Ресейдегі 1917 жылғы Ақпан төңкерісі және Қазақстан өмірін демократияландырудағы маңызы
Қазақстанда Кеңестер мен Уақытша үкімет органдарының құрылуы
1917 жылы 27 ақпанда Ресейде Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы болды. Монархия құлап, Романовтар әулеті биліктен кетті. Бұл жағдайды Қазақстан халқы қуанышпен қабылдады. «Қанқұйлы Николай тақтан құлатылғанын білгеніміздегі біздің куанышымызды айтып жеткізу қиын», - деп көрнекті мемлекет қайраткері Б. Алманов өз естелігінде айтты.
Ә. Бөкейханов бастаған ұлттық демократия өкілдері бұл жағдайды ұлттық қазақ автономиясын құратын сәт туды деп қуанышпен қарсы алды.
Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы нәтижесінде Ресей қос (екі) үкімет билікке келді.
1. Уақытша үкімет;
2. Жұмысшы, солдат депутаттарының Кеңесі.
1917 жылы наурыз және сәуір айларында Семей, Верный, Омбы, Ташкент, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Петропавл т.б. жерлерде жұмысшы, солдат депутаттарының Кеңестері құрылды.
1917 жылы Қазақстанда Уақытша үкімет органдары да құрылды.
Ә. Бөкейханов Торғайдағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М. Тынышбаев Жетісудағы Уақытша үкімет органдарының комиссары болып істеді.
Уақытша үкімет ұлтаралық келісім орнату, халыққа әлеуметтік көмек көрсету туралы шараларды жүзеге асыра бастады.
Ал жұмысшы, солдат депутаттарының Кеңесі жазалау экспедициясын кері шақырып алды.
1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы патша үкіметінің бұратана халықтарды кемсіту саясатын тежеп, халықтар тендігіне жол ашты.
Тылда еңбек етушілердің қайтып оралуы
Уақытша үкімет 1917 жылы 5 мамырда тыл жұмысына алынған бұратаналарды Отанына қайтару туралы шешім қабылдайды. Тыл жұмысындағылар ауыр жағдайға байланысты ереуілге шықты. Олар солдаттармен қатынаста тұрды.
1917 жылы Верныйда тыл жұмысынан оралғандар «Қара жұмысшылар одағын» құрды. Аягөздегі Жүсіп Бабаев басқарған «Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымын» да тылдан келген қазақтар мен 800-ге жуық солдат құрды. Тыл жұмысында болғандар Петропавлда «арбакештер одағын» құрды.
1917 жылғы ақпаннан қазанға дейінгі саяси партиялар мен ағымдар Алаш қозғалысы
Отаршылдыққа, империализмге қарсы күресті басқарушы, ұлт-азаттық қозғалыстардың идеологтары ұлттық демократияшыл зиялылар болды. Олардың басшысы Ә. Бөкейханов болды. Қозғалыстың белсенді мүшелері: А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Досмұхамедов, X. Досмұхамедов, Ә. Ермеков, Ж. Ақбаев, М. Шоқай т.б.
Алаш қозғалысы феодалдар мен байлардың, яғни үстем тап өкілдерінің және шаруалар мен жұмысшылардың мүддесін білдірді. Олардың мақсаты қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, өз алдына ұлттық автономия құру болды.
«Алаш» партиясы, негізінен, 1917 жылы құрылды. «Алаш» партиясы 1905 жылы пайда болған алаш қозғалысы негізінде құрылды.
1917 жылы сәуірден бастап Қазақстанда жер-жерде «Алаш» партиясының съездері өте бастады.
1917 жылы сәуірде Жетісу облыстық съезі өтті. Мұнда әлеуметтік, аграрлық, ағарту мәселелерімен қатар сырттан қоныс аудартуға жол бермеу, Қытайдағы босқындарды қайтару мәселелері талқыланды. 1917 жылы 27 сәуірде Семейде қазақтардың съезі болды. Онда ұлттық автономия құру мәселесі талқыланды.
1917 жылы 21 шілдеде Орынбор қаласында жалпы қазақ съезі өтті.
Съезде қаралған мәселелер:
- мемлекеттік басқару формасы;
- қазақ облыстарының автономиясы;
- жер мәселесі;
- халықтық милиция;
- земство;
- халық ағарту ісі;
- сот;
- дін мәселелері т.б.
Бұдан басқа «Алаш» партиясын құрып, оның жұмыс істеу бағытын бекітті.
Мұсылмандар қозғалысы
1917 жылы мамырда Бүкілресейлік мұсылмандар съезі болды.
Мұнда әйелдердің еркектермен тең құқығы, қалыңмал мен көп әйел алуға қарсы пікірлер талқыланып бекітілді. Еңбек ету, ағарту мәселелері де бекітілді. 1917 жылы қыркүйекте мұсылман ұйымдарының съезінде алғашқы мұсылман партиясы «Түркістан федералистер» партиясы құрылды.
1917 жылы 17 қыркүйекте Түркістан және қазақ мұсылмандарының съезінде «Иттифок-и-муслимин» партиясы құрылды. Мұнда «Түркістан федерациялық республикасы» парламенттік республикасының жобасы қаралды.
1917 жылы наурыз айынан бастап Қазақстанда социал-демократиялық топтардың жұмысы жандана бастады. Бұл ұйымдар Омбы, Верный, Ташкент, Орал, Орынбор қалаларында құрылды.
Аталған ұйымның жұмысына С. Мендешев, С. Арғыншиев, Т. Рысқұлов, Ә. Майкөтов, С. Сейфуллин, Т. Бокин т.б. ат салысты.
1917 жылы Әулиеатада «Қазақ жастарының революцияшыл одағы» құрылды.
1917 жылы Ақмолада «Жас қазақ» ұйымы құрылды. Оның құрамында С. Сейфуллин, Т. Рысқұлов т.б. болды.
1917 жылы Қазақстанның көптеген аумақтарында кадеттер ұйымы жұмыс істеді. Бұл ұйым Семейде «Свободная речь» газетін шығарды.
1917 жылы Қазақстанда кадеттермен бірге әсерлер ұйымдары да жұмыс істеді.
1917 жылы қарашада Қазақ социалистік «Үш жүз» партиясы құрылды.
Алғашқы төрағасы М. Әйткенов болды. Кейіннен партия төрағасы қызметін Көлбай Төгісов атқарды. Партия орталығы Омбы қаласында орналасты. «Үш жүз» партиясы сол жылы екіге бөлінді, «Үш жүз» партиясының солшыл қанатын К. Төгісов басқарды.
«Үш жүз» Кеңестерді қолдап, қазақтардын, жеке мемлекет кұру идеясын ұсынды.
Алаш қозғалысы «Алаш» партиясының үнқағазы «Қазақ» газеті болса, «Үш жүз» партиясы К. Төгісовтің редакторлығымен «Үш жүз» газетін шығарды.
Алаш қозғалысының қайраткерлері
Әлихан Бөкейханов (1869-1937) - ұлттық-демократиялық зиялылардың көшбасшысы, Шыңғыс ханның тұқымы. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келген.
1894 жылы Петербург орман шаруашылығы институтын бітірген. Тобылда және Омбыда түрлі қызметтер атқарған.
1897-1903 жылы Дала генерал-губернаторлығында қызмет атқарып, кейіннен Самарада банк директоры болған.
1905 жылы кадеттер қатарында болған, I және II Думаның депутаты міндетін атқарған. «Алаш» партиясы және «Алаш орда» үкіметінің төрағасы қызметін істеген.
1937 жылы репрессияның құрбаны болған.
Мұхамеджан Тынышбаев (1879-1937) - педагог, тарихшы, қоғам қайраткері. Алматы облысындағы Қапал ауданында туған. 1900 жылы Верный гимназиясын бітірген. 1906 жылы Петербург транспорт инженерлер институтын теміржол инженері мамандығы бойынша тамамдаған. 1906 жылы Орта Азия темір жолында инженер болып қызмет атқарған. 1907 жылы Жетісу губерниясынан II Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланған.
1926 жылы Түріксіб теміржол құрылысына қатысқан. 1933-1937 жылдары Москва-Донбасс темір жолында ідызмет атқарған. 1937 жылы сталиндік репрессияның құрбаны болды.
Міржақып Дулатов (1885-1935) - ақын, жазушы, «Алаш» партиясын құрушылардың бірі. Уфада «Ғалия» медресесінде оқыған. Ол-қазақтың тұңғыш романы «Бақытсыз Жамалдың» авторы. Оның «Оян қазақ!» өлеңінің мазмұны өте кең.
|