42
Бұл сөз Омардың жүрегіне оқтай қадалды. Ұйқысы ашылып
кетті. Денесіне қуат бітіп, жұмыс істеуге қайта құлшынды.
– Балам, жақын отыр, – деп ұлын құшақтап, дінімде көмекте
-
сетін ұрпақ берген Аллаға мың шүкір, – деді.
Адамдарды жинап, зұлымдықпен алынған дүние ле рі болса,
шағымдансын деп жар салуға бұйырды.
* * *
Бұл Абдүлмәлик кім болды? Әкесін жолға салған, дінге тартқан,
тақуалыққа үйреткен баланың өмірі қа лай өтті. Осыған тоқталай
-
ық.
Омар ибн Абдүләзиздің 12 ұлы, 3 қызы болған екен. Әрқайсысы
тақуалықта, сӘлиқалықта үлкен биікке жет кен. Бірақ Абдүлмәлик
– олардың ортаншысы, шоқ жұл дызы болатын. Жастайынан тақу
-
алыққа бейімделіп, ұлдардың ішінде келбеті жағынан Әл-Хаттаб
-
тар әулетіне жақын, әсіресе Алладан қорқуда, Аллаға ғибадатпен
жақын болуда Абдуллаһ ибн Омарға тарт қан еді. Алла оларға разы
болсын.
Немере ағасы Асим былай дейді:
Дамашыққа барып, бойдақ бауырым Абдүлмәлик тің үйіне
түстім. Түнгі намазды бірге оқып, әркім өз төсегіне барып жат
-
ты. Абдүлмәлик тұрып шамды өшірді. Екеуіміз де ұйқыға беріл
-
дік. Түн ортасында оянып қарасам, қараңғыда намаз оқып тұрған
Абдүлмәликті көрдім. Ол Құранның мына аятын оқып жатты:
Достарыңызбен бөлісу: