109
– Жерге еңкейтіңдер!
–
«Біз сендерді топырақтан жараттық. Сол то пыраққа тағы
қайтарамыз. Содан тағы да қайта шығарамыз»
1
.
– Алланың дұшпанын бауыздаңдар! Құран аяттарын дұға ретін
-
де бұдан артық пайдалана білетін адам көрмедім.
Сағид алақанын жайып:
– Алла Тағалам! Әл-Хәжжәжды менен кейін еш кімге қожайын
қылма! – деп дұға қылды.
Сағид ибн Жүбәйр қайтыс болған соң он бес күн өтпей, Әл-
Хәжжәж ауруға шалдығып, дерті асқынып кетті. Бір сағат ояу, бір
сағат ұйықтайтын болды.
Сәл көзі ілінсе, шошып оянып:
– Мені Сағид ибн Жүбәйр, буындырып жатыр! Сағид ибн
Жүбәйр «Не үшін өлтірдің» деп жатыр, – деп айтатын болды. Есін
жиып жылап: «Маған не болды, Сағид ибн Жүбәйр ше? Оны ме
-
нен алып кетіңдер» деп алжып қалды. Ажалы жетіп, көмілгеннен
кейін кейбіреулер түсінде көріпті:
– Әй, Әл-Хәжжәж! Өлтірген адамдар үшін Алла Тағала қалай
азаптады сені? – деп сұрапты. Сонда Әл-Хәжжәж:
– Бәріне бір өліммен, Сағид ибн Жүбәйр үшін жет піс өліммен
өлтірді, – депті.
1 «Таха» сүресі, 55-аят.
110
ҒАСЫРЫНДАҒЫ ЗӘҺИДТЕР ШӘЙХЫ
Достарыңызбен бөлісу: