91
–
Өркөкіректікті қойып, ержүректікке бойымызды үйретумен.
– Дүние-мүлік бойынша қалай тақуалыққа қол жет кіземіз?
– Заң тәртібімен жүріп, құқылыға беріп, теңдей бөліп, халық
алдында әділеттілік орнатып.
– Әбу Хазим! Ең жақсы ер кім?
– Ең жақсы ер – сөзінде тұратын тақуа.
– Ең әділетті сөз?
– Қорықпай бетке айтылған шындық.
– Ең тез қабыл болатын дұға?
– Жақсылық жасаушының жақсылық жасаушылар ға жасаған
дұғасы.
– Ең абзал садақа?
– Дүниесі аздың міндетсіз, ешкімге зиян келтірмей, шарасыз
-
дың қолына бергені.
– Ең ақылды адам кім?
– Алла Тағалаға бағынуды түсініп, амал қылып, басқаларды
шақырған адам.
– Ең ақымақ?
– Залым әрі нәпсіқұмар досына еріп, өз ақыретін басқаның дү
-
ниесі үшін сатқан адам.
– Сізден көп нәрсе алып, біз де сізге беріп жүру үшін бізбен
серіктес болуға қалай қарайсыз?
– Жоқ, сендермен бірге жүре алмаймын.
– Неге?
– Сендерге бойым үйреніп кетіп, Алла Тағала өмір дің сәнін,
ақыреттің азабын береді деп қорқа мын.
– Әбу Хазим! Бізге бұйымтайыңызды айтыңыз.
Шәйх ешнәрсе естімегендей үнсіз отырды. Сонда халифа тағы
да:
– Бұйымтайыңызды айтыңыз, берейік, – деп қайта сұрады. Сон
-
да шәйх:
– Сұрағаным –
тозақ отынан құтқарып, жәннатқа кір гізуің.
–
Бұл менің қолымда емес, басқа не қалайсыз?
– Бұдан басқа ешнәрсені қаламаймын.
– Әбу Хазим! Мен үшін дұға қылыңыз!
– Алла Тағалам! Құлың Сүлеймен ізгілерден бол-
са, оған дүниеде және ақыретте жәрдеміңді бер! Дұш пан дарыңнан
болса,
оны тура жолға салып, сүйікті құлың ет!
92
Сонда отырғандардың бірі:
– Әбу Хазим! Халифаның алдына кіргелі бергі жаман сөзің осы
болды. Мұсылмандардың халифасын Алланың дұшпандары етіп,
ренжіттің, – деді. Сонда Әбу Хазим:
– Ең жаман сөз – сенің сөзің. Алайда Алла Тағала ғалымдардан
тек шындықты айтуға уәде алған. Алла Тағала былай деген: «
Достарыңызбен бөлісу: