«Негізінде сендердің үстеріңде (істеген
істеріңді) есте сақтап, жазып тұрушы ұлығ періштелер бар»
1
,
–
деген. Олай болса, сендер айт қан сөздеріміз бен істерімізді жазып
«Оның оңынан да, солынан да екі байқаушы отырады. Аузынан
бір сөз шығарса-ақ болды, алдында аңдушы дайын»
2
.
Яғни, бақы
-
лаушы екі періште бар екенін жоққа шығар майсыңдар ғой! Біреу
-
дің таңертеңнен түске дейін жа зылған парағы жарияланса, ал оның
көпшілігі дініне немесе дүниесіне қатысы жоқ нәрселер болып
шықса, ұялмай ма?!
* * *
Алла Тағала Ата ибн Әбу Рабахтың білімінің пайдасын көпте
-
ген түрлі топтардың игілігіне жаратқан. Олар: ғылыми мамандар,
кәсіпкерлер, және тағы басқалар.
Әбу Ханифа Ән-Нұғман өзі жайында былай дейді:
– Меккеде ғибадат рәсімдерінің бесеуінен жаңыл дым. Оған
1 «Инфитар» сүресі, 10-11-аяттар.
2 «Қаф» сүресі, 17-18-аяттар.
7
көзімді жеткізген шаштараз болды. Ихрамнан шығу үшін шаш ал
-
дыруға шаштаразға келіп, одан қанша аласың, деп сұрадым.
– Алла сені тура жолға салсын, ғибадат рәсім де рінде шарт қой
-
ылмайды. Отыр, шамаңа қарап бер, – деді.
– Ұялып отыра кеттім. Бірақ қыблаға тура қарап емес, сәл
ауытқып отырдым. Ол қыблаға қарап отыруды бұйырды. Мен
ұялып бетімді қыблаға бұрдым. Кейін шаш алу үшін басымның
сол жағын ыңғайлай бергенімде, «оң жағын бұр» деп айтты. Ол
шашымды ала бастады. Ал мен таң қалып, тып-тыныш отырмын.
– Неге бұлай үнсіз отырсың? Тәкбір айтып отыр, – деді. Шаш
алып біткенге дейін тәкбір айтып, сонан соң тұра бергенімде:
– Қайда барасың? – деді
– Көлігіме бара жатырмын, – дедім.
– Екі бас намаз оқығаннан кейін қалаған жағыңа жүре бер.
Екі ракаат намаз оқығаннан кейін, ішімнен «мына шаштараз
білімді біреу болмаса, мұндай әрбір іске көңіл бөле бермес еді»
деп ойландым.
– Бұл рәсімдердің бәрін қайдан білесің? – деп сұра дым.
– Алла үшін айтайын. Ата ибн Әбу Рабахтың осылай жасап
жатқанын көрдім. Содан бері келген адамдардың бәріне айтып ке
-
лемін.
Ата ибн Әбу Рабахтың мол дүние-мүлікті иелену мүмкіндігі
көп еді, бірақ ол бұдан түпкілікті бас тартты. Бар өмірін бес дир
-
хамнан артық тұрмайтын жалғыз көйлекпен өткізді.
Оған халифалар серіктес, жолдас болып, қаста рында бірге
жүруге ұсыныс жасап, талай рет жалын ды. Олардың дүние қызығы
дініме әсер етеді деп қор қып, бұл шақыруларын қабылдамады. Бірақ
Ислам мен мұсылмандардың мүдделерін қорғау үшін оларға ба-
рып тұратын. Бұл жайында Осман ибн Ата Әл-Хораса ни былай
дейді:
Әкем екеуіміз Шамға бара жатып, Дамашыққа жа қындаған кез
-
де жолда қара есек мінген, үстінде тігісі көп, қалың көйлек киген,
ескі шапан жамылған, сәлде сі басына жабысқан, ағаш аяқкиімді
шалды көрдік. Әкемнен: «Бұл кім?» – деп сұрап, күле бастадым.
– Тыныш! Бұл – Хижаз ғалымдарының мырзасы Ата ибн Әбу
Рабах, – деп айтты. Жақындаған кезде әкем қашырынан түсіп,
ол да есегінен түсіп, екеуі құшақтаса амандасты. Кейін екеуі бір
-
ге әңгімелесіп, Һишәм ибн Абдүлмәлик сарайының қақпасына
8
дейін келді. Енді олар кіреберісте отыра бергенде, сарай қызмет
-
шілерінің бірі келіп, кіруге рұқсат берді. Әкем сарайдан шыққан
-
нан кейін, одан не болғанын егжей-тегжей лі сұрадым. Әкем маған
болған жағдайды айтып берді:
– Халифа Һишәм Ата ибн Әбу Рабах келіп тұрға нын естісімен,
шақыртып алыпты. Алламен ант ете йін, соның арқасында тез кіріп
шықтым. Халифа: «Қош келдіңіз, мына жерге отырыңыз, мына
жерге» – деп, құрметтеп, өз көрпешесінен орын беріп, тізесін ті
-
зесіне тигізіп отырды. Халифа мәжілісінде ірі лауа зымды адамдар
отыр екен. Халифа мұндай ілтипат білдіріп жатқаннан кейін бар
-
лығы тым-тырыс бола қалды. Һишәм ғұламаға қарап:
– Қандай бұйымтайыңыз бар, Әбу Мұхаммед (ға лымның күня
-
сы)!
– Әй, Әмирүл-мүминин! Екі қасиетті жердің тұр ғын дарына –
Алланың халқына, Пайғамбардың (с.а.у) көршілеріне ризықтары
мен берешектерін үлес тіріп отырсың.
– Иә.
– Балам! Мекке мен Мәдинеге үлестері мен ри зықтарының бір
жылдығын жібер.
– Тағы қандай бұйымтайыңыз бар, Әбу Мұхаммед?
– Хижаз бен Нәжд тұрғындары – арабтың асылдары, Ислам
көшбасшылары, олардың садақаларының артығын қайтарып бер.
– Не бұйырасыз, Әбу Мұхаммед?
– Шекарада тұрып жатқан мұсылман қауым дұш паннан елді
қорғап, бізге қастандық жасаушыларға қарсы соғысып келеді.
Оларға жәрдемді көбірек жібер. Олар қырылса, шекара да жой
-
ылғаны.
– Тағы тілегіңіз бар ма, Әбу Мұхаммед?
– Қарамағыңдағы басқа дінді ұстанған халықтар ға төлей алмай
-
тын салық салушы болма. Олардың шама сы келетін салық жаз.
Олардың салығы – дұшпандарыңа қарсы күресте көмек.
– Тағы не сұрайсыз, Әбу Мұхаммед?
– Иә, тағы сұрайтыным, Әмирүл-мүминин, Алладан қорық! Сен
жаратылғанда жалғыз болғаныңды ұмыт па. Өлгенде де жалғыз бо
-
латыныңды біл. Қиямет күнінде Алланың алдында жалғыз жауап
беретінің ді ұмытпа. Мұнда отырғандардың бірін де қасыңнан көр
-
мейсің.
Һишәм осы сөздерді естіп, басын төмен салып, жылап жі
-
9
берді. Қайтып бара жатқанымызда шыға беріс те қызметшілердің
бірі: «Халифаның өзі берді», – деп ғалымға түйіншек ұстатпақшы
болғанда:
– Қабылдамаймын. Бұл үшін мен сендерден ақы сұрамаймын.
Мұның сауабы – әлемдердің Иесінің мойнында, – деп жауап қатты.
Ол халифаның қабылдауында отырып бір тамшы су да ішкен
жоқ.
* * *
Ата ибн Әбу Рабах ұзақ өмір сүріп, жүзден асып қайтыс бол
-
ды. Ұзақ өмірін ғылыммен, еңбекпен өт кізіп, жақсылық жасауға,
тақуалық жолға арнады. Пә ни дүниенің қызығынан бас тартты.
Бар қалауы да, мақсаты да, Алла Тағаланың ризашылығын алу
бол ды.
Өмірден аттанғанда, сапарға шығарып салушылар дүние жүк-
те рі жеңіл, ақырет сауаптары ауыр екенін байқады. Оған қоса,
жетпіс рет қажылық жасады, оның ішінде «Арафатта» 70 рет тұру
маңдайына жазылды. Ол үнемі Алла Тағаланың ризашылығын,
жәннатын сұрап дұға етті. Оның ашуы мен тозағынан пана іздеді.
|