрайды. Сонда ол:
–  Мен  алғаным  жоқ.  Алсам,  дәлел  келтірсін.  Болмаса,  оның 
1 рұқсат етілген.


 37 
маған ант ішкізуге ғана құқысы бар, – дейді. Ант ішіп, ақшаны жеп 
кететінін сезген қазы ақша бе рушіден былай деп сұрайды:
– Оған ақшаны қай жерде тапсырдың?
– Пәлен жерде. 
– Ол жерде не бар?
– Онда үлкен ағаш бар еді. Соның астында отырған едік. Сол 
ағаштың көлеңкесінде бірге тамақ іштік, содан кейін қоштасар кез
-
де ақшаны бергенмін.
– Сен сол жерге барып қайт. Сол жерге барсаң, ақ шаңды қашан, 
кімге бергенің есіңе түсер. Қайтып келіп, не болғанын айтарсың, – 
дейді де, екіншісіне:
– Сен досың келгенше, осында отыра тұр, – дейді. Ақша берген 
кісі жолға шығып кетеді. 
Кейін  Ияс  басқа  да  дауласушылардың  ісін  қарап  жұмысын 
жалғастыра берді. Бірақ көз қиығымен отыр ған кісінің әрекеттерін 
байқап отырды. 
Ақша алған кісінің көңілі тынышталып, қорқынышы басылға
-
нын сезген ғұлама: 
– Ана кісінің саған ақша берген жерге жетіп қала тын уақыты 
болды ма? – деп сұрады.
– Жоқ, бұл жерден алыс. Әлі жете қойған жоқ, – деп жауап берді 
ол аңғармай.
–  Ей,  Алланың  жауы,  ақша  алғаныңды  мойын да майсың,  ал 
алған жеріңді жақсы білесің?  уаллаһи, сен қиянат жасап тұрсың.
– Әлгі кісі жер шұқып қалды, аманатқа қиянат қыл ғанын мой
-
ындады. Екінші кісі келгенше оны қамауда ұстап, ақшасын қайта
-
рып бергізді.
* * *
Осындай қызық оқиғалардың бірі: Екі кісі арабтар дың бас пен 
иықты жауып жүретін барқыттан жасалған орамалына таласып қа
-
лады. Бір орамалдың түсі жасыл, жаңа әрі қымбат, екіншісі – то
-
зығы жеткен қызыл орамал. Шағымданушы былай дейді:
– Жуыну үшін хауызға түстім. Киімдеріммен бірге жасыл ора
-
малымды хауыздың жиегіне қойдым. Мына дауласып отырған кісі 
келіп, менің орамалымның қасына өзінің қызыл орамалын қойып, 
суға түсті. Менен бұрын шығып, киімдерін киіп, менің жасыл ора
-
малымды жамылып алып, кетіп қалды. Соңынан шығып, оны қуып 


 38 
жеттім. «Орамалымды қайтар» дегенде, ол: «Бұл – менікі»,- деп 
жауап берді. Сонда Ияс үстінен шағым түскен адамға қарап:
– Сен не дейсің? – деді. 
– Бұл – менің орамалым және менің қолымда, – деп жауап берді ол.
– Сенде дәлел бар ма? – деп шағымданушыдан сұ рады.
– Жоқ.
Қазы көмекшісіне: «Маған тарақ әкел», –  деді.
Екі кісінің шашын тарап еді, бірінің басынан ора  малдың жүні
-
нен жабысқан қызыл қыл шықты, екін шісінен жасыл қыл та был -
ды. Кімнің басынан қандай түсті қыл шыққанына қарап, сол түсте
-
гі орамалды өзінің иелеріне берді.
* * *
Оның даналығына дәлелдердің бірі ретінде төмен дегі оқиғаны 
айтуға болады:
Куфа қаласында адамдардың көзіне өзін сӘлих, та қуа, Құдай
-
дан қорқатын адам ретінде көрсете білетін бір кісі болыпты. Оны 
ел мақтап, кейбір адамдар жолға шықса, аманаттарын сеніп тапсы
-
рып, тіптен өлім жа қындағанда балаларына өсиетші етіп тағайын
-
дайды екен. Сол кісіге бір адам келіп, ақшасын қалдырады. Қажет 
еткен кезде келіп сұраса, әлгі кісі мойындамай қояды. Ашынған 
кісі Иясқа келіп шағымданады. Сонда Ияс одан:
– Сенің осында келгеніңді ол біле ме? – деп сұ райды.
– Жоқ. 
– Онда қазір қайт. Ертең келесің, – деп, аманат алғыш кісіге мы
-
надай хат жазады:
Менің  үйімде  қамқоршысы  жоқ  жетімдердің  ақ ша сы  шектен 
тыс көбейіп кетті. Сол ақшаны сізде сақтау ды және оларға кепіл 
болуды  ұйғардым.  Үйіңіздің  қор ғанысы  мықты  ғой.  Уақытыңыз 
болса, ертең жүк тасушыларыңызбен келіңіз.
Келесі күні шағымданушы келгенде, Ияс оған:
– Барып ақшаңды сұра. Мойындамаса, «Қазыға айтам», –  деп 
қорқыт, – деді. 
Айтқанындай-ақ, аманат алғыш ақшасын бермей қояды. Сонда 
қазыға барып шағымданамын дегенде ғана барып, ақшасын қайта
-
рып береді. 
Келісілген уақытта әлгі сұрқия жүк тасығышта рын алып қазыға 
келеді. Сонда Ияс:


 39 
– Алланың жауы, сенен жаман адам көрмедім! Дінді дүние үшін 
тұзақ қылып жүрсің, – деген екен. 
* * *
Ияс қаншалықты зерек, әрі білімді, өткір сөзді шешен болға
-
нымен, дәлелге қарсы дәлел келтіре алатын, оның алдын сөзбен 
орап, сөз жолдарын жауып тастап, сөйлеткізбей қоятын кісілер де 
кездесіпті. Ол жайында өзі былай дейді:
Мені сөзбен жеңген бір-ақ кісі болды. Басрада қа зылық қылып 
жүргенімде  маған  бір  кісі  кіріп,  пәлен  бақшаның  пәлен  адам
-
ның иелігіне жататынына куәлік беретінін айтты. Оның куәлігін 
сынағым келіп:
–  Бақшада  қанша  ағаш  бар?  –  деп  сұрадым.  Ол  біраз  кідіріп 
тұрып: 
–  Жоғары  мәртебелі  қазы  осы  соттың  төрағасы  болып  қанша 
жыл жұмыс істеп келеді? – деп сұрады.
– Осынша жыл болды, – деп жауап бердім.
– Осы сот ғимаратының шаңырағын жасауға қанша ағаш қол
-
данылған?  –  деп  сұрағанында  жауап  бере  алмай  қалдым,  сөйтіп 
куәлігін растадым. 
***
Ияс ибн Мұғауияһ 76 жасқа жеткенде түс көріпті. Түсінде әкесі 
екеуі бір-бір сәйгүліктен мініп алып, қатарласа шауып келеді екен. 
Әкесі де, баласы да бір-бірінен озбапты. Әкесі 76 жасында қайтыс 
болған екен. 
Бір түні Ияс төсегіне жатар алдында, ұрпақтарынан: «Бұл қай 
түн  екенін  білесіңдер  ме?»  деп  сұрапты.  Сонда  үй  ішіндегілер: 
«жоқ» деп жауап беріпті.  Осы түнде әкем бақилық сапарына ат
-
танған. 
Таңертең ұлдары келіп қараса, әкелері өмірден өтіп кетіпті. 
***
Иясты Алла мейіріміне бөлесін! Заманның таптырмас жауһар
-
ларының бірі, дара тұлға еді. Зеректігі мен парасатына ел таңғалар 
ғасыр  ғажайыптарының  бірі  еді.  Әсіресе,  ақиқатты  іздеп,  шын
-
дықтың шыңына шығудағы еңбегі ұлан ғайыр. 


 40 
ОМАР ИБН АБДҮЛӘЗИЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет