«Арттарында жас балалар қалдырса, оларға не болар екен
деп уайым жесін. Алладан қорықсын да дұрыс сөз айтсын»
1
,
–
деген.
1 «Ниса» сүресі, 9-аят.
127
МҰХАММЕД ИБН ӘЛ-ХАНАФИЯҺ
немесе
ӘЛИ ИБН ӘБУ ТАЛИБТЫҢ ҰЛЫ МҰХАММЕД
«Әлиден білім алып, Мұхаммед ибн Әл-Ханафияһтан
да көп пайда тигізген ешкімді білмеймін»
(Ибн Әл-Жүнәйд).
Мұхаммед ибн Әл-Ханафияһ пен Әл-Хасан ибн Әлидың ара
-
сында кикілжің туып, Әл-Ханафияһ Әл-Хасанға хат жазып, былай
дейді:
– Алла Тағала сені менен артық қылды. Анаң Фатима – Алла
Елшісінің қызы. Ал менің анам – Ханифа руының қызы. Нағашы
атаң – Алланың Ел шісі және Оның жаратқандарының ішіндегі ең
таңдаулысы. Осы хатым саған жетсе, маған келіп жарасып кет.
Барлық нәрседе артық болып шық.
Хатты алысымен Әл-Хасан дереу бауырының үйіне барып,
онымен жарасады.
Бұл әдепті, ақылды әрі сыпайы Мұхаммед Әл-Ха нафияһ кім еді?
Оның өміріне басынан бастап үңілейік!
Бұл қисса Алла Елшісі (с.а.у.) өмірінің соңғы күндерінен басталады.
Бір күні Әли ибн Әбу Талиб (р.а.) Пайғамбары мызбен (с.а.у.)
отырғанда:
– Сіз, өмірден өткеннен кейін әйелім маған ұл туып берсе, сол
балаға сіздің атыңызды қоюыма бола ма? – деп сұрайды.
128
– Иә, – деп жауап береді Пайғамбар (с.а.у.).
Сонымен уақыт өтіп, Пайғамбарымыз ( с.а.у.) Раббы -
сы ның құзырына кетті. Санаулы айлардан кейін оның артынан
қызы әрі раушаны, Хасан мен Хусейннің анасы Әз-Захра Фатима
да көз жұмды.
Әли Ханифа тайпасына құда түсіп, ханафиялық Жағфар ибн
Қайстың Хаула деген қызын алды. Ха нафиялық қыз оған ұл туып,
оның атын Пайғамбар (с.а.у.) рұқсат еткендей, «Мұхаммед» деп
қояды. Кү ниясын да «Әбу Әл-Қасим» деп атайды.
Алайда адамдар оны Фатима Әз-Захрадан (р.а.) туған Хасан
мен Хусейннен ажырату үшін Ханафиялық әйелдің ұлы Мұхаммед
деп айтып кетті. Тарих беттері де осыны айғақтайды.
Мұхаммед ибн Әл-Ханафияһ Әбу Бәкір Әс-Сид -
диқтың (р.а.) дәуірінің соңғы жылдары өмірге келді. Әкесі Әли
ибн Әбу Талибтың (р.а.) қанатының астында өсті. Соның қолынан
дәріс алды. Оның ғибадат қылу тәсілін, тақуалығын меңгерді.
Күш-қайраты мен ержүректігі әкесі Әлиге (р.а.) тартты. Шешен
-
дігі жағынан да Әли ден аумады. Майдан даласында арыс тандай
айбат танытып, батырлық көрсетсе, ерлер мінберінде даналық көр
-
сете білді. Түн жамылып, ел ұйқыға кеткенде тақуа болды.
Шайқастарға оны әкесінің (р.а.) өзі салатын. Хасан мен Хусейн
-
ге бермейтін қиын тапсырмалар беріп, басын қауіп-қатерге тігетін.
Әкесінің (р.а.) тапсырмаларын белі қайыспай, қаймықпай, қайсар
-
лықпен орындайтын. Оған бір күні былай деп айтқан екен:
– Әкең неге Хасан мен Хусейнді емес, үнемі сенің басыңды қа
-
терге тігіп, қиын істерге салады?
– Хасан мен Хусейн көзінің қарашығы болса, мен оның қолы
-
мын. Қолымен көзін қорғайды,- деген екен.
Әли ибн Әбу Талиб пен Мұғауияһ ибн Әбу Суфиян (Екеуіне де
Алла разы болсын) арасында болған «Сиффин» шайқасында Мұ
-
хаммед ибн Әл-Ханафияһ әкесінің туын ұстады.
Шайқас оты екі тараптан талай жандарды жалмап жатқанда, бір
оқиға болған екен. Оны өзі айтып береді.
Сиффин шайқасында Мұғауияһ жақтастарымен май дан дала
-
сында кездеседі. Сол кезді былай еске алады: «Қасық қанымыз
қалғанша соғыстан шайқастан екі тараптан да тірі жан қалмайды
деп ойладық. Бұл істің соңын жақсылыққа жори алмай, өз-өзімнен
шошыдым. Артымнан бір адамның айқайлағанын естідім:
129
– Әй, мұсылман қауым! Алладан қорқыңдар, мұ сыл ман дар!
Әйел, бала-шағаға кім қалады? Дін мен намыс не болады? Рим мен
Дайламнан кім қорғайды? Әй, мұсыл мандар! Алладан қорқыңдар!
Қойыңдар!
Сол күннен бастап өзіме мұсылманға қарсы қылыш көтермеуге
уәде бердім.
Әли (р.а.) залым қанішердің қолынан шәһид бол ғаннан кейін
Мұғауияһ халифа болды. Мұхаммед ибн Әл-Ханафияһ Мұғауияһқа
қиыншылықтар мен жақ сылықтарда халықтың басын қосып, Ис
-
лам мен мұсылмандардың абыройын көтеру үшін адал қызмет ету
-
ге және бағынуға ант берді. Мұғауияһ бұл антты шын ықылыспен
қабылдап, досына кәміл сенді. Оны Дамашыққа қонаққа шақырды.
Мұхаммед ибн Әл-Ханафияһ оған жолығуға Дамашыққа бірнеше
себеппен келіп кетті.
Солардың бірі: Византияның королі Мұғауияһқа хат жазыпты:
– Бізде, патшалар өзара хат алмасады. Өз елдерін дегі ғажайып
нәрселерді айтып таң қалдырып, көңіл көтеріп отырады. Патша
-
лығындағы ғажайыптарды ай тып, өзара жарысады. Рұқсат етсең,
біз екеуіміздің арамызда да сондай қатынас болсын.
Оған Мұғауияһ келісімін береді. Византия королі ең алып деген
адамдарының екеуін жібереді. Біреуі, бойы өте ұзын әрі денесі де
жалпақ адам. Оны көрген кісі емен ағашы немесе құрылған ғима
-
рат деп қалады. Екіншісі, өте күшті, жыртқыш аңдай денесі шы
-
мыр екен. Екеуінен хат жазып жіберіп:
– Мемлекетіңде ұзындық пен шымырлықта осы кісілерге тең
келер адам бар ма? – деп сұрапты.
Мұғауияһ Амр ибн Әл-Асқа қарап:
– Ұзынтұраға адам табылып тұр, бойы одан да ұзын – Қайс ибн
Сағд ибн Убада. Ал, күшті адамға қатысты сенің пікірің керек?
– Бұл талапқа сай екі кісі бар, бірақ екеуі де сенен алыста. Олар
– Мұхаммед ибн Әл-Ханафияһ пен Абдуллаһ ибн Әз-Зүбәйр.
– Мұхаммед ибн Әл-Ханафияһ бізге алыс емес.
– Бірақ оның ерекше орны, жоғары мәртебесі көп шілік алдында
византиялық жігітпен күш сынастыруға жол береді деп ойлайсың
ба?
– Ислам үшін болса, ол одан да зорын жасайтынына кәміл се
-
немін, – деп жауап береді Мұғауияһ.
Мұғауияһ Қайс ибн Сағд пен Мұхаммед ибн Әл-Ханафияһты
130
шақырып алады. Адамдар жиналғанда Қайс ибн Сағд шалбарын
шешіп, византиялық дәуге «киіп көр» деп алдына лақтырады. Қай
-
стың шалбарына византиялық дәу қолтығына дейін көміліп, жұрт
-
тың бәрі ішек-сілесі қатып күледі.
Мұхаммед ибн Әл-Ханафияһ аудармашыға қарап:
– Мына балуанға айт, қаласа отырсын, маған қолын берсін. Мен
оны орнынан тұрғызуым керек немесе ол мені қолымнан тартып
отырғызу керек. Қаласа мен отырайын, ол түрегеліп тұрсын.
Византиялық балуан отыруды таңдады. Мұхаммед ибн Әл-Ха
-
нафияһ византиялықты отырған орнынан жұлып алды. Визан
-
тиялық ашуға булығып, тұрып алысайын деді. Мұхаммед ибн
Әл-Ханафияһ отырған жерінен византиялықтың қолын жұлып ала
жаздап жерге отырғызды.
Жеңілген Византиялықтар елдеріне қайтып кетті.
***
Уақыт желдей жылжып, Мұғауияһ, ұлы Язид және Мәруан ибн
Әл-Хакам да Раббыларының жанына аттанды. Үмәйяһ ұрпақтары
-
ның басшылығы Абдүлмәлик ибн Мәруанға өтті. Өзін мұсылман
-
дардың халифасы етіп жариялады. Оны Шам халқы мойындаға
-
нымен, Хижаз бен Ирак халқы Абдуллаһ ибн Әз-Зүбәйрді қолдады.
Екеуі де мойындамағандарды мойындауға шақырды. Халыққа ха
-
лифа болуға бір-бірінен артық екенін айтып, елді тағы да теңдей
екіге бөлді.
Абдуллаһ ибн Әз-Зүбәйр Мұхаммед ибн Әл-Ха нафияһты шақы
-
рып алып, Хижаз халқы бағынған сияқты, енді сен адал қызмет
етуге ант бер деп талап етті.
Бірақ Ибн Әл-Ханафияһ адал ант берудің не екенін, сол жолда
қызмет еткен адам үшін мойнына қандай міндет жүктелетінін жақ
-
сы білетін. Қылышын алып, оны қорғау керек, оған қарсы шыққан
-
дармен соғысу керек. Кемеңгер тәбиғин «Сиффин» шайқасында
болған жазықсыз қантөгісті ұмытқан емес. Ұзақ жылдар өтсе де,
артынан айқайлаған қасіретке толы ащы дауысты құлағы әлі күнге
дейін естіп келеді:
– Әй, мұсылман қауым! Алладан қорқыңдар, Мұсыл мандар!
Әйел, бала-шағаға кім қалады? Дін мен намыс не болады? Рим мен
Дайламнан кім қорғайды? Әй, мұсылмандар!
131
Бұл сөздердің бірін де, өз-өзіне берген антын да ұмытқан жоқ.
Абдуллаһ ибн Әз-Зүбәйрге былай деп жауап берді:
– Менің осы істе ешқандай пайдам да, мүддем де жоқ екенін сен
айдан анық білесің. Мен – мұсыл мандардың бірімін. Мұсылман
-
дар бір ауыздан сені немесе Абдүлмәликті қолдаса, соған барып
бағынуға ант беремін. Ал, қазір саған сөз бере алмаймын. Абдүл-
мәликке де бағынуға ант іше алмаймын.
Одан кейін Абдуллаһ оған жақсылық жасап, жа ғымпазданып та,
айбат білдіріп, қаймықтырмақ боп та көрді.
Бірақ көп уақыт өтпей оның пікірін естіген жұрт екі жаққа
да қосылмай Мұхаммед ибн Әл-Ханафияһтың қасына жиналды.
Олардың саны жеті мың адамнан асып кетті. Әділдік іздегендер
Ибн Әл-Ханафияһқа келіп паналады.
Мұхаммед ибн Әл-Ханафияһтың жанына көп халық жиналған
сайын Абдуллаһ онан әрі ашуға мініп, одан бағынуын талап етті.
Оның райынан қайтпайтынын білген Абдуллаһ және Һишәм әулеті
оларды Мекке жанындағы тау арасындағы «Шиғба» деген жерге
жинап, қамап, қарауыл қойды.
Оларға:
– Не бағынасыңдар, не өртеп жібереміз! – деп қорқытты.
Олардың үйлерінің айналасына ағаш жинап, бір шоқ түссе,
барлық ауыл түгел жанып кетердей етіп қауіп-қатерді тіреп қой
-
ды. Сонда Мұхаммед ибн Әл-Ханафияһқа бір топ қолдаушылары
келіп:
– Ибн Әз-Зүбәйрді өлтіріп, адамдардың жанын алып қалайық, –
деп ұсыныс жасады. Енді біреулері:
– Бүліктің отын өзіміз жағамыз ба? Алла Елшісі (с.а.у.) сахаба
-
ларының ұлдарын өлтіріп, Алла пен Пайғамбарының қарғысына
қалмайық! – дейді.
Бұл оқиға Абдүлмәлик ибн Мәруанның да құла ғына жетті. Мұ
-
хаммед ибн Әл-Ханафияһ пен достары Абдұллаһтан қысым көріп
жатқанын біліп, мүмкін шілікті пайдаланып, өз жағына тарту үшін
ұлына жазғандай етіп нәзік тілмен:
– Ибн Әз-Зүбәйрдің сізге және сіздің жақтас та рыңызға қысым
көрсетіп, ағайын-туыстан бездіріп, құ қы ғыңызға нұқсан келтіріп
жатқаны жайында хабарларды өкінішпен қабыл алдым. Шам елі
сіз үшін үнемі ашық, құшағымызды кең жайып күтіп алуға дай
-
ынбыз. Шамға көшіп келіңіз, халқы сізге дос, көршілеріңіз сүй
-
132
іспеншілікпен қарайды. Сіздің құқыңызды қор ғаймыз, қасиетіңізді
қадірлейміз. Ағайын-туыс боламыз, – деп жазып жібереді.
Мұхаммед ибн Әл-Ханафияһ және жанындағылар Шам елін бет
алып жолға шығады. Әйләһ деген ауылға келіп қоныс тебеді. Ауыл
адамдары құшақ жайып қарсы алып, бейбіт көрші ретінде қабыл
-
дайды. Мұхаммед ибн Әл-Ханафияһты қадірлеп, тақуалығы мен
ғибадатшылдығын қастерлеп, оның елді жақсылық қа шақырып,
жамандықтан тыйғанын және біреудің ақысын біреудің жеуіне жол
бермейтінін бағалап, ерекше жақсы көрді.
Оның жанына тағы да адамдар жиналып, ел ішінде абыройы
көтеріліп бара жатқанын сезген Абдүлмәлик кеңесшілерімен
ақылдасты. Сонда олар:
– Оның өмірбаянын білесіз. Патшалығыңызда бұдан артық
тұруына рұқсат бермеңіз. Бағынуға ант берсін, немесе келген жері
-
не қайтсын. Сонда Абдүлмәлик оған:
«Сіз келіп менің қарамағымдағы елдің шетіне келіп орнала
-
стыңыз. Алайда Ибн Әз-Зүбәйр екеуіміз дің арамыздағы соғыс
жалғасып жатыр. Сіз – мұсыл мандар арасында үлкен орныңыз бар,
ерекше беделге ие тұлғасыз. Сіз маған бағынуға ант бермейінше
жерімде тұрғызбауды ұйғардым. Ал, ант етсеңіз, сізге «Қалзам
-
нан» (Ніл өзенінде Мекке мен Фустат арасында әскерлер тасу үшін
ашылған теңіз айлағы) кеше ғана келген 100 кемені иелігіңізге
тапсырамын. Оған қоса сізге, бала-шағаңызға және жақтастарыңыз
бен құлдарыңызға да жететін мың-мың дирхам төлеймін. Қарсы
болсаңыз, менің билігім жүрмейтін жерге көшіңіз», – деп хат жаза
-
ды. Оған Мұхаммед ибн Әл-Ханафияһ: «Әлидің ұлы Мұхаммедтан
Абдүлмәлик ибн Мә руанға сәлем! Одан басқа құдай жоқ деп Алла
Тағаланы мадақтай отырып, сенің маған алаң дайтыныңды айт қым
келеді. Осы істе менің нақ ты ұстамымды жақсы білесің деп ой
-
лағанмын. Менің қасыма осы үмметтің барлық ұлдары жиналып,
бір шағын ғана ауыл тұрғындары жиналмаса, мен со ларға бола
мыналарды өлтірмес едім. Меккеде болға нымда, маған Абдуллаһ
келіп, бағынуды сұрады. Бас тарт қанымда, айналама жамандық
көрсетті. Сол кезде маған Шам еліне келіп тұруды ұсындың. Сенің
билігіңнен алшақ жатқан, қарапайым ауылға келіп түстім. Бірақ
сен маған қазіргі ойыңның қандай екенін жазып жіберіпсің. Алла
қаласа, бұл жерден кетеміз»,- деп жауап жазды.
Мұхаммед ибн Әл-Ханафияһ отбасы мен серікте рін алып, Шам
133
елінен көшіп кетті. Барған жерінде ешкім сыйдырмай, қуғын-сүр
-
гінге ұшыратады. Ол жетпегендей, өзінің қасындағы адамдардың
кейбіреу ле рі пасықтықтан, кейбіреулері надандықтан мынадай
өсек тер таратты:
– Алланың Елшісі (с.а.у.) Әли мен оның отбасы мүшелеріне
ғылымның көптеген сырын, діннің қағидаларын және шариғаттың
қазынасын ақтарып кетті. Басқаларға айтпаған құпияларды айтып
кетті, – деген негізсіз сөздер таратты.
Ғұлама әрі тақуа шейх бұл сөздердің артында дін нен тайды
-
ратын қандай істер жатқанын және мұның соңы мұсылмандарды
қауіп-қатер мен қырғынға апа рып соқтыратынын жақсы білді.
Адамдарды жинап алып, сөз басында Алланы мадақтап, мақтады.
Оның Пайғамбарына салауат пен сәлем жолдады:
– Кейбір адамдар бізде, яғни отбасымыздың мүше лерінде Ал
-
ланың Елшісі ашқан құпия ғылым бар деп айтып жүр. уаллаһи,
Алланың Елшісінен (с.а.у.) осы екі тақтаның арасындағы кітаптан
басқа ешнәрсе мирас етіп алмадық, – деп Құран Кәрімді көрсетті.
Кімде- кім бізді Құраннан басқа нәрсе оқиды деп айтса, өтірік ай
-
тқаны!
Оған кейбір достары:
– Әс-сәләму алейкүм, Мәһди! – деп айтатын.
– Иә, мен жақсылықтың мәһдиімін (жол салушысымын), сендер де
Алла қаласа, мәһдисіңдер. Сәлем берсеңдер, атыммен атаңдар! – деп,
тыйып тастайтын.
* * *
Қуғын-сүргінде
жүрген
кездерінде
Абдуллаһ
ибн
Әз-Зүбәйрді Әл-Хәжжәж ибн Юсуф Әс-Сақафи өлтір гені туралы
хабар жетіп, адамдардың бәрі Абдүлмәлик ибн Мәруанға бағынуға
серт беріп жатқанын естиді. Ол да қарап отырмай, Абдүлмәликке
хат жазады:
«Әмирүл-мүминин Абдүлмәлик ибн Мәруанға, Әлидің ұлы Мұ
-
хаммедтан! Осы іс сенің қолыңа өткеннен кейін, адамдардың бар
-
лығы саған бағынуға ант беріп жатқанын көріп, мен де солардың
бірі ретінде Хижаздағы әкімің арқылы бағынуға антымды беремін.
Бейбітшілік болсын саған!».
Абдүлмәлик кеңесшілеріне хатты оқып береді. Сонда олар:
– Саған қарсы шығып, көтеріліс жасаса, сенің қо лыңнан ешнәр
-
134
се келмейтін еді. Сонда да саған сенімділік білдіріп отыр. Оның
және достарының мазасын алмай, құқықтарын қорғауға Алланың
және Пайғамбарының (с.а.у.) келісімі мен уәдесін беретініңді ай
-
тып хат жаз, – деп кеңес берді.
Абдүлмәлик ибн Мәруан оған хат жазды. Әрі әкімі Әл-Хәжжәжға
оны қадірлеуге, бала-шағасын қорғауға және сый-сияпатты аяма
-
уға бұйырды. Бірақ көп ұзамай Мұхаммед ибн Әл-Ханафияһ өмір
-
ден өтті. Алла Тағала оны өз жанына ризашылықпен алды.
***
Алла Тағала оның қабірін нұрлы, өзін жәннаттық қылсын. Ол
жер бетінде бұзақылық пен бүлікке және адамдар арасындағы
зұлымдыққа қарсы кісілердің бірі болып өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |