Табылған жері Африка (Кения жеріндегі Олдувай шатқалы) 1 млн 750 мың жыл



бет9/19
Дата14.04.2020
өлшемі0,92 Mb.
#62510
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
тарих





Қазақ жерінің Ресей империясының қол астына өтуі
Ұлы жүздің Ресейге қосылуы
Ұлы жүз Ресей қол астына Кіші жүз бен Орта жүзден кейін өтті. XIX ғасырдың I жартысында Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуды Ұлы жүз тайпаларының көбі оңтүстіктегі Орта Азия хандықтарына бағынды. Бұл өңірдегі халықтарды Хиуа, Қоқан билеушілерімен бірге Ресей отаршылдары да қыспаққа алуды көбейтті. 1820 жылы Хиуа ханы Мұхаммед Рахым 2000-ға жуық қазақ ауылын аяусыз ойрандады. 1821 жылы Тентектөре басқарған Қоқан билеушілерінің озбырлығына қарсы азаттық күрес басталды. Көтеріліс кейбір үстем тап өкілдерінің опасыздығынан жеңілді. Оңтүстік Қазақстан, Жетісу өңіріндегі халықтардың Ресей мемлекетімен сауда экономикалық қатынастары барған сайын кеңейе түсті. Осындай себептердің бәрі Ұлы жүз халықтарының Ресей империясына қосылуын тездетті. 1817 жылы сұлтан Сүйік Абылайханұлы басқарған 66000 адамнан тұратын жалайыр руы Ресей империясының құрамына қосылды. Ұлы жүз жерінде Ресей империясының Алатау, Қапал, Лепсі сияқты әскери бекіністері салынды. 1825 жылы Жетісу жеріне Батыс Сібір генерал-губернаторы қарулы казак отрядтарын жіберді. 1825 жылы 50000 халқы бар Үйсін болысы Ресей мемлекетінің құрамына қосылды. 1847 жылы Іле және Лепсі өзендері маңындағы қазақтар мен қырғыздар Ресей билігін мойындайды. 1848 жылы 10 қаңтарда Жетісудағы қазақтарды билеу үшін Ресей патшалығы бұл өңірге жаңа лауазымды (пристав) бекітеді.

Алматы (Верный) қаласы негізінің салынуы

1851 жылы Карбышев отряды Таушүбек бекінісін басып алады.

1853 жылы Ресей үкіметінің әскери жасақтары Қоқан билеушілері қарамағындағы Ақмешіт бекінісін басып алады.

1853 жылы Іле өзенінін, бойында Іле бекеті тұрғызылды.

1854 жылы пристав М.Д. Перемышельский отряды Алматы деген жерде Верный бекінісінің негізін қалады.

1854 жылы Верный бекінісіне 470 солдат қоныс тепті.

1855 жылы Верный бекінісіне Сібірден 500-ге жуық түтін қоныстанды.

1855 жылы ¥лы жүз жасауылдығының орталығы Верный бекінісіне ауысты.

1856 жылы Верныйға қоныс аударушылардың саны бұрынғыдан да арта түсті. 1857 жылы Верныйда су диірмені, 1858 жылы сыра зауыты ашылды.

XIX ғасырдын, II жартысында Верный қаласында П.П. Семенов-Тянь-Шаньский, Н.М. Пржевальский, Ш. Уәлиханов сияқты ірі ғалымдар біраз уақыт тұрған.
Қазақ шаруаларының көтерілісі
XIX ғасырдың ортасында Ұлы жүз халқы мекендеген Қазақстанның оңтүстік өңірінің біраз жерлері Қоқан хандығының билігінде болған. Қоқандықтардың өздеріне тәуелді қазақ ауылдарын аяусыз қанауы көбейді. Салықтың көлемі ауырлап, қоқандықтардың Қазақ ауылдарын үнемі ойрандауы бұрынғыдан да арта түсті. Мұның бәрі осы өңірлерді мекендеген халықтардың көтерілісіне себеп болды.

1858 жылы наурыз айында Әулиеата мадында казақ, қырғыз шаруаларының Қоқан озбырлығына қарсы көтерілісі басталды. Оңтүстік Қазақстан өңірінің біразына билік жүргізген Ташкент билеушісі Мырза Ахмет озбырлығы осы кезде шектен шыққан еді. Көтерілісшілер Шымкент, Бішкек маңында қоқандықтарға күйрете соққьі берді. Қоқан әскерлерінен ығысқан қазақ ауылдары Ресей мемлекетінің қарамағындағы жерлерге қоныс аударды. Қоқандықтар жіберген жазалаушы отрядты Кенесарының үлкен ұлы Тайшық сұлтан басқарды. Қазақ феодалдары біразының сатқындық әрекеттері көтерілістің жеңілуіне себеп болды.

1858 жылғы көтеріліс қазақ, қырғыз халықтарының біріккен ұлтазаттық қозғалысы болды.
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы
Патша үкіметі Оңтүстік Қазақстан өңірінен Қоқан хандығын ығыстырып, өзі бақылауына алу үшін әскери қимылдарды көбірек ұйымдастыра бастады. 1859 жылы Ұлы жүздің оңтүстік шекарасында Ресейдің Қастек деп аталатын бекінісі тұрғызылды. 1860 жылы 26 тамызда Ресей әскерлері Тоқмақ бекінісін әскери күшпен қарамағына алады.

1860 жылы 4 қыркүйекте Ресей әскерлері қырғыз жеріндегі Бішкек бекінісін басып алады.

1860 жылы 21 қазанда Ұзынағаш түбінде Г.А. Колпаковский басқарған орыс отрядтары қокан әскерін жеңеді. Бұл шайқаста 400-ге жуық қоқан сарбазы қаза табады.

1863 жылы қоңырат руының 4000-ға жуық, бес таңбалы руының 5000-ға жуық шаңырағы Ресей билігін мойындайды.

1864 жылы патша үкіметінің әскерлері Мерке, Әулие-ата, Түркістан бекіністерін басып алады.

1864 жылы 22 қыркүйекте патша үкіметінің әскерлері Шымкентті қарамағына алады.

1865 жылы Ташкент қаласы орыс әскерлерінің қолына өтті. 1866 жылы орыс әскерлері Бұхар хандығының жеріне кірді.

1867 жылы Бұхар жерлері Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді.

1868 жылы Қоқанның иелігіндегі жерлер Ресей билігіне өтті. Қазақстан жерінің Ресей империясының құрамына қосылуы 150 жылдай уақытқа созылды.
Қазақстанның Ресейге қосылуының мәні, салдары

Жалпы, Ресейдің Қазақстанмен байланысы XV ғасырдың ортасынан басталған еді. I Петрдің кезінде XVIII ғасырдын, басынан Ресей Қазақстанға ерекше мән бере бастады. Ресей үкіметі экспедициялар, елшіліктер арқылы қазақ жерін жоңғарлар шапқыншылығынан қорғауда елеулі рөл атқарды. 1731 жылғы Қазақстанның Ресейге қосыла бастаған уақытынан патша үкіметі отарлау саясатын жүзеге асыра бастады. Ресейге қосылудың маңызды жолы феодалдық шаруашылықтан капиталистік өндіріске көше бастауы болды.






XIX ғасырдың I жартысындағы Қазақстан мәдениеті
Білім беру ісі
XIX ғасырдың басында Қазақстан жерінде оқытылған діни пәндер:

- шариғат, яғни ислам дінінің ережелері;

- әптиек, яғни Құран кәрімнің бөлігі;

- араб тілі, араб философиясы;

- діни қағидалар т.б.

Мұсылмандық білімді ауыл молдасынан, Самарқан, Бұхара, Ташкент, Түркістан сияқты қалаларда алды.



Білім беру ісіне Ресейдің ықпалы

Қазақстанның XVIII ғасырдың 30 жылдарынан XIX ғасырдың 80 жылдарына дейінгі Ресейге қосылу кезеңі білім беру жүйесіне біраз өзгерістер енгізді.

1789 жылы Азиялық училище ашылды. Бұл оқу орнында Орта Азиямен, Қытаймен сауда байланысының дамуына қатысқан қытай, монғол, парсы тілдерін меңгерген тілмаштар дайындалды.

1813 жылы патша үкіметіне қызмет ететін шенеуніктерді даярлау мақсатында Орынбор училищесі ашылды.

1831 жылы Омбы, Семей қалаларында орысша білім беретін училищелер ашылды.

1836 жылы Өскеменде қазақ балаларына арналған интернат-училище ашылды.

1837 жылы Сібір кадет корпусы ашылды.

1841 жылы Бөкей Ордасында Жәңгір ханның ұйымдастыруымен қазақ балаларына арналған орысша және татарша білім беретін мектеп ашылды.

1844 жылы Орынбор училищесі негізінде Орынбор Неплюев кадет корпусы ашылды.

1850 жылы Орынборда қазақ балаларына орыс тілінде білім беретін мектеп ашылды.

Қазақстанды орыс ғалымдарының зерттеуі

В.И. Даль - 1833-1841 жылдар аралығында Орынбор әскери губернаторлығында қызмет атқарған белгілі орыс ғалымы. Осы уақытта ол қазақ халқының тұрмысы мен тіршілігі, әдебиеті туралы көп мәлімет жинаған.

В.И. Даль Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісін қолдаған. 1839 жылғы Хиуа жорығына қатынасқан Орынбор қазақтары жайында «Бөкей мен Мәулен» повесін жазған.

А.С. Пушкин 1833 жылы Орынбор қаласына келген.

Негізгі мақсаты Е. Пугачев бастаған кетеріліс туралы мәлімет жинау болды. Ол «Пугачев бүлігінің тарихы» еңбегінде кетеріліске қатысқан және мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар туралы бірқатар мәліметтер келтіреді. А.С. Пушкин Оралда «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» поэмасын қағазға түсірген.

Қазақ халқының тарихын зерттеуде И. Завалишин, Э. Мейер, А. Левшин сияқгы орыс ғалымдары көп еңбек сіңіреді.

1848-1849 жылдары Г.С. Карелин Қазақстанды зерттеу мақсатында Каспий теңізіне экспедиция жасады. Осы жылы, яғни 1848-1849 жылдары, А. Бутаков бастаған Арал теңізіне жасалған экспедиция Сырдария өзені мен Арал теңізінің терендігін анықтап, картаға түсірді. Қазақ жерінің минералдық ресурстарын зерттеп, картаға түсіру ісінде Н.А. Северцев, П.И. Небольсин, Е.П. Ковалевский сияқты саяхатшылар елеулі еңбек етті.
XIX ғасырдың I жартысындағы қазақ әдебиеті
Осы уақыттағы әдебиет саласының екі идеялық бағыты:

1. шаруалар мүддесін қорғаған ақындар;

2. үстем тап (феодал, бай) өюлдерін мадақтаған ақындар.
Махамбет Өтемісұлы (1804-1846)

1804 жылы Батыс Қазақстан облысындағы Орал ауданында дүниеге келген. Махамбет 1824-1829 жылдар аралығында Орынборда болады. Оны бұл қалаға Ішкі Орда ханы Жәңгір жібереді.

1829 жылы шаруалар көтерілісіне қатысқаны үшін Махамбет Калмыков түрмесіне қамалады.

Махамбет Исатаймен бірге 1836-1838 жылғы шаруалар көтерілісіне басшылық жасайды.

Махамбет өлендерінің көбі 1836-1838 жылғы Ішкі Ордадағы көтеріліс тақырыбына арналған. Өз өлеңдерінде ол көтерілісті жан-жақты сипаттап, Жәңгір ханды, басқа Ішкі Орданын, билеушілерін де қатты сынайды.

Махамбет 1846 жылы жау қолынан өледі.


Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867)

1807 жылы Ақтөбе облысы Ойыл ауданы жерінде дүниеге келген. Белгілі ақын, шешен, ауыз әдебиетінің ірі екілі. Қазақ әдебиетінің суырыпсалма өнерін көтеруде өз орны бар. 1836-1838 жылдардағы Бекей Ордасындағы шаруалар көтерілісіне қатысқан Шернияз Махамбетпен достық қатынаста болған.


Сүйінбай Аронұлы (1822-1895)

1822 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы жерінде дүниеге келген. Ол жас кезінен суырыпсалма ақьіндық өнерді меңгерген. Сүйінбай өз өлендерінде қазақ шаруаларының мүддесін ашып көрсетеді.


Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895)

Көкшетау жерінде 1808 жылы дүниеге келген. Суырыпсалма ақын болған Шөже екі көзінен ерте айырылған. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» поэмасын таратушылардың бірі. Оның суырыпсалма өнерін Ш. Уәлиханов өз еңбектерінде атаған.


Музыка өнері

Домбыра - қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары ішінен халық арасында ең көп тараған аспап. Музыка өнеріндегі жыршы, жыраулар халық арасында беделге ие болды. Сал, серілер де музыка өнерін дамыту жолында көп үлес қосты. XIX ғасырдың I жартысындағы қазақ музыка өнерінің дамуына 1836-1838 жылғы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі үлкен әсер етті.


Материалдық мәдениет
Қазақ шеберлері қару-жарақтың түрлерін көп жасады. Сауыт, қылыш, қанжар, найзаның барлығы қазақ зергерлерінің тамаша туындысы болды. Қазақ көшпенділерінің баспанасы болған киіз үй және оның құрал-жабдықтары да материалдық мәдениеттің жетістігі болды. Қазақстанның Ресейге қосылуына байланысты қазақтардың баспанасына біраз өзгерістер кірді. Осы кезде ағаштан салынған тұрғын үйлер пайда болды. Орыс шеберлері салған көп бөлмелі ағаш үйлерде хандар мен сұлтандар, ақсүйектер тұрды. Бұл жағдай орыс материалдық мәдениетінің қазақтар тіршілігіне біртіндеп ене бастағанын көрсетеді.




Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформа
Қазақ жерін басқару туралы ережелер
XIX ғасырдың II жартысына қарай патша үкіметі капиталистік қатынастардың жаңа жүйесін енгізуді көздеді. 1822, 1824 жылдардағы жарғы жаңа қоғамдық талапқа сай келмеді. Патша үкіметі XIX ғасырдың 60 жылдарына қарай қазақ даласында жаңа басқару жүйесін енгізу мақсатында комиссия ұйымдастырды. Комиссияны басқару И.И. Бутаковқа тапсырылды. Кейіннен бұл іс Гирс басқарған «Дала комиссиясына» жүктелді. Комиссия құрамында орталықтан А.К. Гейнс, Батыс Сібірден А.П. Проценко, Орынбордан К.К. Гутковский болды. Комиссия қазақ жерін басқарудың жаңа жобасын дайындады. Мұнда қазақ шаруаларының мүддесі ескерілмеді. Комиссия негізгі мәліметті Шыңғыс Уәлиханұлы, Мұса Шорманұлы, Сейдолыұлы сияқты ірі феодалдар мен ақсүйектерден, үстем тап өкілдерінен ғана алды. 1867 жылы 11 шілдеде Патша үкіметі «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы» ережені бекітті. 1868 жылы 21 қазанда «Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы» ереже бекітілді. Қазақ жері үш генерал-губернаторлыққа біріктірілді:

1. Түркістан генерал-губернаторлығы - Жетісу, Сырдария облыстары;

2. Орынбор генерал-губернаторлығы - Орынбор, Торғай облыстары;

3. Батыс Сібір генерал-губернаторлығы - Ақмола, Семей облыстары.

Бөкей Ордасы Астрахань губерниясына (1872), Маңғыстау жасауылдығындағы Закаспий облысына қосылды.
Облыстарды уезге бөлді.
Жетісу облысындағы уездер: Қапал, Аягөз, Верный, Ыстықкөл, Тоқмақ.

Сырдария облысындағы уездер: Түркістан, Шымкент, Перовск, Әулиеата, Ташкент, Жизақ, Қазалы, Ходжент.

Семей облысындағы уездер: Қарқаралы, Көкпекті, Зайсан, Баянауыл, Өскемен, Павлодар.

Торғай облысындағы уездер: Қостанай, Ырғыз, Торғай, Елек.

Ақмола облысындағы уездер: Петропавл, Омбы, Көкшетау, Сарысу.

Орал облысындағы уездер: Атырау, Жем, Калмыков, Орал.

Уезд болысқа, болыс ауылға бөлінді. Әр ауыл 100-120 шаңырақтан кұралды. Облысты әскери губернатор басқарды. Уездерде (Сырдария облысы) басқару билігін ақсақалдар қолына алды. Ақсақал үш жылға сайланып отырды. Сот жүйесінде өзгерістер болды. Реформа бойынша әскери сот пен уездік соттар кұрылды. Сот жүйесінің ең төменгі сатысы билер мен қазылар соты болды.
1867-1868 жылдардағы реформаның маңызы
Бұл реформа Қазақстанның саяси-экономикалық дамуына біраз өзгерістер енгізді. Феодалдық-патриархаттық жүйені капиталистік қатынастардың алғашқы белгілері ығыстыра бастады. Табиғат байлықтарының игерілуіне алғышарт туды. Жаңадан өндірістер салынды. Бұл өндірісте біртіндеп қазақтар жұмыс істей бастады. Және де қазақтар қалалы жерлерге қоныстана бастады. Түркістан генерал-губернаторлығында Қытаймен, Иранмен байланыстар жасауға рұқсат болды.

Реформа отарлау жүйені, оны басқаруды нығайтты. Барлық қайшылықтар дұрыс шешілмеді. Патша үкіметі реформа арқылы қазақ жерінің байлығын игерудің мүмкіндігін кеңейтті.






XIX ғасырдың 60-70 жылдарындағы қазақ халқының азаттық күресі
Орал Торғай облыстарындағы көтерілістер (1868-1869)
Негізгі себептері:

- реформа бойынша жер патша үкіметінің меншігі деп жарияланып, жердің территориялық негізде қолданылуы мал шаруашылығымен айналысқан көшпенді қазақтарға ауыр тиді;

- салықтың көтерілуі әсіресе кедей қарапайым шаруаларға ауыр тиді;

- өкімшілік басқару жағы да шаруаларға ауыр тиді.



Көтерілістің сипаты: отаршылдыққа қарсы және антифеодалдық.

Қозгаушы куштері: қазақ шаруалары және артықшылығынан айырылған ру билеушілері.

Көтерілістің барысы: Орал, Торғай өңіріндегі қазақ шаруаларының азаттық күресі 1868 жылдың желтоқсанынан 1869 жылдың қазан айына дейін жалғасты. Қазақ шаруалары патша үкіметінің әскеріне қарсы ерлікпен аянбай күресті. 1869 жылы 6 мамырда 20000-ға жуық көтерілісші Жамансай көлінің маңында Орынбордан жіберілген жазалаушы отрядгы қоршап алып жеңді. 1869 жылы наурыз, маусым айларында 30000-ға жуық көтерілісші 41 рет жергілікті бай феодалдарға шабуыл жасаған. Патша үкіметі бұл көтерілістерді басу үшін Рукин, Комаровский басқарған жазалаушы отрядтарды жіберді. Бұл жазалаушы отрядтар қазақ ауылдарын аяусыз ойрандады. Азаттық көтеріліс аса қаталдықпен жазалаушы отрядтар күшімен басылды.

Көтерілістің жеңілу себептері:

- ақсүйектер мен феодалдар өз мүдделерін ойлап, опасыздық жасады;

- шаруалардың қару-жарағы нашар болды;

- кетерілісшілер арасында ауызбірлік болмады;

- көтерілісшілер ез мақсаттарын толық түсінбеді.

Маңғыстаудағы шаруалар күресі (1870 жылы)



Көтерілістің себептері:

- патша үкіметінің жүргізген жер туралы саясаты;

- салық көлемінің шектен тыс ауыр болуы.

Көтеріліске сылтау болған жағдай: патша үкіметінің жазалаушы отрядтарының қазақ ауылдарына жақын келуі.

Көтерілістің қозғаушы күштері: қарапайым қазақ шаруалары. Бұл көтеріліске, негізінен, адай руының халқы қатысты.

Көтерілістің барысы: 1870 жылы 16 наурызда патша үкіметі "Ережелеріне" қарсылық ретінде көшуге ыңғайланған адай руын қайтару мақсатында Рукин бастаған жазалау отрядтары аттанды. Бұл отрядттарды Бозащы түбегінде Иса Тіленбайұлы, Досан Тәжіұлы бастаған шаруалар талқандап, Рукиннің өзін өлтіреді. Осыдан кейін Маңғыстау жерінде көтеріліс одан әрі үлғаяды. 1870 жылы 5 сәуірде көтерілісшілер Александровск фортына шабуыл жасап, көп шығынға ұшыратады. Көтерілісті басу үшін Кавказ билеушісі Апшерон полкінен және казак отрядынан құралған жазалаушы отрядтар жібереді. Бұл жазалаушы отрядтар көтерілісті аяусыз жаныштайды. Көтеріліс басшылары Иса Тіленбайұлы, Досан Тәжіұлы 3000-ға жуық түтінді басқарып, Хиуа жеріне қоныс аударады.

Көтерілістің жеңілу себептері:

- көтерілісшілердің қару-жарағы әлсіз болды;

- көтерілісшілер өзге аймактардан алшақ орналасты т.б.

Көтерілістің маңызы:

- кетеріліс осы уақыттағы Ресей азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі болды;

- қазақ жалдамалы жұмысшылары көп қатысқан алғашқы көтеріліс болды;

- шаруалар жағдайы бұрынғыдан да қиындады.






Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы
Орыс шаруаларының Қазақстан жеріне қоныс аударуы
XIX ғасырдын, II жартысында патша үкіметі шаруалар толқуын әлсіретіп, жер мәселесін шешу мақсатында орыс шаруаларын Қазақстан, Орта Азия сияқты ұлттық аймақтарға қоныс аударту мәселесін қолға ала бастады. XIX ғасырдың 60 жылдарынан бастап орыс шаруалары Қазақстан жеріне қоныс аудара бастады. 1868 жылы "Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы" ереже қабылданды. 1870 жылдан бастап Ресей мен Украинадан Жетісу, Семей, Орал, Сырдария, Ақмола облыстарына көптеген шаруалар қоныс тепті. 1883 жылы "Жетісу облысына орыс, ұйғыр, дүнгендерді орналастыру туралы" ереже қабылданды. 1889 жылы "Село тұрғындарының Қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударғандар мәселесін қарау жөніндегі" ереже қабылданды. Қазақстан жеріне қоныс аударған шаруаларға жан басына 15 десятинадан жер берілді. Жетісу облысына 1868-1880 жылдар аралығында 2099 шаңырақ қоныстанып үлгерді. Ақмола облысына 1855-1893 жылдар аралығында 10940 орыс отбасы қоныстанып, оларға жергілікті қазақтардан 251779 десятина жер алынып берілді.
Қазақ аулының жағдайы
XIX ғасырдың II жартысынан бастап капиталистік қатынастардың белгісі ретінде қазақ ауылдарында отырықшы егін шаруашылығы, отырықшы мал шаруашылығы тарала бастады. Оңтүстік және Орталық Қазақстан, Маңғыстау өңірлерінде көшпелі мал шаруашылығы басым болды. Қазақтардың отырықшы өмірге бейімделе бастауына Ресейден қоныс аударған шаруалардың әсері көп болды. Ресейден қоныс аударған шаруаларға жергілікті қазақтар есебінен жер алып беруі ауыл халқының әлеуметтік жағдайының шиеленісуіне әкелді. Сол себепті әлеуметтік жағдайдың нашарлауынан XIX ғасырдың 70 жылдарынан бастап ауыл қазақтары қалалы жерлерге қоныс аудара бастады.

Капитализмнің дамуы

XIX ғасырдың 60 жылдарынан бастап Ресейлік көпестер Қазақ жеріне өндірістер сала бастайды. Себебі осы кезде қазақжерінің мол табиғи байлықтары анықталған еді. Каспий, Арал теңіздерінде және Балқаш көлінде балық кәсіпшілігі де дамыды.

Темір жолдар ұзындығы XIX ғасырдың 90 жылдарында 482 шақырым; XX ғасырдың басында 1818 шақырым болды.

XIX ғасырдың соңындағы Қазақстанның ірі кәсіпорындары: Қарағанды көмір кені, Успен кеніші, Екібастұз көмір кені, Риддер кен орны т.б.

XIX ғасырдың аяғында шетелдік капиталистер Успенск, Рилдер, Атбасар, Қарағанды, Екібастұз кәсіпорындарын сатып алды. Мысалы, Германия, АҚПІ, Швеция, Бельгия капиталистері Спасск мыс кенішінің акцияларын сатып алды.


Банк және кредит ісі
XIX ғасырдың аяғына қарай шаруашылықгың дамуына байланысты Қазақстанда банкілер пайда болды.

XIX ғасырдың I жартысындағы Қазақставда ашылған банкілер:

- Орал банкі (1876 жыл);

- Қызылжар банкі (1881 жыл);

- Семей банкі (1887 жыл);

- Омбы банкі (1895 жыл); -Верный банкі (1912 жыл).

XX ғасырдың басында Қазақстанның көптеген қалаларында "Орыстың сауда өнеркөсіп банкісінің" филиалдары ашылды.
Сауда
XIX ғасырдың II жартысында капиталистік қатынастардың дамуына байланысты сауда, айырбас ісі де қанат жайды. Алғашында қазақтардың сауда жүйесіндегі негізгі тауары мал болды. Мысалы, XIX ғасырдың 80 жылдарында Ресейге Ақмола, Қарқаралы арқылы жыл сайын 200000 қой мен 60000 сиыр, Петропавл қаласы арқылы 340000 сиыр мен 600000 қой айдалып тұрған. Мал айырбасында Колосов, Ботов т.б. ірі көпестердің еңбегі мол болған. XIX ғасырда қазақ даласында сауда ісінде маңызды орын алған көптеген жәрмеңкелер ашылды. Алғашқы жәрмеңке 1832 жылы Бөкей Ордасында ұйымдастырылды. XIX ғасырда Ақмола облысында Қазақстан бойынша жәрмеңкелер кеп болды. Мысалы, Тайыншакөл, Ақмола, Петровка, Константиновка, Қар-қаралы өңірлеріндегі жәрмеңкелер. 1848 жылы Қазақстандағы ең ірі жәрмеңке Талдықоянды деген жерде ашылды. Бұл жәрмеңке ірі саудагер, көпес Ботовтың атымен аталды. Жәрмеңкеде Ресейдің, Қытай мен Орта Азияның саудагерлері айырбас жасап тұрды. Жәрмеңкеде 1880 жылы 256033 қой, 1889 жылы 270000 қой сатылған. Қарқара жәрмеңкесі, негізінен, Қытаймен сауда жасайтын ірі орталық болды. 1880 жылы Қазақстаннын, шығыс өңірінде 70-ке жуық маңызды сауда орталығы (жәрмеңке) болған.

Қалалар

XIX ғасырдың аяғында Қазақстанда 19 жаңа қала дүниеге келді. Осы қалаларда тұратын халықтың саны да әр түрлі болды. 1897 жылғы Ресейдегі халық санағы бойынша Қазақстандағы кейбір қалалардың халық саны төмендегідей: Верныйда 22744 адам, Оралда 36446 адам, Семейде 20216 адам, Қостанайда 14175 адам. Отырықшылықты кәсіп етіп, қалаға халықтың көп қоныс аударуы қала халқының санын өсіріп отырды. Қала халқы санының көбеюі Қазақстандағы капиталистік қатынастардың бір белгісі болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет