Табигиндер


Иман келтіріп, сӘлих амал істегендерге Рахман  сүйіспен-



Pdf көрінісі
бет26/63
Дата14.12.2021
өлшемі2,79 Mb.
#100447
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   63
Байланысты:
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР

Иман келтіріп, сӘлих амал істегендерге Рахман  сүйіспен-
шілікпен қарайды
»
1
.
Жан тапсырғанға дейін осы аятты қайталап жатты. 
САҒИД ИБН ӘЛ-МҮСӘЙЯБ
«Сахабалар тірі тұрса да, Сағид ибн Әл-Мүсәйяб фәтуа беретін»
(Тарихшылар)
Мұсылмандардың халифасы Абдүлмәлик ибн Мә руан Алланың 
қасиетті үйіне қажылық жасауға, кие лі жерлердің екіншісіне ба
-
рып, Пайғамбарға (с.а.у.) сәлем беруге  шешім қабылдайды.
Зүл-қағда  айы  кіргенде  ұлығ  халифа  керуенін  әзірлеп,  Хи
-
жаз жеріне жолға шығады. Онымен бірге Үмәйяһ ұрпақтарының 
сұлтандары,  мемлекет  адамдары  және  ұлдары  еріп  келеді.  Да
-
машықтан  нұрлы  қалаға  беттеген  керуен  қатты  да  емес,  баяу  да 
емес, бірқалыпты жүріп келеді. 
Тоқтаған  жерлерінде  шатыр  тігіп,  мамық  төсек  төсеп,  діни 
білімдерін дамыту және ішкі дүниелерін даналық сөздермен, жақ
-
сы уағыздармен байыту үшін ғылыми мәжілістер өткізіп келеді. 
Нұрлы  Мәдинеге  жетіп,  бірінші  кезекте  ондағы  киелі  жерге 

«
Мәриям
»
 сүресі, 96-аят.


 96 
барды.  Сол  жерде  жатқан  Мұхаммедке  (с.а.у.)  ең  жақсы  салауат 
пен сәлем айтып, таза бақта намаз оқып, бақытқа кенелді. Бұрын 
сезінбеген жү ректің тыныштығын сезініп, жан-дүниесі жай тауып, 
рахат бір күй кешті. Түрлі себептерді желеулетіп, Мәдинеде қала 
бергісі келді.  Әсіресе оған Пайғамбар (с.а.у.) мешітіндегі ғылым 
және білім алқалары ұнады. Мұндағы тәбиғиндердің ғұламалары 
айсыз түндегі жұлдыздар сияқты жарқырайды. Әне анау – Уруаһ 
ибн  Әз-Зүбәйрдің  алқасы.  Мынау  –  Сағид  ибн  Әл-Мүсәйябтың, 
анау – Абдуллаһ ибн Утбаның алқалары. 
Мәдинеде өткізген күндердің бірінде түс ауа ұйқыға батып, ке
-
нет әдеттен тыс ерте оянып кетті. Көмекшісін шақырып алып:
– Мәйсәраһ! Алланың Елшісінің мешітіне барып, ғұ ламалардың 
бірін шақырып кел, әңгімелесейік, – деді.
– Құп болады, Әмирүл-мүминин! – деп Мәйсәраһ ме шітке ша
-
уып кетті. 
Мешітке келген Мәйсәраһ тез көз жүгіртіп, мешіт ішінде жалғыз 
ғана алқа қалғанын, басқаларының тарап кеткенін байқап, мезгіл
-
сіз уақытта келген екенмін деп ойлады. Алқаны жүргізіп отырған 
алпыстан асқан ғұлама шал. Ғалымдардың кішіпейілдігі жүзінде 
жазы лып тұр. Алқада отырғандардың зер салып тыңдап отыр ға ны 
оған деген ерекше құрметті білдіреді. Мәйсәраһ жақынырақ келіп, 
ғұламаны саусағымен нұсқап шақыр ды. Алайда шәйх оған қараған 
да, көңіл аударған да жоқ. Сонда Мәйсәраһ жақындап барып оған:
–  Өзіңді  саусағыңмен  нұсқап  шақырғанымды  көр медің  бе?  – 
деді, даусын көтеріңкіреп.
– Маған ба? – деп таң қалды шәйх.
– Иә.
– Не керек саған? 
– Әмирүл-мүминин оянып былай, деп бұйырды: «Мешітке ба
-
рып, менімен сұхбат құрушы ғұламаны алып кел», – деді Мәйсәраһ.
– Мен оның сұхбатшысы емеспін, – деп жауап берді шәйх.
– Бірақ оған сұхбатшы керек. 
– Біреуге бір нәрсе қажет болса, өзі келеді. Мешіт алқасында 
оған  орын  жеткілікті.  Сұхбатты  жеткізуге  болады,  сұхбатшы  өзі 
бармайды. 
Мәйсәраһ  қайта  оралып  демін  басып  алып,  халифаға  кіріп, 
мән-жайды жеткізді: 


 97 
–  Мешітке  барғанымда  онда  бір-ақ  алқа  қалған  екен.  Шәйхті 
қолыммен  нұсқап  шақырып  едім,  орнынан  қозғалмады.  Жақын
-
дап барып: «Халифа ұйқысы нан оянып: «Менің сұхбатшыларым
-
ды көрсең, маған шақырып кел» деп бұйырды», – деп айттым. Ол 
маған байыпты түрде: «Мен оның сұхбатшысы емеспін» деп жауап 
берді. 
Абдүлмәлик қатты күрсінді. Орнынан атып тұрып: 
– Оған бармай-ақ қоюың керек еді. Шақырмай-ақ қойғаныңда 
ғой! – деп мәжілістен шығып кетті. 
Халифа кеткеннен кейін кіші ұлы үлкен ұлына:
– Әмирүл-мүмининді менсінбей алдына келіп, мә жілісіне қаты
-
суға арланатын қай кісі ол? Халифаға бүкіл дүние бас иіп, оның 
алдына Византия корольдары тағзым еткен.
– Сол кісінің қызын бұрын халифа ағамыз Уәлидке айттырған 
еді. Сонда әлгі кісі қарсы болған. 
–  Қызын  Уәлид  ибн  Абдүлмәликке  беруден  бас  тартқан  ба? 
Әмирүл-мүмининнің тақ мұрагері, одан кейін халифа болатын Уә
-
лидтен артық күйеу бала таба ма екен?! 
Үлкен ағасы жауап бермеді. Сонда да кіші бауыры әңгімені әрі 
қарай жалғастырғысы келді.
– Әмирүл-мүмининнің мұрагеріне қимаған қызына сондай күй
-
еуді қайдан табады? Немесе ол қызын үйінде қамап ұстап, отырып 
қалған кәрі қыз қылмақ па? Сонда үлкен бауыры:
– Негізінде әлгі кісі немесе қызы жайында нақ ты білмеймін, – 
деп, бұл әңгімеден қашқақтайды. Сонда мәжілісте отырған Мәди
-
не тұрғындарының бірі:
– Ханзада рұқсат етсе, осы қыз жайында оқиғаны бастан аяқ 
баяндап  берейін.  Ол  қыз  біздің  ауданда  тұратын  Әбу  Уадаға  де
-
ген жігітке тұрмысқа шықты. Ол жігіт – менің көршім, келесі үйде 
тұрады. Олар дың хикаясы ұзақ әрі қызық. Сол жігіттің өз аузынан 
естігенмін. Сонда екі ханзада:
– Иә, айта бер! – деп әңгімені қызыға тыңдай бас тады.
– Әбу Уадаға әңгімені былай бастады:
Алла  елшісінің  мешітінде  өтетін  Сағид  ибн  Әл-Мү сәйябтың 
алқасына  үзбей  қатысып  жүрдім.  Көп ші лікпен  араласып,  білім 
алуға тырыстым. Бір кездері бірнеше күн бара алмай қалдым. Сол 
кезде Сағид ибн Әл-Мүсәйяб мені іздепті. Мені ауырып қалды ма, 


 98 
әлде бір жағдай болды ма деп ойлапты. Алқаға қатысушылардан 
сұрапты. Бірақ ешкім мен жайында хабарым бар деп айта алмапты. 
Біраз күннен кейін қайта барғанымда мені қолпаштап:
– Қайда болдың, Әбу Уадаға? – деп сұрады. Мен оған әйелімнің 
қайтыс болғанын, соның жұмыстарымен бос болмағанымды айт
-
тым. Сонда ол:
– Неге бізге хабар бермедің?! Біз саған көңіл айтып, жаназасына 
қатысатын едік. Саған көмектесер едік.
– Алланың риза болсын! – деп тұруға асыққанымда тоқтатып 
мені алып қалды.
– Төсек жаңғыртқың келмей ме?
– Алланың мейірімі болсын! Кім мен сияқты жетім, кедей өскен 
жігітке қызын берсін. Менің 2-3 дирхамым ғана қалды. 
– Мен саған қызымды беремін. 
Тілім күрмеліп, сөйлей алмай қалдым. Әрең де генде:
– Сіз бе? Менің жағдайымды білгеннен кейін қы зыңызды маған 
үйлендірмексіз бе?
–  Иә.  Діні  мен  мінез-құлығы  ұнағандарға  береміз.  Сенің  дін
-
дарлығыңа біз дән ризамыз, – деп айналасына қарап, жақын оты
-
рғандарды  шақырды.  Адамдар  жиналғаннан  кейін,  Алла  Тағала
-
ны  мақтап-мадақтап,  Пайғамбарына  салауат  пен  сәлем  айтып, 
қызын маған қосты. Қалың малын екі дирхам етіп тағайындады. 
Мен қуанғанымнан, әрі таң қалғанымнан не дерімді білмей тұрып 
кете  бердім.  Үйге  келісімен,  тұтқан  оразамды  ұмытып  кетіппін. 
Өз-өзіме «Бұдан да өлгенің артық, Әбу Уадаға! Өзіңе не істедің?  
Кімнен қарыз аласың енді?! Кімнің есігін қағасың?!» деп жүйкемді 
жеп шықтым. Ойланып жүріп мағриб уақытының кіріп қалғанын 
азан  даусынан  білдім.  Парызды  оқып  болып,  аузымды  нанмен, 
маймен ашып отырғанымда, есік қағылғанын естідім. 
– Кім? – деп сұрағанымда:
– Сағид, – деп жауап берді. Ойыма мен білетін Сағидтердің бәрі 
келіп, тек осы Сағид ибн Әл-Мүсәйяб қана кірмеді. Өйткені ол қы
-
рық жыл бойы тек өз үйі мен мешіт арасында ғана жүретін. Есікті 
ашсам, алдымда Сағид ибн Әл-Мүсәйяб тұр. Көкейіме үйлендіру 
жайында пікірін өзгерткен екен ғой деген суық ой келді.    
– Сіз шақыртсаңыз, жетіп келер едім ғой. Неге әуре болдыңыз?! 
Үйге кіріңіз – дедім.


 99 
– Жоқ, саған бір жұмыспен келіп тұрмын.
– Алланың мейірімі болсын, ол не шаруа?
– Бүгіннен бастап менің қызым – Алланың заңы бойын ша сенің 
жұбайың болды. Қасыңда сағыны шыңды басатын жан жоқ екенін 
білемін.  Сенің  басқа  жерде,  әйелің  басқа  жерде  жатқаны  дұрыс 
емес деп саған алып келдім. 
– Өзіңіз әкелдіңіз бе? Құрыдым! 
– Иә.
Қарасам, артында қызы тұр. Ол қызына бұрылып:
– Күйеуіңнің үйіне Алланың атымен, берекесімен кір қызым, – 
деді.
Қадам баса беріп, ұялғанынан етегіне сүрініп құлап қала жаз
-
дады. Мен де таң қалып, не айтарымды білмей сасып қалдым. Ке
-
неттен әлгі жеп отырған тамағым есіме түсіп, үйге келіншегімнен 
бұрын кіріп, легенді шырақ алдынан ығыстырып тастадым. 
Жоғарыға көтеріліп, көршілерді шақырдым. Олар маған:
– Не боп қалды қараңғы түнде? – деп сұрап жатыр.
–  Сағид  ибн  Әл-Мүсәйяб  бүгін  қызы  мен  менің  басымды 
қосқан. Жаңа ғана қызды алып келіпті. Енді бар жөн-жоралғысын 
жасауға  өздерің  көмек  беріңдер.  Шешемді  шақырып  келейін,  ол 
алыста тұрады, – дедім. 
Сонда бір кәрі кемпір:
– Сен есіңнен ауысқансың ба? Не деп тұрғаныңды да білмей
-
сің-ау. Сағид қызын саған бере салады екен. Оған қоса кешке өзі 
алып келеді. Өткен жолы қызын Уәлид ибн Абдүлмәликке бермей 
қойған Сағид пе?
– Иә, сол, – деп жауап бердім, – Келіңдер көріңдер, сол қыздың 
өзі. 
Әйелдер әлі сенер емес. Үйге кіріп келіншегімді көріп, басу ай
-
тып жатыр.  
Көп ұзамай шешем келіп, өз көзіне сенбегендей қарап тұрды да:
– Бұл қызды ұзатуға дайындау үшін маған бер месең, ақ сүтімді 
көкке сауамын. Оны жөн-жорал ғысымен ұзатып, үш күннен кейін 
өзіңе тапсырамын.
– Жарайды, қалағаныңызды істеңіз, – деп қуанып кетттім.
Үш  күннен  кейін  көргенімде  мұндай  жанның  дү ниеде  бар 
екенін енді біліп, таңқалдым. Мәдиненің ең сұлу әйелі, Алланың 


 100 
кітабын түгел жаттап алған, Пайғамбар (с.а.у.) хадистерін риуаят 
етуде алдыңғы қатарда, күйеуінің құқығын ең жақсы білетін келін
-
шек екен. 
Кейін мешіттегі шәйхтың алқасына келдім. Сәлем беріп, аман
-
дастым. Маған сәлем қайтарды да, артық ләм демеді. Дәріс біткен
-
нен кейін бәрі тарасып, екеуі мізден басқа ешкім қалмады. Маған:
– Әбу Уадаға! Жұбайыңның жағдайы қалай? – деп сұрады.
– Дос қызығатындай, дұшпан кызғанатындай жағ дайда, – деп 
жауап бердім. 
– Аллаға шүкір!
Үйіме  қайтып  оралғанымда,  тіршілігімізге  жарататын  көп 
қаржы жіберіпті. 
Абдүлмәликтің ұлы:
– Бұл кісі таңқалдырды, – деді. Мәдинелік кісі:
–  Ханзада!  Оған  несіне  таңқаласыз?  Ол  –  дүниесін  ақыретке 
кеме етіп, өзіне және отбасына мәңгілікті сатып алды. Ол қызын 
Әмирүл-мүмининнің ұлынан қызғанған жоқ. Немесе оған лайық 
емес  деп  ойламады.  Достары  одан:  «Әмирүл-мүмининнің  құда 
болу ұсынысынан бас тартып, жай қара халықтың біріне бересің 
бе?» – деп сұрапты. Оларға:
– Қызым мойнымдағы аманат болғандықтан, оның жағдайын, сӘ
-
лихалы өмір сүруін егжей-тегжейлі қарас тырдым, – деген көрінеді.
– Қалайша?
–  Қалай  ойласыңдар!  Ол  Үмәйяһ  әулетінің  сарайларына  ба
-
рып, құс төсек пен алтын жиһаздар дың арасында, сол жағынан, оң 
жағынан шашбауын көтерген қызметшілер мен күңдердің алақа
-
нында, ке йін нен халифаның жұбайы болған кезде діні не болмақ?
Шамнан келген қонақтардың бірі:
– Сіздердің бұл кісілеріңіз дара туған ерекше тұлға екен, – деді. 
–  Сөзіңіз  рас,  асыра  мақтау  емес.  Оның  күндізі  –  ораза,  түні 
– намаз. Қырық рет қажылық жасаған. Қырық жылдан бері Пай
-
ғамбар (с.а.у.) мешітіндегі иқаматтан қалған емес. Үнемі бірінші 
қатарда отырғандықтан, намаз барысында көзі адамның өкшесіне 
түскен емес. Оның Құрайыштың кез-келгенінің қызына үйленуге 
 
шамасы  келетін.  Бірақ  ол  Әбу  Һурайраһтың  (р.а.)  қызын  басқа 
әйел затынан артық көрді. Оған себеп, Алла Елшісінің (с.ғ.у.) ал
-
дындағы орны, хадистерді риуаят етуде кеңдігі және күйеу баласы 
болу арқылы мейлінше көп хадис жаттауы еді. 


 101 
Ес білгелі білім жолын қуды. Пайғамбарымыз дың (с.ғ.у.) әйел
-
дері,  мұсылмандардың  аналарынан  дәріс  алып,  олардың  іздерін 
басты. Зәйд ибн Сәбит, Абдуллаһ ибн Аббас, Абдуллаһ ибн Омар 
сияқты ұлығ сахабалардың қолдарында оқыды. Осман, Әли және 
Сухәйб сияқты қадірлі Пайғамбар (с.а.у.) сахабаларынан риуаяттар 
естіді.  Олардың  жақсы  өнегесін  бойына  сіңіріп,  жан  дүниелерін 
түсіне білді. Өзінің жиі қайталайтын сөзі: «Аллаға бойсұнудан ар
-
тық адам өзін қадірлей алмайды, күнә жасаудан артық өзін қорлай 
алмайды».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет