Табигиндер



Pdf көрінісі
бет58/63
Дата14.12.2021
өлшемі2,79 Mb.
#100447
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР

ӘБУ-ХАНИФА ӘН-НҰҒМАН
Өмірінен тамаша тәмсілдер
«Әбу Ханифатан артық ақылды, қадірлі, құдай шыл адам көрмедім»
(Язид ибн Һарун).
Өзі сымбатты, келбетті, даусы жағымды, жылы сөзді кісі еді. 
Өте  ұзын  да,  өте  аласа  емес,  орта  бойлы  жігіт  болатын.  Оның 
үстіне  өзіне  жарасымды  киімдер  киетін,  көрінісі  көздің  жауын 
алатын еді. Адамдар оны көрмей тұрып, келгенін әтірінің иісінен 
білетін. 
Ол  –  Әбу  Ханифа  деген  күнямен  танылған  Ән-Нұғман  ибн 
Сәбит  Әл-Мәрзубән.  Фиқых  ғылымының  іргетасын  қалаушы, 
негізін салушы. 
Әбу  Ханифа  –  өтпелі  кезеңді  басынан  кешірген  кісі.  Үмәйяһ 
әулетінің  соңғы  дәуірі  мен  Аббас  әуле тінің  басында  өмір  сүрді. 
Ол өмір сүрген заманда халифалар мен әкімдер дарынды кісілерге 
көптеген  қаржы  бөлетін.  Олардың  рызықтары  күтпеген  жерден 
келе  беретін.  Бірақ  Әбу  Ханифа  бұл  қызықтан  білімді  жоғары 
қойды. Өз еңбегімен күн көрді. Сұрағаннан бергенді абзал тұтқан 
жан еді. 
Бір күні оны қонаққа халифа Әбу Жағфар Әл-Мансур шақырды. 
Барған кезде күтіп алып, асты-үстіне түсіп, қатты құрметтеді. Төрге 
отырғызып, көптеген діни және дүниелік мәселелерді сұрастырды. 
Қонақтан  шығып  бара  жатқанда  ғұламаға  отыз  мың  дирхам 
ақша  ұстатты.  Сараң  Әл-Мансурдың  мұндай  жомарттығы  сол 
жерде отырғандарға өрескел көрінді. Оған Әбу Ханифа:
–  Әмирүл-мүминин,  Бағдатты  мен  көп  білмеймін.  Мына 


 229 
қыруар ақшаны сақтайтын жерім жоқ. Жоғалтып аламын ба деп 
қорқамын. Сол үшін қаржы үйінде сақтай беріңіз. Қажеті болса, 
келіп  аламын.  Осы  оқиғадан  кейін  Әбу  Ханифа  көп  уақыт  өмір 
сүрген жоқ. Көз жұмғаннан кейін жаңағы қаржыдан да көп ақшасы 
адамдарда қалды. Оны естіген Әл-Мансур:
«Алла Тағала Әбу Ханифаны мейіріміне бөлесін. Бізден ештеңе 
де алмай, және алмайтынын да білдір мей, сыпайы жауап қатқан 
екен», – деді.
***
Әбу  Ханифа  өз  еңбегімен  тапқан  наннан  таза  азық  жоқ 
екеніне  кәміл  сенгендіктен,  уақытының  жартысын  сауда 
жасаумен  өткізді.  Мата  және  киім  сатушы  еді.  Сауда  жасау 
үшін  Ирактың  қалаларын  аралайтын  еді.  Оның  дүкеніне 
адамдар жиі келетін. Оған себеп, оның шыншылдығы мен алыс-
берісте  аманатқа  қиянат  жасамауы  болатын.  Әрине  оның  үстіне 
оның  зат  таңдау  қабілеті  өте  жоғары  болатын.  Оның  саудасы 
тауысылмас  кіріс,  бітпес  береке  еді.  Ақшаны  халал  жолмен
 
тауып,  орынды  жерге  жұмсайтын.  Жұрттың  айтуынша,  бір  жыл 
аяғында  саудадан  түскен  кірісін  санап,  пайдасын  есептеп  өз  ке
-
регіне қажетті қаражатты алып, қалға нын қарилар мен мухадди
-
стердің (хадис жинаушылар), шәкірттер мен ұстаздардың керек-
жарақтарын  және  азық-түліктері  мен  киімдерін  сатып  алуға 
жұмсайтын. Әрқайсысына белгілі мөлшерде ақша бөліп:
– Мынау сендердің саудаға қосқан үлесте ріңнің пай дасы, – деп 
беретін. 
– Саған ешқандай ақша бермедім ғой, – дегендерге:
– Бұл Алланың сендер үшін маған берген жақ сы лығы. Ризықты 
тек Алла қана береді, – деп жауап беретін.
Оның  жомарттығы  халық  аузында  аңызға  айналды.  Әсіресе, 
ғұламамен болғандар, бірге әңгімелескендер былай дейді:
Бір күні ғұламаның дүкеніне барып:
– Маған киім керек болып тұр, – дедім.
–  Қандай  түсті?  –  деп  сұрады.  Мен  көйлектің  реңін  айтып 
түсіндірдім.
– Қазір жоқ. Сабыр ет, сәті түссе, саған арнап алып қоямын, – 
деді.


 230 
Бір апта өтпей жаңағы мен сұраған көйлек түсіпті. Дүкенінің 
жанынан өтіп бара жатқан мені шақырып алды.
–  Өткенде  сұраған  киіміңіз  дүкенге  түсті,  –  деп  көйлекті 
көрсетті. Маған киім қатты ұнады. 
Қанша төлеп кетейін, – деп едім:
– Бір дирхам, – деп жауап берді. Таң қалып:
– Бір дирхам ба? – деп қайта сұрадым. 
– Иә, бір дирхам, – деді.
– Менімен әзілдеседі деп ойламаппын.
–  Жоқ,  әзіл  емес.  Бұл  киімнің  екеуін  20  динар,  бір  дирхамға 
сатып  алдым.  Біреуін  20  динарға  сатып  жі бердім.  Енді  мына 
қалғанын  бір  дирхамға  сатып  отырмын.  Достығымды  пайдаға 
қолдана алмаймын. 
Бір күні кәрі кемпір келіп:
– Көйлек сатып алайын деп едім. Мен бағалары қан дай екенін 
білмеймін,  саудаласа  алмаймын,  саған  аманат,  менің  жағдайым 
онша емес, өзің алған бағаңа біраз пайда қос та сат, – дейді.
– Міне, киімдерді көтерме саудамен алдым. Кеткен қаражаттың 
бәрі жабылды, тек төрт дирхам ғана қалды. Төрт дирхамға ала бер. 
Сенен пайда көрмей-ақ қояйын, – деген екен.
Бір күні мәжілісте отырып, бір досының көйлегі тозып кеткенін 
байқайды. Барлығы қайтып кеткеннен кейін әлгі досымен оңаша 
қалғанда:
– Мына жайнамазды көтер де, астында жатқанды ал, – дейді. 
Әлгі  досы  жайнамазды  көтерсе  мың  дирхам  жатыр  екен.  Әбу 
Ханифа: 
– Керегіңе жаратасың, ал, – дейді.
–  Мен  бақуатпын.  Алла  маған  нығмет  берген.  Мен  мынаған 
мұқтаж емеспін. 
–  Алла  Тағала  саған  нығмет  берсе,  нығметінің  әсері  қайда? 
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Алла берген нығметінің әсерін құлынан 
көргенді сүйеді» деген хадисті естімеп пе едің? Досыңды ыңғайсыз 
жағдайға қалдырмай, үсті-басыңды дұрыстап жүруің керек. 
Әбу  Ханифаның  халыққа  жасаған  жомарттығы  да  көп. 
Балаларына не сатып алса, сондай мөлшерде мұқтаждарға садақа 
береді  екен.  Жаңа  киім  сатып  алса,  сондай  бағаға  киім  алып, 
мүсәпірлерді киіндіреді екен. Жеген тамағын есептеп, сондай екі 
есе етіп, кедейлерге қол ұшын беруге әдеттенген еді.


 231 
Сөйлеп жатып Алламен ант беруден бұрын бір дирхам садақа 
шығаруды өзіне шарт етіпті. Кейіннен бір дирхам емес, бір динар 
алтын беретін болыпты. Айтқан болжамы дұрыс болып шықса, бір 
динар садақа береді екен. 
Хафс  ибн  Абдуррахман  Әбу  Ханифаның  саудадағы  серіктесі 
болыпты.  Оны  Ирак  қалаларына  мата  сатуға  жібереді  екен. 
Бір  күні  көп  тауар  дайындап  қойыпты.  «Мына  бір  киімдерде 
кемшілік  бар,  сататын  болсаң  алатын  адамдарға  ақиқатын  айт» 
деп  тапсырады.  Хафс  тауардың  бәрін  сатып  жібереді.  Кемшілігі 
бар киім дердің мінін айтуды ұмытып кетеді. Сатып алған кі сілерді 
қанша тырысса да есіне түсіре алмады. Осы жағдайды естіген Әбу 
Ханифа адамдарды алдағанын біліп көңілі көншімей, тауарлардың 
барлық құнына тең садақа беріпті. 
Жомарттығы  мен  адалдығына  қоса,  Әбу  Ханифа  кішіпейіл, 
жылы жүзді, адамдармен жақсы қарым-қатынас жасайтын көңілді 
кісі болатын. Онымен отыр ғандар, әңгіме құрғандар бір көңілденіп 
қалатын. Өзінің дұшпаны болса да сыртынан жаман сөз сөй леген 
емес.         
Достарының  бірі  былай  дейді:  «Абдуллаһ  ибн  Әл-Мубарак 
Суфян  Әс-Сәуриге  (Екеуі  де  тәбиғиндерден  кейін  өмір  сүрген 
ғалымдар):
– Әбу Абдуллаһ, Әбу Ханифаның ғайбаттан алшақ болуы неде? 
Дұшпаны болса да, біреудің сыртынан жаман сөз сөйлеген емес, – 
деп сұрап жатқанын естідім. Суфян оған:
– Сауаптарын жоғалтатындай Әбу Ханифа ақымақ деп пе едің, 
– деп жауап берді.
Әбу Ханифа адамдардың көңілін аулап, достықты жалғастыра 
беруге  ынталы  болатын.  Кез-келген  кісі  танысуға  ниет  білдірсе 
де немесе мәжілістеріне кез дейсоқ, ешқандай мақсатсыз қатысып 
қалса да, жағ дайын сұрап таныса кететін. Пақыр болса қол ұшын 
беріп, ауырып қалса, көңілін сұрап баратын. Ағайын-туыстай ара 
қатынасты үзбейтін еді. 
Бәрінен де күндізі – ораза, түні – намаз екенін айтқанымыз дұрыс 
болар. Досы – Құран Кәрім еді. Түннің соңғы үштен бір бөлігінде 
тұрып,  Аллаға  жалбарынып,  кешірім  сұрайтын.  Мұншалық 
ғибадатқа көңіл бөліп, беріле құлшылық етуіне бір жағдай қатты 
әсер етті. Бір күні бір топ адамдардың «Мына кісі түнде ұйықтамай 
ғибадат  қылады»  де генін  естіп,  «Алланың  атымен  ант  берейін, 


 232 
Алла  Тағаламен  жүздескенге  дейін  түнде  жастыққа  басымды 
қоймайтын  боламын»  деп  өз-өзіне  ант  берген  екен.  Сол  күннен 
бастап түнде ұйықтамай, құлшылық етумен болды. Түн жамылып 
адамдар  ұйқыға  кеткенде  ең  жақсы  киімдерін  киіп,  шашы  мен 
сақалын  тарап,  үстіне  иіс  майлар  жағып,  жақсылап  сәнденіп 
алатын.  Михрабында  намазға  тұратын.  Түннің  бәрін  намаз 
оқумен  немесе  кей  бөлігін  Құран  оқумен  өткізетін  еді.  Немесе 
қол жайып ұзақ уақыт дұға қылатын. Мүмкін, Құранның бәрін бір 
 
ракағатта  бітірген  шығар.  Кейде  бір  аятты  қайталаумен  болған 
шығар.  Риуаяттар  бойынша,  Алла  Тағаланың  Құран  Кәрімде
-
гі «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет