Біржан сал Қожағұлұлы (1831-1897)


“Біржан — Сара айтысын” зерттеуде халқымыздың ғалым әдебиетшілері үлкенді-кішілі ғылыми еңбектер жазса, ал тілші ғалымдардан С.М. Исаевтың зерттеулері бар



бет14/14
Дата07.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#82309
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Біржан сал

“Біржан — Сара айтысын” зерттеуде халқымыздың ғалым әдебиетшілері үлкенді-кішілі ғылыми еңбектер жазса, ал тілші ғалымдардан С.М. Исаевтың зерттеулері бар. “Біржан — Сара айтысы” туралы алғаш пікір айтқан академик С. Мұқанов демекпіз: “Айтыстың мазмұны — халықтың ойын толғандыратын тақырыпқа құрылғандықтан түсінікті болса, түр жағынан оның түсініктілігі, тілінің таза халық тілімен және халықтың көркем тілімен құрылғандығында” [5, 33]. Осы орайда Қ.Жұмалиевтің еңбегі де баршылық. Ол “Қазақ әдебиеті” оқулығында Біржан сал творчествосына арнайы тоқталып, талдаулар жасаған. Одан кейінгі пікір айтқан ғалымдар: Е. Ысмайылов пен М. Ғабдуллин. Е. Ысмайылов “Жазушы” баспасынан 1967 жылы шыққан “Біржан сал Қожағұлұлы” атты кітапқа жазған “Біржан салдың ақындығы” деген алғы сөзінде, М.Ғабдуллин “Қазақ халқының ауыз әдебиеті” деп аталатын еңбегінің “Біржан — Сара айтысын” талдайтын тарауында — ақындар айтысының ішіндегі аса көркемі, мазмұн, түр жағынан ерекше орын алатынын айтады. Келесі пікір айтып, талдау жасаған — Б. Кенжебаев. Ол айтысты әріп Тәңібергеновтің шығармасы ретінде қарастырып, былай дейді: “әріптің бұрынғы қиссаларына қарағанда “Біржан

— Сара айтысында” тақырып идеясы жағынан болсын, ақындық-шеберлігі жағынан болсын көп ілгерілегенін, көп өскенін көрсетеді.

Қорытынды

«Біржан - қазақтың сал - сері ақындарының ағасы, ұстазы, жанашыр өнерпазы. Өнер дамыған сайын Біржан мұрасы мәңгі бірге жасамақ».

Есмағамбет Ысмайлов

Пайдаланылған әдебиеттер:

● Ханғали Сүйіншәлиев «Қазақ әдебиетінің тарихы»,Алматы-2006 жыл(836-бет)

● https://adebiportal.kz/kz/authors/view/2293



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет