Табылған жері Африка (Кения жеріндегі Олдувай шатқалы) 1 млн 750 мың жыл



бет18/19
Дата14.04.2020
өлшемі0,92 Mb.
#62510
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
тарих





Өзгерістер жолында
Дағдарыс алдындағы қоғам
КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мұндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді.

Дағдарыстың себебі өте көп болды. Мысалы, экономикалық жағынан алғанда ғылыми-техникалық прогрестің өндіріске енгізілуі баяу етті, өнімдердің сапасына емес, санына көп көңіл бөлінді т.б.

Қоғамдық өмірде халықтың тұрмыс деңгейі күрт төмендеді, әлеуметтік мәселелерге көңіл бөлінбеді, қылмыс тым кебейді.

1985 жылы наурызда К.У. Черненко қайтыс болғаннан кейін, КОКП Орталық Комитетінің бас хатшысы қызметіне М.С. Горбачев келді.


Қайта құру бағыты
1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды ғылыми-техникалық прогресс негізінде қайта құру бағыты жарияланды. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елді жаңару бағытына бастауға міндет алды.

Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғашқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Мәскеуде В.В. Гришин, Ленинградта Г.В. Романов, Қазақстанда Д.А. Қонаев, Әзірбайжанда Г. Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғы-шарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен-күнге қиындай берді.



Негізгі себептері. 80 жылдарға қарай халық шаруашылығындағы тоқыраушылық айқын көрінді. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмір де отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады.

Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Мәскеуде ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендігі сөз жүзінде ғана болды.

Қазақстан партия басшысы Д. Қонаев өз жұмысында көптеген кемшіліктерге жол берді. Д. Қонаевтың өзіне республика халықтарының арасында табынушылық пайда болды. Д. Қонаев маңындағылар республикадағы күрделі әлеуметтік, экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немқұрайды қарады.
Желтоқсан оқиғасы (1986)
1986 жылғы желтоқсан оқиғасына жылдар бойы қордаланған осындай себептер түрткі болды. Орталықтың өктемдік әрекеттері мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар, шовинистік саясат т.б. қалыптасқан жағдайлар наразылықтың негізгі себептері болды.

Наразылық сылтауы. 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан коммунистік партиясының Орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д. Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В. Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік және қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болды.

Оқиға барысы. 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматы қаласында республика басшылығының ауыстырылуына қарсылық ретінде жастар толқуы басталды. Мұндай наразылықтар басқа қалаларда да өтті. Наразылықтың, басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Жастар толқуы бейбіт жағдайда Алматы көшелерінде басталды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан алшақ болды. Тек лениндік ұлт саясатының бұрмаланбауы, әр ұлтқа өз басшысын қою керек деген сөз жазылған тақтайлар ұстап жүрді. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез тарауын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы гарнизоны, басқа да әскери күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінің ішкі әскер бөлімдері әкелінді.

Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойылдар т.б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады.

Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендердің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды. Оқу орнынан 271 студент, комсомолдан 787 адам шығарылды.

Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова сияқты жастар жазықсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-сы ақталды. 1987 жылғы КОКП Орталық Комитеті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады.

Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КОКП ОК-ның желтоқсандағы жастар шеруін қазақ ұлтшылдығы деп кінәлау қате деген қаулы шығарды. КСРО халық депутаттарының I съезінде ақын, қоғам қайраткері М. Шаханов желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, тұңғыш рет мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды.
Жаңаөзендегі оқиғалар
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы мұнай, газ кен орындарына жұмыс күшін үкімет сырттан әкелді. Сырттан келгендер мен байырғы тұрғындар арасында әлеуметтік әділетсіздік орын алды. Мұндай әділетсіздік тұрғын үй, азық-түлік бөлуде де орын алды. Жастар арасында жұмыссыздық көбейді. Тұрғын үй кезегі ұзаққа созылды. Сонымен қатар сырттан келгендер қазақ халқының ұлттық мүддесімен санаспады. Осының бәрі 1989 жылғы Жаңаөзен қаласындағы қазақтар мен Кавказ ұлттарының өкілдері арасындағы қантөгіске ұласқан қақтығысқа себеп болды. Қақтығыс әскерилердің көмегімен басылды. Осы оқиғадан кейін сырттан вахтамен жұмыс істейтіндер қаладан әкетілді.
Қарағандыдағы кеншілер ереуілі
1989 жылы шілдеде Қарағанды көмір кенінде жұмыс істейтін кеншілер ереуілі болды. Ереуілге 15000-ға жуық адам қатысты. Олардың талабы: жалақы өсіру мәселесін шешу, Семей ядролық полигонын жабу, орталықтың монополиясын тоқтату т.б. Ереуілді Д. Тегісов, М. Рамазанов, П. Шлегель, П. Перебойнос т.б. басқарды. Ереуілшілермен кездесу үшін Қазақстан коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.Ә. Назарбаев Қарағандыға келіп, ереуілшілерді тыныштандырды. Кеншілер мен республика үкіметінің көзқарасы бір жерден шықты.
Қайта құру қайшылықтары
КОКП ОК-ның 1985 жылғы пленумында, КОКП-ның XXVII съезінде қабылданған қайта құру бағыты оңайшылықпен жүзеге аспады. Жүргізілген көптеген шаралар нәтиже бермеді. Мысалы, үкіметтің маскүнемдікке қарсы күресі экономикаға біршама зиян әкелді. Көптеген жүзімдіктер құртылды. Көлеңкелі экономика нығайып, қайта құру бағытына баға беріп, оны жүргізудегі қателіктер мойындала бастады.

1987 жылы қазанда қайта құрудың баяулығы, оны жүргізудегі шалағай саясат туралы Мәскеу қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы Б.Н. Ельцин өз сөзінде мәлімдеме жасайды. Бұл мәлімдеме ұзақ уақыт бойы ақпарат көздерінде айтылмай жүрді.

Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа енгізу керек болды.
Кеңес саяси жүйесіне реформа
1989 жылы мамырда КСРО халық депутаттарының I съезі өтті. Съезде елді жайлай бастаған дағдарыстың себебі туралы мәселе қаралды. Бұл съезден кейін компартияның билігі өз беделінен айырыла бастады. М. Горбачев бастаған партия басшыларының қызметіне сын айтылу көбейді. Партиямен қатар комсомол, кәсіподақ қызметтері де үздіксіз сыналды.

КСРО халық депутаттарының I съезінде жаңа одақтық келісімшартты жасау мәселесі көтерілді. Бірқатар одақтас республикаларда егемендік туралы декларация қабылданды.

1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзінің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылдады.
Қоғамдық-саяси қозғалыстар
80 жылдардың аяғына қарай демократиялық процестің жандануына байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады.

1989 құрылы Қазақстанда алғашқы болып «Невада-Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Қозғалыстың мақсаты - республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы - О. Сүлейменов. Ақын, қоғам қайраткері М. Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды.

1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды.

1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды.

Жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын құрды.

1991 жылы Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды.

1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері кірді.

Осы кезде «Желтоқсан» партиясы құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді.

1989 жылы «Әділет» қоғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық-саяси қозғалыстар құрылды. 1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғамдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы көптеген қоғамдық-саяси крзғалыстар әлсіз және қалыптасу кезінде болды. «Невада-Семей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен белгілі дәрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды.

1990 жылы Қазақстан коммунистік партиясы құрамында 800000-ға жуық мүше болды. Осы кезден бастап компартияға деген халықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлыкгай әсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42%-ы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49000-ға кеміді.

90 жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің жазалаушы күші болған казактар ұйымы пайда болды. 1991 жылы 15 қыркүйекте Орал қаласында казактар патша үкіметіне қызмет етуінің 400 жылдығын мерекелеуге шешім қабылдады. Бұл, шындығында, қазақ халқының ұлттық мүддесімен санаспағандықтың дәлелі. «Азат», «Желтоқсан», «Парасат» қозғалыстары бұл әрекетке ашық түрде қарсы шықты. Жаппай қақтығысқа ұласа жаздаған бұл әрекет жоғарыда аталған қозғалыстар мен құқық қорғау органдарының араласуымен тоқтатылды.
Қазақстан экономикасындағы проблемалар
1987 жылдан бастап Қазақстан халық шаруашылығы құлдырай бастады. Өндіруші өнеркәсібі басым Қазақстан көптеген аса кажетті тауарларды сырттан тасыды. 1988 жылы сырттан тек қана Қазақстанға 13,8 млрд сомның тауары әкелінді. Ал экспортқа шығарған өнімдер құны 6,7 млрд сомды құрады. Жалпы, еліміздің экономикасында экстенсивті даму басым болды. Халық шаруашылығына жұмсалған көптеген қаржылар өзін ақтамады. Барлық іс-әрекеттер, орындалған нәтижелер тек қағаз жүзінде ғана болды. Осының барлығы терең дағдарысқа алып келе жатты.
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстары
80 жылдардың соңына қарай Қазақстанның сыртқы экономикалық рынокқа шығуына біршама мол мүмкіндіктер туды. Экспортқа тауар шығару жөнінде Қазақстан КСРО-да 5-орында болды. Қазақстан тарапынан экспортқа шығаратын өнімнің 97%-ы шикізат болды. Одақ көлемінде экспортқа шығаратын мыстың 72%-ы, фосфордың 90%-ы, қорғасынның, мырыш пен хромның 100%-ға жуығы Қазақстан үлесіне тиді. Егемендік алған жылдары елімізде сыртқы экономикалық қатынасқа байланысты «Қазақ КСР-дегі сыртқы экономикалық қызметінің принциптері туралы», «Қазақ КСР-дегі шетел инвестициялары туралы» т.б. зандар қабылданды.

Сыртқы экономикалық байланыстың кеңеюі нәтижесінде елімізде Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі, Сыртқы экономикалық банкі сияқты ірі ведомстволар құрылды.

1990 жылы Қазақстан және Сауд Арабиясы біріккен «Аль-Барака-Банк-Қазақстан» банкі құрылды.

«Самсунг», «Голд Стар» сияқты Оңтүстік Кореяның ірі компаниялары Қазақстанда өз өкілдіктерін ашты.

1991 жылы Қазақстанда шетелдің 24 біріккен кәсіпорны жұмыс істеді. Біріккен кәсіпорындардың көбі халық тұтынатын тауарлар шығаруға бағытталды.

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 1990 жылы 21,7 млн сомды құрады. Алматы-Үрімші-Алматы әуе жолы, Жаркент-Инин автомобиль жолы іске қосылды. Республикада Жәйрем-Атасу, Қарағанды, Маңғыстау сияқты еркін экономикалық аймақтар сыртқа экономикалық байланыс жасайтын негізгі бағыттар болды.


80-90 жылдардағы ауылдың әлеуметтік жағдайы
1991 жылы Қазақстан халқының 42,4%-ы (7 млн 124,6 мың) ауылда тұрды. Халықтың әлеуметтік қамтамасыз етілуі жағынан ауыл қалаға қарағанда көп артта қалды. Ең алдымен ауылдың қаражатпен қамтылуы өте баяу жүрді. Мысалы, 1991 жылға қарай Қазақстандағы ауылдық жерлерде халықтың тұрғын үймен қамтылу мәселесі басқа республикаларға қарағанда артта қалды. 90 жылдарға қарай Қазақстанда 67,5 мың шақырым асфальтталған автомобиль жолы болса да, ауылдық жерлерді көлікпен қамтамасыз ету ісі нашар дамыды. Ауылдың әлеуметтік жағдайы 90 жылдардың басына қарай күрт нашарлады. 70 жылдары болашағы жоқ деген желеумен көптеген ауылдардың, сонымен бірге мәдени орындардың жойылуы ауылдық жерлердегі халықтың әлеуметтік жағдайын қиындатты. Халық күнделікті тұтынатын өнімдердің көбі азайып кетті.

Ауылдық жерлердегі халыққа білім беру ісінде көптеген олқылықтар байқалды. Ауыл мектептерін заман талабына сай компьютермен қамтамасыз ету артта қалды. Көп мектептерде оқушылар саны күрт азайып кетті. Ауылдық жерлерде білікті дәрігерлер жетіспеді, кейбір ауылдарда дәрігерлік мекеме жоқ болды. Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Жезқазған облыстарында халықтың әлеуметтік жағдайы өте нашар болды.


Мәдениет, ғылым, ағарту
Қазақ тілінің жағдайы республикада ете төмен дәрежеде болды. Іс қағаздың көпшілігі орыс тілінде жүргізілді. Қазақ мектептерінің саны азайды. Осы қазақ мектептерінің азаюы, қазақ тілінің қолданылу аясының тарылуы әсіресе Көкшетау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында байқалды. 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақ КСР-де «Тіл туралы» заң қабылданды. Заңның бірінші бабында республиканың мемлекеттік тілі - қазақ тілі, екінші бабында ұлтаралық қатынас тілі орыс тілі деп көрсетіледі. Қазақ тіліне көңіл бөлінуінің нәтижесінде бірқатар игі шаралар жүзеге асырылды. Қазақ тілінде білім беретін 155 мектеп, 4 кәсіптік-техникалық училище, 482 балабақша ашылды. Республикада қазақ тілінен басқа бірнеше тілдердің де дамытылуына мүмкіндік жасалды. Республикадағы бірнеше телеарналар мен радиоларда 6 тілде хабар беріле бастады.

1988 жылы сталиндік террордың құрбандары болған, жазықсыз жазаланған халқымыздың біртуар тұлғаларының есімдері қайта оралды. «Бес арыс» аталған А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, Ж. Аймауытов туындылары ақталып, халықпен қауышты. Сонымен қатар 40-50 жылдары Қазақстан коммунистік партиясы шығарған бірнеше идеологиялық қаулы жойылды. Мысалы, компартияның 1947 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының дөрекі саяси қателіктері туралы» қаулысы. 90 жылдары қазақ әдебиетінің көптеген өкілдері (I. Есенберлин, Ә. Кекілбаев, С. Жүнісов, Қ. Жұмаділов, М. Мағауин, Ш. Мұртаза, Қ. Мырзалиев, И. Щеголихин, Ж. Молдағалиев, М. Шаханов т.б.) жаңа туындылар жазды. Бұл әдебиеттің коммунистік партияның идеологиялық қысымынан босаған кезі еді.

Ә. Беркенова, Ә. Қалыбекова, Қ. Әбілов, М. Көкенов сияқты акяндар айтыс өнеріне жаңа тың серпін берді.

Қазақ театрларында кезінде компартияның қысымымен сахнадан шеттетілген Ш. Мұртазаның «Сталинге хат», М. Әуезовтің «Ақбілек» сияқты пьесалары көрермендермен қауышты.

Қ. Ахмедияров, Қ. Байбосынов, Ж. Кәрменов, А. Мұсақожаева, Н. Өскенбаева, Ж. Әубәкірова, Е. Кұрманғалиев т.б. өнер жұлдыздарының аттары әйгілі болды.

70-80 жылдары қазақ киносының тың серпіліс алған кездері болды. 70 жылдары «Даладағы қуғын», «Қан мен тер», «Гауһартас т.б. фильмдер экранға шығарылды. 80 жылдары Т. Теменовтің «Адамдар арасындағы бөлтірік», С. Апырымовтың «Соңғы аялдама», Ф. Мансұровтың «Бейбарыс сұлтан» т.б. фильмдер көрермендерге ұсынылды.

1991 жылы Қазақстанның 48 кәсіптік театры 5 тілде жұмыс істеді. 9 клуб, 26 концерттік ұжым, 10 мың кітапхана, 145 мың мұражай болды. Театрлардың көбі Алматы қаласында орналасты. Наурыз сияқты ұлттық мерекелерді тойлауға жол ашылды. Республикада 49-ға жуық ұлттық мәдени орталық жұмыс істеді.





Тамыз төңкерісі және толғағы жеткен мәселелер
Тамыз төңкерісі. ТЖМК-ның құрылуы
1991 жылы 19 тамызда КСРО үкіметінің жоғары билігіндегі аз ғана топ КСРО Президенті денсаулығына байланысты М.С. Горбачевті қызметінен босатып, оның орнына вице-президент Г.И. Янаевтың тағайындалғаны туралы мәлімдеме жасады.

Мемлекетті басқару үшін 8 адамнан тұратын КСРО-дағы Төтенше Жағдай Жөніндегі Мемлекеттік Комитет (ТЖМК) құрылды. ТЖМК-ның басында КСРО вице-президенті Г.И. Янаев, премьер-министр В.С. Павлов, қорғаныс министрінің бірінші орынбасары О.Д. Бахланов және Д.Т. Язов, Б.К. Пуго, В.А. Крючков сияқты жоғарғы биліктегілер тұрды. ТЖМК қолдау көрсетуге шақырды. «Кеңес халқына үндеу» жолдап, ТЖМК өз билігін республиканың барлық жеріне енгізетінін, онда өз өкілдерін қоятынын мәлімдеді. Барлық қоғамдық-саяси қозғалыстардың қызметіне тыйым салынды. Бұл әрекет -мемлекеттік төңкеріс. Қырымда демалып жатқан КСРО Президенті М.С. Горбачев бұл оқиғадан бейхабар болды. ТЖМК-ға КСРО құрамындағы республикалар мен әлемдегі басқа мемлекеттер де түрліше көзқараста болды.

Украина ТЖМК-ны қолдамады және республика аумағына төтенше жағдай енгізбеді.

Қырғызстан Президенті А. Ақаев ТЖМК-ны сынап, республика аумағына төтенше жағдай енгізбеді.

АҚШ Президенті Джордж Буш өз мәлімдемесінде ТЖМК-ны сынап, КСРО-дағы конституциялық басқаруды қалпына келтіруді қолдады.

Еуропа Экономикалық Кеңесі де ТЖМК-ны сынап, М.С. Горбачевтің билікке қайта оралуын талап етті.

Ирак Президенті Саддам Хусейн, Қытай Халық Республикасының басшылары ТЖМК-ны қолдады. Мәскеудегі тамыз төңкерісіне Қазақстан халқының көзқарасы әр түрлі болды. «Желтоқсан», «Азат» қозғалыстары сияқты көпшілік қоғамдық-саяси ұйымдар ТЖМК-ны айыптады.

1991 жылы 19 тамызда Қазақ КСР Президенті Н.Ә. Назарбаев республика халқының алдына Қазақстан аумағында төтенше жағдай енгізілмейтіні, КСРО біртұтастығын жақтайтыны туралы мәлімдеді.

1991 жылы 20 тамызда Президент Н.Ә. Назарбаев республика халқының алдында жасаған жаңа мәлімдемесінде ТЖМК-ны жақтамайтынын, бұл әрекеттің конституцияға сәйкес келмейтінін айтты.

ТЖМК халықтан қолдау таппады. 1991 жылы М.С. Горбачев Мәскеуге келіп, билікті қолына алды. ТЖМК-ны құрғандардың үстінен қылмыстық іс қозғады. Сонымен тамыз төңкерісі күйреді. 1991 жылы тамыздың 20-сында жасалуға тиісті одақтық келісімшарт жасалмады. Тамыз төңкерісі КСРО-ның күйреуін тездетті. Осыдан кейін Қазақ КСР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды Қазақ КСР үкіметінід қол астына көшіру туралы», «Қазақ КСР сыртқы экономикалық дербестігін қамтамасыз ету туралы», «Семей ядролық сынақ өткізу полигонын жабу туралы» т.б. жарлықтар шығарды.


Қазақстан компартиясын тарату
КОКП басшылығы қолдаған ТЖМК-ның күйреуі КОКП-ны аса ауыр жағдайда қалдырды. 1991 жылы 23 тамызда Қазақ КСР Президенті Н.Ә. Назарбаев КОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюро мүшелігінен шықты. Қазақстан компартиясы да КОКП-ның қатарынан шықты.

1991 жылы 7 қыркүйекте Алматы қаласында болған партия съезінде Қазақстан коммунистік партиясын тарату туралы шешім шықты. Осылай Қазақстан коммунистік партиясы өмір сүруін тоқтатып, оның орнына социалистік партия құрылды. Социалистік партияның тұғыры мықты болмады. Компартияның көптеген мүшелері Қазақстан Халық Конгресі партиясына кірді. Бұл партия 1991 жылы Қазан айында құрылды. Партияның төрағасы О. Сүлейменов болды. Ал партбилеттерін тапсырған көптеген компартия мүшелері ешқандай партияға кірмеді.


Комсомол және кәсіподақ тағдыры
1985 жылдан басталған елдегі саяси дағдарыстар комсомолға да өз әсерін тигізді. 1987-1990 жылдар аралығында комсомол мүшелерінің саны едәуір азайды. Коммунистік партия өмір сүруінің тоқтатуы комсомолдың ыдырауын тездетті. 1991 жылы қазан айында болған Қазақстан комсомолының XVIII съезі шешімімен Қазақстан комсомолы тарады. Енді оның орнына Қазақстан жастар одағы құрылды. Комсомолдан кейін Қазақстан пионер ұйымы да тарады. Республика кәсіподағы көптеген ұсақ ұйымдарға бөлінді.




КСРО-ның құлауы және ТМД-ның құрылуы
Минск, Ашгабад, Алматы келісімі
1991 жылы желтоқсанда РСФСР, Украина, Белорусь басшылары Минск қаласында кездесті. Талқыланған негізгі мәселелер - 1922 жылғы КСРО құру туралы келісім-шартты жою, Тәуелсіз Мемлекттер Достастығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды.

1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашгабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, РСФСР, Армения, Әзірбайжан, Тәжікстан, Белорусь, Украина, Молдова, Түркіменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда бас қосты.

1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды.
ТМД елдерінің ядролық қару мәселесі
КСРО-дан мұраға қалған ядролық қаруы бар мемлекеттер (Ресей, Белорусь, Қазақстан, Украина) басшылары ядролық қару жөніндегі келісімге қол қойды. Ядролық қару мәселесін бірлесіп шешуге келісті. Аталған ядролық қаруы бар мемлекеттер ТМД құрамындағы басқа республикалардың ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттенді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет