Табылған жері Африка (Кения жеріндегі Олдувай шатқалы) 1 млн 750 мың жыл



бет6/19
Дата14.04.2020
өлшемі0,92 Mb.
#62510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
тарих





XV—XVII ғасырлардағы Қазақ хандығының қоғамдық-саяси құрылысы
Таптық құрам және басқару жүйесі
Қазақ қоғамындағы екі тап:

1. феодалдар (хан, сұлтандар, билер, байлар, қожалар);

2. шаруалар.

Хан - мемлекет басшысы.

Билер - ықпалды феодалдар табы.

Мұсылман дін қызметкерлерінің жоғары табы: имамдар, молдалар, қожалар, ишандар.

Хан Шыңғыс тұқымынын, сұлтандары арасынан сайланды.

Құқық жүйесі

Билер әкімшілік және сот билігін басқарды. Қазақ хандығындағы соттар: билер соты, хандар соты, сұлтандар соты.

Міндеттеме құқық

Асар - маусымдық жұмыстарға өз руластарынан көмек сұрау.

Жылу - жұт, апат кезінде малынан айырылған жағдайда берілетін көмек.

Қазақтарда дара неке және некенің көп әйел алатын түрі де болды.



Қалың мал көлемі:

жоғары қалыңмал - 77 жылқы;

орташа қалыңмал - 47 жылқы;

төменгі қалыңмал - 17 жылқы.

Байларда қалыңмал көлемі 200 жылқыға дейін немесе 1000 қойға дейін барған.

Ері өлген әйелді әмеңгерлік жолмен ерінің туысына үйлендірді.

ХV-ХVІІ ғасырларда қылмыстық құқықта кек алу заңы бірінші орында болды. Кісі өлтірген адамды өлім жазасына кескен.

Ер адамның кұны - 1000 қой, әйел адамның құны -500 қой.

Әйел зорлау, қыз алып қашу қылмыстарына өлім жазасы берілді.

Жазаның дүре соғу, айып төлеу түрлері болды.



Бұл кездегі заңдар жинағы:

Қасым ханның «Қасқа жолы»; Есім ханның «Ескі жолы»; Әз-Тәукенің «Жеті жарғысы».

XVII ғасырдын, аяғында Тәуке ханның басшылығымен «Жеті жарғы» заңдар жинағы жасалды.

Бұл зандар жинағын жасауға үш жүздің билері (Төле, Қазыбек, Әйтеке) және бір қырғыз, бір қарақалпақ, бір құрама барлығы 6 би қатысты.

«Жеті жарғы» ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ халқының салт-дәстүрлерінің, әдет-ғұрыптарының жиынтығы болды.

Бұл жинақта әкімшілік, қылмыстық, азаматтық әдет-ғұрыптар, діни жоралғылар, салық түрлері қамтылған. Ақсүйектерге біраз артыкшылық берілген. Мысалы, хан, сұлтандарды өлтіргендерге жеті кісінің қүны, төре өлтірілсе, екі кісінің кұны төленуге тиіс болған.


Төле би Әлібекұлы (1663-1756)
Теле би Әлібекұлы 1663 жылы туған. Ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан.

Билікке 15 жасынан араласқан. «Жеті жарғы» зандар жинағын шығарушылардың бірі.

Қазақ хандығын нығайтуға, қазақтын, құқықтық жүйесін қалыптастыруға, қазақ халқының жоңғарларға Қарсы күресін ұйымдастыруға үлес қосқан.

Төле би Ташкент қаласының әкімі де болған.

Ташкент қаласында жерленген.
Қазыбек би Келдібекұлы (1667-1764)

Орта жүздің арғын тайпасының қаракесек руынан шыққан Қазыбек Келдібекұлы 1667 жылы туған. Оны шешендігі мен санқылдаған дауысына қарап, Қаз дауысты Қазыбек деп атап кеткен.

«Жеті жарғы» зандар жинағы авторларының бірі.

Оның жоңғар қоңтайшысы Қалдан Цереннің алдына барып, 90 адамды тұтқыннан босатып алғаны аңыз ретінде тарап кеткен. Қазыбек қазақ-қалмақ, қазақ-орыс арасында елшілік қызметті де атқарған.


Әйтеке би Байбекұлы (1666-1722)
Әйтеке би 1666 жылы туған. Кіші жүздің алшын тайпасынан шыққан. «Жеті жарғы» заңдар жинағын шығарушылардың бірі. Біраз уақыт бойы Тәуке ханға кеңесші болған.

Төле би Қазыбек бимен бірге Қазақ хандығын, құқықтық жүйені нығайтуға қатысқан.






XVI—XVII ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті

Материалдық мәдениет
Киіз үй - көшпелі халыққа арналған құрам үй. 3 бөлімнен тұрады:

қабырғасы - кереге,

жоғарғы құрама бөлігі - уық,

жоғарғы түйісу тұсы - шаңырақ.



Киіз үй жабдықтары:

тоқылған ши кереге сыртынан ұсталады; туырлық, үзік, түндік - үйді жауып тұратын киіздер; құр - уықтың үстінен тартылатын тоқыма; шашақты желбау шаңырақтын, екі жағынан ілінеді. Үйдің дәл ортасында ошақ тұрады. Киіз үйден басқа дөңгелек үстіне орнатылған жылжымалы күйме де үй есебінде пайдаланылады.



Киім

Жаздық киім: бешпент, қамзол, шапан.

Қыстық киім: шекпен, тон, күпі.

Аяқ киім: мәсі, шоңқайма етік, кебіс т.б.

Баскиім: бойжеткен қыздар бөрік; жас келіндер сәукеле, кейіннен желек; орта жастағы әйелдер кимешек, күндік киген.

Тағамдар:

жылқы сүтінен саумал, қымыз;

түйе сүтінен шұбат, қымыран;

қой, сиыр сүтінен айран, май, қатық, құрт, ірімшік жасалады.

Еттен қазы-қарта, шұжық, жал-жая, бесбармақ дайындалады.

Отырықшы қазақтар егін егіп, бидайдан, күріш пен тарыдан да тағам дайындай білді. Мысалы, талқан, жент, қоспа т.б.

Рухани мәдениет. Мерекелер, салт-дәстүрлер

Той, мереке. Әдет-ғұрып мерекелері және діни мерекелер болды.

Мерекелерде өтетін сайыстар: бәйге, күрес, көкпар,

қыз қуу, теңге ілу, айтыс, жамбы ату т.б. Жаңа жыл наурыз да ерекше тойланды.

Құда түсу - ежелгі салттардың бірі.

Оның түрлері:

қарын құда - құрсақта жатқанда атастыру,

бесік құда - бесікте жатқанда атастыру,

айттыру құдалығы - бойжеткен кезде құдаласу,

сүйек жаңғырту құдалығы - ескі жекжаттардың құдаласуы.

Қалыңмал - қыздын, төркініне жігіт жағынын, беретін жылқы малы (47).

Ал қыздың жасауын кыз жағы жасайды.

Қоштасу - қыз ұзатылардан екі ай бұрын қыздың туыстарын аралап, олармен қоштасуы.

Келін түсіру

Беташар өлеңімен келіннің бетін ашады. Күйеу жағынын, жаңа түскен келін жағына беретін сыйлықтары:

сүтақы - келіннін, шешесіне (енесіне),

тоймалы - келіннің әкесіне (қайын атасына),

тарту - аға-інілеріне, кәде туыстарына беріледі. Төркіндеу - ұзатылған қыздың жыл аралатып төркініне келуі.

Баланың дүниеге келуі қазақ халқы үшін зор қуаныш болған.

Баланың дүниеге келуіне байланысты дәстүрлер.

Азан айту: азан шақырып, баланың атын құлағына үш рет айтады.

Бесік тойы баланың кіндігі түскеннен кейін тойланады.

Қырқынан шығару: бала туғаннан қырық күн өткеннен кейін суға шомылдыру.

Тұсау кесер: баланың аяғына ала жіп байлап кеседі. Бұл баланың жүріп кетуіне көмектеседі деп сенеді.

Сүндет той: баланы жеті жасында сүндетке отырғызып, той жасайды.
Күнтізбе, ай аттары
Көшпелі қазақтар аспандағы жұлдыздар арқылы көп нәрсені болжап таба білген.

Жұлдыз көшпелі қазақтар үшін түсбағдар рөлін атқарған. Қазақтар жұлдыз арқылы іздеген мекенін тауып қана қоймай, маусымдық жайылымды және көші-қон мерзімін анықтаған.

ХV-ХVІІ ғасырларда метеорологияның далалық шеберлері мен білгірлері, тәжірибелі адамдары қазақтар арасында көп болған.

Мысалы, Темір қазық қараңғыда жол бағытын бағдарлайды.

Жеті қарақшы астрономиялық сағат рөлін атқарады.

Үркер қазақтардың астрономиялық, метеорологиялық көрсеткіші болды. Сүмбіле - қыстың дайындығына кірісу белгісі. Таразы - егінді жинауға дайындалу белгісі.

Жұлдыздардың қазақтар қойған өз аты болды.

Мысалы, Меркурий - «Таң жұлдызы», Юпитер - «Есек-қырған», Марс - «Қызыл жұлдыз», Егіздер - «Қос жұлдыз».

Есепшілер 1 жылды 12 айға, 1 айды 3 аптаға бөлген.

Қазақтарда мүшелік күнтізбе 12 жылға бөлінген. Жылдарға тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауъщ, ит, доңыз аттары берілді.

1 жылды 12 айға бөлді: наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Жыл басы (жаңа жыл) наурыздың 21 жұлдызы болды. Бұл - күн мен түннің теңелген кезі.


XIV—XVII ғасырлардағы дін
Х-ХІІ ғасырларда қазақтар арасында Ұмай құдайына табыну, ата-баба аруағына сиыну етек жайды. Табиғат күштеріне табыну көшпелі түріктер арасында біразға дейін сақталды.

Бұл наным-сенімдерді тек VII ғасырда ислам діні біртіндеп ығыстыра бастады.

VII ғасырда қазақ жеріндегі түрік тайпалары арасында ислам діні етек жайды. Бұл істі Хишам Халиф жүргізді. X ғасырда ислам дінін Жетісу жеріндегі тайпалар, Сырдария бойындағы оғыздар қабылдады. Сырдария бойындағы Испиджаб қаласы ислам дінінің орталығы болды.

X ғасырда қыпшақтар да ислам дінін қабылдады.

Қазақстан жерінде ислам дінін таратушылардың бірегейі Қожа Ахмет Иассауи болды.

Ислам діні әсіресе ХVІ-ХVІІ ғасырларда қазақтар арасында кең тарады. Ислам дінімен бірге тәңірге табыну қазақтардың діни нанымдарының бірі болды. Халықтың аруаққа сиынуы тоқтаған жоқ. Бұл ислам дінінің қағидаларына қайшы келді.

Қазақтар Жер анаға, Су анаға, От анаға, қой иесі Шопан атаға, сиыр йесі Зеңгі бабаға, жылқы иесі Қамбар атаға, түйе иесі Ойсыл қараға табынды. Сонымен қатар әулие Қызылтау, Теректі құздарына, Қазығұрт үңгіріне, Кошқарата бұлағы сияқты жерлерге табынған.

Қазақтар ислам дінінің талабына сәйкес адамдардың жаназасын шығарып, өлікті жуып, арулап құбылаға қаратып жерледі. Қайтыс болған адамнын, жұма, қырық күн және бір жылдық асы беріліп тұрды.

Бай адамдардың мазарлары әшекейленіп, биік күмбезбен салынды.





Қазақ әдебиетінің дамуы (ХV-ХVІІ ғасырлар)
ХV-ХVІІ ғасырларда қазақ әдебиеті, соның ішінде ауыз әдебиеті таза қазақ тілінде дамыды. Әдебиеттің дамуына осы кезде өмір сүрген ақындар мен жыраулардың үлесі көп әсер етті. Осы кездегі өршіп тұрған қазақ-жоңғар шиеленісі ауыз әдебиетінің негізгі тақырыбы болды.
Доспамбет жырау (1490-1523)
1490 жылы Жайық алабындағы Азау қаласына таяу жерде туған. Оның елең жырлары сол кездегі ұсақ хандықтардың арасындағы түрлі қақтығыстар туралы болды. Себебі шешендігімен қатар батыр болған Доспамбет бұл соғыстарға өзі де қатысқан. Ол 1523 жылы Қажы Тархан (Астрахань) жерінде қайтыс болды.
Марғасқа жырау
XVII ғасырда өмір сүрген. Бұл дәуір Есім ханның кезі болды. Оның жеке хандық кұрмақ болған, алауыздық шығарған Тұрсынға айтқан «Еңсегей бойлы Ер Есім» жыры бізге белгілі. Марғасқа жырау өмірі туралы деректер өте аз.
Жиембет жырау
ХVІ-ХVІІ ғасырларда Батыс Қазақстан өңірінде өмір сүрген. Жиембет - өз уақытында халық арасында беделді би, батыр болған адам. Кіші жүздің алшын тайпасынан шыққан. Жиембет тағдырдың жазуымен біраз уақыт елден жырақта жүреді. Еңсегей бойлы Ер Есім ханның кезінде Қазақ хандығының саяси жүйесінде елеулі қызмет атқарған. Жиембет жырларында өктем билікті сынау, әділеттілікті, имандылықты насихаттау орын алған. Есім ханға айтылған «Әмірін, қатты Есім хан» атты толғауы - осының айғағы. Өмірінің соңына дейін әділет-тілік үшін күресіп өтеді.
Ақтамберді жырау Сарыұлы (1675-1768)

1675 жылы туған.
Руы - Орта жүздегі найман тайпасы. Жырау, батыр, би болған. Ақтамберді жыраудың өмір сүрген уақыты жоңғар шапқыншылығының уақытымен түстас келеді.

Ақтамберді өмірінің ақырына дейін халық тіршілігі, ерлік туралы жырлап өтті. Қазіргі Шығыс Қазақстан жерінде өмір сүрген Ақтамберді жырау 1768 жылы қайтыс болды.


Бұхар жырау Қалқаманұлы (1668-1781)
1668 жылы Павлодар облысындағы Баянауыл жерінде туған.

Ел билеу ісіне Бұхар жырау XVII ғасырдан бастап араласты.

XVIII ғасырда Абылай ханның кеңесшісі болған. Бұхар жырау емірдің әр түрлі қырларын жырлайды. Кейбір өлеңдерінде болашаққа болжау жасайды. Абылай ханның мінін, жақсы жағын үнемі бетіне айтып отырған.

Бұхар жырау 1781 жылы қайтыс болды.


Салт-дәстүрлік жырлар
ХV-ХVІІ ғасырларда көптеген өлең-жырлар салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа байланысты туған.

Үйлену тойына байланысты жырлар:

«Тойбастар», «Жар-жар», «Қоштасу», «Сыңсу», «Беташар» т.б.



Қасірет пен қайғыга (өлім) байланысты өлендер:

«Қоштасу», «Жоқтау», «Естірту», «Көңіл айту», «Жұбату»т.б.

Мысалы, «Жоқтау» - әйелдердің өлген кісіге арнап айтатын зарлы өлеңі.
Ертегі

Ертегілер Қазақстан жерінде ерте замандағы діни нанымдар арқылы пайда болған.



Ертегілердің түрлері:

- жануарлар туралы ертегілер;

- қияли ертегілер;

- шыншыл ертегілер;

- әзіл ертегілер;

- тұрмысқа байланысты ертегілер.

Қазақ ертегілерінің көбі ислам және шаман діндеріне негізделген.

Әйгілі қазақ ертегілері:

«Құламерген»,

«Ер Төстік»,

«Алтын сақа»,

«Ақсақ құлан»,

«Қара мерген» т.б.

Әйгілі ертегі кейіпкерлері: Алдар Көсе,

Шықбермес Шығайбай,

Аяз би,


Жиренше шешен т.б.

Батырлар жыры

Батырлар жыры - ауыз әдебиетінің жыршылар арқылы бізге тараған түрі.

Батырлар жыры - басқыншылардан елін, жерін қорғаған батырлардың ерлік істері жайында айтылатын дастан.

Ең көп тараған батырлар жыры: «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Қамбар»,

«Алпамыс», , «Ер Қосай» т.б.

Әлеуметтік поэмалар

Поэманын, бұл саласының негізгі тақырыбы - сүйіспеншілік.

Мұндай поэмалар:

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Ләйлі-Мәжнүн» т.б.

Музыка

Музыкалық аспаптар:

домбыра - тоғыз пернелі, екі ішекті музыкалық аспап;

қобыз - мойны иілген ежелгі музыкалық аспап;

сыбызғы - қамыстан немесе ағаштан жасалған музыкалық аспап.

Халық арасында көп тараған музықалық шығармалар - 8 буыннан тұратын термелер және аспаптар арқылы орындалатын күйлер.
Жазу және тіл
ХV-ХVІІ ғасырларда Қазақстан жерін мекендеген халықтардың негізгі тілі қазақтілі болды. Қазақтілі ежелгі қазақ жерін мекендеген түркі тектес қыпшақ, керей, найман т.б. тайпалардың тілдері негізінде қалыптасып дамыды. Қазақтілінің ерекше, дербес, жеке белгілері XV ғасырда қалыптасты. Қазақтардың негізгі әліппесі арқылы қазақтар араб тілін, шариғатты, құранды т.б. оқыды.

Қазақтіліндегі ең алғашқы жазба шығармалар ХV-ХVІІ ғасырларда жазылды.

Мысалы, 1587 жылы «Жамиғат-ат тауарих» (Қадырғали Жалайыри) кітабы жазылды. Парсы тіліндегі шығармалар да болды.

Мысалы, «Тарихи-и Рашиди» (Мұхаммед Хайдар Дулати). Бұл кітапта ХV-ХVІ ғасырлардағы қазақ жерінің тарихы жазылған.

XVI ғасырдын, 40 жылдарында жазылған шығармалар:

«Тарих-и Әбілқайыр хан» (Осман Кухистани),

«Тарихи-и шах Махмұд бен Мырза Фазил Чорас» (Шах Махмұд).

Қазақ жерінде туған араб әрпінде жазылған т.б. шығармалар:

«Темірнама»,

«Шыңғыснама»,

«Бабырнама» т.б.





XVIII ғасырдың басындағы қазақ жерінің Ресей империясының құрамына қосылуының алғышарты
Жоңғар шапқыншылығы
XVIII ғасырдың басында Әз-Тәуке ханның кезінде Қазақ хандығы біраз мықты мемлекет болды. Қазақ хандығының Орта Азиядағы белді мемлекет ретіндегі аты шықты. XVIII ғасырдағы қазақ тарихында Жоңғар шапқыншылығы үлкен орын алады. Жалпы, XVII ғасырдың 40 жылдарынан бастап Жоңғар мемлекеті Қазақстан жеріне басқыншылық мақсатта басып кірген. Бұл жағдай XVIII ғасырдын, басында қатты шиеленісіп кетті. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын жоңғарлардың негізгі мақсаты қазақ жерін басып алу болды. ХVІІІ ғасырдың басында Жоңғар қонтайшысы Цеван Рабданның әскері Жетісудын, біраз бөлігін басып алып, Орта жүз аумағындағы Сарысу өзеніне дейін жетті.

1710 жылы Тәуке хан ордасында (Қарақұмда) жауға қарсы азаттық күрес ұйымдастыруының жолдарын талқылау үшін үш жүздің өкілдері бас қосты. Қазақ қолының бас сардары болып Әбілқайыр бекітілді.

1711 жылы жоңғар әскерлері қазақ қолынан жеңілді, бірақ жоңғарлар тез арада естерін жинап алды.

1712 жылы қазақ әскерлері Жоңғарияның шебіне дейін барды. 1713 жылы жоңғарлар қазақ әскерлерінен тағы да жеңілді.

1718 жылы Аягөз өзенінің бойында Қабанбай батырдын, басшылығымен болған шайқаста қазақ әскерлері жеңіске жетті. Бірақ қол басқарған Әбілқайыр хан мен Қайып ханның арасындағы алауыздықтың кесірінен жоңғарлар қазақтарды қапы қалдырды.

Ақтабан шубырынды, алқакөл сұлама

1723 жылы Қазақ хандығындағы хан, сұлтандардың арасында алауыздық туды. Осы жылы Кіші жүзге Әбілқайыр хан жеке билік жүргізе бастады. Сонымен қатар көктемде қазақ даласын жұт жайлады. Осының бәрін пайдаланған жоңғардың 70 мың әскері Қазақ жеріне басып кірді. Жоңғар әскерлері қазақ жеріне 7 бағыттан шабуыл жасады.

1. Іле өзенінін, батысын бағытқа алған жоңғар әскерін қоңтайшы Цеван Рабдан басқарды.

2. Балқаш көлі мен Қаратауға бағытталған жоңғар әскерін Қалдан Церен басқарды.

3. Алтай мен Емілге бағытталған жоңғар әскерін Құлан Бату басқарды.

4. Нұра өңіріне бағытталған жоңғар әскерін Әмірсана басқарды.

5. Шелек өзеніне бағытталған жоңғар әскерін Церен Доржы басқарды.

6. Жетісу арқылы Ыстықкөлге бағытталған жоңғар әскерін Лама Доржы басқарды.

7. Шу бойына бағытталған жоңғар әскерін Даба Доржы басқарды.

Жоңғар қолына жалпы басшылықты Шұна Даба жасады.

Көктемнен әзер шыққан көшпелі қазақтарға бұл ете қиын тиді. Қазақ ауылдары орасан зор шығынға ұшырады. Бұл кезең тарихта «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деп аталды. Халық арасында бұл қасірет туралы «Елім-ай» әні таралды. Деректер бойынша, бұл әнді Қожаберген жырау шығарған.

1723-1725 жылдар аралығында жоңғарлар Түркістан, Ташкент қалаларын, Жетісу, Сырдария, Алтай, Ертіс өңірлерін басып алды. Жығылған үстіне жұдырық болып осы кезде қазақ ауылдарына жоңғарлармен қатар Еділ қалмақтары, қарақалпақтар, хиуалықтар да тұтқиылдан шабуыл жасап, ойрандап отырды.
Қазақтардың жоңғарларға қарсы азаттық күресі
Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресіне Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Малайсары, Баян, Ер Жәнібек, Наурызбай, Райымбек, Саурық, Көкжал Барақ батырлар қолбасшылық жасады.

1726 жылы қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі басталды. 1726 жылы Бұланты өзенінің жағасында қазақ қолы жоңғар әскерін тасталқан етіп женді. Мұнда қалмақтар ойсырай жеңілгендіктен, осы жер кейін «Қалмақ қырылған» деп аталды. Осыдан кейін жоңғарлар қазақ жерінің солтүстік-батыс өңірінен ығысты.

1729 жылы Балқаш көлінің оңтүстігінде қазақ әскерлері тағы да жоңғарларды жеңіліске ұшыратты. Бұл жер кейін «Аңырақай» деп аталды. Үш жүздің біріккен әскеріне Әбілқайыр басшылық жасады. Бұл жеңісті әрі қарай жалғастыруға, Қазақстанның оңтүстігін жоңғарлардан азат етуге сол кездегі ел басындағы хан, сұлтандардын, алауыздығы кедергі жасады. Бұл хандыққа қолы жетпеген Әбілқайыр Кіші жүз әскерін бастап, ұрыс даласын тастап кетті.
Қаракерей Қабанбай батыр (1691-1769)

1691 жылы туған.
Шыққан тегі - Орта жүздің найман тайпасы, қара-керей руы.

Шын аты-Ерасыл. Қабанбайдың «Сардар», «Дарабоз» деген аттары да болған.

Қабанбайдың әйелі Гауһар (Майсара) да батыр болған.

Қаракерей Қабанбай батыр қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресіне басшылық жасаған. Қабанбайдың ерлік жолы әкесі Қожағұл мен ағасы Есенбайды өлтірген жоңғар батырлары Арслан мен Өлже жырғалды өлтіріп, кек қайтарған 15 жасынан басталды. Қабанбай біраз уақыт қазақ қолының бас сардары болды.


Қабанбай қатысқан шайқастар:

1721 жылы Түркістанды қорғауға қатысты;

1725 жылы Алакөл маңындағы шайқасқа басшылық жасады;

1728 жылы Шұбар теңіз маңындағы шайқасқа қатысты;

1729 жылы Балқаш көлінің оңтүстігінде болған Аңырақай шайқасына қатысты;

1730 жылы Іле өңірінде жоңғарлармен болған шайқасқа қатысты;

1750 жылы жоңғар әскерлерінің негізгі күшін қазақ қолының тасталқан етіп жеңген жоңғар қақпасындағы соғысқа басшылық жасады.

Қабанбай батыр барлығы 103 соғысқа қатысты.

1769 жылы қайтыс болды.
Қанжығалы Бөгенбай батыр (1690-1775) 1690 жылы туған.
Шыққан тегі - Орта жүздін, арғын тайпасының қанжығалы руы.

Әкесі - Ақша батыр.

XVIII ғасырда өмір сүрген Бөгенбай батырдың өмірі көбінесе жодғар басқыншыларына қарсы күреске арналды.

1708 жылы Бөгенбай батыр батыстағы Еділ бойында қазақ-орыстарды жеңеді.

1726 жылы Бұланты өзенінің бойындағы шайқаста қазақ әскеріне басшылық жасап, жоңғарларды жеңеді.

1730 жылы Іле өзені бойындағы шайқаста қазақ әскерлеріне басшылық жасады.

Атақты батыр шебер дипломат болған. Бөгенбай бастаған елшілер Шын-Машын (Қытай) еліне барып, келіссөз жүргізген.

Бөгенбай батыр 1775 жылы қайтыс болды.


Шапырашты Наурызбай батыр (1706-1781)

1706 жылы туған.
Шыққан тегі - Ұлы жүздегі шапырашты тайпасы, асыл руы.

Туған жері - Алматы.

Ұлы жүз тайпалары жоңғар шапқыншылығының зардабын бәрінен көп тартқан. Шапырашты Наурызбай батырдың аты жоңғарларға қарсы күрестерде шығады. 1729 жылы Наурызбай батыр жоңғар батырлары Шамалған мен Қаскеленді жекпе-жекте өлтіреді. Наурызбай батыр жоңғарларға қарсы күресте Ұлы жүз жасақтарына басшылық жасайды. 1750-1752 жылдары Наурызбай батыр Бәсентин Малайсары батырмен бірге жоңғарларды Жетісу жерінен қуып, Тұрпан асуынан асырып тастайды.

Шапырашты Наурызбай батыр 1781 жылы қайтыс болады.


Райымбек Түкіұлы (1730-1829)

1730 жылы туған.
Шыққан тегі - Ұлы жүздің албан тайпасы, алжан руы.

Райымбектің әкесі Түкі шаруа адамы, ал атасы Хангелді қол бастаған батыр адам болған. Райымбек жоңғарларға қарсы күреске 17 жасынан бастап қатысқан. Райымбек Алтынемел, Қаратау, Іле бойында жоңғар әскерінің тас-талқаны шыққан ұрысқа қатысып, ерекше ерлік көрсетеді. Райымбек Түрген өзенінің жағасында қалмақ батыры Коренді жекпе-жекте өлтіреді. Осыдан кейін Ойрантөбе аталған жерде Райымбек бастаған жасақтар жоңғарларды жеңіп, қалмақ батыры Секерді өлтіреді. Райымбек батыр бұдан кейін де жоңғарларға қарсы қазақ қолын басқарып, бірталай күреске кіріседі. Жоңғарларға қарсы күресте ол «Райымбек» деп ұран шақырады. Осыған байланысты албан руының ұраны «Райымбек» болады.

Кіші жүздің Ресей құрамына кіруі

Кіші жүзді Ресей империясының құрамына қосуды бастаған Әбілқайыр хан бірнеше мақсат көздеді:

- Ресей империясына арқа сүйеп, жоңғар шабуылына тойтарыс беру;

- башқұрттардың қазақ жеріне шабуылын тоқтату;

- қазақ еліндегі билік жолындағы қарсыластарын ықтыру, хан тағына отыру;

- Еділ мен Жайық өзендерінің бойындағы мал жайылымдарын реттеу;

- батыс пен шығысты жалғастыратын керуен жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Кезінде Тәуке ханның Сібір генерал-губернаторы М.П. Гагаринге көмек сұрап жіберген елшілігі, Ресейдің Швециямен соғысып жатқаны үшін, жауапсыз қалған еді. Ал бұл кезде Ресей империясы Қазақстан жеріне біртіндеп ене бастаған болатын. Патша үкіметі Ертіс өзенінің бойына әскери бекіністерді көптеп сала бастады. Мысалы:

1716 жылы Омбы, Жәміш;

1717 жылы Железинск;

1718 жылы Семей;

1720 жылы Өскемен, Коряков бекіністері салынды.

1731 жылы 30 ақпанда Әбілқайыр хан жіберген Сейтқұл Құндағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілер Петербургте әйел патша Анна Иоанновнаға Кіші жүзді Ресей бодандығына қабылдау туралы өтініш тап-сырады. Бұл ұсынысты Анна Иоанновна қабыл алды.

Анна Иоанновна Әбілқайырдан ант алу үшін Кіші жүзге А.И. Тевкелев (Теуіпкел) бастаған елшілерді жібереді.

1731 жылы 10 қазаңда Әбілқайыр хан, Кіші жүздің 27 старшыны Ресей бодандығын қабылдау туралы ант береді. Бұл жағдай Ресей империясының қазақ жерін отарлауының басы болды. 1734 жылы И.К. Кириллов басқарған экспедиция табиғат байлықтарын зерттеу, сауданы ұлғайту, Сырдария бойында бекіністер салу, Ор бекінісін тұрғызу сияқты мақсатпен қазақ жеріне аттанды.

1735 жылы Ор бекінісі салынды.

1737 жылы Патша үкіметі башқұрт халқының көтерілісін басу үшін Кіші жүз әскерін пайдаланды.

1730-1740 жылдардағы Кіші жүз бен Орта жүз

1738 жылы Орынбор қаласында Әбілкайыр хан бастаған Кіші жүздің 25 старшыны, Орта жүздің 27 старшыны патша үкіметіне адал боламыз деп тағы да ант берді. Қазақ сұлтандарының антын Орынбор комиссиясының басшысы В.Н. Татищев қабылдады.

1740 жылы қазақханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан жағдайға байланысты Ресей билігін мойындағанымен, іс жүзінде патша үкіметіне бағынбады. Олар бұл жолға жоңғар шабуылынан қорғану үшін барған еді.

1741-1742 жылдары Қалдан Церен басқарған жоңғар әскерлері қазақ жеріне тағы да шабуыл жасап, зор шығынға ұшыратты.

1742 жылы Ресей Сенаты Кіші жүз қазақтарын жоңғарлардан қорғау туралы шешім шығарды. Осы жылы Орынбор комиссия басшысы И. Неплоев қоңтайшы Қалдан Церенге Кіші және Орта жүз қазақтарына тиіспеуді ескертті. XVIII ғасырдың II жартысында подполковник И.Д. Бухольцтың әскери барлау экспедициясы қазақ жерін жоңғарлардан қорғауда ерекше рөл атқарды.

Ал Ресей үкіметі қазақ жерін толық отарлау мақсатында Қазақстанның солтүстік-шығысында әскери шептерді, бекіністер мен қамалдарды көптеп сала бастады. Мысалы, Ертіс өзенінің бойына 31 әскери форпост салды.

Сонымен қатар Ресей үкіметі Әбілқайырдың билігін тарылтып, Кіші жүзді толығымен отарлау мақсатын алдына қойды. Осыған байланысты Ресей билеушілерімен Әбілқайырдың арасындағы қатынас біртіндеп салқындай бастады.

1748 жылы Ор бекінісінде Әбілқайыр А.И. Тевкелевпен кездеседі.

1748 жылы Ор бекінісінен қайтып келе жатқан Әбілқайыр ханды жекпе-жекте қарсыласы Барақ сұлтан өлтіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет