Табылған жері Африка (Кения жеріндегі Олдувай шатқалы) 1 млн 750 мың жыл



бет12/19
Дата14.04.2020
өлшемі0,92 Mb.
#62510
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
тарих





Ресейдегі 1917 жылғы Ақпан төңкерісі және Қазақстан өмірін демократияландырудағы маңызы
Қазақстанда Кеңестер мен Уақытша үкімет органдарының құрылуы

1917 жылы 27 ақпанда Ресейде Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы болды. Монархия құлап, Романовтар әулеті биліктен кетті. Бұл жағдайды Қазақстан халқы қуанышпен қабылдады. «Қанқұйлы Николай тақтан құлатылғанын білгеніміздегі біздің куанышымызды айтып жеткізу қиын», - деп көрнекті мемлекет қайраткері Б. Алманов өз естелігінде айтты.

Ә. Бөкейханов бастаған ұлттық демократия өкілдері бұл жағдайды ұлттық қазақ автономиясын құратын сәт туды деп қуанышпен қарсы алды.

Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы нәтижесінде Ресей қос (екі) үкімет билікке келді.

1. Уақытша үкімет;

2. Жұмысшы, солдат депутаттарының Кеңесі.

1917 жылы наурыз және сәуір айларында Семей, Верный, Омбы, Ташкент, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Петропавл т.б. жерлерде жұмысшы, солдат депутаттарының Кеңестері құрылды.

1917 жылы Қазақстанда Уақытша үкімет органдары да құрылды.

Ә. Бөкейханов Торғайдағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М. Тынышбаев Жетісудағы Уақытша үкімет органдарының комиссары болып істеді.

Уақытша үкімет ұлтаралық келісім орнату, халыққа әлеуметтік көмек көрсету туралы шараларды жүзеге асыра бастады.

Ал жұмысшы, солдат депутаттарының Кеңесі жазалау экспедициясын кері шақырып алды.

1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы патша үкіметінің бұратана халықтарды кемсіту саясатын тежеп, халықтар тендігіне жол ашты.


Тылда еңбек етушілердің қайтып оралуы
Уақытша үкімет 1917 жылы 5 мамырда тыл жұмысына алынған бұратаналарды Отанына қайтару туралы шешім қабылдайды. Тыл жұмысындағылар ауыр жағдайға байланысты ереуілге шықты. Олар солдаттармен қатынаста тұрды.

1917 жылы Верныйда тыл жұмысынан оралғандар «Қара жұмысшылар одағын» құрды. Аягөздегі Жүсіп Бабаев басқарған «Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымын» да тылдан келген қазақтар мен 800-ге жуық солдат құрды. Тыл жұмысында болғандар Петропавлда «арбакештер одағын» құрды.

1917 жылғы ақпаннан қазанға дейінгі саяси партиялар мен ағымдар Алаш қозғалысы

Отаршылдыққа, империализмге қарсы күресті басқарушы, ұлт-азаттық қозғалыстардың идеологтары ұлттық демократияшыл зиялылар болды. Олардың басшысы Ә. Бөкейханов болды. Қозғалыстың белсенді мүшелері: А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Досмұхамедов, X. Досмұхамедов, Ә. Ермеков, Ж. Ақбаев, М. Шоқай т.б.

Алаш қозғалысы феодалдар мен байлардың, яғни үстем тап өкілдерінің және шаруалар мен жұмысшылардың мүддесін білдірді. Олардың мақсаты қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, өз алдына ұлттық автономия құру болды.

«Алаш» партиясы, негізінен, 1917 жылы құрылды. «Алаш» партиясы 1905 жылы пайда болған алаш қозғалысы негізінде құрылды.

1917 жылы сәуірден бастап Қазақстанда жер-жерде «Алаш» партиясының съездері өте бастады.

1917 жылы сәуірде Жетісу облыстық съезі өтті. Мұнда әлеуметтік, аграрлық, ағарту мәселелерімен қатар сырттан қоныс аудартуға жол бермеу, Қытайдағы босқындарды қайтару мәселелері талқыланды. 1917 жылы 27 сәуірде Семейде қазақтардың съезі болды. Онда ұлттық автономия құру мәселесі талқыланды.

1917 жылы 21 шілдеде Орынбор қаласында жалпы қазақ съезі өтті.

Съезде қаралған мәселелер:

- мемлекеттік басқару формасы;

- қазақ облыстарының автономиясы;

- жер мәселесі;

- халықтық милиция;

- земство;

- халық ағарту ісі;

- сот;


- дін мәселелері т.б.

Бұдан басқа «Алаш» партиясын құрып, оның жұмыс істеу бағытын бекітті.


Мұсылмандар қозғалысы
1917 жылы мамырда Бүкілресейлік мұсылмандар съезі болды.

Мұнда әйелдердің еркектермен тең құқығы, қалыңмал мен көп әйел алуға қарсы пікірлер талқыланып бекітілді. Еңбек ету, ағарту мәселелері де бекітілді. 1917 жылы қыркүйекте мұсылман ұйымдарының съезінде алғашқы мұсылман партиясы «Түркістан федералистер» партиясы құрылды.

1917 жылы 17 қыркүйекте Түркістан және қазақ мұсылмандарының съезінде «Иттифок-и-муслимин» партиясы құрылды. Мұнда «Түркістан федерациялық республикасы» парламенттік республикасының жобасы қаралды.

1917 жылы наурыз айынан бастап Қазақстанда социал-демократиялық топтардың жұмысы жандана бастады. Бұл ұйымдар Омбы, Верный, Ташкент, Орал, Орынбор қалаларында құрылды.

Аталған ұйымның жұмысына С. Мендешев, С. Арғыншиев, Т. Рысқұлов, Ә. Майкөтов, С. Сейфуллин, Т. Бокин т.б. ат салысты.

1917 жылы Әулиеатада «Қазақ жастарының революцияшыл одағы» құрылды.

1917 жылы Ақмолада «Жас қазақ» ұйымы құрылды. Оның құрамында С. Сейфуллин, Т. Рысқұлов т.б. болды.

1917 жылы Қазақстанның көптеген аумақтарында кадеттер ұйымы жұмыс істеді. Бұл ұйым Семейде «Свободная речь» газетін шығарды.

1917 жылы Қазақстанда кадеттермен бірге әсерлер ұйымдары да жұмыс істеді.

1917 жылы қарашада Қазақ социалистік «Үш жүз» партиясы құрылды.

Алғашқы төрағасы М. Әйткенов болды. Кейіннен партия төрағасы қызметін Көлбай Төгісов атқарды. Партия орталығы Омбы қаласында орналасты. «Үш жүз» партиясы сол жылы екіге бөлінді, «Үш жүз» партиясының солшыл қанатын К. Төгісов басқарды.

«Үш жүз» Кеңестерді қолдап, қазақтардын, жеке мемлекет кұру идеясын ұсынды.

Алаш қозғалысы «Алаш» партиясының үнқағазы «Қазақ» газеті болса, «Үш жүз» партиясы К. Төгісовтің редакторлығымен «Үш жүз» газетін шығарды.
Алаш қозғалысының қайраткерлері
Әлихан Бөкейханов (1869-1937) - ұлттық-демократиялық зиялылардың көшбасшысы, Шыңғыс ханның тұқымы. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келген.

1894 жылы Петербург орман шаруашылығы институтын бітірген. Тобылда және Омбыда түрлі қызметтер атқарған.

1897-1903 жылы Дала генерал-губернаторлығында қызмет атқарып, кейіннен Самарада банк директоры болған.

1905 жылы кадеттер қатарында болған, I және II Думаның депутаты міндетін атқарған. «Алаш» партиясы және «Алаш орда» үкіметінің төрағасы қызметін істеген.


1937 жылы репрессияның құрбаны болған.
Мұхамеджан Тынышбаев (1879-1937) - педагог, тарихшы, қоғам қайраткері. Алматы облысындағы Қапал ауданында туған. 1900 жылы Верный гимназиясын бітірген. 1906 жылы Петербург транспорт инженерлер институтын теміржол инженері мамандығы бойынша тамамдаған. 1906 жылы Орта Азия темір жолында инженер болып қызмет атқарған. 1907 жылы Жетісу губерниясынан II Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланған.

1926 жылы Түріксіб теміржол құрылысына қатысқан. 1933-1937 жылдары Москва-Донбасс темір жолында ідызмет атқарған. 1937 жылы сталиндік репрессияның құрбаны болды.



Міржақып Дулатов (1885-1935) - ақын, жазушы, «Алаш» партиясын құрушылардың бірі. Уфада «Ғалия» медресесінде оқыған. Ол-қазақтың тұңғыш романы «Бақытсыз Жамалдың» авторы. Оның «Оян қазақ!» өлеңінің мазмұны өте кең.




1917 жылғы Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
Петроградтағы Қазан төңкерісі
1917 жылы 25 қазанда Ресей империясының астанасы Петроград қаласында Қазан төңкерісінің нәтижесінде мемлекет билігі Кеңестердің қолына көшті. Қазан төңкерісінің идеологы, яғни басшысы В.И. Ульянов (Ленин) болды.

Қазан төңкерісінен кейін билікті қолына алған Кеңестер «Ресей халықтары кұқықтарының декларациясын» қабылдады. Осыдан кейін Кеңестердің «Ресей мен Шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына» үндеуі жарияланды. Аталған үндеуде халықтардың діни сенімдері мен ұлттық мүдделеріне ешкім тиіспейтіні, барлық халықтың құқықтары бірдей болатыны туралы айтылған.

1917-1918 жылдары Қазақстанда Кеңестер өкіметі кейбір өңірлерде күрес нәтижесінде, ал енді бір жерлерде бейбіт түрде орнады.

Қазан төңкерісінен кейінгі Қазақстандағы ұлттық үкіметтер

1917 жылы қарашада Орынбор контрреволюциялық төңкеріс нәтижесінде Дутов басқарған «Әскери үкімет» билікті қолына алды.

1917 жылы 15 қарашада Ташкентте болған мұсылман депутаттары Кеңестерінің өлкелік съезінде жаңа үкімет «Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі» орнады. Бұл үкіметтің Кеңесі құрамында мұсылмандар болған жоқ.

1917 жылы 22 қарашада Қоқанд қаласында болған бүкіл түркістандық IV съезде Түркістан автономиясы, яғни Түркістан үкіметі құрылғаны туралы жарияланды. Бұл үкімет кейбір деректерде «Қоқан автономиясы» деп аталды. Алғашқы басшысы М. Тынышбаев, одан кейін басшы қызметін Мұстафа Шоқай атқарды.

1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында жалпы қазақ съезі болды. Съезді М. Шоқай басқарды.

Съезде Алаш (Алаш орда) автономиясын құру туралы қаулы қабылданды.

Алаш орданын, 25 мүшеден тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрылды, Автономия орталығы Семей қаласында орналасатын болды.

Алашорда үкіметінің төрағасы болып Ә. Бөкейханов сайланды. «Қазақ» газетінде «Алаш» партиясының 10 бөлімнен тұратын бағдарламасы жарияланды.

«Алаш» партиясының бағдарламасы:

1. басқару түрі;

2. автономия;

3. азаматтың негізгі құқықтары;

4. дін ұстану туралы мәселе;

5. соттар туралы;

6. қорғаныс;

7. салық;

8. жұмысшы мәселесі;

9. халық ағарту;

10. жер мәселесі.
Кеңестер билігі Сырдарияда
1917 жылы 30 қазанда Перовскіде билік бейбіт жағдайда жұмысшы солдат депутаттарының қолына көшті. 1917 жылы 1 қарашада 4 күнге созылған шайқас негізінде Ташкентте Кеңес өкіметі орнады.

Кеңестер билігі 1917 жылы қарашада Шымкентте (бейбіт түрде), 1917 жылы 7 қарашада Түркістанда орнады.


Кеңестер билігі Торғай облысында
Торғай облысында атаман Дутов бастаған казактар, Ә. Бөкейханов бастаған Алашорда және әсерлер Кеңес өкіметіне қарсы күресті. Бірақ олар жеңіліске ұшырады. 1917 жылы 25 желтоқсанда Қостанайда күрес нәтижесінде Кеңестер билігі орнады (басшысы В.М. Чекшаров).

1918 жылы 8 қаңтарда Кеңестер Ақтөбеде билікке келді (басшысы В.Ф. Зинченко).

1918 жылы қаңтарда Торғай, Ырғыз уездерінде Кеңес өкіметі орнады.

1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда Кеңес өкіметі орнады.

Кеңестер билігі Солтүстік және Шығыс Қазақстанда

Бұл өңірлерде Кеңес өкіметі күрес нәтижесінде орнады.

1917 жылы 22 қарашада Петропавлда Кеңестер билігін қолына алған Уақытша Революциялық Комитет билікке келді (басшысы И.Д. Дубинин).

1917 жылы 25 желтоқсанда Ақмолада Кеңес өкіметі орнады.

1917 жылы желтоқсанда Кеңес өкіметі Көкшетауда орнады.

1918 жылы 2 қаңтарда Атбасарда Кеңес өкіметі орнады.

1918 жылы 18 қаңтарда Өскеменде билік Кеңестердің қолына көшті.

1918 жылы 19 қаңтарда Павлодарда күрес нәтижесінде билік Кеңестердің қолына көшті.

1918 жылы 17 ақпанда Семейде Кеңестер билігі үкімет басына келді.

Кеңестер билігі Батыс Қазақстанда

1918 жылы 15 қаңтарда Оралда Кеңес өкіметі орнады. Бірақ осы жылдың наурызында ақ гвардияшылар контрреволюциялық төңкеріс жасап, Кеңестерді биліктен тайдырды. Оралда Кеңес өкіметі азамат соғысы жылдарында ғана орнады.

1917 жылы 2 желтоқсанда Бөкей Ордасында Кеңес өкіметі орнады.


Кеңестер билігі Жетісуда
1918 жылы 3 наурызда Верныйда Кеңес өкіметі қарулы көтеріліс нәтижесінде орнады.

1918 жылы наурыз айында Жетісу облысының барлық өлкесінде Кеңестер билігі орнады. Жетісу өңірінде Кеңес екіметін орнату жолында Ж. Бабаев, А. Розыбакиев, Т. Бокин, Т. Өтепов т.б. революционерлер аянбай күресті.


Социалистік экономика және мәдениет
Кеңестер билігінің орнауына байланысты Қазақстанда жаңа үкіметтің басқару жүйелері құрыла бастады. Барлық кеңестер іске кірісті. Кеңестер жанынан қаржы, өнеркәсіп, жер, ағарту, әділет, денсаулық сақтау басқармалары жұмыс істеді.

1918 жылы 21 наурызда Орынборда Кеңестердің I Торғай облыстық съезі басталды. Съезде жергілікті басқару жүйесі, әлеуметтік мәселелер жайында қаулы қабылданды. Бұл съездің қаулысы бойынша Алаш қозғалысының ұнқағазы «Қазақ» газеті жабылды.

1918 жылы 20 сәуірде Ташкентте Түркістан Кеңестерінің V съезі болды. Бұл съезде құрамында Жетісу облысы бар Түркістан автономиялы Кеңестік социалистік республикасы құрылды. 1918 жылы Кеңес өкіметі көптеген өнеркәсіп орындары мен банкілерді мемлекет қарамағына алды.

Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданылды.

1918 жылы Ақмола мен Семейде сауда ісін жүргізу азық-түлік комитетіне жүктеледі.

Кеңес өкіметі ағарту мәселесі бойынша нақты шараларды жүзеге асыра бастады.

С. Сейфуллин Ақмола облысындағы, С. Мевдешев Бөкей Ордасындағы білім беру бөлімдерін басқарды.

Кеңес өкіметі Қазақ АКСР-ын күру мақсатында қазақ бөлімін кұрды. Бұл істер азамат соғысының басталуына байланысты тоқтап қалды.

Ұлттық-демократиялық және революциялық қайраткерлер

МұстафаШоқай (1890-1941)

1890 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ташкент гимназиясын, Петербург университетінін, заң факультетін тамамдаған. Ол ағылшын, орыс, француз, поляк тілдерін меңгерген.

1917 жылы құрылған Түркістан автономиясының М. Тынышбаевтан кейінгі президенті болған. Кеңес өкіметінің қудалауы нәтижесінде Түркия, Грузия, Франция жерлерінде эмиграцияда болған. Стамбул, Париж, Берлин, Лондон қалаларында ол өзінің Орта Азия туралы теориялық зерттеулерін және саяси шолуларын жарыққа шығарады. Стамбул, Берлин қалаларында «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» журналдарын ұйымдастырады. 1935 жылы «Түркістан Кеңестер билігінде» кітабы жарық көреді.
1940 жылы неміс фашистерінің қолына түсті.
1941 жылы Түркістан легионында болған кезінде Берлинде қайтыс болды.

Бәймен Алманов (1896-1943) - мемлекет қайраткері, Торғай жерінде Кеңес өкіметін орнатушылардың бірі. 1931 жылы Қазақ мемлекеттік институтының директоры болды.

1934 жылы Қазақ ұлттық мәдениет зерттеу институтының директоры болып қызмет атқарды.



Сақыпкерей Аргыншиев (1887-1938)

Воронеж медицина училищесінде оқыған. 1917 жылы большевиктер құрамына кірді. Орал облысында Кеңес өкіметін орнату үшін күреседі. Әлеуметтік қорғау халық комиссары, Жоғары трибунал терағасы қызметтерін атқарады. Репрессия құрбаны болған.






Қазақстан шетел интервенциясы және азамат соғысы жылдарында (1918-1920)
Азамат соғысының басталуы
1918 жылы мамырда Чехословак корпусының бүлігі басталды. Антанта империалистерінің қолдауымен бұл бүлік ең алдымен Солтүстік-Шығыс Қазақстанда басталды.

1919 жылы 31 мамырда Петропавлды ақ гвардияшылар басып алды.

Сондай-ақ ақ гвардияшылар маусымда Ақмола мен Павлодарды, Семей мен Көкшетауды, Омбы мен Қостанайды басып алады.

Алаш орда үкіметі ақ гвардияшылардың Кеңес өкіметіне қарсы интервенциясын қолдап, қарулы интервенцияға қосылды.

Контрреволюцияға Антанта империалистері көп көмек көрсетті. Мысалы, АКД Колчак армиясына түрлі қару-жарақ, Англия 200 мындай әскерге қару-жарақ және киім берді.

1918 жылы 29 наурызда ақ гвардияшылар Орал қаласын басып алды.

1918 жылдың аяғына қарай Колчактың басқаруындағы. Анненков дивизиясы Жетісу жеріне басып кірді.

Қызыл Армияның ұлттық бөлімдерінің қалыптасуы

Қазақстан жерінде жергілікті халық әскери құрылысқа тартыла бастады. 1918 жылы 29 мамырда ұлттық белгілер бойынша жауынгерлік топ құруға рұқсат етілген декрет шықты. 1918 жылы Бөкей Ордасында қазақ атты әскер полкі құрылды. 1920 жылы Түркістанда алғаш рет халықты күштеп мобилизациялай бастады.

1919 жылы Қостанайда 3000 адамы бар дала бригадасы құрылса, 1920 жылы Жетісуда қазақ бригадасы, 15дүн-ген полкі құрылды.

Жалпы, 1920 жылы майданға жергілікті ұлттардан 19-35 жасқа дейінгі 25000 адам мобилизацияланды.
Майдандардағы соғыс қимылы
Әскери бөлімдерді құру барысында Ә. Жангелдин (Дала әскер комиссары), А. Иманов (Торғай әскер комиссары), Б. Қаратаев (атты әскер бригадасының политругі), М. Масанчи, О. Исаев, А. Розыбакиев, А. Оразбаева т.б. көп еңбек сіңірді.

Ә. Жангелдин басқарған экспедиция Еділ, Каспийді жүзіп, Ақтөбе майданына қару-жарақ жеткізді.

1919 жылы қаңтарда Қызыл Армияның шығыс майданындағы бөлімдері Орынбор мен Оралды ақ гвардияшылардан босатты.

1919 жылы көктемде Колчактың контрреволюцияшыл топтары қайтадан шабуылға шықты.

Ақ гвардияшылардың қатыгездігі

Атаман Дутов пен Анненковтің казактары қазақ еліне ерекше қатыгездік жасады.

Мысалы, 1918 жылы қазан айында Өскеменге «Монғол» кемесімен келген атаман Б. Анненков өскемендік коммунист, революционер Я. Ушановты киізге орап өртеген.

Б. Анненковтің казактары 1918 жылы Солтүстік Жетісудағы Лепсі уезінің Подгорное ауылында 250 адамды өлтірген. Мұның барлығы Қазақстан шаруаларының ақ гвардияшыларға қарсы ұйымдастырылған партизан соғысына шығуына себеп болды.


Қазақстандағы партизан соғысы
Қазақстандағы партизан қозғалысына басшылық еткендер және оның, ұйымдастырушылары: Оралда Ә. Әйтиев, С. Арғыншиев; Ақмолада Ә. Майкөтов, М. Жәнібаев; Шығыс Қазақстанда И. Эльбе; Кеңарал болысында Ө. Ыбыраев, Қысқы сарайға жасалған шабуылға қатысқан А. Миронов т.б.

Солтүстік Жетісу өңіріндегі партизан қозғалысы ерекше өріс алды.

1918 жылы маусым айында Қапал, Лепсі уездерінде 13 ауылды қамтыған әйгілі «Черкасск қорғанысы» басталды. Бұл курес 13 айдан астам уақытқа созылды. Бұл жердегі жауынгерлер саны 10000-ға дейін жетті.

1919 жылы қазанда Анненковтің казактары Черкасск бастаған бірнеше селоларды әреңалды. Өздерінің билігін мойындамаған 1800 адамды казактар қырып тастады.

Черкасск қорғанысы Орта Азия ақ гвардияшыларының Сібірдегі сыбайластарымен бірігуіне тойтарыс берді.

Қостанай жеріндегі партизан соғысының қарқыны да күшті болды. Бір ғана Боровской ауданындағы партизан саны 25000 болды. Партизан отрадтары 1919 жылы 5 сәуірде Қостанайды басып алғанымен, бұл ұзаққа созылмады. Қаланы қайта басып алған ақ гвардияшылар 18000 адамды өлтірді.

Партизан қозғалысының ірі орталығы болған Атбасар уезінің Мариновка селосында 1919 жылы көтеріліс болды. Көтерілісшілерге Н.М. Ирченко басшылық жасады. Көтеріліс ұзамай басылды.
Ақ гвардияшылардың жеңілуі
Қазақстандағы Колчак әскерлерін талқандауға Шығыс майданы кірісті. Шығыс майданының оңтүстік бөлімін М.В. Фрунзе басқарды.

1919 жылы шілдеде Орал қаласы ақтардан азат етілді. Қаланы азат етуге Чапаев дивизиясы мен қазақ атты әскерлері қатысты. 1919 жылы қыркүйекте Ақтөбе майданында шабуыл басталды. 1919 жылы 13 қыркүйекте Колчак армиясынын, оңтүстік бөлімінің жеңілуіне байланысты Ақтөбе майданы жойылып, Ресей мен Түркістан арасындағы байланыс қалпына келтірілді. 1919 жылдың соңында Орал облысы ақ гвардияшылардан тазартылды. 1919 жылы 5 қаңтарда Гурьев қаласын Қызыл Армия бөлімшесі басып алғаннан кейін, Орал майданы жойылды.

1919 жылы тамызда М.Н. Тухачевскийдің басқаруымен шығыс майданның 5-бөлімі Солтүстік, Шығыс Қазақстанда ақ гвардияшыларды талқандай бастады.

1919 жылы 19 тамызда Қостанай, 30 қазанда Петропавл, 14 қарашада Омбы Колчак әскерлерінен босатылды.

1919 жылы 12 қарашада Көкшетау, 26 қарашада Ақмола, 29 қарашада Павлодар қалалары Кеңестердің қолына көшті.

Қызыл Армия мен «Алтайдың қызыл тау қырандары» партизан отряды 1 желтоқсанда Семейді контрреволюцияшылдардан босатты. 1920 жылы наурызда Семей облысы ақтардан босатылғаннан кейін, Жетісу майданы жойылды.

Осылай 2 жылға созылған азамат соғысы аяқталды. Ол Қазақстан халқына үлкен шығын әкелді. Азамат соғысы жылдарында, жалпы, Кеңес мемлекетінде 8 млн адам қаза тапты.
Кеңестердің Алаш қозғалысымен келіссөзі
Азамат соғысының аяғына қарай Кеңес өкіметі Алаш-орда үкіметімен келіссөз жургізді. А. Байтұрсынов бастаған ұлттық демократиялық зиялылар тобы Кеңес өкіметі жағына шықты.

Бүкіл ресейлік Орталық Атқару Комитеті 1919 жылы 4 сәуірде Кеңес өкіметіне қарсы болған қазақтар мен Алаш орда үкіметінің мүшелері жазаға тартылмайтыны туралы қаулы шығарды.


Соғыс жылдарындағы экономикалық саясат
Азамат соғысы жылдарында Кеңес шаруашылығы қатты шығынға ұшырады.

1919 жылы Кеңес өкіметі Гай-Ембі темір жолын, кейіннен Петропавл Көкшетау, Жетісу теміржолдарын салу туралы қаулы қабылдады.

1919 жылы қаңтарда астық монополиясына азық-түлік салғырты енгізілді.

1920-1921 жылдары еңбекке шақырылғандар армиясында 6000 адам болды.

Әскери коммунизм саясаты барлық қаржы, шаруашылық салаларын мемлекет меншігіне алды. Қазақстан халқы майданды азық-түлікпен, басқа да тұтыну заттарымен қамтамасыз етті.





Қазақ АКСР-ның құрылуы
Қазақ революциялық комитеті
1919 жылы 10 шілдеде В.И. Ленин «Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы» декрет қабылдады.

Қазревком құрамына Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстары, Астрахань губерниясының шығыс бөлігі кірді. Қазревком төрағасы С. Пестковский болды. Мүшелері: А. Байтүрсынов, Ә. Жангелдин, Ә. Әйтиев, Б. Қаратаев, С. Сейфуллин, С. Мендешев, М. Сералин, В.А. Радус-Зень-ковичт.б. 1920 жылы 9 наурызда Қазревком «Алашорда» үкіметін таратты. Қазревкомның үнқағазы «Ұшқын» газеті болды.

Қазақ АКСР-ның құрылуы

1920 жылы 20 тамызда РКФСР құрамындағы «Автономиялы Қазақ Кеңестік Социалистік Республи-касын құру туралы» декрет қабылданды. 1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің съезі өтгі. Қазақ АКСР Орталық АтҚару Комитетініңтөрағасы С. Мендешев, ал Қазақ АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесініңтөрағасы В.А. Радус-Зенькович болды. Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері кұқықтарының декларациясы» қабылданды. «Декларацияда» Қазақ АКСР-ның мемле-кеттік басқару органдары, азаматтардың кұқықтары мен міндеттері айқындалды.

Қазревком мүшелері

С. Меңдешев (1882-1937)

1912 жылы коммунистік партия мүшесі, Бөкей губерниялық атқару комитетінің төрағасы;

1919 жылы Қазревком төрағасынын, орынбасары;

1920-1925 жылдары Қазақ АКСР Атқару Комитетінің төрағасы;

1937 жылы репрессия құрбаны болды.

Ә.Жангелдин (1884-1953)

1915 жылы коммунистік партия мүшесі;

1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, Торғай әскери комиссары;

1918 жылы Торғай облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы;

1918 жылы Қазревком төрағасының орынбасары.

А. Байтурсынов (1873-1937)

«Алаш» партиясын құрушылардың бірі,

«Қазақ» газетінің редакторы.

1919 жылдан Қазревком мүшесі, оку министрі.

А. Байтүрсынов - жазушы, аудармашы, түрколог, лингвист ғалым.

1937 жылы репрессия құрбаны болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет