Табылған жері Африка (Кения жеріндегі Олдувай шатқалы) 1 млн 750 мың жыл



бет10/19
Дата14.04.2020
өлшемі0,92 Mb.
#62510
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
тарих





XIX ғасырдың аяғындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік дамуы
XIX ғасырдың аяғындағы басқару жүйесіндегі өзгерістер
1886 жылы 2 маусымда "Түркістан қаласын басқару және жерсалық өзгерістерін енгізу туралы" ереже қабылданды.

Түркістан өлкесіне 3 облыс кірді:

1. Сырдария (5уезд);

2. Ферғана (5 уезд);

3. Самарқан (4уезд).

Түркістан өлкесінің орталығы Ташкент қаласы болды. 1891 жылы 25 наурызда "Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы" ереже қабылданды.

1. Ақмола облысы (4 уезд): Ақмола, Петропавл, Көкшетау, Атбасар.

2. Торғай облысы (4 уезд): Николаевск, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай.

3. Семей облысы (5 уезд): Қарқаралы, Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан.

4. Жетісу облысы (6 уезд): Жаркент, Пішпек, Аягөз, Верный, Қапал, Лепсі.

5. Орал облысы (4 уезд): Калмыков, Атырау, Орал, Темір.

Семей, Жетісу, Ақмола облыстары Дала генерал-губернаторлығына бағынышты болды. Орталығы - Омбы қаласы.


Сот ісіндегі өзгерістер

1886-1891 жылдардағы "Ережелерде" әкімшілік, сот істерінің жүйесі бекітілді. 1891 жылғы "Ережеде" сот істері 17 баптан құралды. Сот жүйелері Ресейдегі үлгімен құрылды. Халық (билер) соты үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғайтын, жергілікті мұсылмандардың ісін қарайтын еңтөменгі сот буыны болды.


Жұмысшылар қозғалысы

XIX ғасырдың II жартысында капиталистік қатынастардың дамуына байланысты көптеген қазақ шаруалары қалалы жерге қоныс аударды. Әр түрлі өндірістік орындарда ауыр еңбектермен айналысқан қазақ шаруаларының әлеуметтік, тұрмыстық жағдайлары өте ауыр болды. Өндіріс, кен орындарындағы өте ауыр жұмыстарға ер адамдармен қатар әйелдер мен жас балаларды да салды. Мысалы, өндіріс орындарындағы әйелдер үлесі 1873 жылы 12%, 1893 жылы 17,8% болды. Осы кездегі жұмысшылар арасындағы 16 жасқа дейінгі балалардың үлесі 14% болды. Осы әлеуметтік жағдайға байланысты жұмысшылар өз қарсылықтарын білдіре бастайды.


Жұмысшылардың таптың қарсылықтарының түрлері:

1. жұмыс орындарын тастап кету;

2. ереуілге шығу т.б.

Мысалы, 1890 жылы Семей облысындағы өндірістік орындарда жұмысшылардың 4,7%-ы, 1896 жылы 6,4%-ы жұмыс орындарын тастап кеткен.



Қазақстан жеріндегі жұмысшылар ереуілдері

1849 жылы Көкшетау кен орнында жұмысшылар ереуілге шықты. Оған қатысқан 150-ге жуық жұмысшы өз жалақыларын талап етті.

1888 жылы Өскемен кен орнында ірі көлемдегі қазақ жұмысшыларының ереуілі болды. Әлеуметтік жағдайларын жақсартуды талап еткен жұмысшылардың талабы қанағаттандырылды.

1891 жылы Өскемен уезіндегі Владимирск алтьш кеніші жұмысшыларының ереуілі болды. Аталмыш ереуілді У. Төлегенұлы, И. Жағалтайұлы сиявды карапайым шаруалар басқарды. 1893, 1895, 1899 жылдары Батыс Сібір теміржол орындарында жұмысшылардың ұйымдасқан ереуілі өтті. 1890 жылы Омбы теміржол торабында жұмысшылар ереуілі болды. Ереуілге шыққан жұмысшылардың жұмыс берушімен қақтығысқан кездері де болды. Мысалы, ереуілге шықкан жұмысшылар 1890 жылы кенді Алтайдағы Асташев кенішінің иесін өлтіреді.

XIX ғасырдың аяғындағы қазақ жеріндегі жұмысшылар қозғалысы XX ғасырдың басындағы революцияның бастамасы болды. Қазақстан жеріндегі жұмысшылар қозғалысы қазақ жұмысшыларының революциялық сана-сезімінің біршама өскенін дәлелдеді. Қазақ жұмысшылары мұнымен көшпенді өмірден отырықшылыққа бейімделе бастағандарын да көрсетті.





Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы
Қоныс аудару барысы

1862-1877 жылдары Қытайда ұйғырлар мен дүнгендердің азаттық көтерілісі болды. Кетеріліске қазақ, қырғыз халықтары да қатысты. Көтеріліс нәтижесінде ұйғыр мемлекеті құрылды. Кейін Цинь империясы ұйғыр мемлекетін құлатып, көтерілісті басқаннан соң, ұйғырлар мен дүнгендер мекендеген Шығыс Түркістан жерінде Қытайдың Шыңжан провинциясы құрылды. Осыдан кейін бұл жерлерді мекендеген ұйғырлар мен дүнгендерді Цинь империясы қыспаққа ала бастады. Бұл жағдай аталған халықтардың Қазақстанға қоныс аударуына себеп болды. XIX ғасырдың 80 жылдарында ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу жеріне қоныс аударуы басталды. Қоныс аударған ұйғырлар саны 45000, дүнгендер саны 5000 болды. Жаркент, Ақсу, Ақкент, Малыбай, Қарасу, Қорамса болыстарының негізін ұйғырлар қалады. 1897 жылы Жетісудағы ұйғырлар саны 55999 адамға, дүнгендер саны 14136 адамға жетті.


Ұйғырлар мен дүнгендердің шаруашылығы

Ұйғырлардың негізгі кәсіпшілігі егін шаруашылығы болды. Бірақ патша үкіметі оларға егіншілікпен айналысуға мүмкіндік бермеді. Олардың әрбіреуіне 3 десятинадан жер берілді. Қарапайым ұйғырлар мен дүнгендердің әлеуметтік жағдайы өте ауыр болды. 1883 жылы ұйғыр байы Вали Ахун Юлдашев Іле өзеніндегі су жолын алғаш рет пайдаланып, кемемен тауар тасиды. Оның жеке меншігінде 10363 десятина жер болды.


Ұйғырлар мен дүнгендердің мәдениеті

Ш. Уәлиханов, Н.М. Пржевальский сияқты ірі ғалымдар ұйғырлардың рухани мәдениеті жайында көптеген мәліметтер қалдырған. "Он екі Мұхам" ұйғыр халқының XIX ғасырдағы озық ауыз әдебиетінің үлгісі ретінде белгілі болған. Бұл шығарма ұйғыр әдебиетінің аса үздік туындысы болып табылады. Ұйғыр халқының рухани және материалдық мәдениеті туралы деректер аз сақталды. Жетісу жеріне қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендер мәдениетінің кейіннен біршама жақсы дамығаны белгілі. Қазақстанның мәдени өміріне аталған халықтардын, сіңірген еңбегі өте көп болды.






XIX ғасырдың II жартысындағы Қазақстан мәдениеті
Орыс демократиялық мәдениеті

П.П. Семенов-Тянь-Шаньский (1827-1914) - Қазақстанды көп зерттеген орыс ғалымдарының бірі. Жетісу, Алтай өлкесіне бірнеше рет ғылыми саяхаттар жасаған.

Қазіргі Семей, Алматы қалаларында тұрып еңбек еткен. Қазақстан туралы "Түркістан өлкесі", "Қырғыз өлкесі" атты еңбектер жазған.

В.В. Радлов (1837-1918)-Жетісу өлкесін көп зерттеген тарихшы, саяхатшы. Қазақ тарихы, мәдениеті, музыка өнері және тілі туралы көптеген мәліметтер қалдырған.

Т.Г. Шевченко-Украинаның ұлы ақыны. 1847-1857 жылдар аралығында қазақ жерінде болған. Қазақтардың тұрмыс тіршілігімен етене танысқан ол қазақ, украина халықтарының өмірін салыстырып, "Менің ойларым" деген өлеңін жазған.

М. Красовский қазақ этникасының қалыптасуы туралы "Сібір қырғыздарының облысы" атты еңбек жазған.

Л. Мейер Кіші жүз тарихы жайында "Орынбор ведомствосының Қырғыз даласы" атты тарихи еңбек жазған.

А.Н. Добромыслов Қазақстанның Ресейге қосылуының саяси тарихы жайында "Торғай облысы. Тарихи очерк" атты еңбек жазған.

Бұдан басқа В. Виткевский, Н.А. Макшеев, И.И. Крафт сияқты тұлғалар Қазақстан жайында еңбектер жазған. Омбы, Орынбор, Семей қалаларындағы орыс географиялық қоғамының филиалдары өлке тарихының зерттелуін жолға қойды. XIX ғасырдың II жартысында қазақ өлкесінің тарихы, географиясы, этнографиясы, мәдениеті жайында "Облыстарға шолу жасау" жинағы жарық көрді. XIX ғасырдың II жартысынан бастап Петербург, Омбы, Қазан университеттері Қазақстан жайында зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Халыққа білім беру ісі

XIX ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап Қазақстан жерінде оқу-ағарту ісі жолға қойыла бастады. Ағарту ісін дамыту үшін және ғылыми-зерттеу мақсаттарында қоғамдар мен мекемелер құрылды. 1868 жылы Түркістан статистикалық комитеті, 1878 жылы Семей статистикалық комитегі құрылды. Орыс географиялық қоғамының қазақстандық бөлімдері Қазақстан жерін зерттеу мақсатында көптеген экспедициялар ұйымдастырды. 1883 жылы Семей қаласында қоғамдық кітапхана ашылды. XIX ғасырдың аяғына қарай Қостанай, Торғай, Орынбор қалаларында ақысыз пайдаланатын қоғамдық кітапханалар ашылды. Патша үкіметінің мүддесіне қызмет ететін шенеуніктерді даярлау мақсатында оку орындары көптеп ашыла бастады. 1861 жылы Троицкі мен Қазалыда осындай мақсатпен орыс-қазақ мектептері ашылып, жұмыс істей бастаған. 1867 жылы Орынбор губернаторы Крыжановский мұсылман діні бағытындағы оку орындарына шек қою туралы қаулы шығарды. 1883 жылы Орск қаласында алғашқы қазақ мұғалімдер мектебі ашылды.



ХІХ ғасырдың соңындагы Қазақстанның білім беру жүйелері

1. Бастауыш оқу орындары:

- приход мектептері,

- толықтырылмаған гимназия,

- орыс-қазақ аралас мектептер,

- ауылдық мектептер.

2. Орта оқу орындары:

- реалдық училищелер,

- ер балалар мен қыздар гимназиясы,

- мұғалімдер семинариясы.

3. Арнайы маман даярлайтын оқу орындары:

- мұғалімдер мектебі,

- ауыл шаруашылық мектептері,

- Торғай қолөнер мектебі,

- Орал қолөнер мектебі,

- Атырау теңізшілер мектебі.

XIX ғасырдың аяғында Қазақстан жерінде көптеген гимназиялар ашылды. Олар:

- екі 8 класты ер балалар гимназиясы,

- екі 7 класты қыздар гимназиясы,

- Орал реалдық училищесінің 8 класты ер балалар гимназиясы,

- Верныйдағы 8 класты әскери гимназия,

- Семейдегі 4 класты ер балалар гимназиясы,

- Семейдегі 5 класты қыздар гимназиясы.

XIX ғасырда Қазақстанда ислам бағытындағы оку орындары да жұмыс істеді. Бұл оқу орындарына патша үкіметі тарапынан қысым да күшейді. Мысалы, 1870 жылы 26 наурыздағы патша үкіметінің ағарту ісі туралы қаулысы бойынша медреселерде орыс тілін оқыту міндеті енгізілді. Медреселерде оқытылған негізгі пәндер:

1. Фараиз - байлықты мұраға қалдыру;

2. Усул - фиких-ислам заңдарын зерттеу;

3. Хикмет - тарих, пәлсапа ғылымдары;

4. Наху - араб тілі грамматикасы;

5. Акаид - логика, догматика.

Қазақстандағы оқу-ағарту ісінің нашар дамуының бірнеше себептері болды. Мысалы, қаржы тапшылығы, маман оқытушылардың жетіспеушілігі т.б.



Бейнелеу өнері және қолданбалы өнер

XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ халқының тіршілігін, тұрмыс-салтын, негізінен, орыс суретшілері өз туындыларында бейнелеген. Қазақстан тақырыбына туындылар жасаған суретшілер: Н. Хлудов, Б. Смирнов, О. Федченко, В. Верещагин, П. Кошаров.

Н. Хлудов Қазақстан турасында "Мал айдау", "Отанға бару" сияқты картиналар жасаған.

В. Верещагин қазақ жерінің керікті табиғатын "Лепсі алқабын қоршаған таулар" картинасында салған. Өз шығармаларының біраз белігін Қазақстан тақырыбына арнаған. Қазақстанда қолданбалы өнердің туындылары, зергерлік бұйымдар жасау ісі жақсы дамыды. Зергерлік бұйымдар көптеген көрмелерге қойылды. 1868 жылы Париж көрмесіне қазақ зергерлік өнерінің туындылары да қойылды. 1872 жылы Мәскеу көрмесінде көпшілік назарына қазақ музыкалық аспаптары ұсынылды. 1876 жылы Қызылжар, Көкшетау көрмелерінде қазақ зергерлік өнерінің көптеген туындылары көрсетілген. 1896 жылы Нижний Новгород көрмесінде қазақ шеберлерінің зергерлік туындылары да болған.

XIX ғасырдың II жартысында Қазақстанда қолөнердің өте көп түрі дамыған. Олар: ағаш пен суйекті өндеу, киізден бұйымдар жасау, әшекей заттар мен музыкалық аспаптар жасау т.б.
Музыка өнері
Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889)

1818 жылы Бөкей Ордасындағы Жиделі деген жерде туған күйші, сазгер. Музыка өнеріндегі алғашқы ұстазы Ханбазар болған. Құрманғазы артына көп күйлер қалдырған (60)

«Кішкентай» күйі Исатай Тайманұлына арналған.

«Сарыарқа» күйі қазақтың кең өлкесін, халық өмірін сипаттайды. «Қызылкайың», «Балбырауын» күйлері би күйлері болып есептеледі. Құрманғазынын, бұдан басқа «Адай», «Көбік шашқан», «Түрмеден қашқан», «Ақсақ киік», «Ақбай» т.б. күйлері бізге жеткен. Құрманғазы жаламен Иркутск, Орынбор, Орал түрмелерінде отырған. Өмірінің соңы Астрахань жерінде өткен. Оның Дина, Ерғали, Сүгірәлі, Шора, Көкбала, Мендіғали сияқты белгілі шәкірттері болған.


Дәулеткерей Шығайұлы (1820-1887)

1820 жылы дүниеге келген күйші, сазгер. Бөкей Ордасының жерінде өмір сүрген. Исатай Тайманұлы басқарған шаруалар көтерілісі оның шығармашылығына әсер етеді. Дәулеткерей Мәскеу, Петербург, Орынбор қалаларында болады.

Дәулеткерейдің 40-қа жуық күйі бізге жеткен.

Күйлері: «Желдірме», «Құдаша», «Жүмабике», «Ысқырма», «Косалқа», «Тартыс», «Ақбала қыз».

Орыс әскери маршы әсерінен туындаған күйлері:

«Ващенко», «Топан», «Қоңыр», «Қосішек».


Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862)

1815 жылы дүниеге келген күйші. Күйлерінін, саны 40-тан астам. Тәттімбет «Бестөре» күйінде қарапайым халықты езген ақсүйектерді сынайды.

Күйлері: «Балбырауын», «Сал қоңыр», «Былқылдақ», «Алшағыр» т.б.

1855 жылы Петербург қаласында ұйымдастырылған өнер сайысында Тәттімбет күміс медальға ие болады.


Ықылас Дүкенұлы (1843-1916)

1843 жылы дүниеге келген күйші, қобызшы, сазгер. Қобызда ойнауды жақсы көрген.

«Жарым патша» күйі - патша үкіметі шенеуніктерін сынайтын туынды. Оныңкүйлері: «Қорқыт», «Қоңыр күй», «Ықыластың күйі» т.б.

Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929)

1835 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің жағасында туған. 1851 жылы Петропавлға (Қызылжар) келіп, орыс тілін меңгеріп, скрипкада ойнауды үйренеді.

1852 жылы Омбы қаласына келеді.

1854 жылы Омбыдағы орыс мектебіне оқуға қабылданады.

1856 жылы Баянауылға қайта оралады. Жаяу Мұса Баянауыл жерінде үстем тап өкілдерімен көп айқасады. Жаяу Мұса Баянауылдың ірі феодалдары Мұса және Мұстафа Шорманұлдары тарапынан қуғындала бастайды. Өзі аттас болғандықтан, Жаяу Мұса атандырған Мұса Шорманұлы болды. Жаяу Мұса қазақ әдебиеті мен ағарту салаларының ірі өкілдері Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсаринмен қарым-қатынаста болған.

1860 жылы ақын Тобылға жер аударылады.

1862 жылы Жаяу Мұса әскер қатарына барады. Черняевтың басқаруымен ұйымдастырылған жорыққа қатысады. Жаяу Мұса қуғындалып Полына, Литва жерлерінде, Петербург, Қазан қалаларында болады. Атақты ақын 70-ке жуық ән шығарған. Ол әндерінің сөздерін де өзі жазған.

Әндері: «Сұрша қыз», «Баянауыл», «Толғау», «Шорманұлына», «Хаулау» т.б.



Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897)

1834 жылы Көкшетау жерінде дүниеге келген ақын, әнші, сазгер. Оның 40-қа жуық әні сақталған. 1865 жылы Біржанның Абаймен кездесуі оның әншілік, сазгерлік өнерінің дамуына әсер етеді.

Біржан әндері: «Жанбота», «Айтбай», «Ғашығым», «Біржан сал» т.б. Біржанның суырыпсалма ақындық өнерінің дәлелі - оның Сарамен айтысы. Біржан шәкірттері: Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ т.б.

Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы (1843-1913)

1843 жылы Көкшетау жерінде дүниеге келген әнші, сазгер, ақын. Ол өзінің қасына әнші, өнерпаз адамдарды жинай білген. Сонысымен ол сері атанған. Әншілік өнері 16 жасынан басталды. Ақан өмірінің соңы трагедияларға толы. Ақын өзі заманының үстем тап өкілдеріне батыл қарсы шыға алатын тұлға болды.

Ақанның әндері: «Маңмаңкер», «Құрагер», «Бал қадиша», «Сырымбет», «Сұрағанға», «Көкшетау», «Шағырмаққа», «Смағұлға» т.б.

Ақан, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Естай, Біржан сал сияқты әншілермен дос болған.






XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті мен ғылымының ірі тулғалары
Шоқан Уәлиханов (1835-1865)

Шын есімі Мұхаммедханафия.

1835 жылы қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекінісінде туған. Балалық шағы Сырымбетте өтті.

Шоқан - Абылай ханның шөбересі. Әкесі Шыңғыс аға сүлтан қызметін атқарған. Шоқанның әкесі Шыңғыс төренің аулында С.М. Семенов, А.И. Шренк, С. Сотников, Н.Ф. Костылецкий т.б. ғалымдардың болуы Шоқанның ғылымға деген кезқарасына үлкен әсер етеді.

1847 жылы Шоқан Омбы қаласына келіп, Сібір кадет корпусына оуға түседі. Бұл оку орнында Шоқан жан-жақты терең білім ала бастайды. Әсіресе қазақ елінің тарихы мен географиясына ерекше көңіл бөледі.

1853 жылы Шоқан Омбыдағы кадет корпусын корнет деген офицерлік шенмен бітіреді.

1855 жылы Гасфорттың сапарына қатысып, Жетісу, Шығыс және Орталық Қазақстан, Іле Алатауы өңірінде болады.

1856 жылы Ыстықкөлді топографиялық суретке түсіреді.

1856 жылы байланысты нығайту мақсатында Құржаға барып, Қытай шенеуніктерімен келісім жасайды.

1857 жылы Алатау қырғыздарына сапармен барып, «Манас» шығармасын қағазға түсіреді.

1858-1859 жылдары Шоқан Қашғарға саяхат жасайды. Бұл саяхат Шоқанның атын әлемге белгілі етеді.

1859-1861 жылдары Шоқан Ресей астанасы Петербургте Азия департаментінде қызмет атқарады.

1861 жылы Шоқан ауырғандығына байланысты аулына қайтады. Бұдан кейін Омбы қаласына келіп, сот жүйесінде қызмет атқарады.

1864 жылы Шоқан Черняев отряды құрамында Әулие-ата бекінісін алуға қатысады. Черняевтың халыққа жасаған озбырлығына шыдамаған Шоқан одан бөлініп, Верныйға келеді.

1865 жылы Шоқан Қытайдағы дүнгендер көтерілісі туралы мақаласын «Русский инвалид» газетінде жариялайды.

1865 жылы Шоқан Талдықорғандағы Алтынемел деген жердегі Тезек төренің ауылында қайтыс болады. Шоқан Омбы, Петербург қалаларында болған уақытында орыстың ірі интеллигенция өкілдері И.Н. Березин, Н.Ф. Костылецкий, П.П. Семенов-Тянь-Шаньский, Г.Н. Потанин, В.П. Васильев, В.В. Вельяминов-Зернов, А.Н. Майков, И. Захаров сияқтылармен танысып, тығыз байланыста араласқан.

1854 жылдан бастап көрнекті жазушы Ф.М. Достоевскиймен таныс болған. Шоқан Қазақтарихы мен этнографиясын зерттеуде үлкен еңбек сіңірген. Ол өзінің атасы Абылай хан туралы да көп мәліметтер қалдырған.

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)

Ағартушы, педагог 1841 жылы туған.

1857 жылы Ыбырай Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітіреді.

1857 жылы Ыбырай атасы Балғожа бидің қасында тілмаштық кызмет атқарады.

1864 жылы Орынбор бекінісінде ашылған қазақ балаларын оқытатын мектепте қызмет істейді.

1879 жылы Торғай облысындағы мектептердің инспекторы болып қызмет атқарады. Осы кезден бастап Ыбырай қазақ жастарын оқыту ісіне бел шешіп кіріседі.

Ыбырай ауыл шаруашылық, қолөнер мектептерін ұйымдастырады. Ол қазақ жерінде алғаш қыздар мектебін ашқан. Бұл қыздар мектебі Ырғыздағы қыздар мектеп-интернаты деп аталды. Ыбырай бұл істері нәтижесінде патша үкіметі тарапынан куғынға ұшырайды. Ы. Алтынсарин мектепке арналған окулық құрастыруды қолына алады. Нәтижесінде екі оқулық жазады: «Қырғыз хрестоматиясы», «Қырғызды орыс тіліне үйретуге негізгі басшылық».

Ыбырай - қазақ ауыз әдебиетінің ірі өкілі. Оның «Қыпшақ Сейтқұл», «Байлық неде?», «Талаптың пайдасы», «Бай баласы мен жарлы баласы» т.б. шығармалары бізге белгілі. Ы. Алтынсарин Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы, ғалым, шығыстанушы В.В. Григорьевпен, ғалым, миссионер Н.И. Ильминский мен жақсы байланыс жасайды.


Абай Құнанбайұлы (1845-1904)

Ұлы ойшыл, ақын 1845 жылы туған.

Туған жері - Семей жеріндегі Шыңғыстау өңірі. Шын есімі Ибраһим.

Абайдың әкесі Кұнанбай қажы аға сұлтан, тобықты руының старшыны болған. Абай Семейдегі Ахмет Риза медресесінде білім алады. Әкесі Құнанбай кейін Абайды ел басқару ісіне араластыру мақсатында қаладан алдырады.

Абай Семей қаласында орыстың Е.П. Михаэлис, С. С. Гросс, А. Леонтьев, Н.И. Долгополов сияқты ірі интеллигенция өкілдерімен байланыста болады. Ақыннық өлеңдері, поэмалары, қара сөздері қазақ әдебиетінің аса жоғары туындылары болып табылады. Орыс тілін жетік меңгерген Абай орыс классиктері А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, М.Е. Салтыков-Щедрин шығармаларын Қазак, тіліне аударады. Абайдың қара сөздерінің саны - 45. 3 поэмасы бар: "Ескендір", "Масғұт", "Әзім әңгімесі".

1884 жылы Абай Семей облыстық статистикалық комитетінің мүшесі болады. Абайдың ұлы Әбдірахман Петербург артиллерия училищесінде оқыған. Біраз уақыт бойы Абай болыстық қызмет атқарады.

1904 жылы Абай қайтыс болады.






Қазақстандағы Ресей азаттық қозғалысының өкілдері
Польша азаттық күресінің өкілдері Қазақстанда 1863-1864 жылдар аралығында Польшада азаттық қозғалыс өтті. Осы қозғалысқа қатысқандарды Қазақстанның солтүстік өңіріне жер аударды.
Жер аударылғандар саны:

1863 жылы-524,

1864 жылы-10619,

1865 жылы-4671,

1866 жылы-2899.

Батыс Сібір генерал-губернаторлығына жер аударылған поляктар 10000-дай болды. Жер аударылғандардың ішінде көрнекті ғалымдар, ағарту саласының ірі өкілдері де болды. Олар: С.С. Гросс, Л. Мурашко, Б. Шварце, М.Д. Муравский, Э. Страшинский, Ц.И. Тераэвич, А. Бяловский т.б.

С.С. Гросс - Петербург зан, университетін бітірген Польша азаттық қозғалысының ірі өкілі. Ол Семейде болған уақытында Абаймен танысып, онымен достық қарым-қатынаста болған. "Қырғыздардың заң, әдет-ғұрыптары үшін материалдары" еңбегін жазған. А. Бяловский Өскеменнің геологиялық картасын жасаған. Ц.И. Тераэвич, Я.С. Домашевич жергілікті халықты емдеп, медициналық жәрдем көрсеткен.

XIX ғасырдың 80 жылдарындағы Ресей халықшылдары Қазақстанда

1881 жылы патша үкіметі Сібірге жер аударылған халықшылдарды Қазақстанның Дала генерал-губернаторлығынажіберді. Жер аударылғандар, негізінен, Семей мен Ақмола облыстарына шоғырландырылды. Мысалы, 1882 жылы Семейге 54, 1890 жылы Ақмолаға 32 революционер жер аударылды.

Семейде болған революция өкілдері: А. Леонтьев, Н. Долгополов, Е.П. Михаэлис, К.С. Пешехоров, М.В. Кипиани.

Ақмолада болған революция өкілдері: Б. Гурбич, Л.А. Кузнецов, И.А. Рафаилов, А.А. Богомолец т.б.

1871-1874 жылдары саясижер аударылғандар Орынборда астыртын революциялық ұйым құрды (И. Аитов, Д. Щеголов, П. Орлов, М. Муравский, С. Галаушев т.б.). Ақмолада осындай ұйымға П. Румянцев, И. Рафаилов т.б. қатысты. Мұндай үйірмелер Орал қаласында да құрылды. Оның мүшелері: Н. Болдырев, А. Акутин, А. Назарова, М. Огановичт.б. Саяси жер аударылғандар Қазақстанда ғылыми ағарту, саяси қызметтермен айналысты. 1878 жылы Семейде облыстық статистикалық комитет құрылды. Мұндай комитеттер Сырдария, Жетісу, Орал облыстарында да құрылды. Комитет, негізінен, өлкенің саяси экономикалық жағдайларын зерттеді. Саяси жер аударылғандар ықпалымен 1884 жылы Абай Семей облыстық статистикалық комитетіне мүше болып қабылданды. 1900 жылы Абай, статистикалық комитетінің мәліметі бойынша, "Орта қазақ ордасы руларының шығу тарихы туралы жазбалар" еңбегін жазды. Саяси жер аударылғандардың бастамасымен Қазақстанда қоғамдық кітапханалар, баспасөз негізі қалыптасты. Азаттық қозғалыс өкілі Ф.А. Щербина басқарған қазақ жерін зерттеу экспедициясына В.А. Владимирский, К.А. Вернер, Н.Ф. Дмитриев т.б. қатысты. Жалпы азаттық қозғалыс өкілдері Қазақстанның саяси, қоғамдық дамуына үлкен үлес қосты. Е.П. Михаэлис Тарбағатай тауларын, А. Леонтьев заң, құқық жүйесін, В.Р. Кочаровский экономика саласын зерттеу бағытында үлкен табыстарға жетті. Азаттық қозғалыс өкілдерінің қатысуымен 1900 жылы "Қырғыздардың жер иеленуі бойынша мәліметтер" деген ғылыми-зерттеу бағытындағы ірі көлемді туынды жарияланды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет