Табигиндер


Оны  адамдарға ашып айта сыңдар, жасырмайсыңдар



Pdf көрінісі
бет25/63
Дата14.12.2021
өлшемі2,79 Mb.
#100447
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63
Байланысты:
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР, 7а тест
Оны 
адамдарға ашып айта сыңдар, жасырмайсыңдар
»
1

Кейін халифаға бұрылып, сөзін жалғастырды:
–  Әмирүл-мүминин!  Бізден  бұрынғы  үмметтер  әмі р  лері  ға
-
лымдарына  келіп  ақыл-кеңес  сұрап  тұр ғанға  дейін  жақсы  өмір 
сүріп  келді.  Ал  кейіннен  халық  ішінен  ғалымсымақтар  шығып, 
әмірлердің алдына өздері барып, дүние сұрай бастады. Әмірлер ға
-
лымдардан бас тартты. Ғалымдар шарасыз, бақытсыз өмір кешіп, 
Алла  алдында  абыройларынан  айрылды.  Ғалымдар  әмірлердегі 
байлық  пен  биліктен  бас  тартса,  биліктегілер  олардың  біліміне 
қызығып, алдарына келер еді. Бірақ олар әмірлердің жанындағы 
дүниені көздегендіктен, олардан әмірлер қашып, сөздеріне құ лақ 
салмайтын болды. 
– Рас айтасыз, – деп халифа қолдады. Тағы да уағыз айтып, на
-
сихатыңызды жалғастырыңыз! Сізден артық данышпан көрмедім.
– Айтқанға құлақ асып, амал қылатын болсаң, жеткілікті қылып 
айттым. Ал ондай болмасаң, қы лышты ауаға сермеудің қажеті жоқ.
Өсиет айтыңыз, ант ішейін!
–  Иә,  қысқаша  өсиет  айтайын.  Раббың  Алла  Тағалаға  тағзым 
етіп, тыйым салған нәрселерінде сені көруден, бұйрық берген нәр
-
селерде  сені  таппай  қалудан  қаш,  –  деп  қоштасып,  кетіп  қалды. 
Сонда халифа:
Алла саған разы болсын, кемеңгер ғұлама! – деді.
Үйіне жете бергенде соңынан шабарман бір дорба динар
2
 және 
алғыс хат алып келіпті. Онда былай деп жазыпты:
Өзіңізге жаратыңыз, сізге айтар алғысымыз шексіз.
Ол алтынды қабыл алудан бас тартып, халифаға былай деп жа
-
зып жіберді:
– Әмирүл-мүминин! Бергеніңді қабыл ала алмаймын деп Ал
-
ланың атымен ант етемін. Өзім үшін қа лай аламын?! Осы динар
-
1 Әлү Имран сүресі, 187-аят
2 Сол кездегі алтыннан жасалған ақша


 93 
ларды менімен құрған сұхбат үшін беріп отырсаң, одан да мұқтаж
-
дық  кезінде  жеу ге  рұқсат  етілген  өлік  пен  доңыз  еті  халалырақ. 
 
Егер мұсылмандардың қаржы үйіндегі ақшада құқым болса, сол 
құқықты барлық мұсылмандарға тең үлес тір дің бе?!
***
Сәләмә ибн Динар білім алушылар мен тура жолды үйренуге 
құштар адамдар үшін мөлдір бұлақ еді. Шәкірттері мен бауырла
-
рын бір-бірімен тең көрді. 
Бір күні Абдуррахман ибн Жәрир ұлымен бірге оның отырысы
-
на келеді. Әке мен бала шәйхке жақсылап амандасып, дүние мен 
ақыреттің жақсылығын тілеп дұға етеді. Сәләмә ибн Динар да оған 
құрметпен сә лем беріп, күтіп алады. Олардың арасындағы сұхбат
-
ты Абдуррахман ибн Жәрир бастайды:
– Жүрегімізді қалай ашамыз, уа, Әбу Хазим?
–  Ар-ожданды  дұрыстау  кезінде  үлкен  күнәлар  кеші ріледі. 
Күнәларды тастауға бел буғанда, адамның жүрегі ашылады. Аб
-
дуррахман, дүниенің жеңілдігі ақырет тің ауырлығын ұмыттыраты
-
нын естен шы ғарма. Алла Тағалаға жақындатпайтын әрбір нығмет 
бақ емес, басқа түскен бейнет. 
Сонда баласы былай деп сұрады:
– Қазір, біздің уақытымызда шәйхтер көп, қай сы сының соңынан 
ерейік?
–  Алла  Тағаладан  көзге  түспейтін  күнәләрі  үшін  де  қорқып, 
ұят  істерден  бойын  аулақ  ұстайтын,  жастық  шағында  өзін  түзу 
ұстап,  қартайғанда  шүкіршілік  еткен  адамның  артынан  жүр.  Ба
-
лам! Тыңда! Күн шығысы мен білім алушының ақыл-ойында нәпсі 
мен білім алу құштарлығы таласады. Нәпсісін білім алуға деген 
құштарлығы жеңсе, сол күн оған олжа болады. Нәпсі жеңіп шықса, 
сол күн ол үшін көп нәрседен ұтылған күні болып табылады. Әкесі 
ғұламадан: 
– Сіз үнемі шүкір айту, Аллаға алғыс айту жайында уағыз айта
-
сыз. Шүкірдің ақиқаты не? – деп сұрады.
– Денеміздің әрбір мүшесі үшін шүкіршілік қы луымыз керек. 
– Көз үшін қалай шүкір қылуымыз керек?
– Көзіңмен жақсы нәрсе көрсең, жариялап, жаман нәрсе көрсең, 
құпиялап...
– Құлақ ше?


 94 
– Жақсы нәрсе естісең, түсініп, ұғу керек, жаман нәрсені ұмы
-
тып, көму керек.
– Қолдың шүкірі қалай болмақ?
– Саған бөлінбеген нәрсені алмау. Абдуррахман, мы наны ұмыт
-
па, жүрегін және басқа дене мүшелерін қоспай, тек тілімен ғана 
шүкір қылатындардың кейпі қолына киім ұстап, кие алмай тұрған 
адамға ұқсайды. Қолындағы киім ыстықтан да, суықтан да қорғай 
алмайды.  
* * *
Күндердің күнінде Әбу Хазим Алла жолында күресіп жүрген
-
дердің  қатарына  қосылып,  шайқасу  үшін  Византия  еліне  бағыт 
алған мұсылман әскерінің сапына қосылып жорыққа шықты. 
Шайқас болар жерге жақындағанда жолдан шар шаған әскер ты
-
нығып алу үшін тоқтап, шайқасқа әзір леніп, дұшпанмен кездесуге 
даярлық жасайды. Әскер арасында ғұламаның бар екенін естіген 
ханза далардың бірі оны кісі жіберіп шақыртады. Шабарман келіп:  
– Ханзада сізбен сөйлескісі, дәріс алғысы, білімін жетілдіргісі 
келеді. Сіздің келуіңізді сұрайды, – дейді. Сонда Әбу Хазим ханза
-
даға былай деп жазып жібе ре ді:
– Ханзада! Мен көптеген ғалымдарды көрдім. Бірақ білім жо
-
лындағы адамдардың дүние адамдарына дінді көтеріп апарып бер
-
генін көрмедім. Соны менің бірінші болып істеуімді ханзада көз
-
деп тұр деп есептемеймін. Егер саған бір нәрсе қажет болса, өзің 
кел! Саған және қасыңдағыларға сәлем. 
Хатты  оқыған  ханзада  дереу  шәйхтың  алдына  барып,  сәлем 
беріп, дұға қылады. 
–  Әбу  Хазим!  Бізге  жазғаныңызды  оқып,  сөзіңізге  тоқтап, 
өзіңізге деген құрметіміз артты, биік тұлғаңыз көз алдымызда көк
-
ке көтерілді. Бізге уағыз айтып, көзімізді ашыңыз! 
Әбу Хазим біраз уағыз айтып, былай деді:
– Ақырет күнінде қасыңда не болуын қалайсың, соған осы дү
-
ниеде көңіл бөліп, кенедей жабыс. Ақы ретке не алып барғың кел
-
мейді, содан тыйылып, жаудан қа ш  қандай қаш. Ханзада, мынаны 
біліп ал! Сен теріс істер жасап, жалғандық жолына түссең, қасыңа 
өңшең екіжүзділер мен қаскүнемдер жиналады. Дұрыс істер жа
-
сап, шындықты таратсаң, айналаңа жақсы адамдар жиналып, саған 
қолғабыс тигізеді. Өзің қалағаныңды таңда.


 95 
Ажалы келіп, жан тапсырар сәтте, достары:
– Әбу Хазим! Өзің жайыңда не ойлайсың? – деп сұрапты. Сонда 
Әбу Хазим:
– Дүниенің басымызға түсірген жаманшылығынан құтылғаны
-
мызбен, бізді айналып өткені зиян тигізе алмайды, – деп мына аят
-
ты оқыды:  
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет