● Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығы
● Біржан – Сара айтысының ерекшелігі
● Біржан әндері мен айтыстары жөніндегі зерттуешілер толғанысы
● Қорытынды
● Пайдаланылған әдебиеттер
ХІХ ғасырдағы қазақ халқы мәдениеті тарихынан елеулі орын алатын ірі ақындардың бірі – Біржан.1831 жылы Көкшетау облысы,Еңбекшілдер ауданы,Степняк қаласының тұрған жерінде,ата – мекені – Қожағұл бұлағында туыпты.Біржанның өз әкесі Тұрлыбай – момын шаруа болған.Ал,атасы- Қожағұл дәулетті адам,Біржанды жас шағынан бауырына басып,өз тәрбиесіне алған,оның маңдайынан қақпай,масайрата еркін өсірген,жасынан ауыл молдасына беріп,оқытып,өзі жиған өмір тәжірибесін үйреткен осы беделді шешен-би – Қожағұл болса керек. Бойында әншілік дарыны бар, домбырада шебер ойнайтын Біржан жастайынан қазақ даласына танымал болған. Ол бірегей сазды-поэтикалық шығармаларды дүниеге келтірген. Ел аралап, алуан түрлі айтыстардың ортасында жүрген. Айналасына дарынды жастарды жиып, өзіндік көшпелі театр құрған.Бозбала кезінен әнші-ақындардың қасына еріп той-думанның сәніне айналады. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері – Біржан салдың ұстаздары.