Екінші жағдай –рухани жағдай. «Адамдар да өсімдік тәрізді, жақсы күтілмесе, жайнап өспейді» -деп Ш.Монтескье айтқандай біздің ұжымда ең алдымен барлық адамға деген құрмет бірінші жолға қойылған. Біріншіден мұғалімнің көңіл- күйінің үнемі көтерінкі болуына, жұмысты жақсы көріп жұмысқа асығып отыруына, отбасындағы жағдайларды қалыс қалдырмай біліп отыруды, әкімшіліктен рухани және материалдық жағынан қолдау жасауды дағдыға айналдырғанбыз. ( Мұғалімдердің фотолары осындай кездердегі сағат саны артығымен жеткілікті, туған күндер, жағдайына байланысты жұмыстан босату, т.б ....
Мектеп- сәбилердің ортасы оны таза ұстау керек. Мұғалімдердің рухани- материалдық жағдайы жасалса, мұғалімде ашу –ыза, уайым болмайды да мұғалімнің балаға деген сезімі, сенімі де, сүйіспеншілігі де артады, адал болады. Балаға сүйіспеншілік пен жақсы көру арқылы берілген білім мен тәрбие өз кезегінде жақсы нәтижесін береді.