Табылған жері Африка (Кения жеріндегі Олдувай шатқалы) 1 млн 750 мың жыл



бет11/19
Дата14.04.2020
өлшемі0,92 Mb.
#62510
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Байланысты:
тарих





XX ғасырдың басындағы Қазақстан
XX ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикалық жағдайы
XX ғасырдың басында Қазақстан экономикасында көптеген өзгерістер болды.

Теміржол

1893-1895 жылдар аралығында Сібір теміржолы салынды. Бұл теміржолдың 178 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.

1893-1897 жылдар аралығында Орал-Рязань темір-жолы салынды. Оның 194 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.

1906 жылы ұзындығы 1656 шақырым болатын Орынбор-Ташкент теміржолы іске қосылды. Бұл жолдардың Қазақстанды Ресейдің дамыған экономикалық аудандарымен байланыстыруда маңызы зор болды.



Өндіріс орындары және жұмысшылар

1902 жылы Қазақстандағы өндіріс орындарының саны 8887-ге, ондағы жұмысшылар саны 25392-ге жетті.

XX ғасырдың басында Қазақстан жеріндегі ең ірі өнеркәсіп орындары: Қарағанды көмір шахтасы, Успен кеніші, Спасск мыс зауыты, Риддер металлургия комбинаты. Осы өнеркәсіп орындарының әрқайсысында 300-400 жұмысшы болды. Ал Орынбор-Ташкент теміржол құрылысында 30000-ға жуық адам еңбек етті.

Аграрлың саясат

XX ғасырдың басында орыс шаруаларын Қазақстан жеріне қоныстандыру ісі жалғасын тапты. Бұл жағдай патша үкіметінің қазақтардың жерін тартып алу, құнарлы жерлерді орыс шаруаларына бөліп беру саясатын жалғастырды. 1906-1907 жылдар аралығында патша үкіметінің қазақтардан тартып алған жер көлемі 17 миллион десятина болды. Патша үкіметінің аграрлық саясаты 1905-1907 жылдардағы революцияға алғышарт болды.


1905-1907 жылдардағы революция
Жалпы, Қазақстанда революциялықидеяларды тарату барысында жер аударылған азаттық крзғалыс өкілдері Е.П. Михаэлис, Богомолов, П. Румянцев, Кочеров т.б. көп үлес қосты. 1902 жылы Қазақстанда алғаш рет Орынбор қаласында маркстік ұйым жүмыс істей бастады. 1905 жылы Ресейдегі "Қанды жексенбі" әсерінен сол жылы ақпан айында Шалқарда, Туркістан мен Перовскіде жергілікті патша үкіметінің шенеуніктеріне қарсылық көрсетілді. Мұндай бой көтерулер Семей, Торғай, Орал облыстары жерінде де байқалды. 1905 жылы мамырда Қостанайда, Верный мен Перовскіде халықаралық еңбекшілер күнінде ереуілдер өтті. Ресейдегі қазан ереуілі әсерінен Перовск, Орал, Торғайдаірі саяси ереуілдер болды. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Тынышбаев, М. Дулатов сияқты қазақ зиялы қауымының өкілдері революциялық қозғалыстарға белсене қатысты. Олар 1905 жылғы 17 қазандағы патша манифесін қолдамады. 1905 жылы 18-19 қазанда Орынборда, 25 қазанда Омбыда, 16-26 қарашада Семейде, 6-7 қарашада Верный әскери гарнизонында жұмысшылар мен солдаттардың ереуілі болды. Жалпы, осы революциялық жылдардағы ең ірі орыс, қазақ жұмысшыларының біріккен ереуілі Успен кенішінде өтті. Ереуілге "Капиталға қарсы орыс-қазақ" ұйымы басшылықжасады. Бұл ұйымның белсенді мүшесі - белгілі пролетариат П. Топорнин. Аталған ұйымның құрамында Батырбайұлы, Өтемісүлы сияқты қазақтар да болды. 12 күнге созылған ереуіл кешікпей басылды. Оған барлығы 360-қа жуық жұмысшы қатысты. 1905 жылы 6 желтоқсанда Өскемен жұмысшылар митингісі, 18 желтоқсандағы Павлодар жұмысшылар митингісі жұмысшылардың патша үкіметіне көрсеткен қарсылықтарының бір түрі болды.
Саяси қозғалыстың өрлеуі
1906 жылы 3 шілдедегі Семей жұмысшылар ереуіліне 500-ге жуық адам қатысты. Ереуілдің негізгі талаптары жұмыс уақытын азайту, ауырып жатқандарға өтемақы төлеу, жалақыны көбейту, әйелдер мен балалар құқығын қорғау т.б. болды. 1906 жылы жұмысшылар қозғалысы одан әрі өрістеді. Жұмысшылар ереуілі Жетісу, Орал, Сырдария облыстарын қамтыды. Жұмысшылар қозғалысын ұйымдастыру жолында Семейде Ә. Бөкейханов, Торғайда А. Байтұрсынов, ЖетісудаМ. Тынышбаев белсенді қызмет атқарды. Жұмысшылар күресіне қатысқан революционерлер ішінен Мемлекеттік Думаға сайланғандар да болды.

Олар:


- Ақмола облысынан А. Виноградов,

- Торғай облысынан И. Голованов,

- Орал облысынан Космодьямский,

- Жетісу облысынан М. Гаврилов,

- Семей облысынан Н.Я. Коншин,

- Сырдария облысынан Колендзян.

Жалпы, 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыстар қазақ жұмысшы табының толық қалыптаспауы, жұмысшылардың біріге алмауы, крзғалысты басқаратын демократиялық топтардың әлсіз болуы себептерінен жеңілді. 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыстар патша үкіметіне қарсы мол тәжірибелер жинақтады, революциялық қозғалыс өкілдерін жинақтауда үлкен үлес қосты. Революция Қазақстанның саяси дамуына зор әсер етті.
Қоныс аудару саясаты және реакция кезеңі
Революцияның бәсендеген реакция кезеңінде патша үкіметінің жер саясаты орыс, украин шаруаларын қазақ жеріне қоныс аударту күшейді. Бұлжағдай, әрине, патша үкіметінің Қазақстанды отарлауды жеделдетуінің бір көрінісі еді. 1906, 1910 жылдары қабылданған Столыпиннің аграрлық реформасы орыс шаруаларын Қазақстан жеріне қоныстандыру арқылы революциялық қозғалыстарды басу мақсатын ұстанды. 1917 жылға дейін патша үкіметі қазақтардан 45 миллион десятина жерді тартып алды. 1907-1914 жылдар аралығында Қазақстан жеріне қоныс аударғандар саны 714395 адам болды. Қоныс аудару нәтижесінде жергілікті қазақ халқының Қазақстандағы үлесі айтарлықтай кеміді.
Облыстардағы қазақтардың үлесі:

1. Ақмола облысы - 36,6%;

2. Семей облысы - 73%;

3. Жетісу облысы - 60,5%;

4. Сырдария облысы - 62,3%;

5. Торғай облысы - 58,7%;

6. Орал облысы - 56,9%.

Бұл көрсеткіштер облыстардағы қазақ халқының кеми бастағандығын дәлелдейді.


Әлеуметтік қайшылықтар
1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыстардан кейін Қазақстанда әлеуметтік жағдайға байланысты қозғалыстар толастамады. Өскемен алтын өндірісінің иелері ереуілге қатысқан жұмысшылардың талабын қанағаттандыруға мәжбүр болды. 1911 жылы Атбасар мыс кенішінде жүмысшылар ереуілі өтті. 1912 жылы 2-6 қазандағы Байқоңыр көмір өндірісіндегі, Семей мен Торғайдағы жұмысшылар ереуіліне Лена оқиғасы үлкен әсер етті. Ембі мүнайшылар ереуілі негізгі талаптарын орындатты. Жұмысшылар ереуілі Екібастұз кеншілері арасында, 1916 жылы Қарсакдай мыс кенішінде болды. Осы кездегі қазақ халқының қоғамдық, революциялық өміріне белсене қатысқандар: А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердиев, М. Дулатов т.б.
I дүниежүзілік соғыс және Қазақстан
I дүниежүзілік соғыстың Қазақстанға тигізген зардабы өте кеп болды. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің бірі болды. Мысалы, 1914-1916 жылдары Түркістан өлкесі соғыс қажетіне 13000 түйе, 70000 жылқы, 14000 киіз үй берді. Жетісу облысынан 34000 сомның мал өнімдері алынған. 1917 жылы шаңырақ салығы 100209 сом болды. Қарағандыдағы көмір өндіру, Ембідегі мұнай өндіру көлемі көп есеге кеміп кетті. Сонымен қатар Қазақстан жеріне Үштік Одақтың әскери тұтқындары орналастырылды. Олар, негізінен, Павлодар, Семей, Ақмола қалаларына орналастырылды. Мысалы, Омбыңа 20000 әскери тұтқын, Ақмолада 8612 тұтқын, ал Түркістан өлкесінде 200000-ға жуық әскери тұтқын болған. Патша үкіметінің ер адамдарды әскер қатарына шақыруы шаруашылықтағы жұмыс күшін азайтты. Ақмола облысындағы жұмысшылардың 50%-ы әскер қатарына алынды. Сондықтан патша үкіметі әскери тұтқындарды жұмысқа пайдалана бастады. Мысалы, Ақмола облысында ауыл шаруашылық жұмыстарына 14000-ға жуық әскери тұтқын пайдаланылған. Қазақстан жерінде болған әскери тұтқындардың әлеуметтік жағдайы қиын болды. 1915 жылы Риддерде ауыр тұрмыстық жағдайға байланысты әскери тұтқындардың ереуілі болды. Қазақстанда болған әскери тұтқындар кейінгі революциялық қозғалыстарға да қатысты.




XX ғасырдың басындағы қазақ мәдениеті
XX ғасырдың басында қазақ мәдениеті өзіндік ерекшеліктерімен дамыды. Осы кездегі маңызды оқиғалар мәдениеттің жаңаша дамуына әсер етті. Мәдениеттің жаңаша сипатпен дамуына ең алдымен 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыстардың әсері көп болды.
Баспа ісі
XX ғасырдың басында мәдениеттің жаңаша сипатпен дамуына осы кезде ашыла бастаған баспа ісі үлкен ыкдал етті. XX ғасырдың басында кітап басып шығару ісі Омбы, Орал, Семей, Орынбор қалаларында жолға қойылды. Қазақ кітаптарын басу ісі Петербург, Қазан, Ташкент қалаларында да қолға алынды. Кітап шығару ісінде орыс географиялық қоғамының Семей, Омбы, Орынбордағы бөлімшелері көп іс атқарды.

Әдебиеттің дамуы
XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің дамуына А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Торайғыров, С. Дөнентаев, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Ш. Қүдайбердиев т.б. әдебиет өкалдерінің қосқан үлесі өте көп болды. 1909 жылы Абайдың шығармалар жинағы баспадан шықты. Бұдан басқа А. Байтұрсынов пен М. Дулатовтың, С. Дөнентаевтың шығармалары да басылып шықты. С. Торайғыровтың "Шәкірт ойы", "Адасқан өмір", "Бір адамға", "Қамар сұлу", "Алты аяқ", Спандияр Көбеевтің "Қалың мал" т.б. шығармалары осы кездегі әдеби туындылардың озық үлгісі болып саналады.

А. Байтұрсынов - қазақ әдебиетін және лингвистика ғылымын дамытуға үлес қосқан ғалым. 1913 жылы А. Байтұрсынов "Қазақ" газетін шығара бастады. Алашорда үкіметінін, үнқағазы болған "Қазақ" газетінің редакторы қызметін 1917 жылға дейін атқарған. А. Байтұрсыновтың "Маса" (1911) өлеңдер жинағы Орынбор баспасынан жарық көрген.

Ш. Құдайбердиев - Абайдың шәкірті, XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларының бірі. Парсы, түрік, араб, орыс тілдерін меңгерген. Ш. Құдайбердиевтің "Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі" (1911) атты тарихи еңбегі, "Қазақ айнасы" (1912) атты өлендер жинағы жарық көрген. Поэмалары: "Қалқаман-Мамыр", "Еңлік-Кебек".
Ағарту ісі
1906 жылы патша үкіметі оқу-ағарту ісінің ережелерін бекітті. Ереже қазақ жерінде орыс мектептерінің көбеюіне жол ашса, медреселердің жұмыс істеуіне шек қоя бастады. Ағарту ісін дамытуға қаржы өте аз бөлінді. "Айқап" журналы, "Қазақ", "Степной край", "Сибирская жизнь" газеттері қазақ халқының негізгі басылымдары ретінде ағарту ісін дамытуға үлкен үлес қосты.
Музыка және ауыз әдебиеті
XX ғасырдың басындағы қазақ ауыз әдебиетінің дамуына Жамбыл Жабаев, Нүрпейіс Байғанин сияқты қазақ әдебиетінің өкілдері үлес қоса білді. Ал музыка мәдениеті бүл кезде жақсы дамыды. Осы кездегі музыка мәдениетінің дамуына үлес қосқан ірі тұлғалар: Дина Нұрпейісова, Балуан Шолақ Баймурзин, Үкілі Ыбырай, Әміре Қашаубаев, Қали Байжанов, Естай Беркімбаев.

Осы кездегі белгілі әндер: Тәкку" (Үкілі Ыбырай), "Майда-қоңыр" (Естай) т.б.






Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық революция
Жалпы ұлттық дағдарыс

Аграрлық саясат

Патша үкіметі Қазақстанды отарлау шараларын кең көлемде жүзеге асырды. 1907-1912 жылдар аралығында Ресей қазақтардың пайдаланып жүрген 40 млн га жерін Қазақстанға қоныстандырылған 2400 мың адамға алып берді.

1917 жылы қазақтардан әр түрлі мақсатта 45147765 десятина жер алынды.

I дүние жүзілік соғыста майданды шикізатпен қамтамасыз етуші болған Қазақстанның жағдайы өте ауыр болды. Соғыс Қазақстанның шаруашылығын күйретіп, халықтың әлеуметтік жағдайын шиеленістіріп жіберді. Соғыс кесірінен болған әлеуметтік жағдайдың ауырлығына байланысты жер-жерде бой көтерулер болды. 1915 жылы Екібастұз шахтасында, Спасск кенішінде, Орынбор-Ташкент темір жолында, 1916 жылы Семейде, Верныйда жұмысшылар ереуілі болды.

Мұның бәрі 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың алғышарттары болды. Қазақ даласында осылай жалпы ұлттық дағдарыс жетілді.
Көтерілістің басталуы
Себебі - 1916 жылғы 25 маусымдағы патшаның «соғысып жатқан аудандарға қорғаныстар мен әскери қатынастар орнату жөніндегі жұмыстар үшін», яғни қара жұмысқа Қазақстан мен Орта Азиядан бұратана халықты алу туралы жарлығы. Қазақстан мен Орта Азиядан қара жұмысқа 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамның алынуы көзделді.

Бұған жауап ретінде бүкіл Қазақстанды қамтыған ұлт-азаттық қозғалыс басталды.

Көтерілістің қозғаушы күші - қазақ жұмысшылары мен қолөнершілері.

Қазақтың ұлттық-демократиялық зиялыларының көзкарасы (Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, А. Байтұрсынов т.б.):

- қарсыласпай бұйрықты орындау;

- соғыс аяқталған соң, қазақ ұлттық автономиясын кұру;

- қару-жарағы мықты патша армиясымен қарсыласпай, олардың жазалау шараларынан халықты аман сақтап қалу;

- патша үкіметімен барлық жағдайды ымыра арқылы жүзеге асырут.б.

Революцияшыл-демократияшыл зиялылардың ірі тобы бұл көтерілісті қолдап, көтеріліске қатысты. Олар: Ә. Жангелдин, Т. Бокин, Т. Рысқұлов, Ә. Майквтов, С. Сейфуллин, С. Меңдешев, Б. Алманов т.б.

Патша үкіметі үстем тап өкілдерін (болыстық шенеуніктер, имамдар мен молдалар, үкіметте лауазымды қызмет атқаратындар, ақсүйектер) жоғарыдағы алымнан босатты.

Патша үкіметі осылай үстем тап өкілдерін өздерінің қол шоқпарына айналдырды. Бұл жағдай қарапайым адамдарды одан әрі ашуландырды.

Барлық жерді көтеріліс қамтыды. Көтерілісшілер қатары күннен-күнге көбейді. Көтеріліске шыққандар патша отрядтарымен қақтығысып, барлық болыс ауылдарын ойрандады. Болыстар, патша үкіметінің көптеген шенеуніктері көтерілісшілер қолынан қаза тапты.

Көтерілісшілер бұрынғы дәстүрлі басқару жүйесін қайтадан орнатты. Шерубай болысында Нұрлан Қияшев, Қарашақ болысында Оспан Шонов, Жайымтал болысында Бекболат Әшекеев хан болып сайланды. Торғай, Ырғыз уездерінде 9 хан сайланды. Әскери, құқықтық жүйені қалпына келтірді.
Көтерілістің Жетісудағы орталығы
Жетісу - 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың ірі орталығы.

Көтеріліс басшысы - Бекболат Әшекеев. Жекелеген аудандардағы көтеріліс басшылары: Верныйда Бекболат Әшекеев, Тоқаш Бокин; Қарқарада Жәмеңке Мәмбетов, Ұзақ Саурықов; Меркеде Ақкөз Қосақов т.б.

Бұл кезде Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы Куропаткин болды.


Көтеріліс барысы

1916 жылы 3 тамызда 2000-ға жуық көтерілісші Асы маңында патша отрядына шабуыл жасады. 1916 жылы б тамызда 5000-ға жуық көтерілісші Самсы станциясын басып алды.

8 тамызда Ақсуда өткен съезден кейін көтерілісші қазақтарға щлрғыздар да қосыла бастады. Көтерілісшілерден үрейленген патша үкіметі көтерілісті тез арада басу мақсатында жедел шаралар қолдана бастады.

Қазақ, қырғыз көтерілісшілері Тоқмақты қоршады. Оған 10000-дай көтерілісші қатысты. Владислав, Таврия сияқты қоныстар көтерілісшілер қолына өтті. 1916 жылы 11 тамызда көтерілісшілер Қарқара жәрмеңкесін басып алды. Меркеде, Әулиеатада, Лепсіде көтерілісшілер патша отрядтарымен күрес жүргізді.

Патша отрядтары аса қатыгездікпен көтерілісті басуға кірісті. 14 батальон, 42 зеңбірек, 97 пулемет қолданылды. Жазалау отрядтары мыңнан астам бейбіт тұрғындарды да қырып тастады. Мысалы, Самсы асуы маңында 300 адамды қырып тастаған.

Патша үкіметі кетеріліске қатысқан ауылдарға да қатал жаза қолданды. Мысалы, Жетісуда халықтан 2510360 десятина жер тартып алынса, 237 мың адамды жазалаушы отрядтар Қытайға куып жіберген.


Көтерілістің Торғайдағы орталығы
Торғай - 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың ірі орталығы.

Көтеріліс басшысы - Амангелді Иманов (атасы Иман батыр Кенесары Қасымұлының серігі болған).
Көтеріліс барысы

Торғайдағы көтеріліс ұзақ әрі табанды, ұйымдасқан түрде өтті.

Көтерілісшілер Нияз бидің немересі қыпшақ Әбділғафар Жанбосыновты хан етіп сайлады.

1916 жылы қыркүйек айында Торғайдағы көтерілісшілер саны 20000-қажетті. А. Иманов Қостанай, Торғай, Ақмола, Семей жерлеріндегі көтерілісшілерді қол астына біріктіре білді. Көтеріліске жан-жақтан қосылғандар өте көп болды. 1916 жылы қарашаға қарай Торғайдағы көтерілісшілер саны 50000-ға дейін жеткен. А. Иманов көтерілісшілер армиясын шебер ұйымдастыра білді.

1916 жылы 15000 көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Бірақ ала алмады. Патша әскерімен кетерілісшілер партизандық жолмен де күрес жүргізді. Көтеріліс аяусыз басылды. Бірақ бұл көтеріліс, негізінен, Ақпан буржуазиялық төңкерісімен сабақтасты.
Көтерілістің сипаты
Көтеріліс ұлт-азаттық, империализм мен отаршылдыққа қарсы сипатта болды.

Көтерілісті басқан жазалаушыларды, А.Ф. Керенскийді және социал-демократтарды қатты сынға алды.


Жеңілу себептері
- Көтеріліс бытыраңқы болды;

- көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді;

- жазалау отрядтарының күші басым болды, көтерілісшілердің қару-жарағы мықты болмады;

- патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдалана білді;

- ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады;

- байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды;

- патша үкіметі ең алдымен көтеріліс басшыларының көзін жойып отырды. Мысалы, Бекболат Әшекеевті Боралдайда дарға асты. Жәмеңке Мәмбетов түрмеге қамалды.
Көтерілістің тарихи маңызы
Көтеріліс Қазақстан халқының революциялық сана-сезімінің өскенін, отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс империяға қарсы көтерілістердін, ішіндегі ең ірісі болды. Кетеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды.
Көтеріліс басшылары
Бекболат Әшекеев (1848-1916)- Жетісудағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің басшысы. Көтерілісшілерді басқарып, оларды ұйымдастыруда шеберлік көрсете білді. Халықты жазалаудан құтқару мақсатында патша үкіметіне өз еркімен берілді. Ол Боралдайда дарға асылды.

Әбділғафар Жанбосынов (1870-1919) - қыпшақ руынан шыққан Нияз бидің немересі. 1916 жылы көтерілісшілердің қолдауымен Торғай қыпшақтарынын, ханы болып сайланған.

Жәмеңке Мәмбетов (1838-1916) Жетісудағы Қарқара болысындағы көтерілісті басқарған. 1916 жылы Пржевальск түрмесінде өлтірілген.

Ұзақ Саурықов (1851-1916) - Қарқара болысындағы көтеріліс басшысы.

1916 жылы Пржевальск түрмесінде атылған.



Кейкі Көкімбайұлы (1873-1919) - қыпшақ руынан шыққан 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілістің басшысы, Амангелдінің серігі. Атқан оғы жерге түспейтін мерген. 1919 жылы Кейкі батырды қызыл әскер комиссары А. Токарев атып өлтірген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет